Өлең, жыр, ақындар

Мектеп оқушылары, колледж түлектері арасында кәсіптік бағдар беру енгізіледі

Мектеп оқушылары, колледж түлектері арасында кәсіптік бағдар беру енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Оның атап өтуінше, Халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыру аясында кең ауқымды жұмыспен қамтуды дамыту арқылы халықтың табысын арттыру бағытында 41 іс-шара іске асырылады. Жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған іс-шаралар жастарды жұмысқа орналастыру бойынша «Алғашқы жұмыс орны», «Түлектерге арналған жастар практикасы» жобаларын, сондай-ақ осал топқа жататын жекелеген адамдарды жұмысқа орналастыру тетігін іске асыруды қамтиды.

«Мектеп оқушылары, колледж түлектері арасында кәсіптік бағдар беруді енгізу, халықты, негізінен жастарды жаппай даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру «фабрикаларын» құру жөніндегі іс-шаралар біліктілік пен дағдыны арттыруға бағытталған», - деді Әлібек Қуантыров.

Министрдің айтуынша, шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыру кәсіпкерлерді қолдаудың өңірлік бағдарламасы аясында кредиттер/микронесиелер бойынша жергілікті бюджеттерден субсидиялар беру, моно-, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде жеңілдікпен микрокредит беруді және жаңа кепілдік беру құралын енгізу арқылы жүзеге асырылатын болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар