Корейская косметика премиум класса

Қаз

Қаз — үйрек тұқымдасына жататын құс. Қаздың жабайы түрлерінің салмағы 2 - 6 кг, дене тұркы 60 - 100 см. Құрлықты не тайыз суды мекендейді. Суда жақсы жүзеді, сүңгиді. Балапан басатын кезде жұбымен жүреді, ұясын құрлыққа (шөптен, қынадан, мамықтан) салады. Әр ұяда 5-8 жұмыртқа болады, оны мекиені басады. Асыранды қаз жабайы сұр қаздан тараған. Асыранды қаздың түсі, ірілігі әр түрлі, мамығы көп болады, бұл оны суықтан сақтайды. Балапан қаз 265-350 күндігінде жұмыртқалай бастайды. Тұқымына, күтіп бағуына, ауа райына қарай 4-8 ай жұмыртқа салады. Қазды 5-6, кейде 8 жыл қолда ұстауға болады. 3-4 мекиенге 1 кежек қосады. Қазды әдетте 6 айлығында етке сояды. Қаз етінде 16% белок, 35% май болады.

Қаз майы — үсікті емдеуде шипалы зат. Қаздың мамығы, қауырсыны өте пайдалы.

Оқуға кеңес береміз:

Ителгі

Кептер

Көкек

Құстар қаншалықты ақылды?

Қалақайлық (бізтұмсық шөже)

Құстар әлемінің битбоксері - Лирақұйрық(Видео)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×