Салыстырмалы саясаттануды жалпы саясаттанудың маңызды, соның өзінде құрамды бір бөлігі ретінде қарастыра келгенде, ол өз алдына дербес пән болып шығады. Нақтырақ айтқанда, мұнда өзіндік зерттеу ауқымында мемлекеттерді, елдерді, өңірлерді, халықтарды салыстырмалы түрде қарастыруға болады. Демек, бұл ғылым саласының өзіндік зерттеу тәсілдері, өзіндік мазмұны мен белгіленген мақсаты болады.
Салыстырмалы саясаттану — ағылшынның «салыстырмалы» деген сезінен алынған. Салыстыру дегеніміз, ойлаудың кәдімгі тәсілі, ал ғылыми салыстыру дегеніміз, зерттеудің кеңінен таралған тәсілі болып табылады. Салыстырудың көмегімен саяси нысандар мен құбылыстардың, жүйеленулердің, реттеулердің сандык және сапалық сипатын айқындай отырып, белгілі бір саяси үдерістердің мазмұнына баға беріледі. Сондықтан да халықтарды, әлеуметтік—саяси институттарды, саяси әрекеттер мен қайта құрылуларды соған сәйкес табиғи түрде қарастырғанда өзге мемлекеттермен немесе өңірлермен, елдермен немесе тарихи кезендермен салыстырылады. Француз саясаттанушылары М. Доган мен Д. Пелассидың анықтаулары бойынша, салыстырмалы саясаттанудың мақсаты сипаттарды көрсетуге қарағанда барынша нақты жағдайды көрсету — нақты бір нәрсені зерттеуге алғанда оны барынша кең ауқымда қарастырады. Осыған орай мынандай нәрсені ескеру қажет: компаративист ғалымдар зерттелетін нәрсені қарастырғанда олардың неғұрлым көп мәлшерін, фактілер мен жағдаяттарды кебірек алуға тырысады, мұның өзі саяси құбылыстар мен үдерістерді тек сипаттап қана қоймай салыстырмалы түрде ұғындырады.
Салыстырмалы зерттеулерді жүргізгенде әсіресе, түрлі саяси жүйелерге, түрлі мемлекеттердің, халыктардың саяси мәдениетінің мазмұны мен дамуына, халықтың белгілі бір топтарының саяси қажеттеріне қатысты теориялар мен тәжірибелерді мықтап ескереді. Сонымен қатар салыстырмалы зерттеулер қазіргі замандағы алуан түрлі және шапшаң өзгеріске түсіп жаткан коғамды зерттеуде де, және болжау жасауда да барынша нәтижелі болмақ.
Салыстырмалы саясаттанудың көптеген мәселелерінің ішінде оның пайда болу мәселесі ерекше орын алады. Салыстырмалы саясаттану өзінің зерттейтін нәрсесін өзге нәрселермен және үдерістермен өлшеу және салыстыру жолымен зерттейді. Нақ сондықтан да салыстырмалы тәсілдердің негізінде Аристотель басқарудың монархиялық, олигархиялық және демократиялық үш негізгі жүйесін, өзінше жіктеу тәсілін тапқан. Аристотель ежелгі грек қала-мемлекетінің конституциясын салыстырмалы зерттеуге айтарлықтай үлес қосқан.
Сондай-ақ Ш. Л. Монтескьені де салыстырмалы талдаудың негізін салушылардың бірі деп қарастыруға болады. Ол өзінің «Зандар рухы туралы» (1747) деген еңбегінде басқарудың республикалық, монархиялық және деспоттық үш тармаққа жіктелген жүйесін жасады. Ш. Л. Монтескье өзінің тұжырымдарын негізінен Қытай мен Англиянын, Иран мен Фран-цияның мемлекеттік басқару жүйелерін салыстыру арқылы жасаған. Салыстырмалы талдау XIX ғасырда әлеуметтік және қоғамдық ғылымдарда кеңінен қолданылған. Мұның нәтижесінде салыстырмалы саясаттанудың әдістемесі көрініс тапқан. Мұның бастаушыларының бірі Э. Фримен болып есептеледі. Ол өзінің «Салыстырмалы саясат» (1873) деген кітабында белгілі тұжырымды түйіндеген: «Тарих дегеніміз — өткен кезеннің саясаты, ал саясат дегеніміз — қазіргі кездің тарихы». Э. Фримен салыстырмалы талдауды пайдалана отырып түрлі халықтар мен мемлекеттердің, түрлі тарихи дәуірлердің ұқсас сипаттарын ашып түсіндіруге, олардың қандай да бір ортақ тамырдан пайда болғанын ұғынуға тырысады. Салыстырмалы саясат әдістемесі әсіресе, АҚШ-та кеңінен әйгілі болған. Көпте-ген қоғамтанушы ғалымдар салыстырмалы талдауды конституциялық мекемелерге, заң шығаруға, дінге, саяси әрекеттерге талдау жасағанда қолданғанын айта кеткен жөн.
XX ғасырдың 1-ші жартысында салыстырмалы мәндегі зерттеулер негізінде жасалған ірі ғылыми еңбектер шыға бастағанын атап айтқан жөн. Мысалы, М. Вебердің «Дін әлеуметтануы. Діни қауымдастықтың жіктері» (1905) кітабы. Орыс ғалымы М. Острогорскийдің «Демократия және саяси партиялар» (1898) деген іргелі екі томдық еңбегінде компаративизмнің айтарльгқтай элементтері ұшырасады. К. Фридрихтың «Конституциялық басқару және демократия» (1937) және К. Фридрих пен Г. Файнердің «Қазіргі басқару жүйесінің теориясы мен практикасы» кітаптарын зерделегенде, олардың өзіндік сипаты жағынан салыстырмалы зерттеулер болып шығады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі