Саяси популизм — бұл жалпы саяси көп өлшемді түсінік. Бұл кұбылысты дұрыс түсіну үшін алдымен популизмнің не екенін анықтап алуымыз керек. Популизм — бұл нақты жағдайда жетістікке жету үшін әйгілі әдіс-тәсілдер құралдарын колдана отырып, саяси мақсатқа қол жеткізу болып табылады.
«Популизм» латын тілінен аударғанда «populus» деген сөз, халық, халықтық, халықтың құқығы мен мүддесі үшін күрес дегенді білдіреді. «Популизм» термині саяси лексикада алғаш рет XIX ғасырдың аяғында АҚШ-та үшінші жалпы Популистикалық партияның құрылуы кезіндегі үлкен халықтық қозғалыстан кейін пайда болды. Бірінші ірі құрылымды идеологиялық популизмнің варианты Ресей-Еуразия халықшылдығында калыптасты. XX ғасырдың екінші жартысы популистикалық дәстүрдің самғауына жол ашты. Осыған байланысты «популизм» ұғымы түрлі мағыналы әлеуметтік-саяси және идеологиялық құбылыстардың оң және сол мәнді жағдайларының белгісі ретінде қолданылады. Ресейдегі саяси-әлеуметтік өмірдегі популизмнің көрнекті үлгісін ЛДПР лидері В. В. Жириновскийдің ел алдындағы сөйлеген сөздері айғақтайды. Популизм — саяси сананың өтпелі түрі. Қадап айтсак, популизм сөзінің ұғымы демогогий сөзінің синонимі ретінде колданылады. Популизм және популярлық сездерінің айырмашылығын қатал ажырату керек. Егер соңғы қорытынды ұғым жағымды мағына беріп, бірак демократиялық қоғамда мадақтала қоймаса немесе еңбегі сіңген қарапайым әйгілілікті білдірсе, онда популизм көбінесе көпшілікпен жүрген қадамымызды жеңуге ұмтылу және ереже бойынша жетістіктің моральдық бағасымен және күралдарымен санаспай, алдаумен билікке жету және оны пайдақорлық мақсатпен ұстап қалу және т.б.
Популизмге мынандай ерекшелік сипаты тән, ол тікелей қатынас жасайтын, яғни саяси институттардың көшбасшыларының білімі мен күшіне әсер ете алатын қабілеттерге ие болатын қасиеттермен тікелей байланысты. Қазіргі заманғы саясаттағы популист саяси қайраткер популистикалық сезімге үндеу жасайтын, халықпен жұмыс істеуге, қабілетті билік үшін күреске қатысушы ретінде танылып жүрген тұлға. Осы көзқараспен қарағанда популизмді саяси мәселелерді шешудегі шынайы емес, бірақ нақты жағдайда популярлық тәсілдерді пайдалана отырып саяси мақсаттарына жетуді анықтау деп білуіміз керек.
Популизм — жекелеген адамдар тобының, кейбір басшылардың өздерінің мүддесі үшін адамдардың көңіл-күйлерін қалыптасқан жағдайларға байланысты әз мүддесіне пайдалануы. Егер, мысал ретінде алатын болсақ, билік басындағылар экономикадағы бірқалыптылық, тұрақтылық туралы жиі айтып, үнемі өмірлік жағдайларды жоғары деңгейге жеткізуге уәде бере отырып, тиімді ұмтылыс жасамаса (әсіресе, салықтық жеңілдіктер берілмесе), адам құқығына ешқандай басымдық берілмегені. Саясаттағы популизм деп осыны айтады.
Популизм XX ғасырдың 30-жылдарында жарқын көрініс тапты. Бұл уақыт — ұлы депрессиядан кейінгі 1929—1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстың басталған кезі. Капитализм тарихындағы ұзақ уақытқа созылған халықтың жағдайының төмендеуіндегі дағдарыс қоғамда құштарлық популизмнің жаңа үрдіспен дамуына әкеп соқты. Бұл кезең популистикалық көшбасшылар үшін алтын ғасыр болды және оны Батыстың кептеген елдері пайдаланды. Осы әдісті көп жағдайда Германияның нацистері қолданды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін популизмді қоғамдық-саяси өмірде Батыс елдеріндегі саяси көшбасшылар керек уақытта қолдана білді және оны әлі де түрлі саяси көшбасшылар қолданып келеді. Мысалы популистикалық әдістер М. Тэтчерге, Р. Рейганға, АҚШ президентінің орнына тәуелсіз кандидат үміткер Р. Пероға т.б. тән. Айта берсек, бұл әдісті Кеңес Одағында — М. Горбачев, Ресейде — Б. Ельцин, Қазақстанда — Г. Колбин де қолданды.
Сөйтіп, әлемде популистикалық режим пайда бола бастады. Популистикалық режим халыққа, саяси процестерге нақты ештеңе де бермейді. Бұл жағдайда адамдарға «жаппай» рөл бөлінеді, үкімет әрекеттерін қолдайтын және макұлдайтын ондай адамдар бірінші кезекте халықтың жағдайын кетеруді басты мақсат етіп қояды. Осы құбылысты қолдау үшін қолданылатын популистикалык режим әлеуметтік-саяси демогогияға — популизмге жетелейді. Шын мәнісінде популистикалық режим жергілікті тұрғындардың назарын экономикалық мүдделерден басқаға аударуға тырысады, ал олардың нақгы тірегі — бюрократия.
Саяси популизм халықтың, барлығымызға белгілі болғандай, өз мақсаттарына жету жолындағы назарын басқаға аудара отырып, саяси ойын ережесі бойынша дер кезінде нәтижеге жету, күрделі сұрақтың оңай және жәй түсінігінің шешімін табу, сырт көрінісі әсерлі, әдемі лозунгтар қолдану деген сөз. Сонымен қатар, идеологиялық, теориялық бағдарламалардың болмауы, саяси басымдылықтың жиі езгеруі, орындалмайтын уәденің таратылуы мен ағымдағы саяси тапсырмаларға бағыт алу да саяси популизмнің жақтаушыларына тән нәрсе.
Заманауи саяси лексикондағы «популизм» түсінігі көп жағдайда саяси күрестердегі тактикалықәдістердің құралдарын анықтауда, көпшіліктің қоғамдық санасының апелляциясына байланысты жиі қолданылады, максимализм және саяси шешімдерді бірыңғай бейімдеп кабылдау да қоғамдық өмірде орын алуда.
Осылайша, жоғарыда айтылғандардан кейін саяси популизмнін негізгі белгілері кандай деген сұрак туындайды. Менің көзқарасым бойынша, саяси популизмнің негізгі белгілері мыналар:
Біріншіден, популизм саяси кұбылыс ретінде демократиялык институттары және нормалары бар мемлекетте пайда болады: жалпыға бірдей сайлау құқығы мәнінде саяси істерге қатысушыларға келіп түседі. Барлығымызға белгілі, КСРО-дағы «қайта құру» кезеңінде популизм гүлдей құлпырды. КСРО-ның халық қалаулылары, яғни депутаттары, одан кейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы халық депутаттарының сайлауы популистикалық толқында өтті. Мысалы, КСРО-ның халык калаулылары сайлаушыларының соңғы сайлауы алдында берген КСРО-ның үлттық кірісі жылына 3 млрд. сомнан бес есе кебейетіні туралы берген уәдесі бәріміздің есімізде. Бұл құбылыс ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі халық депутаттарынын сайлауына да тән болды.
Екіншіден, популизм елдің саяси және құқықтық мәдениеті төмен жағдайларында кең тараған, осыған орай халықтық билік қүрылымдары қалыптаспады. Сондықтан биліктегі күштің демогогия мен накты жағ-дайларды бір-бірінен айыра алмауы, әлемнің аққара құбылысын ажыратпауы, популистикалық лидерлерді белсенді жұмылдыру үшін қоғамдық қолдау үйымдастыруы және өзінің қарсыластарын жек керуі саяси мәдениетсіздік екендігін анықтайды, ол саяси кешбасшылардың қоғамдық қолдауды ұйымдастыруына байланысты болды.
Үшіншіден, популизм дағдарыс кезінде әлеуметтік-экономикалық және саяси түрақтылық болмағандықтан адамдардың көпшілігінің өмір деңгейінің тәмендеуі жағдайында, ертеңгі күнге деген сенімдерін жойғанда ғана күшейе түседі. Бұл популистер үшін ете жақсы уақыт, олар осындай уақыттарды шебер пайдаланады, ал халық саяси күрестің барысында бағыттан адасып шатасады, бос уәделерге қарық болады.
Төртіншіден, саясаткер көбірек радикалды болса, соншалықты популистикалық әдістерді пайдаланады. Мысал ретінде алатын болсақ большевиктерді айтуға болады, казіргі уақытта Еуразиядағы радикалды «демократтарды» алсақ, олар көбіне необольшевиктік әдістермен қаруланған. Бесіншіден, популизмге еліктеу өзіндік түрінде келесі кезекте әлеуметтік-саяси нашақорды еске түсіреді, бұл шынайылықтан кету немесе әлемдегі орындалмайтын кереметті күту деген сөз. Популизм — сондай-ақ, қалыптасқан мәселеден нақты кету. Барлығымызға белгілі, популизм мүлдем түңілу негізінде пайда болады және сонымен аяқталады.
Алтыншыдан, популизм саналы түрде күнделікті шындыққа ұмтылу (әділдікке ұмтылыс, құзыреттілікті жою, осылар қарапайым және әмбебап құралдар арқылы барлықтәжірибиелік тапсырмаларды шешу жолдары болып табылады). Олар әсіресе азаматтардың ақпаратты білмейтіндігін пайдалана отырып ерекше дамып, әйгілеленеді.
Жетіншіден, популизм — демагогияның әр түрлілігі, яғни демагогиялық қүралдардың колданыста болуы болып табылады: халыққа жалған уәде-серттер беру, жауапсыз бағдарламалар ұсыну, уәделерді, қоғамдық қызығушылықтарды жасанды жала жабу жрлымен жылжыту осының көрінісі. Ерекше атап айта кететін жай, кез келген популизм — бұл лас саясатпен байланысты демагогия. Сондықтан, ол өзінше демагогиялық қалыпқа түсіп, әлеуметтік демагогия нысаны түрінде керініп, кепшілікті сайлау алдындағы жасанды трюктармен, демагогиялық әдіс-тәсілдермен ез жағына тартады.
Сегізіншіден, популизмнің айырмашылығы, ерекшелігі — қүлықтық позициясының жағымсыздығымен шындық қүбылыстан халықтықты алыстата түседі. Популизм — бұл қарама-қайшы әрекет ету, езіне тән алдау технологиясы әдісімен жеңе беру арқылы сайлаушылардың дауысын жинау деген сез, сондай-ақ ол орындалмайтын жеңіл уәделерді таратудағы жағымсыз саяси құрал. Мән-мағынасыз популизм адамдарды алдау арқылы сенімдеріне кіріп алуға тырысады. Саяси популизм адамдардың саясатқа және саясаткерлерге деген сенімін жойып, олардың заманға қатысты ойларының жолын кеседі (бүл ез алдында келісім, яғни ол адамдарды алдау арқылы жүзеге асырылады), осылардың негізінде халықты саясаттан алыстатады.
Тоғызыншыдан, популизм — нақты санланушы саясаткердін сайлау алдындағы «саудасы» екені сәзсіз, бұл — оның президенттікке, депутаттыққа кандидат болу мүмкіндігінің шынайы саяси жарнамасы болып табылады. Кез келген үлкен бизнестегі жарнама сияқты популизм мадақтау, салмағы жеңіл арзан сөздер арқылы бедел жинаудан ақша аямайды. Популистік әдістердің көмегімен саясаткер сайлаушыларға жақсы жағынан керінуге тырысады. Популизм — саясаттағы сайлау алдындағы кәп берілетін уәденің езіне тиімдісін орындау үшін жасалатын заңдылық. Тиімсізі — олар үшін артық жүк.
Популистикалық лидерлер қоғам дамуының өтпелі кезеңінде сұраныс табады. Бірақ, қоғамдық саяси логиканың заңцарын бағдарда үстамай, саяси қүмарлықты өршітеді, түрлі сындар айтып оздеріне дүшпан іздейді. Сонымен халықтың қызығуын тудыра алмайды. Әлемдік тәжірибе куә болып отырғанындай, популистер мемлекет оз тарихындағы сынақ кезендерін бастан кешіп жатқан кезде осылайша белсенділік танытады. Әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтар туғанда саяси аренаға популистік кайраткерлер шығады.
Популистер көпшілікті ынталандыру үшін уәдені көп береді, бірақ олардың іс-әрекетінде амбициоздық басым, көрегендік байқалмайды. Олар ұсынатын бағдарламаларда ағымдағы істер, өзекті проблемалар барынша қалыс калған. Осының барлығы қоғамда әлеуметтік қиыншылықтар тудырады, түрлі қарама-кайшылыққа әкеп соқтырады. М. Монтень популизмнің «күңгірт» жемісі ешқашан арнаған адамға келмейді. Ол тек суды лайлайды, ал балықты басқа адамдар аулайды, — деп бекер айтпаса керек.
Сондықтан қоғам, менің ойымша, популистикалық саясаттың құйтырқы іс-әрекетінен сабақ алып, қорытынды шығаруы, жылан шақса да уытын өзіне дарытпауға тиіс. Қоғам демократиялық нормалар мен институттар кемегі арқылы популистикалық озбырлықтың аз мөлшерде болуына, немесе оны болдырмауға қол жеткізуі қажет. Егер осыны дер кезінде жасамаса, мемлекетке деген сенімсіздік орнап, халықтың көңіл-күйі ауытқи түседі. Заманауи кезеңде саяси популизммен күресе білу міндет. Популизм — құбылмалы саясат, соған сәйкес оның елшемі мен ұстамдылығы, минималды бағыты сәйкес келуі керек. Проблеманы шешудің басты жолы — халық билігінің толық механизмінің болуы, азаматтардың және лауазымды тұлғалардың жоғары саяси және мәдени құқықтық білімділігіне қол жеткізу, демократияның мөлшерлері мен дәстүрлерін бекіту.
Популизмнің саяси жауапкершілігі туралы да ойлану керек. Жауапсыз саясаткерлердің дауысты халық сенімін алдау арқылы жинауына жол бермеу қажет, бүл үшін саяси-құқықтық құралдарды пайдаланып, популистикалық демократияны шектеген дұрыс.
Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесі де нақты, аса маңызды істерді талқылау, түсіндіру кезінде демократиялық тәсілдерді барынша тиімді қолдана отырып, популистикалық актілерге және қүқықтық құралдар жөніндегі акцияларға оң баға беруі керек және болашақта да сол бағыттан айнымауы тиіс. Саяси популизммен күресудегі ерекше рөлді оппозиция атқаруы керек. Популистердің сайлау алдында сайлаушыларға берген уәделерінің орындалуын оппозиция бақылауға алғаны жөн. Сонда ғана саяси популистерді жеңуге болады. Оларды популистикалық аурудан емдейтін ең маңызды дәрі — менің пікірімше, плюрализм. Ол біржақтылықты жоюды, баламалы қызығушылықты, пікірлердің сәйкестігін, адамдардың көптеген тобының, сондай-ақ әлеуметтік және саяси топтардың саясатқа әсер етуге мүмкіндігі болуын ұсынады. Осы аталғандардың қорытындысында көпжақты объективті байланыстар және үрдістер қоғамда қалыптасып, жүзеге асады. Саясат тиімді және сенімді болуы үшін, оның жоғары деңгейге жетуі үшін оның ақпараттық негізін нығайтып дамыту, сонымен қоса жетістіктері мен кемшіліктерді анықтау міндет.
Саяси популизмнің құйтырқылықтарын ескерер болсақ, ол — бұрмаланған ақпарат, онымен шындыққа негізделген ақпаратты колдану арқылы ғана күресуге болады. Тек шындык өтірікті жеңеді, әтірік қандай «сүйкімді» болса да тек нақты және дәйекті ақикат саяси популизмді дамытпаудың және жеңудің негізі бола алады. Осыған байланысты азаматтарды тезірек бір жүйеде ақпараттандыру үшін, нақты ақпараттық орта қүру үшін тиімді демократиялық институттарды қалыптастыру қажет, олар плюрализм жағдайында ақпараттандыру және жаңа коммуникациялық құрылым аясында жүзеге асырылады. Ғылым және ағарту ісі популистикалық өтініштер мен актілерді әшкерелеуге үлкен үлес қоса алады. Аталған құбылысты жан-жақты зерттеп, оның зандылықтарын анықтағаннан кейін олармен күресу оңай болады. Ғалымдардың пайымдауынша, тәуелсіз сарапшылар көпшілік алдында популистикалық тезистердің дәрменсіз екендігін анықтап, өтіріктің бетін ашып, берген уәденің орындалмайтынын көрсетеді. Осы мақсаттар үшін, менің көзқарасым бойынша, қоғамдық көзқарасты тереңірек зерттеп, саяси-әлеуметтік болжамдарды тұрақты пайдалану қажет. Нақты айтканда саяси популизмнің әшкерленуі үшін тиімді шаралар қолдану, оларды сынау міндет, әрі қарай түрлі демократиялық құрылымдар ұсынатын тетіктердің кемегімен жұршылықты үкімет пен мемлекет саяси бағыттар бойынша қабылдаған бағдарламаны орындауға жұмылдырған жөн. Осындай жағдайларда азаматтардың, халықтың кызығушылықтары реформаға ауады да, олардың тасасында қалған популистердің жағдайы аянышты болып көрінеді. Ал, халық қолдаған реформа шын мәнінде жаңа саясаттың нақты жемісін береді.
Сонымен, саяси популизм — бұл саяси жол, ол жұртшылықтың мойындауына, қолдауына, ез ортасында атақты болуға ұмтыла отырып, атышулы мәлімдемелер ұсыну, орындалмайтын, көпірме лозунгтар мен талаптар арқылы жетістікке қол жеткізу деген сөз. Сондықтан, саяси популизммен белсенді, тұрақты күрес жүргізу керек. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып саяси популизмді жеңу қажет. Сонда ғана өркениетті мемлекетті, қоғамды құра аламыз. Бұл Қазақстан қоғамы үшін де бүгінгі таңда аса маңызды міндеттердің бірі болып отыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі