Елбасы Н.Ә.Назарбаев Абай-қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес,сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуына ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер.Абай-әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға деген болатын.
Абай Құнанбаевтың ұлт поэзиясының кемеңгері,Абайды тану арқылы оның шығармалары ,адам бойындағы рухани қасиеттерді дамытудың бір баспалдағы іспеттес.Шын мәнінде қазақ халқының әдебиеті үшін дара ақының орыны бір бөлек.Әдебиетімізде орыны бөлек Абайдың әр заманда бағасы жойылмайтын поэзиялық прозалық аса құнды қара сөздері әдебиетіміздің қазынасы.
Абай шындықтың ақыны болды бұл ақынның даналығының белгісі.Әр шығармасын,өлеңдерін оқысаныз жалғандықты табу қиын,бұл да ақынның бірі ерекшелігде шығар.Абай-әлемдік тұлға.Тек әдеби шығармаларымен ғана емес,ұшан-теңіз білімділгімен адамзаттың санасына өзіндік үлесін қосты десек те артық кетпес едік.Мұхтар Мағауин былай деген екен Қазақтың қасиетін тану-Абайды танудан басталмақ.Абай –қазақ тарихындағы қайталанбас сом тұлға.Абай биігі-халқымыздың көркемдік ой-танымында ешкімге жетпейтін заңғар деген.Иә,бұл сөздермен толықтай келісемін Абай шығармалары өлеңдері арқылы әлемге танымал болғанымызда хақ.
Иа біз Абайды құрметтеп елімізде тіпті дүниежүзінде әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.Бірақ,менің ойымша еліміздегі бір кемшілік өзіміздің елде де ақын туралы іс-шаралар өтіп жатса кейбірі қазақ тілін білмей жатады,тіпті мәдени іс шараларда жоғарғы лауазымды елімізге қызмет етіп жүрген адамдарда қазақ бола тұра кекештеніп оқып тұратын адамдар бар.Басқа әлем елдеріне үлгі ету үшін де жанкешті тірлік керек.Ұлы ақын ең алдымен ұлтың сүйген және халқының жанашыр болу ақының өмірлік ұстанымы болды.Келешек ұрпақ бізде еліміздің жанашыр болып қазақ тілін әлемге танытуға ұмтылуымыз қажет,елімізде әлемге танымал ақын жырауларымыздың шығармасын танытуға ұмтылумыз қажет.
Абай-таудай тұлға.Абай-сахарадай шежіре.Ақынның мұрасы халықтың сарқылмас қазынасы.
Өлі деуге бола ма айтындаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Абай бүгінгі күні де,келешек ұрпаққа да жарқын бейнесімен,жалынды жырымен есте қалары хақ.
Рымқұл Асылжан Болатқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі