Қарлығаш — торғайтәрізділер отряды, әнші торғайлар тобының тұқымдасы. Арктика мен Антарктидадан басқа аймақтарда кеңінен таралған. 20 туысқа бірігетін 79 түрі бар. Қазақстанда 5 түрі (жар қарлығашы, құз қарлығашы, қосреңді қарлығаш, секпілтөс қарлығаш, кент қарлығашы) кездеседі. Қарлығаштың тұмсығы қысқа, тұмсығынын түбі кең, езулерінің арасы алшақ. Қанаттары жіңішке әрі ұзын. Дене бітімі ерекше сымбатты. Саусақтары қысқа әрі әлсіз, жерде жүруі ебедейсіз. Қарлығаштың қауырсыны тығыз, жотасы қара түсті жылтыр. Сыртқы түрінен еркегі мен ұрғашысынын айырмашылығы байқалмайды. Дене тұрқы 9-23 см, салмағы 10-60 грамм. Қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы аса қатты емес. Қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды. Ашық ұядағы жұмыртқа қара теңбілді шұбар, жабық ұядағы жұмыртқа ақ түсті болады. Жылына бір кейде екі рет 3-7 жұмыртқа салып, балапан басып шығарады. Қорегі, негізінен, ұсақ жәндіктер. Ашық күндері биіктеп ұшады да, ауа райы жауын-шашынды болар алдында жер бауырлап ұшады. Сондықтан да қарлығаштың ұшу ерекшелігіне қарап ауа райының өзгерісін аддын-ала болжауға болады.
Оқуға кеңес береміз:
Құстар әлемінің битбоксері - Лирақұйрық(Видео)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі