16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 19 жыл толды.
Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі.
Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне он тоғыз жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Біздің стратегиялық міндетіміз ең бірінші тұрғындардың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеру болып табылады.
Мемлекет басшысының көрегендігі мен дер кезінде жүзеге асырылған саяси экономикалық реформалардың арқасында экономикасын түзеп, тығырықтан шықты. Қазақстанда шұғыл бетбұрыс 1995 жылдан басталды. 2000 жылдың басында Еуропа қауымдастығы, ал 2002 жылы Америка тарапынан Қазақстан нарықтық экономикасын қалыптастырып ел ретінде танылды. Елбасының жүргізіп жатқан саясатының арқасында Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Қазақ елінің дүние жүзі қауымдастығы алдындығы беделін биіктете түсті. Ең бастысы Мемлекет басшысы нақтылаған «Қазақстан 2030» стратегиясының мақсаттары мен міндеттері ойдағыдай жүзеге асырылуда.
Еліміздің негізгі мемлекеттік мақсаты – Конституциямызбен бекітілген: «Қазақстан өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам мен адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Демек, қоғамда тұрақтылықты татулықты қалыптастырып, елдің тұрмыстық әл ауқатын жақсарту басты мәселе болып табылады. Біз қазір шын мәнінде дербестігімізге даңғыл жол ашып, азат ойлауды қалыптастыру жолындамыз. Ата Заңымыздың арқасында еліміз либералды демократиялық даму жолына түсті. Сонымен қатар, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылыққа негізделген сенімнің биік деңгейі сақталып отыр.
Тәуелсіздік – ол ұлттық мемлекеттік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршендік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тәуелсіздік туын көтерген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін құқықтық мемлекетке жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. Тәуелсіздік жылдарында Әділет министрлігі және оның органдары түбегейлі өзгерді, мемлекеттік органдар жүйесінде өз орнын тапты, өзінің көп салалы қызметінің арқасында егеменді мемлекеттің құқықтық саясатын жүзеге асыруда. Әділет органдары өзінің басты міндетін юстиция сөзінің грек тілінен аударғандағы ұғымына сай «әділеттілік» қызметін жүзеге асыруда.
Бүгінгі таңда елімізде халықаралық стандарттарға сай заң базасы құрылды, әділет органдарының өкілеттігі кеңейіп құлаш жайып, алға қойылған міндеттерді атқаруда.
Қазіргі кезде халықты құқықтық институттар мен құқықтық көмекпен қамту, жас ұрпақ заңгерлерімен толықтыру әділет органдарын дамытудың негізгі мақсаты болып табылады. Құқықтық жүйені жетілдіру, халыққа нотариалды, заңи басқа да қызмет көрсету, қазіргі заманғы талаптар деңгейіне сай бағытталған.
Әділет органдарының алға қойған міндеттері сот әділеттігін, заңдылықты қамтамасыз ету, заң шығару, құқықтық ағарту тиімділігін бұдан әрі көтеру, адам құқығын қорғау.
Әділет органдары құқықтық мемлекет құруға бағытталған барлық күш-жігерлерін салып қызметін атқаруда.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласында заңи сараптама жасау жолымен мемлекеттің құқықтық дамуына айтарлықтар үлесін қосуда.
Сонымен, өз ойымды қорытындылай келсем, біз тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басымыздан өткіздік, енді осы тәуелсіздігімізді қадірлеп қастерлеп, халқымыздың әл ауқатын жақсартуға, экономикасын ары қарай көтеруге, мемлекетіміздің гүлдеп жайнауына, демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында аянбай еңбек етуіміз қажет.
Гилымов Айдынбек
М.Т. Жұмаділ. т.ғ.к
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі