Орталық Америка — Солтүстік Американың Теуантепек және Дарьен мойнақтары аралығындағы қиыр оңтүстік бөлігі. Тынық мұхит пен Мексика шығанағы және Кариб теңізі аралығында тропиктік ендікте орналасқан. Ені Юкатан түбегі аумағында 960 км, Панама мойнағында 48 км, ең биік жері Тахумулько тауы (4217 м). Орталық Америкада Мексиканың оңтүстік-шығыс бөлігі, Гватемала, Сальвадор, Гондурас, Никарагуа, Коста-Рика, Панама, Белиз мемлекеттері орналасқан. Басым бөлігінКордильера жүйесіне кіретін орта биіктікті тау белдеуі алып жатыр. Ірі жазық өңірлер Юкатан түбегі мен Москития жағалауында. Кен байлықтарынан алтын және күміс (Гондурас, Никарагуа), қорғасын (Гватемала, Гондурас), сүрме (Гватемала), мұнай (Теуантепек), күкірт (Гватемала) өндіріледі. Орталық Америка климаты ылғалды; жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 1500 — 2000 мм, оңтүстігінде 3000 — 4000 мм (тау беткейлерінде 7000 мм). Өзендері қысқа, бірақ суы мол; әсіресеАтлант мұхиты алабына жататын өзендердің суы жыл бойына мол болады.
Тектоникалық қазаншұңқырларға толған көптеген көлдер кездеседі; ірілері — Никарагуа және Манагуа. Топырақ және өсімдік жамылғысы алуан түрлі. Солтүстік-шығысындағы жазықта және беткейлерінде (800 м биіктікке дейін) ылғалды тропиктік ормандар, түрлі-түсті бағалы ағаш сүректері өндірілетін пальмалар, лианалар өседі. Банан плантациясы және тропиктік дақылдар егіледі. Юкатанда ксерофитті бұталар, 1700 м-ге дейін ағаш тектес қырыққұлақтар, 3200 м-ге дейін мәңгі жасыл жалпақ жапырақты (емен, магнолия) және қылқан жапырақты ормандар басым. Биік белдеулерде альпі шалғыны өседі. Жануарлардан Орталық Америкаға ғана тән кең танаулы маймылдар, кесірткелер, Солтүстік Америкалық түрлерінен жанат, кемірушілер мекендейді.
Оқуға кеңес береміз:
Карталары қолмен емес, компьютермен сызылғандай...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі