Нұр-Сұлтан қаласында мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері онлайн оқуға көшірілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті.
«Білім орталықтары, ересектер мен балаларға арналған үйірмелер, балаларды дамыту орталықтарының қызметі онлайн форматқа көшірілсін. Мемлекеттік орган және ұлттық компания қызметкерлерінің кем дегенде 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшірілсін. Ұжымның вакцина алғанына қарамастан», - деді Сархат Бейсенова қала әкімдігінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, бас санитар дәрігер мектеп және жоғары оқу орындарының жұмысына қатысты тоқталып өтті.
«Мектеп оқушылары 31 қаңтарға дейін қашықтан оқыту жүйесіне көшсін. Ал колледж және ЖОО студенттері 6 ақпанға дейін онлайн оқу форматына ауыстырылсын. Сондай-ақ, індеттің таралуына жол бермей мақсатында қаладағы қоғамдық көлік санын көбейтілсін», - дейді ол.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі