Карталары қолмен емес, компьютермен сызылғандай...
ПИРИ РЕЙСТІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН ҚҰПИЯ ҚАЛУДА
1513 және 1528 жылы сызылған дүние жүзілік карталар, әлі күнге дейін ғалымдардың таңданысын тудыруда. Тіпті мұны өзге планетадан келген келімсектердің көмегіне байлағысы келетіндер де бар.
Атақты түрік теңізшісі Пири рейс (1475-1554) ендігі программисттердің де күн тәртібіне енген сыңайлы. Макинтош үшін арнайы дайындалған "Earth-Plot" атты бағдарламадағы дүние жүзілік картамен Пири рейстің 500 жыл бұрын сызған дүние жүзілік картасының салыстырылуынан кейін таңғаларлық нәтижелер және жауапсыз сұрақтар туындады.
"Earth-Plot" бағдарламасы дүниежүзілік картадағы домалақ жер шарының бетіндегі теңіздер, құрлықтар және аралдар белгіленгеннен кейін қарсыдан қарағанда не көрінсе, соны сызуға негізделіп дайындалған. Сызылған картаға схемалық ендік және бойлық сызықтары да енгізілген.
Пири рейстің «Китабы Бахрие» атты еңбегіндегі Европаның картасы
Архитектор Ахмет Сөнмез және құрылыс инжинері Тахир Денгиз осы екі картаны салыстыра келе, карта инжинерлерімен маман теңізшілерге мына сұрақтарын жаудырды:
1) Пири рейстің карталары қалайша, сол дәуірлердегі гравюра әдісімен сызылған жазық карталар секілді емес, «ғарыштан түсірілген суреттей» домалақ пішінді әдіспен сызылған?
2) Пири рейстің картасында оң жақ төменгі бұрышынан бастап жоғары қарай 1,2,3,4,5 деп белгілеген нүктелеріміз, қалайша жер айналасындағы «шеңберлі орбитаға» ұқсас геометрияға ие? Бұл нүктелерде ешқандай арал болмағанына қарағанда, Пири рейс орбита бетінде орын алған бұл нүктелерді қандай мақсатпен, не үшін, қалай, белгілеген?
3) Қазіргі дамыған дәуіріміздегі, заманауи геодезия және теңізшілік тақырыптарында тәлімі бар, тәжірибелі инжинерлер мен теңізшілер! Сіздерге 10 дана желкенді қайық берсек, 10 жыл мерзім берсек, әр кемеге компас, астролябия, секстант, дүрбі жеткілікті мөлшерде қалам-қағаз, ғафу өтінем сиялы қамыс қалам және киік терісін берсек, Атналт мұхитын және айналасындағы құрлық бөліктерін қамтитын, Солтүстік Америкадан бастап Антарктикаға, Африкадан Испанияға дейінгі аралықтың жан-жақты мәліметпен қамтылған дүние жүзілік картасын сыза аласыздар ма? Әрине бұл карта домалақ жер шарындағыдай пішімде болу шартымен...
Бұл үш сұраққа карта дайындау мамандарының да теңізшілікке қатысты мамандардың да қанағаттандырарлықтай толық қанды жауап бере алулары мүмкін емес.
Басқа да белгісіз жәйттар
Пири рейстің 1513 жылы ол картаны және 1528 жылы одан да жетілдірген түрін қалай сыза алғанын әлі күнге ешкім білмейді. Сол заманның білімі және техникасымен ХХ-шы ғасырдың алғаш бөлігіне дейінгі карта сызу шеберлігін қалай басып озып, көлеңкеде қалдырғаны ғажайып жағдай. Тақырыбымызды осындай ғажайыптардан біршамасымен тізбектеп түйіндейік:
- Пири рейс құрлықтарды, жағалауларды, аралдарды, тау тізбектерін, жазықтарды, өзендерді өте дұрыс сызған. Дұрыстығы соншалық ғарыштан түсірілген фотомен дәлдігі бұлжытпай аңғарылады.
- Карталарда көрсетілген Антарктика таулары 1952 жылға дейін белгісіз еді. Онда да бұл кезде тек дыбыс жаңғыртушы құралдармен табылған.
- Гренландия 1 ғана арал деп білінетін еді. Ал Пири рейс оны картасында 3 арал етіп сызған. Және спутниктен түсірілген суреттен Гренландияның шынында да 3 аралдан құралғаны анықталған.
- Жерге ғарыштан қаралғанда төмендердегі құрлықтардың көрінісінде жиырылу байқалады. Пири рейстің карталарында да дәл осындай ерекшеліктер бар.
- Бүгіндері тек спутниктердің көмегімен ғана дұрыс үлгідегі дүние жүзілік картасын сызу мүмкін болуда. Ал Пири рейс картасын XVI ғасырдың бас жағында қалайша сыза алды екен? Жазушы Эрих Фон Даникен (Erich von Daniken) бұл мәселеге түсініктеме бере алмайтындығын былай пайымдауда:
«Карталар сызылған ескі дәуірлерде, ғарыш кемелері, спутниктер болмағандықтан, қандай әдістермен және қалайша осыншалықты дұрыс сызылғандығын түсіне алмаудамыз. Ойлау шектеулерін асқандықтан және логика ережелеріне сай келмегендіктен бұған жауап бере алмаудамыз. Немесе бүкіл күш-жігерімізді жұдырыққа түйіп бұл карталардың ғарыш кемесінен түсірілген фотолардың көмегімен сызылған деп айтсақ болар.»
Пири рейстің «Китабы Бахрие» атты кітабы
Америка Колумбтан бұрын да белгілі еді.
Тарих кітаптарында, энциклопедияларда Америка материгінің 1492 жылы Кристофор Колумб тарапынан ашылғандығы жазылады. Алайда түріктер бұл материктің барын одан шейрек ғасыр бұрынырақта білетін еді.
Бұл шейрек, Пири рейстің «Китабы Бахрие» атты еңбегінде аталады және Американың хижри 870 жылы (1465-66 жылы) табылғанын білдіреді. Кануни Сұлтан Сулейманға ұсынылған кітапта мынадай мәндегі өлең шумақтары орын алуда:
Табылды әлгі жер Лодостан жоғары,
Алыста Сеутадан төрт мың миль көп ары,
Сегіз жүз жетпіс хижри жылдары,
Құрлықты әлеумет Антиля атады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі