Ұлттық кауіпсіздік — ұлттың-мемлекеттің өзінің жеке күш салуы мен халықаралық ынтамақтастықтың аркасында басқа ұлтка, мемлекетке зиян келтірмей, қоғамның өмір сүруі мен дамуының және оның тұрақтылығының лайықты жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін халықаралық жүйедегі жағдайы.
«Ұлттық кауіпсіздік» ұғымының өзі отандық әдебиетте жете зерттелмегендігін мойындауға тура келеді және оны ұғыну үшін батыс саясаттануының бай тәжірибесіне назар аудару қажет.
Саяси сөз корында «ұлттық қауіпсіздік» ұғымы алғаш рет 1904 жылы президент Т. Рузвельттің АҚШ Конгресіне жолдауында қолданылды. Онда президент «АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі» үшін Панама каналы аймағын басып алу жәнінде әскери акция өткізуді негіздеп берді. Бұдан кейінгі жылдары американдық саясаттанушылардың еңбектері арқылы ұлттық қауіпсіздік проблемасы өзінің теориялық негіздемесін алды. Батыстық авторлар «ұлттық қауіпсіздік» ұғымының кайнар көзі «ұлттық мүдделер» теориясында деп біледі. Бұл көзқарасты алғаш рет 1943 жылы көрнекті американдық әлеуметтанушы У. Липпман ұсынған болатын, ол өз еңбегінде мүдделерін құрбандық етуге тура келмейтін кезде мемлекет қауіпсіздік жағдайында болатындығын атап көрсетті. Теориялык-әдіснамалық тұрғыдан ұлттық мүдделер тұлғаның, мемлекет пен қоғамның маңызды.мүдделерінің ішкі және сыртқы қауіп-қатерден корғалғандығының жай-күйі ретіндегі ұлттық қауіпсіздік проблемаларын зерттеудін құралдар жинағының алғашқы негізі болып саналады.
«Ұлттық кауіпсіздік» теориясын жасауға елеулі үлес қоскандар: Б. Броуди, М. Гальперин, Г. Моргентау, Дж. Шлессинджер, Г.Кан, Г. Киссинджер, Г. Лассуэль және тағы басқалар. Казіргі уақытта ұлттық қауіпсіздік проблемасы американдық «стратегиялык талдау жасау» мектебінің зерттеушілік қызметінде және басқа да елдердің ғылыми орталықтарында негізгі зерттеу объектісіне айналған.
Ғылыми әдебиеттерде ұлттық қауіпсіздік проблемасына талдау жасау әдіснамасында екі бағыт қарастырылады: оның бірі бұны күш арқылы, яғни бір мемлекеттің басқа мемлекеттен немесе елдер тобынан күш-қуатының артық болуы арқылы айқындайды; екіншісі проблеманы мемлекеттердің өзара әрекеті (ықпалы) тұрғысынан шешеді, яғни халықаралык қатынастардың бүкіл жүйесінің дамуына оңтайлы жағдайлар жасау арқылы ұлттық қауіпсіздікті нығайтуды қарастырады.
Батыстық авторлардың ұлттық қауіпсіздікті анықтаудағы көзқарастарының (тәсілдерінің) көп жоспарлылығы ортақ нәрсе болып табылады, олар оны нақты сыртқы және ішкі жағдайларда ұлттық құндылықтар мен мүдделерді қорғаудағы мемлекеттің қабілеті ретінде көрсетеді. Бұл тұрғыдан алғанда, менің көзқарасым бойынша, Дж. Кеннедидің мемлекеттің саясатында қорғаныс саласында да, дипломатияда да, қарусыздануда да жеке алынған саясат жоқ — олардың бәрі ұлттық қауіпсіздіктің бірыңғай саясатында жинақталған деген пікірі біріктіруші көзқарас болып табылады.
Ұлттық қауіпсіздік проблемасы жөніндегі Батыс саясаттанушыларының зерттеулерін талдау төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: саяси ғылымның категориясы ретінде ұлттық қауіпсіздік елдің ұлттық-мемлекеттік тұтастығын сақтауға, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму проблемаларын дербес шешуге және халықаралық қатынастар жүйесінің дербес субъектісі болуға мүмкіндік беретін жағдайын сипаттайды.
Бұған қоса 1947 жылдан бері АҚШ-та «Үлттық қауіпсіздік» туралы Заң әрекет етіп келе жатқанын айта кеткен жөн, бұл заңға сәйкес ішкі, сыртқы және әскери саясаттың негізгі аспектілеріне қатысты мәселелер жөнінде президентке кеңес беріп отыратын Ұлттық қауіпсіздік кеңесі құрылып, жұмыс істеуде. Осының бәрі ұлттық қауіпсіздікті нығайту мәсе-лелерін тек теориялық деңгейде ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік деңгейде іс жүзінде шешуге деген үлкен мүдделілікті айғақтайды. Қазіргі Қазақстанда оның тарихы мен мүдделерін есепке ала отырып дайындалған «Ұлттық кауіпсіздік туралы» занда бұл ұғымдар бөліп көрсетілген. Бұл заң ұлттық қауіпсіздікті тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің қорғалу жағдайы ретінде айқындайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі