Өлең, жыр, ақындар

Болашаққа қадам, өндірістік тәжірибе

Жоғары оқу орынын аяқтап, үлкен өмірге қадам басу үшін көп баспалдақтап өту керек. Оның бірі – өндірістік тәжірибеден өту. Бұл жолы мектепке емес, қазақ үшін аты да заты да қымбат тұлға Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі болды. Әрбір жасаған жұмысым менің ләззат алуым үшін, рухани орта болуы тиіс. Бұл жолы оқу орным дөп басқандай осы бағытқа жіберді.

 

Ұлт ұстазы бола білген Ахмет Байтұрсынұлының есімінің де еркін аталып жүргендігіне өте қуаныштымыз. Бұл жағдайдың барлығы тұлғаның барлық мұраларымен, еңбектерімен, өскелең ұрпаққа қалдырған құндылықтарымен танысуға ашылған ұлы жол болды.

Біз барған музей-үйінің ұйымдастыру жұмыстары 1993 жылы бастамасын алған. Дегенмен заңдастыру жағынан бірдшама қиындықтар болған істпеттес. Мұның орай 1994 жылы келген.

Музей-үйдің ішінде Ахмет атамыздың мектептегі күндерінен бастап, есейген шағын толық қамтитын деректер жинақталған. Сонымен қатар, тұлғаның замандастары мен рухани үндестерінің де өмір жолы қамтиды. Мұрағатта сарғайған деректерді сұрыптауда аса сақтықпен табанды ыждаһаттылықпен назарда ұстаған жөн деп ойлаймын. Себебі, ұрпақта ұрпаққа бұл мұраның қалуын аса қатты ниетпен тілеудемін.

Музей жұмысына келер болсақ, ғалым туындыларын бүгінгі, келер ұрпаққа таныстыру. Ғалымның шығармашылығы 1989 жылдан бастап 2013 жылдар аралығында белсенді түрде қайта жарық көрді. Мұның міндеті мен жүгі ауыр екендігін түсіне білуіміз керек деп ойлаймын.

Әрбір ұлы тұлғаның тұғырлы бейнесі ол өмір сүрген ортаға, тарихи кезеңге тереңірек көз жібергенде ғана шынайы аңғарыла бастайды. Ахмет Байтұрсынұлы – заманына сай туып, дәуірдің жарығы мен қараңғысын бірдей бағдарлап, жамандығанан жерініп, жақсылығынан үйрене білген жан деп білемін. Ол – бір басында сан саналы өнер тоғысқан, телегей теңіз энциклопедиялық білім иесі болған, қиындыққа толы тартысты ғұмырында қараңғылықта қалған қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген бірегей тұлға. Сондықтан да өндірістік тәжірибе үшін рақмет саған – ҚазҰУым.

Бүркітбаева Ақбота Амангелдіқызы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4-курс студенті Шортанбай Ш.А Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар