Новелла
Дәл Токио халқы ұйықтап қалатын түні «жас офицерлердің» «Қанды қанжар» газетінде Токио университетінің профессоры Авенің мақаласы шықты. Мақаланың басы — «Қанжарлы оқымыстылар тобы».
Бұл мақаласында белгілі профессор барлық ғылымдардың әкесі деп хирургияны жариялапты. Хирургия операциясы мен соғыс операциясын салыстыра келіп, екеуінің де еріккендердің ермегі емес, болуға тиісті заңды нәрсе дейді. «Жан алқымға тығылған Азияға қанды операция керек. Тек самурайдың қанды қанжарымен Азияны большевизмді кескілеп, турап алып тастауға болады. Орал тауы — Кеңес Одағының қыр омыртқасы. Дәл осы қыр арқаны балталап отырып, Ресейді қақ бөлу керек. Сөйтіп, Шығыс жағын самурайлардың жемтігі етіп алдына тастау керек. Дүние жүзін билеуге жаралған жапон ұлтына осы керек. Енді ғылым шетте тұра алмайды. Ғылымның әрбір қадамы осы қанды қанжардың керектігін дәлелдеп отыру керек. Хирургтің пышағы барлық ғылымда да болуы керек. Ғылым ұраны абстракция емес, соғыс болу керек. Жапон ұлтын құдай жер жүзін билеуге жаратқан. Мұны ескі кезде де дәлелдеп шықты. Ендеше, осы жапонды құдай тапсырған жұмысты орындау жолына түсіруіміз керек» — деді. Профессор мақаласының аяғында бүгін «Қанжарлы оқымыстылар тобының» съезі болатынын айтыпты.
Профессор Аве Хоккайдодан шыққан бір өндіріс магнатының баласы еді. Әкесі орыс-жапон соғысын бастаушылардың бірі болған, қазір «үлкен соғыстың» жағындағы адам. Жапония фашизмінің ұйымы — «жас офицерлермен» тығыз байланысы бар Кухара концернінің басты акционері. Фашизм, соғыс жолына түскен Сеюкай партиясына ықпалы күшейген адам еді.
Профессор Аве өзінің өмірінде ешбір білімнің гранитін тісі батып мүжіген адам емес. Ол мамандығын әлденеше өзгертті. Ол еш уақытта маман болған жоқ, ғылым туын жамылып шыққан көп ойдың жуындыларын таратушы, соған рецензия жазушы болды. Бірақ әке бізді, дәулеті, беделі оны әжептәуір көтеріп тастады. Ғылым және "Соғыс деген тақырыпқа жазған 3-4 мақалалары арқылы «жаңа ғылымның» — ұлт ғылымының атасы деген атаққа иеленді. Сөйтіп жүргенде ұсақ журналдардың рецензент Жапония профессоры деген атақ алды. Токио университетінің генетика кафедрасына отырып алды. Генетика ғылымының негізін салған Австрия білімпазы Иоганн Грегер Мендельдің тұқым жөнінде заңдарының ебін тауып өзгеше пайдаланды.
— Белгілі екі түрлі ескілікті, яки жәндiктi шағылыстырсаң тұңғыш гибрид екеуінің бір ұқсап туады, екіншісінің белгілері көрінбейді — деді Мендель.
Көрінген белгі — басым көрінбей қалған белгісі. Екінші рет шағылыстыруда екі бөлінген екеуі де көрінеді т. т.
Міне, Мендельдің осы заңына «сүйеніп» профессор Аве бүкіл Шығыс халықтарының «тұқымдас» екенін тапқан. Мендель тәжірибесін аяғынан басына қарай жүргізіп, неше түрлі буын мен руларға, ұлттарға, таптарға бөлініп кеткен Шығыс халықтарын жапон ұлтынан тұрады, бәрін жаратқан жапон ұлты екен қисын ашқан.
Бірақ мутация заңы бойынша қандай нәрсені болса да қоршаған орта өзгертіп жіберді.
Мысалы: «Klebs Уегопика chamaedrsis» есімінің дағдылы есетін жерінен алып, суық, жарық, сәулесі мол жерге әкеп кіргенде, оның гүл шығатын жеріне жапырақ шыққан.
«Vanessa levana» деген көбелек көктем уақытында ұшып жүреді, «Vanessa prossa» деген көбелек жазда ұшып жүреді біріншісі сары болады, екіншісі қара қоңыр болады.
Вейсманның байқауы бойынша, шынында бұл екі көбелек бір көбелек екен, тек температураның әсерінен жылдың екі мезгілінде түсін өзгертеді екен.
Қамбала деген балық былай өмір сүреді. Бұл балық жас уақытында суда жүзіп жүреді де, белгілі бір жасқа келгенде судың түбіне жүзетін, сол жамбасымен қимылдамай жатып алады да, қозғалмай осылай өмір сүреді. Осы уақытта балықтың сол көзі оң жағына түсіп кетеді. Сөйтіп балықтың екі көзі де оң жағында болады да, сол жағында көз қалмайды. Мұнымен қатар қараңғы жақтағы бетінде пигмент болмайды.
Кеннинген тәжірибе жасап, осы балықтарды жабық аквариумнің ішіне салған. Тек аквариумның түп жағы әйнек, бұл әйнектен жарық түседі, сонда жарық түскен балықтың бауырына қоңыр пигмент пайда болған.
Ауа райы малдың жүрегінің ұзындығына, қалыңдығына көп әсерін тигізеді.
Жер астындағы суларда өмір сүрген протер деген жәндік жүрген жерінде жарық сәуленің жоқтығынан көзі көрмейді. Бірақ оны Каммерер жарыққа ұстап асырағанда көзі көре бастаған екен. Міне, мутация заңы осы. Өскен орта, жағдайлардың жәндігіне тигізетін әсері осылай болады.
Профессор Аве осы өскен ортаның әсері бүкіл Шығыс халықтарын өздеріне жаратқан самурай ұлтынан тіптен қашықтатып, өзгертіп жіберді деп қисын шығарды. Профессор Авенің бұл «қисындарынан» қандай қорытынды шығатыны өзінен-өзі белгілі.
Егер де барлық халықтың шыққан жері жапон ұлты болса, онда Жапония барлығына құдай болып есептеледі. Барлық халық жапоннан тараса, олар сөзсіз жапон қол астына қарауы керек. Егер ол халықтар қазір өзгеріп, құдайын танымай кетсе, онда соғыс аркылы таныту керек. Бұған профессордың «Қанды қанжар» газетінде жоғарғы мақаласы. Міне, профессор Аве осындай адам еді.
Момодзо полиция басқармасына кірді. Қалай жүрегін білмей аңқайып тұр еді сарт етіп ашылып, бағанағы жолда көрген кемпір ішке құлап түсті. Сирек мұртты кішкентай ғана, тығыршықтай полицейский кемпірді түйгіштеп, итеріп жоғары ала жөнелді.
Момодзо орнынан қимылдамай қалды. Сәл қимылдаса тығыршықтай полицейский артына жалт қарап, көріп қалып, мұны да қосып айдап әкететіндей болды.
Кемпірді алып кетіп қалды. Бірақ қорқыныш мұның жүрегін суылдатты. Еш жазықсыз кетіп бара жатқан кемпірді қамап қойды, ал бәлеге өзі ұрынып жүрген Момодзоны қамап қою қиын ба? Момодзо полиция басқармасынан қалай шығып кеткенін сезбей де қалды.
Бір көше айналған соң бағанағы қуанышы есіне түсіп, қобалжып біраз тұрды. Бірақ қалайда полицияға қарай басқысы келмеді. Бармауына себептер іздеді. «Оны айтқаныма маған ештеңе бермес. Ең болмаса тауып бергенге сыйлық береді деп бәйге жариялайтын шығар? Одан да күте тұруым керек...»
Момодзо жай жүріп келе жатты. «Мен айтсам ертең профессор Кувяси — саған кім айтты деп генералды қысса, ол қорыққаннан мені айтып қойса не болар еді. Мені жойып жіберер еді..» Момодзонің төбе шашы тік тұрды. Сөйтті де өзінің қорыққанынан өзі ұялды... «Ой, бұл қорыққандық емес, әшейін дос адам болған соң ұят болады да» — деп өзін-өзі ақтады.
«Полицияға айтқаннан келер пайда болмас, одан да профессормен ортақ болып, табысын бөлсек қайтеді?»
Бірақ полиция десе қамау есіне түсіп, профессор десе бағанағы көрген уақиғасы есіне түсіп, еш нәрсеге беттетпей қойды.
Момодзо жол тапты: қарындасыммен ақылдасайын деп тұра жүгірді. Өзі де анадағы уақиғадан кейін олай қарай қадам баса алмай, баруға желеу таба алмай жүр еді. Тіптен жақсы болды.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі