Өлең, жыр, ақындар

Мұхамеджан Сералин - редактор

Мұхамеджан Сералин - қазақ журналистикасының атасы. Дәл осы атаумен танымал ақын,публицист,журналист,жазушы, қазақ баспасөзінің бір кірпішін қалаушы. Бәріміз білетін «Айқап» журналының 1911 жылы негізін қалады. “Айқап” журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалар жазды. Мақаламен ғана тоқталмай орыс,парсы,татар тілін жетік меңгеріп, өлең мен поэма жазды. Атақты поэмасы ретінде «Топжарған» және «Гүлһашима» поэмаларын айта аламыз. 

Мұхамеджан Сералин - ұлт қамқоршысы болған тұлға. Журналистика саласында еңбек өтілі жоқ болғанымен, Сералин өзінің өмір тәжірибесін пайдаланып, халық арасындағы кедейшілік жағдайын ескеріп, іске кіріскен. «Айқап» журналының көтерген ауқымды мәселелері: ел тарихы, дамуы, экономикасы,салт-дәстүрі, мәдениеті, саяси құқық, әйел теңдігі, ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы жер жайы,  оқу-ағарту ісі, шетел хабарлары, мұсылман өмірі, әдет-ғұрып, ойын-сауық және басқада ауқымды мәселелерді көтерді. Міне осы сан қилы мәселелерді көтеру барысында, әсіресе жер, су,ел тарихын жазу үстінде материалдың тәуелсіздік тақырыбына қатысты қырлары мүмкіндігінше назардан тыс қалған жоқ. 

Журналда қазақ мәдениетін дамыту және қазақ ақын, жазушыларының өлеңдері, журналдың алғашқы бетінде бастау алған. Осы салынған жолға қарап Мұхамеджан Сералиннің тарихта елеулі бір дүние қалдырғанын байқаймыз. 1915жылға дейін жарық көрген «Айқап» журналының барлық бөлімдері мен нөмірлерін қарап шықсақ, бұл басылымның деңгейі мен мақала сапасы биік шыңда болғанын байқаймыз. Қандайда бір көмексіз,сонау жоғарғы оқу орнындағы кәсіби білімсіз, өзінің тума дарынымен, Мұхамеджан Сералиннің жоғарғы оқу орынында оқыған, кәсіби білімі бар тілшіерден кем емес. 

Осылай өзінің ынтасы әрі дарынымен, керемет редактор әрі мықты журналист болып шықты. Сондықтанда мен сөзімнің басын «Мұхамеджан Сералин - қазақ журналистикасының атасы» деп бастау алдым.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ "журналистика" факультетінің 1курс студенті Қыдырғазықызы Аружан.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз

Пікірлер