Австрия, Австрия Республикасы — Орталық Еуропадағы мемлекет. Аумағы 83,9 мың км2. Халқы 8,3 млн. Астанасы — Вена қаласы Әкімшілік-аумақтық бөлінісі жағынан 9 федералдық жерден тұрады. Халқының 98%-ы австриялықтар, дінге сенушілердің 84%-ы католиктер. Мемлекеттік тіл — неміс тілі. Заң шығарушы органы — екі палаталы парламент. Мемлекет басшысы — федералдық президент.
Австрия — таулы ел. Жерінің көбін Шығыс Альпі таулары алып жатыр. Ең биік жері — Биік Тауэрн жотасындағы Грос-Глокнер шыңы (3997 м). Кен байлықтарынан қоңыр көмір, мұнай мен газ, темір кентасы, магнезит, графит, қорғасын, мырыш, мыс, ас тұзы өндіріледі. Климаты қоңыржай, шығысында континенттік болып келеді. Орташа температура қаңтарда — 1 — 40°С, шілдеде 15°-18°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері тау аңғарларында 500 мм-ден Альпі тауларында 2000 мм-ге жетеді. Кеме жүзетін үлкен өзені — Дунай. Жерінің 38%-ы орман, ол негізінен тау беткейлерін көмкерген.
Австрия атауы алғашқы рет 996 жылы 1 қарашада жазылған құжатта кездеседі. 1156 жылдан бастап Австрия - «Қасиетті Рим империясы» құрамындағы герцогтық. 13 ғасырдың соңынан онда Габсбургтер әулеті билік жүргізді.
18 ғасырда Габсбургтер Бельгияны, Италияны, поляк, украин жерлерінің біразын өзіне қаратты. 17-18 ғасырларда Австрия монархиясы Түркиямен, Франциямен, Пруссиямен болған соғыстарға қатысты. 1804 жылдан Габсбургтер империясы болып аталды. 1859 жылы Франция мен Италияға қарсы соғыста Ломбардиядан айырылды. 1866 жылы Пруссияға қарсы соғыста жеңіліс тапты. Австрия 1867 жылдан — Австро-Венгрия монархиясы; 1 -дүниежүзілік соғыста Австро-Венгрия Германияның басты одақтасы болды. Австрия-Венгрия монархиясы ыдырағаннан кейін 1918 жылы қарашада Австрия республикасы құрылды.
1938 жылы наурызда герман әскерлері Австрияға басып кіріп, Германияға қосып (аншлюс) алды. 1943 жылы Мәскеуде КСРО, Англия, АҚШ сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қабылданған декларация бойынша Германияның Австрияны қосып алуы заңсыз деп танылды. 1945 жылы наурызда Кеңес әскерлері Австрия шекарасынан өтіп, 13 сәуірде Венаны азат етті. Бірақ Австрия бірден тәуелсіз мемлекет бола алмады. Бірнеше жыл бойы ол Франция, АҚШ, Ұлыбритания және КСРО арасында 4 оккупациялық аймакқа бөлінген қалпында қала берді. 1955 жылы 15 мамырда Венада КСРО, АҚШ, Англия, Франция, Австрия мемлекеттерінің өкілдері Австрияның тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы шартқа қол қойды. 1955 жылы желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. Австрияның сыртқы саясаты 1955 жылы 15 мамырдағы шартта көрсетілген міңдеттемелер мен тұрақты бейтараптық статусына негізделген. 1996 жылдың 1 қаңтарынан Еуропалық Одаққа мүше болып қабылдавды. 1992 жылы 19 ақпанда Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатты.
Австрия — дамыған индустриялы-аграрлы мемлекет. Австрия жылына 0,5 млн. т көмір, 1,0 млн. т мұнай, 4,5 млн. т болат және 54,9 млн. кВт/сағат электр энергиясын өндіреді. Дамушы өнеркәсіп салаларынан қара металлургия, алюминий өнеркәсібі, машина жасау (станоктар, транспорттық машиналар, электртехникалык бұйымдар), химия өнеркәсібі (азот тыңайтқышы, күкірт қышқылы, жасанды талшық, резина шығару), ағаш өндеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі өркендеген.
Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығының маңызы өте үлкен. Егіншілікпен қатар бау-бақша, жүзім шаруашылықтары дамыған. Австрияның ұлттық табысы жан басына шаққанда 25,2 мың доллардан келеді. Соңғы көрсеткіш бойынша Австрия Еуропа экономикалық аймағы бойынша алтыншы орында. Экспортқа жылына 55 млрд. доллардың өнімі шығарылып, 65 млрд. доллардың өнімі сырттан әкелінеді.
Австрияда білім алудың артықшылықтары мен болашағы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі