Ұрықтану — бұл зиготаның қалыптасуына және кейін жаңа организмнің дамуына әкелетін аталық және аналық гаметалардың қосылу процесі. Ұрықтану процесінде зиготада хромосомалардың диплоидты жиынтығы орнатылады, бұл осы процестің өте күшті биологиялық маңызын анықтайды. Жынысты жолмен көбейетін жануарлардың түрлеріне қарай сырттай және іштей ұрықтануды ажыратады.
Сырттай ұрықтану аталық және аналық жыныс клеткаларының сыртқы ортаға түсуімен жүреді. Мысалы, сырттай ұрықтану балықтарға тән. Олардан бөлінетін аталық (сүт) және аналық (уылдырық) жыныс клеткалары суға түсіп, сол жерде олардың «кездесуі» мен ұрықтануы жүреді. Теңіз кірпілерінің үрықтануы туралы мәліметтер сперматозоидтар мен жұмыртқа клеткаларының жанасқанынан 2 секунд өткеннен кейін жұмыртқа клеткасының плазмалық мембранасының электрлі қасиеттерінің өзгерісі басталатындығын көрсетеді. Гамета құрамының жанасуы 7 секундтан кейін басталады.
Іштей ұрықтану сперматозоидтардың аталық организмнен аналық организмге жыныстық қатынас барысындағы тасымалдауымен жүреді. Мүндай ұрықтану сүтқоректілерде кездеседі, тіпті, мүндағы маңызды сәт жыныс клеткаларының арасындағы кездесу болып табылады. Бұл кезде жануарлардың жұмыртқа клеткаларына тек бір ғана сперматозоидтың ядролық құрамы енеді. Ал сперматозоидтың цитоплазмасы болса, бір жануарларда жұмыртқа клеткасына көп мөлшерде түссе, екіншілерінде жұмыртқа клеткаларына тіптен, түспейді.
Адамдарда үрықтану Фаллопий түтікшесініқ жоғарғы жағында жүреді, және басқа да сүтқоректілердегідей ұрықтануға ядролық құрамы жұмыртқа клеткасына түсетін бір ғана сперматозоид қатысады. Фаллопий түтікшесінде кейде бір ғана емес, екі немесе одан да көп жұмыртқа клеткасы болады, оның нәтижесінде егіз, үшем және т.б. туылуы мүмкін. Мысалы, XVIII ғасырда Ресейде бір ананың (Федор Васильев шаруаның әйелі) 16 егіз, 7 үшем және 4 төртем (барлығы 69 бала) босанғандығы туралы мәліметтер бар.
Ұрықтану нәтижесінде ұрықтанған жұмыртқа клеткасында хромосоманың диплоидты жиынтығы қалпына келеді. Жұмыртқа клеткалары овуляциядан кейін шамамен, 24 сағат ұрықтануға қабілетті болса, ал сперматозоидтардың ұрықтандыру қабілеті 48 сағатқа ғана сақталады. Ұрықтану механизмінде әлі көп нәрсе түсініксіз болып отыр. Жұмыртқа клеткасының ядролық материалын көптеген сперматозоидтардың ішінде тек біреуінің ғана енуі, жұмыртқа клеткасының плазмалық мембранасының электрлі қасиеттерінің өзгерісімен байланысты деп жорамалдайды. Жұмыртқа клеткасының метаболизмінің сперматозоидтармен активтенуі жайлы сұраққа жауап беретін екі болжам бар. Бір зерттеушілер сперматозоидтың клетка бетіндегі сыртқы рецепторлармен байланысы мембрана арқылы, жұмыртқа клеткасының ішіне түсетін және инозитолтрифосфат пен кальций иондарын активтендіретін сигнал болып табылады деп есептейді. Басқалары болса, сперматозоидтарда арнайы инициациялайтын фактор бар деп тұжырымдайды.
Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы зиготаға бастама береді, зиготадан организмдердің дамуын зигогенез деп атайды. Соңғы жылдары жасалған тәжірбиелік жұмыстар, сүтқоректілердің жұмыртқа клеткаларының ұрықтануы, адамдарды қоса, шыны түтікте де мүмкін екендігін және шыны түтікте дамыған ұрықтар әрі қарай дами алатынын, әйел адамның жатырына имплантациялауға болатындығын көрсетті. Қазіргі кезде «шыны түтіктік» балалардың дүниеге келуі туралы көптеген мәліметтер бар. Онымен қоса адамның жұмыртқа клеткасын сперматозоидтар ғана емес, сонымен қатар сперматидтер де үрықтандыра алатындығы дәлелденді. Ақырында, сүтқоректілердің жұмыртқа клеткаларын (жасанды түрде ядролары алынып тасталған) олардың соматикалық клеткаларының ядроларымен ұрықтандыруы да мүмкін.
Зигогенезден басқа көптеген жануарлардың организмдері табиғи жағдайда партеногенез жолымен (грекше parthenos-қыздық және genesis- дүниеге келу) көбейе алады. Партеногенездің облигатты және факультативті түрлерін ажыратады. Облигатты партеногенез -организмдердің үрықтанбаған жүмыртқа клеткасынан көбеюі. Мұндай партеногенез 90-нан аса жануар түрлерінің, кейбір омыртқалыларды қоса, көбею тәсілі болып табылады. Облигатты партеногенездің мысалы ретінде тек аналық даралардан құралған кавказдық жартас кесірткесінің көбеюін алуға болады. Факультативтік партеногенездің мэні сол, ол керісінше, жұмыртқа клеткаларының ұрықтанбай-ақ та, ұрықтанғаннан кейін де дами алатындығы. Факультативті партеногенез өз кезегінде аналық және аталық болады. Аналық партеногенез араларда, құмырсқаларда, коловраткаларда жиі, оларда ұрықтанбаған жұмыртқа клеткаларынан аталықтар дамиды. Аталық партеногенез кейбір изогамды балдырларда кездеседі.
Өсімдіктерде ұрықтың ұрықтанбаған жұмыртқа клеткасынан дамитындығы жайлы мәліметтер де белгілі. Жоғарыда аталып өткендей, бұл құбылыс апомикс деген атауға ие. Ол көптеген жабықтұқымды өсімдіктерде, оның ішінде қолдан өсірілетін қызылша, мақта, зығыр, темекі және т.б. жиі кездесед.
Табиғи партеногенезбен қатар жасанды (индуцирленген) деген атқа ие партеногенезді ажыратады, ол жұмыртқа клеткасын белсенділеуге және нәтижесінде ұрықтанбаған жұмыртқалардың дамуына әкелетін жұмыртқа клеткаларын физикалық және химиялық факторлардың көмегімен тітіркендіру арқылы жүзеге асады. Жасанды партеногенезді көптеген систематикалық топтарға жататын жануарлардан-тікентерілілерден, құрттардан, моллюскалардан және кейбір сүтқоректілерден байқаған.
Андрогенез (латынша: andros-ep адам, genesis-дүниеге келу) партеногенездің түрі белгілі. Егер, жұмыртқа клеткасында ядроны инактивацияласа және осыдан кейін оған бірнеше сперматозоидтар енсе, онда мүндай жұмыртқа клеткасынан аталық ядролардың (сперматозоидтар) қосылуынан аталық организм қалыптасады. В.Л. Астауровтың (1904 — 1974) жібек құртының андрогенезін көрсеткен тәжірбиелері кеңінен белгілі. Бұл тәжірбиелердің мәні мынада. Жібек құрты бір түрінің (Bombyx mandarina) жұмыртқа клеткаларына жоғары температураның көмегімен ядроларын инактивациялап, кейін бұл жұмыртқа клеткаларын жібек құртының басқа түрінің (В. mori) сперматозоидтарымен ұрықтандырады. Соңғылары жұмыртқа клеткаларына ене отырып, бір-бірімен қосылып, қасиеті жағынан әкелік организм (В. mori) болып шыққан жаңа организмдерге бастау болады. Бұл организмдерді В. mori-дің аналықтарымен шағылыстырғанда В. mori-ге тиесілі ұрпақ береді. Табиғатта партеногенездің рөлі мен түрлері көп емес, себебі ол организмдердің бейімделуінің кең мүмкіндіктерін қамтамасыз ете алмайды. Бірақ, оны қолданудың практикалық маңызы бар. Оның ішінде, Б. Л. Астраумов жібек өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын жібек құртынан партеногенетикалық ұрпақты алу әдісін тапқан.
Зигогенез бен партеногенезден басқа гиногенез (грекше gyne-әйел адам) болады, ол сперматозоидтың жұмыртқа клеткасымен кездесіп оны активтендіреді, бірақ сперматозоид ядросы жұмыртқа клеткасының ядросымен қосылмайды. Бұл жағдайда ұрпақтың басым көпшілігі тек аналықтардан тұрады. Сақиналы құрттар, балықтар мен қосмекенділердің жеке түрлерінде гиногенез тек аналықтардан құралған ұрпақтарды беретін көбеюдің қалыпты түрі болып табылады. Гиногенезді, сонымен қатар, клеткалық ядроны бұза алатын факторлардың көмегімен (радиация, температура және т.б.) жасанды жолмен шақыруға болады. Көбіне, жасанды гиногенез жағдайлары жібек құрты, кейбір балықтар мен амфибия түрлерінде сипатталған. Мұндай түрлерді алу шаруашылық түрлердің жағдайында практикалық маңызға ие болуы мүмкін.
Жоғарыда айтылып өткендей, гүлді өсімдіктердің (жабық тұқымдылар) қосарлана ұрықтану түрінде маңызды айырмашылық белгілері болады (С. Г. Навашин, 1896), оның мәні, ұрықтық қапшықта гаплоидты жұмыртқа клеткасы мен диплоидты орталық клетка спермиялармен ұрықтанады, нәтижесінде эндосперм клеткасына дейін дамитын диплоидты ұрық және триплоидты клетка қалыптасады. Партеногенез, андрогенез және гиногенез жынысты көбеюдің ауытқу түрлері болып табылады. Бұл түрлер жеке эволюциялық бейімделуі нәтижесінде, эволюция барысында пайда болған деп жорамалдайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі