Шындық жоқ жерде
Сұмдық көп.
Шәймерден Қосшығұлов басқарған, Хажы Ибрагимов редакторы болған “Серке” газетінің 2 нөмірі ғана жарық көріп, лаулап тұрған отқа, мұздай су құйып өшіргендей қыршынынан кетуінің себебі неде? Лаулаған отқа су құйған сәттің өзінде шоғының ыстығы басыла қоймайтыны секілді, “Серке” газетінің де ыстық шоқтары әлі күнге дейін өршімесе, өше қойған жоқ.
ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында бірқатар бейресми төл басылымдар дүниеге келе бастады. Оның тұңғышы – “Серке” газеті. 1907 жылы 28 наурызда Петербургте шығып тұрған татардың “Үлфәт” газетінің қосымшасы болып шығуына рұқсат берген патша орындары жабылуына да тез жеткізді. Ш. Қосшығұловтың жазған қолжазбасында “Серке” деген сөз - боранда қой бастайтын көсем мағынасында қолданатын ұғым деп түсінік берген. (Қазақ журналистика тарихы. 28 бет) Қазақ ұлтын қараңғы түнек, бораннан алып шығу үшін жолды бастайтын бір “Серке” қажет болды.
1905 жыл революциясынан кейін қазақша газет, журналдар көбейді. Негізінде либералдық бағыт ұстанған бұл газеттің өмір жасы қысқа болуына не түрткі болды? Газетті әлі де сақтап қалуға мүмкіндік болар ма еді. . . ? Санамызда сайраған сан түрлі сұрақ бар, жауап жоқ.
Бұл тұрғыда Михаил Лермонтовтың “Халқымызды жетерліктей тәттімен тойдырдық. Бұдан асқазанның құртылғаны соншалықты, тек ащы дәрмектер мен шындық қана ем бола алады,” деген сөзі жанға саяды. Шындықты айтып, әбден есеңгіреткені сондай, патша үкіметі ұзаққа барғызбай, тоқтатқызды. Жабылуына нендей жағдай болғанын сұрай қалса, жауаптан жалтарып, “Серке” газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар, содан ұсталды деп жауап берді,”-делінген (Қазақ журналистикасының тарихы. 28 бет)
Бәрімізге белгілі ардақты алаш азаматы Міржақып Дулатұлының “Жастарға” өлеңімен “Біздің мақсатымыз”атты мақаласының жариялануы “қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар” деп тұспалдап айтқаны осы екені айдан анық. Міржақып Дулатұлы қазақ ұлты үшін ақтық демі қалғанша күрескен азамат. Бұл өлеңмен мақаланың астарында терең ойлармен, түйін жатыр.
Менің пікірім бойынша, М. Дулатұлы өлеңі мен мақаласында қазақ ұлтын-Ресей патшалығы ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстағанын көрсеткісі келді. Қазақ халқының бостандығына шектеу қойғанын, халықтың жан азабы мен мұң-мұқтажын тыңдайтын құлақ, көретін көздің жоқтығын, қарапайым қазақ халқын ұрып-соғып, мал-мүлкін иемденіп, Ресей империясы “осы сорлы қазақ халқы менің етегіме келіп төселсін,”- деген жаман ниеттерінің бәрін қағаз бетіне түсірді.
Қазақтың даласына - Ресей мұжықтарын орналастырып, қазақ деген ұғымның түбегейлі түп тамырын жоқ қылып, рухымызды сындыру мақсатында, атадан балаға қалып отырған салт-дәстүрімізге араласып, діни кітаптарға шектеу қойып, білімсіз, надан адамдардың көп болғанын қалады. Надан адам көбейген сайын, қарсы тұратын адамдардың жоқ болатынын іштей жоспарлап, көздеп отырған.
Халыққа, жастар, басшы бол!
Қараңғыда жетектеп.
Терең судан өтер ме,
Мың қойды серке бастамай?
Қорытындылай келе, жастардан үміт күткен М. Дулатұлының өзі жоқ болса да, сөзі мәңгілік ғасырлар бойы қалары сөзсіз. Әлі күнге дейін өзіндік мән мағынасын жоғалта қойған жоқ. Сол ХХ ғасырдағы жағдай, тәуелсіз елде 30 жыл тұрып жатсақта бір біріне ұқсас секілді. Сол заман мен қазіргі заманның айырмасы қайсы. . ? Тәуелсіз деген есім ғана ма?
Қазіргі заманның “Серкесі” қайсы? Кім..? Ақын арманына шаң тигізіп алмайық, ағайын!
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. “Қазақ журналистикасының тарихы (1870-2008жж. )” Алматы “Рауан” 1996. Алматы “Білім”2010
2. «Ұлттық сана ұйытқысы» Қайрат Өмірбайұлы Сақ. 2002ж 19-20б
3. «Қазақ совет баспасөзі тарихынан» Б. Кенжебаев пен Т. Қожакеев 8 б
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Жаманбай Маржан Әділбекқызы Журналистика 1 курc
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі