Досымның 50 жасына - құттықтау — Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміндегі материал.
Материал — досқа тілек, досқа құттықтау, туған күнге тілек, туған күн — осы тақырыптарға байланысты.
Ұялаған көңіліңнің төріне күн,
Әр сөзі әзілменен өрілетін.
Досымның аңқылдаған, жарқылдаған,
Жүрегі аузын ашса көрінетін.
Шағың бұл күй боп шалқып төгілетін,
Еңсең тік,
Есен жеттің елуге еркін.
Ағайын дос-жараның мәре-сәре,
Қырансың орындаған ердің сертін.
Мейірім шуақ таптым бір өзіңнен,
Ізгілік шамын жақтың жүрегіңмен.
Бойыңа асыл қасиет ағыл-тегіл,
Өзіңе зор денсаулық тіледім мен!
*** *** *** ***
Қыз қияда, ұл ұяда жарасқан,
Аудан біліп, аймақ сыйлап санасқан.
Аңсап күткен туған күнің тойлансын,
Алла жар боп, ашық болсын көк аспан!
Бір сыныпта бірге оқыған құрдасым,
Бала досым - бауыр етім, сырласым.
Шыңғожада жақсы оқыдың, үлгілі,
Еңбегің зор – елге сыйлы бір басың.
*** *** *** ***
Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):
Туған күнге арналған құттықтау cуреттер
Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар
Бұл бетте Досымның 50 жасына - құттықтау тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Досымның 50 жасына - құттықтау материалы Тілектер мен құттықтаулар жинағы бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі