Құқықтық режим — әсер ету нысандарының әлеуметтік-құқықтық жағдайын бекітуге пайдаланатын және олардың тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталатын ресми түрде белгіленген заңдылық және ұйымдастырушылық құралдардың жиынтығын көрсететін құқықтық реттеудің ерекше тәртібі. Сонымен, құқықтық режимге келесідей белгілер тән:
— құқықтық реттеу мақсатты түрде белгілі бір нысанның, заттың немесе процестің, яғни құқықтық режимді алып жүрушінің мүддесі үшін жүзеге асырылады;
— қолданылатын құқықтық құралдардың жиынтығын ресми белгіленген және ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар жүйесімен қамтамасыз етілген арнаулы мінез-құлық, қызмет, тіршілік әрекеттерін қамтитын ережелер құрайды;
— құқықтық актілерде нысан немесе процестің белгіленген қүқықтық жағдайы бекітіледі;
— арнаулы белгіленген ережелер режимді алып жүрушінің жағдайының бұзылуына кедергі жасауға және оның қызмет етуінің параметрін сақтауға бағытталған;
— режимдік ережені біркелкі құқықтық ұстанымдар, біркелкі құқықтық нысандар және құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырудың алдын ала белгіленген механизміне қатаң сәйкестікте іске асыратын субъектілер қызметі (әрекеті).
Режимдік реттеудің нормативтік құықтық негізі құықтық режимнің сипаты мен түріне (төтенше, ерекше, соғыс жағдайы және шекара режимі және т.б.) байланысты болады. Тұғаның және азаматтың құықтары мен бостандықтары конституциялық құылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, тұғаның құықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін (Қазақстан Республикасының Конституциясының 39-бабы).
Құқықтық режимнің құрылымына мына элементтер: режимнің бағытталу нысаны, режимдік құқықтық құралдар, режимдік реттеу субъектілерінің құқықтық мәртебесі, ұйымдастырушылық-құқықтық кепілдіктер жүйесі кіреді.
Режимнің бағытталу нысаны ретінде белгіленген аумақтар (жабық әкімшілік-аумақтық бөліністер режимі, арнаулы экономикалық аймақ режимі), ңұқыңтық құрылымдар мен институттар (сала режимі), ұйымдар (атом энергиясының, әскери, қылмыстық атқару жүйесі режимі), әлеуметтік және табиғи техногендік процестер (еңбек және демалыс, төтенше жағдайлар режимі), материалдың құндылық заттары (мүлік, табиғи ресурстар құжаттар режимі), әкімшілік ңызмет (кеден режимі, шекара режимі және т.б.) саналады.
Режимдік болып нормативтік ұйғарымдар, субъектілердің құқыңтары мен міндеттерін іске асыру актілері, мадақтау және мәжбүрлеу шаралары, заңды санкциялар, әкімшілік қызметтің әдістері мен тәсілдері саналады.
Режимдік ережелер мінез-құлықтың нормативтік моделін жасайтын және субъективтік құқықтар, өкілеттіліктер, шек қоюларды пайдаланудың тәртібін реттейтін құқықтық құралдардың ерекше үйлесімділігін көрсетеді.
Режимнің субъектілері немесе қатысушылары болып режимді алып жүрумен байланысты және белгіленген ережелерді сақтауға міндетті жеке және заңды тұлғалар саналады. Арнаулы субъектілер ретінде белгіленген ережелердің саңталуын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар (лауазымды тұлғалар) саналады.
Ұйымдастырушылық — құқықтық кепілдіктер — құқықтық режимнің құрамдас бөлігі. Онымен режимнің тұрақтылығы, оның орындалуы, болуы мүмкін бұзушылықтарды жою қамтамасыз етіледі. Бұл жүйеге құқықтық режим түрінің тәуелділігіне қарай әкімшілік жүйеге қамтылатын, яғни режимді қамтамасыз ету мен ұстап түрушы өкілеттіктерге иеленген мемлекеттік органдар (лауазымды тұлғалар), режим талаптарын бүзғаны үшін қолданылатын заңдылық санкциялар жиынтығы, режимді орнатумен байланысты ұйымдастыру шаралары, ақпараттық техникалық құралдар кіреді.
Әкімшілік құқыққа өзінің салалық режимі тән, оның негізін әкімшілік-құқықтық реттеудің ұстанымдары, әкімшілік құқықтық әсер етудің әдістері мен амалдары, әкімшілік-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтың мәртебесі қүрайды.
Әкімшілік құқықтық режим атқарушы билік органдары мен лауазымды тұлғаларының жеке және заңды тұлғалармен өзара қатынаста немесе бір-бірімен лауазымдық міндеттерін іске асыруда, әр түрлі әлеуметтік нысандар мен процестерді реттеу кезінде болады. Арнаулы әкімшілік-құқықтық режим ерекше құқықтық режимнің бір түрі ретінде болады. Арнаулы әкімшілік құқықтық режим енгізудің негізі әлеуметтік және табиғи-техногендік сипаттағы әдеттегіден тысқарылық жағдайлар, арнаулы әкімшілік құқықтық режим нысандарын құру; режимдік реттеуді қажет ететін басқа да факторлардың пайда болуы саналады.
Басқа да әкімшілік-құқықтық реттеу шаралары қажетті деңгейде құқықтық тәртіпті орнатуды қамтамасыз ете алмаса, арнаулы әкімшілік құқықтың режимдер орнатылады. Бұл мына құралдардың көмегімен іске асады.қосымша тыйым салу мен міндеттеу, оның үстіне режим қандай да болсын мінез құлықты шектеп қана қоймайды, осы талаптың орындалуына алдын ала бақылауды орнықтырады режимдік ережелерді орнату мен ұстап тұруға бағытталған арнаулы әкімшілік шаралар (мемлекеттік сараптама, мемлекеттік мониторинг, мемлекеттік тіркеу, лицензиялау); қандай да болмасын құқықтарды іске асыруға мүмкіндік беруге алдын ала ұсыныс жасайтын рұқсаттамалық өдістер және құқықтар мен бостандыңтарды жүзеге асыру, шаруашылық қызметті атқару. Мұндай тәртіп көбінесе лауазымдық тұлғаның қарап шешуіне байланысты, ол рұқсат беру заңдылық мақсатқа сай емес деп тапса, рұқсат беруден бас тартады; жеке және заңды тұлғалар, лауазымды тұлғалардың режимдік талаптарды орындауына бақылау мен қадағалау жүйесі.орнатылған режимдік ережелерді бұзудың алдын алу, ашу және жолын кесуге бағытталған үйымдастырушылық техникалық қамтамасыз ету және т.б.
Арнаулы әкімшілік-қүқықтық режимдердің белгілеріне мыналар жатады: оны қолдану аясы — ол мемлекеттік органдардың (лауазымды тұлғалардың) қызметінде қауіпсіздікті, қорғауды, күзетуді қамтамасыз ететін міндеттерін орындаумен байланысты қызмет аяларында белгіленеді;режимдік ережелерді құрайтын ұйғарымдар, олар жеке және заңды түлғалардың жалпы құқық субъектілігін шектейтін, тыйым салатын және міндеттейтін әкімшілік құқықтық нормалардан тұрады;айрықша құқықтық режимнің міндетті субъектісі болып атқарушы билік органдары саналады.тұрғындар мен атқарушы билік органдары арасындағы режимдік ережелерді сақтаумен байланысты құқықтық қатынасты реттеуде әсер етудің әкімшілік құқықтық әдістері;режим ережелерін бұзғандық үшін тәртіптік және әкімшілік мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
Арнаулы әкімшілік құқықтық режимдердің құқы реттілігіне байланысты мынадай екі топқа бөлінуі мүмкін: мемлекеттік билік органдары орнататын және реттейтін мемлекеттік режим; әкімшілік аумақтық бөліністерде жергілікті мемлекеттік органдар орнататын және реттейтін жергілікті режимдер.
Егер саралау белгісіне қарай режимнің бағытталу нысанын алатын болсақ, ол мыналарға бөлінеді аумақтық режим — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және кеден шекаралары арқылы өткізу бекеттеріндегі режимді жабық әкімшілік аумақтық бөліністер, соғыс жағдайы, карантин, континенттік қайраң және айрықша экономикалық аймақ, емделу сауықтыру орындарының режимі. Көліктік және басқа авариялар, өрттер (жарылыстар), күшті әсер ететін улы, радио белсенді және биологиялық қауіпті заттар ауаға жайылатын (жайылу қаупі бар) авариялар, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы, су бөгеттерінің бұзылуы, тыныс тіршілікті қамтамасыз ететін электрэнергетикалық және коммуникациялық жүйелердегі, тазарту құрылғыларындағы авариялар себеп болған және жағдайды дереу тұрақтандыруды, құқық тәртібін қамтамасыз етуді, қажетті және авариялық қалпына келтіру жүмыстарын жүргізу үшін жағдай жасауды талап ететін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болғанда енгізіледі.
Әдеттегіден тыс режимдердің ерекшеліктік белгілері болып:
— жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейтін шараларды қолдану;
— қосымша әкімшілік құқықтық міндеттер мен тыйым салуларды енгізу;
— режимді қамтамасыз ету үшін билік органдарына төтенше өкілеттіктер беру;
— төтенше жағдайды енгізуге негіз болган мән жайларды жою жөніндегі мәселелерді шұғыл шешу және іс-шараларды жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік басқарудың төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы органдарын құру саналады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі