Өлең, жыр, ақындар

1 мезетте 6 бірдей телехикая

2 желтоқсан күні 6 тарихи сериалдардың тұсауы кесілді. Ал көрермен назарына 16- шы желтоқсаннан бастап ұсынылды.

Алғаш рет қызығып, тарихи сериалдарды көре бастадым. Өз ойыммен бөліскім келеді.

«Ахмет. Ұлт ұстазы» Менің жадымда өте жақсы деңгейде түсірілген сериал ретінде есте қалды. Сол кездегі алаш зиялыларының рухты екенін көрдім. Жанында жүрген адамдар сатқындық жасағанда, еш ашуланбай, сабырлық танытқан Ахметті көрдім. Қанша қинап тергеуге алса да,  жүрегі қазақ деп соққанын көрдім. Қазақтың әр баласы оқу керек деп аянбай еңбек еткен Ұлт Ұстазын көрдім.Қанша қудалауда жүрсе де, жазуды тоқтатпаған жанды көрдім. Қазақтың өзінің газеті болу керек деп аянбай еңбек еткен алаш зиялыларын көрдім. Сабырлығына тәнті болдым. Бір өкініштісі, Ахмет атамыздың 20 жыл бойы жазған «Мәдениет тарихы» еңбегінің табылмағаны. Жүрекке тигені Ұлт ұстазына өлім жазасы берілгендігінде…

Алаш зиялыларының мүшесі Әлихан Бөкейхановтың «Ұлттың сөзі- Ұлы іс»деген бір сөзі есте қалды.

«Мұқағали.Бұл ғасырдан емеспін»Басқа адамдар алдағы 2 күнін ойлағанда, Мұқағали болса, 21 ғасырда менің өлеңімді жастар оқи ма, өзекті бола ма  деп уайымдады. Ішкілікке салынса да, жүрегі таза адам екені байқалады. Ашушаң, қырсықтығы да бар. Өкініштісі, 4 мыңға жуық өлеңдерін көреалмаушылықпен өртеп жібергендігінде. Тіпті, кей адамдар Мұқағали атамыздың өлеңдерін өз аттарынан басып шығарып отырды. Союздан тәртібі үшін қуылғанда, «Көңілім қайтты достан да дұшпаннан да, алдамаған кім қалды тірі жанда?» деп айтқан сөздерінің астында қанша мағына жатыр.

Сол кездегі Бауыржан Момышұлының «Жұдырықтай жүрекке кір жинамай, нұр жинаңдар» дегені жадымда сақталып қалды.

 

«Домалақ ана» Домалақ ананың есімі Нұрила.Ол даналықтың, парасаттылықтың, жақсылық пен мейірімділіктің  символына айналып «Домалақ ана» деп аталып кеткен.Домалақ ананың сондай дана адам екендігі көрсетілген. Барлығын сабырмен, байыппен, ақылмен шешеді. Әкесі мен анасынан ерте айырылып, ата- әжесінің қолында өскен. Домалақ ананың дүниемен қоштасар сәтте айтқан сөзі:  «Надандық түнек,теңелем десең жақсыға, ақылдыға жақын жүр»

«Сарай сыры» Бөкей ханнан кейінгі Жәңгір ханның қалай басқарғандығы көрсетіледі. Махамбет пен Исатай батырларды да көріп қуанып қалдым. Жәңгір хан қазақ халқының дамуына себепкер болды. Сол кездегі балалардың білім алуына септігін тигізді.Тіпті, ауыл балаларын дәрігер болсын деп, Петербургке оқуғы жіберді. Сарайдағы ішкі көрініспен танысуға болады. Жәңгір ханның үш әйелінің, яғни ханшалардың қарым- қатынастары да көрсетіледі.Ең бастысы, үш ханшалардың балалары бір- бірлерімен тату.

«Қаныш. Қазына»Телесериалда Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолы көрсетіледі.Бізге беймәлім қырлары да ашық баяндалады.Негізгі көрсетілетін мәселе- қазақтардың достығы, саяси қатынастары және сатқындығы. Қаныш атамыз туралы сан қилы оқиғаларды кеңінен көре алдым. Оның геолог- ғалым екені бәрімізге мәлім деп ойлаймын.

«Тәшенев. Тайталас»Бұл сериал саятсаткер Жұмабек Тәшеневке арналады. Кеңес Одағы кезіндегі Никита Хрущевтің жер бөлу мәселесіне қарсы тұра білген жалғыз жан.

Қызыққа толы еліміздің тарихын баяндайтын сериалдар сіздерге де ұнайды деген ниеттемін.

Фатима Мырзабек


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер