Жас жазушы Гүлжауһар Сейітжанованың новеллалар жинағы осылай деп аталады. Кітапқа енгізілген он алты новелла бүгінгі өміріміз, еңбек адамдары, замандастарымыз, ол ардың, арман қиялы, мақсат-мүддесі, азаматтық адамгершілігі, өзара қарым-қатынасы, сырбаз сезімі, мөлдір махаббаты, кісілік пен кішілік, жақсылық жайында жан-жақты мағлұмат береді. Әр новелланың кейіпкері өзін күнде көріп жүрген, көңілінде ұялаған сырласындай. Бәрі де мерейлі Маңғыстауды мекен еткен мейірбан жандар, ақпейіл де аяулы аналар. Мәселен, кітаптың беташары "Рұқсат қағаз" новелласы әке мен перзент арасындағы қарым-қатынас, сезім түйсік, кейбір өмір қиындығы, оқырманға шынайы, нанымды күйде ұсына білген. Новелланы оқи отырып, өмірде кездесетін бұндай жайтқа Гүлжауһардың ерекше көңіл аударып, адам жанып, оның ішкі дүниесінің қалтарыстарын қағыс жібермей түсіне білетінін паш еткендей. Новелланы сүйсіне оқып шығасың. Ал "Махаббат" новелласында Гүлжауһар семьядағы ерлі-зайыптылар арасындағы кейбір келеңсіз жайлардың оқырманына ой сала жеткізе білген. Соның ішінде Жағыпардың екінші келіншегі Майраның кейбір оғаш қылықтары, тұрпайы сезімдері, адамгершілікпен сыйыспайтын пендешілігі, өз басын жоғары бағалап, өзгенің жақсылығын жете көре алмауы, ақыры замандас құрбыларының жеткізе білген шынайы сезімі, әсерлі әңгімесі арқылы адамгершіліктің, сыйластықтың сыпайы сырларын кеште болса ұғымды ұғумен аяқталуы нанымды шыққан. Жасыратыны жоқ, Майра сияқты азаматтың азаматтығын, оның туысқандарын сыйлай білмейтін құрбылар біздің қатарымызда жоқ па? Ой жүгіртіп, төңірегіне зер салсаң, жоқ емес екені байқалады. Демек, бұл Гүлжауһар әр новелласын өмір шындығынан алып жазғандығының айқын айғағы. Оның "Туған жер топырағы", "Ұлдың орны", "Әже мен ақ бота", "Вадим" тағы басқа новеллаларын тебіренбей, жаныңмен сүйсінбей оқу мүмкін емес.
Гүлжауһар новеллаларының кейіпкерлері қарапайымдылығымен, қайырымдылығымен, еңбекқорлығымен, үлкен кішіні сыйлай білетіндігімен ерекшеленеді. Кітаптың соңындағы "Өз ошағыңның түтіні" атты новелланы алайық — адамдар арасындағы психологиялық қақтығыс, орынсыз істен опық жеген, ойнақтап он сегізінде от басқан жас келіншектің басындағы қиын хал. Өзге жұрттан көрмеген өгейлікті өз інісінен көрген келіншек арман мақсатын алғы күндерге артқандай болады. Анасының тіліне еріп ері өлісімен қырық күндігіне де шыдамай өзінің мәңгілік ошағын, егде тартқан ата-енесін жерге қаратып жас баласын бауырына басып төркініне тартып берген келіншек бұндай өмір қиындығына, туған іні тегеурініне тап боламын деп ойлады дейсің бе? Әсте ойламаған шығар. Алайда жазушының қай новелласын оқысаң да, оның кейіпкерлері өмір мәнін көңіл көзімен көре біліп, түсініп, жақсылыққа қарай бетбұрыс жасап, алғы күндерге асқақ қарай біледі. Бұл қашан да жамандықты жақсылық жеңеді деген адамзат жаратылғалы сыннан өтіп келе жатқан шынайы сезім. Бұрын тым тәуір өлеңдерімен оқырмандарын сүйсінте білген Г.Сейітжанова бұл жолы ұсынған прозалық кітабымен де көңілге қуаныш ұялатып отыр. Авторға сәт сапар.
Қонаш Қалдыоразов 1987 жыл
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі