Бихевиоризм — психологиядағы ірі бағыт, оның зерттеу пәні ретінде жүйелі тәсіл арқылы адамдардың, жануарлардың мінез-құлқын зерттеу болып табылады. Бұл бағыттың негізгі идеясы-адам бейсаналық түрде әрекет етеді, оның әрекеттері рефлекстер мен қоршаған әлемнің триггерлеріне реакциялармен анықталады және ата-бабалардың тәжірибесіне негізделген юолып есептеледі. Бұл бағыттағы ғалымдар сана сияқты құбылысты жоққа шығарды және адамның іс-әрекеті сыртқы жағдайға тікелей байланысты деп мәлімдейді.
Психолог Джон Уотсон бихевиоризм бағытының негізін қалаушы болып саналады. Ол жануар мен адамның, белгілі бір жағдайға қарай қалай әрекет ететінін нақты түсіндіретін қарапайым схеманы жасады. Ғалымның түсіндіруі бойынша стимул рефлексті қоздырады. Уотсонның пікірінше, егер сіз мінез-құлықты зерттеуге дұрыс көзқарас таңдасаңыз, кез-келген мінез-құлықты алдын-ала болжауға және басқаруға болады. Мұндай қол жетімді түсініктеме көптеген адамдарға ұнайды. Философияда да осы бағытқа көп көңіл бөлінді. Философ Джон Локк адам бос парақ сияқты тәжірибесіз дүниеге келеді деп сенді. Ал Томас Хоббс ойлау заты жоқ, адам-бұл дене деген тұжырымдарды келтіреді.
Эмпирикалық тәжірибеге негізделген мінез-құлық идеялары ғылыми қоғамға үлкен әсер етті. Бірақ кез-келген теорияның әрқашан оң және теріс жақтары болады. Оларды қарастыратын болсақ:
Бихевиорист ғалымдар адамның барлық әрекеттерін бір теория арқылы сипаттауға тырысты, бірақ бұл тәсіл сәтсіз болды. Адам-бұл әр қырынан зерттеуді талап ететін, күрделі тіршілік иесі. Бірақ, бихевиоризм психологиялық бағыт ретінде адамға әсер ете алатын және оны белгілі бір әрекеттерге итермелейтін сыртқы факторларды анықтап, дамыта алды.
Ниязов Амангазы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі