Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
Өндірістік тәжірибе жетекшісі: Есболова М.А.
Набиева Назира Ержанқызы
4 курс, мамандығы: Мәдениеттану, e-mail: nazira.nabiyeva@bk.ru
21 ғасыр көптеген жаңа дүниелердің, ұғымдардың, мәдениет типтері мен жаңа тенденциялардың даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Алдыңғы жүзжылдықтармен салыстырғанда бұл тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты деп айтар едім.
Сондай мәдени өзгеріс – субмәдениет пен контрмәдениеттің егіз ұғымға айналып, қоғамда етене рөл алуы болып табылады. Ал енді осы «субмәдениет» дегеніміз қандай ұғым? Егер дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет» деген мағынаға сайып келеді, яғни жалпы мәдениеттен де төменгі орындағы құбылыс. Белгілі бір ірі мәдени құрылым ішіндегі топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Ол қатынастар психологиялық талғамдағы ұқсастықтың түрлілігіне байланысты адамға әсер етеді. Мысалы, белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіру – субмәдениеттің ерекшелігі болып табылады.
Тағы бір ерекшелігі - субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден тани алуымыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Бұл тек сыртқы көрініс болса, ішкі рухани күйлері де өзгеше болып тұрады, олардың өіндік өмір сүру стилі, принциптері, стандарттары, ойлары мен мінезі бар. Жастар көбінесе оларды көргенде «керемет» деп тамсанады, қызығып, еліктейді, ал үлкендер «жастар қайда барады» деп күрсінеді, енді біреулер «бәрі ерекшелену үшін» деп жақтырмай да жатады. Осылайша, сан қырлы пікірлер кете береді.
Ал енді олардың жекелеген ерекшеліктеріне тоқталайын:
Басты атрибуттары – стильдің өзгешелігі, мысалы:
Джинсы мен өрескел аяқ киімнің агрессивті түрі.
Скутер иелері, сондай-ақ джинсы мен капюшон киген.
Костюмдер мен жылтыр етіктердегі сән осы субмәдениеттің көп бөлігін құрады. Тізім сәнді қыздармен толықтырылған, сыртқы келбеті үлгілі және қысқа шашты.
Өнер мектебінің оқушылары, студенттер және т.б.
Ал ең танымал топ - рокерлердің негізгі атрибуттары былғары куртка, тозған джинсы, үлкен өрескел аяқ киім, артқы жағында таралған ұзын шаштар және татуировкалар болды. Әрине, мотоцикл сияқты маңызды элементсіз қандай рокер. Рок музыкасы рокер субмәдениетінде ерекше орын алады
Әрине пікірлерге сүйенетін болсақ, субмәдениет өкілдерінің ресми емес, яғни бейресми бірлестік өкілі екеніне көз жеткізе аламыз. Ал бұл бейформалдық бірлестіктерге кіруінің бірнеше себептері бар, әрине. Көбінесе барлық проблема ошағы – отбасы емес пе? Отбасындағы түсініспеушіліктер, ұрыс-керіс, негатив, жетіспеушілік, отбасына қарсы шығу секілді мәселелер барлық қиын мінез бен әрекеттің бастамасы дер едім. Барлық психологиялық травма мен проблемалардың, тіпті болашақта өзің құратын отбасындағы келіспеушіліктерге де әсерін тигізе ме деп қорқамыз. Ал отбасында қиналған бала қоғамда да өзін жақсы сезіне алмайды. Мектеп пен достар ортасындағы сезінуге әсер етіп, мектептегі үлгермеушілік және мектеп ұжымынан оқшаулану,барлық адамдар сияқты болуды қаламау немесе керісінше, өзіне көңіл аудартқысы келіп,, мода қуып, криминал не теріс әдеттерге әуестеніп кету қаупі де бар.
Яғни бұл алдымен субмәдениет бірлестігіне алып келіп, оның түрлерінің бірі - контрмәдениет - қоғамның кейбір топтарының әлеуметтік мәдениетті жалпы қоғамке де ұласуы мүмкін, ал оның басым көпшілігінің үстем мәдениетіне қарсы тұру екенін білеміз.
Субмәдениеттің әрине жақсы жақтары да жоқ емес, баршыық, дегенмен де жастар қатты әуес болып кетпес үшін жастайынан жүріс-тұрысы, стереотиптері, мінезі мен іс-әрекеті әбден назар қойған абзал.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі