Арғын ағаның нәсілінен Қодан, оның баласы Дайырқожа, лақап аты, мұның екі баласы Саржетім, Шақшақ олардың нәсілі кіші жүзде тоқал арғын атанады.
Қарақожаның бәйбішесінен баласы Мейрам және Момын деген, тоқалынан үш баласы — Қарасопы, Кенжесопы, Бәсентин.
Мейманның бәйбішесінен торт баласы — Қуандық Сүйіндік Бегендік Кегендік. Мейрамның тоқалынан — Болат. Қуандықтың төрт баласы: Алтай, Қарпық Темеш, Беруші. Сүйіндіктің нағыз үш баласы: Жанболат, Құлболат, Орманшы және асыранды баласы — Қаржас. Осы төртеуінің, нәсілі тортуыл атанды. Бөгендіктің баласы
— Қозған, Кегендіктің баласы — Қақсал. Болаттың нағыз екі баласы
— Майқы, Бошан және асыранды екі баласы — Жалықбас, Қамбар. Осы төртеуінің нәсілі Қаракесек атанды.
Қарақожаның Момын деген тоқалынан туған Қарасоқының екі баласы — Атығай, Қарауыл.
Тобықтының екі баласы — Ырысбетек Дәулетек. Бұл Дәулетек бір аста жуан аяқ ұстап, ошақ басын қорығаннан «Жуантаяқ» атанып, нәсілі де сол атпен аталды. Ол Дәулетектің үш баласы Байғара, Байшора, Жиеншора. Бұл Жиеншора оқымысты кісі болған соң
— «Хафиз» дейміз деп, тілі келмей Абыз атанды. Байғараның екі баласы — Арқан, Бөген, Абыз атанған Жиеншораның то\өрт баласы
— Абдал, Жұшың, Еле, Шаршақ.
Ырғызбай біздің төртінші атамыз. Абылай ханмен жолдас боған кісі. Оның төрт баласы — Өскенбай, Өсер, Мырзатай, Жотар.
Жоғарғы Кеңгірбай бидің орнына Өскенбай би болған. Оның бәйбішесінен біздің үлкен атамыз Құнанбай қажы марқұм жалғыз. Оның үлкен қатынынан менің әкем Құдайберді марқұм жалғыз. Ол кісі (1866 жылы, барыс жылы) 37 жасында, сәуір айында дүниеден өтіп, мен жеті жасымда жетім қалдым.
«Шежіре түрікті» жазған Әбілғазы ханнан бізге қалған бір мирас шежіре жазғанда, өзімізді мақтап аз сөз жазбаң едік. Бірақ, менің өзімді мақтарлық лайың ісім жоқ болған соң, ұлы атамыз Құнанбай жайынан сөз жазамын.
Қажы марқұм бұл елдің өте надан кезінде туып, шала хат танып қалса да әкесі Өскенбай биге әр жақтан келген хаттарды оңашаға алып барып, бірін-біріне салыстырып, өзінен-өзі оңып, түркі кітаптарды оқитын болыпты. Ноғай молдаларды сақтап, елсізге үй салғызып, қазақтың балаларын жиып алып молда мен балаларды сонда сақтап, оқытып бұл жақтағы қазақтарға оқу оқытып, хат танытқан қажы марқұм еді. Осы күнгі біздің күз қорамыз «Ескі там» деген жер — сол бала оқытқан тамның орны.
Қажы марқұмның алдына келген қазақ бұрын намаз оқымай жүрген болса да намаз оқушы еді. Насыбай арам деп бір молда айтқан coң насыбай атқандардың мұрнына тотияйн құямын деп, насыбайшыларды тиып еді. Бұрын зекет бермейтұғын қазаққа зекет бергізген сол кісі еді.
Осы күнгі Қарқаралыдағы мешіт сол кісінің салғызып, құдайы қылған мешіт еді. Ондағы қазақтар ноғай қолдарымен талас шығарып — бұл қазақ мешіті, қазақтан молда имам қоямыз деп даурықты. Осы күнде наданырақ қазақ молда имам болып тұр деп естимін. Қазақ шын жігерлі болса, балаларын оқытып, жақсы ғалым ғып, сонан coң имам қойсайшы. Қажының қойған ногай молдасы Хасен, оның балалары бар.
Қажы марқұм аға сұлтан — помошник те болып еді. Бірақ, ондағы макс аты — жалғыз ғана дүние мақтаны үшін емес, қазаққа қадірлі болсам не қорқытып, не сыйлатып, шариғат жолына түсірермін деген ойы еді.
1874 жылы қажыға барғанда, қазақ қажылары түсетұғын Мекеде бір Такия, яғни үй салып алып, құдайы қылып еді. Осы күнде кіші Такия деп атайды. Кіші жүзден бір Сұлтан деген бек ғалым жігіт тұрады.
Мен пақыр 1905 жылдан 1906 жылға қарай, қажыға барғанда Тақияны көрдім. Менен бұрын қажылар кіріп қалған екен, оларды ренжітпей, пәтер алып түстім. Бірақ Сұлтан айтты — Тақия осы күнде кіші жүз Досжан қажының атына жазулы екен, не себеп екенін білмедім, деді. Соны 31 жыл болған ескі дәптерден қаратып, білмекші болып, дәл елге барып ертең Шарифке барғалы тұрғанымда, алланың тағдыры, қатты науқастандым. Жазылар-жазылмаста, кіші дәлеліміз Ибраһим Малуани деген халифа жүріп барады деп хабар келіп, жүріп кеттім.
Марқұм қажының дін туралы қылған істерін түгел айтып, бүл кітапшаға сиғыза алмаспын. Қазақ ішінде атын үш жүздің, қазағы түгел білетін орны бар еді. Бірақ, бұл күнде ертегі сөз сықылданып, ұмытылған шығар.
Қажы марқұм әкесі Өскенбай би өткенде осы күйгі Қамбалар отырған Көкшетауда қазақ ғұрпымен ас-құдайы бергенде, үш жүздің қазағын түгел шақырып еді. Ташкен, Бұқара төңірегіндегі ұлы жүз қазақтары да қажыға сый деп, жетімдер, яғни құл алып келіп берген.
Қажы марқұм 1885 жылы тамыз айында, 81 жасында, тауық жылы өтті.
Мен пақыр, өз әкем өткен соң, ұлы атамыз қажы марқұмның тәрбиесінде қалсам да, бұрыннан ауылымыз, қыстауымыз бөлек болғандықтан және қажы марқұм мені жетім деп аяп, қысып оқыта алмай, ғылымнан мақұрым қалып, жетімдікті сылтау қылып, ойыма не келсе, соны істеп, әдепсіз, ғылымсыз өстім, сөйтсе де түркі танып, орысша хат танып қалдым.
Менен кейін әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды. Сол кісі мұсылманша әм орысша ғылымға жүйрік әм алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек дана кісі еді.
Ержеткен соң сол кісіден тағылым алып, әртүрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім.
Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан, қадірі азырақ білінді. Олай болмағанда данышпан, ғұлама, философ кісі еді. Қор елде туып, қор болып өтті. 1904 жылы маусым айында 60 жасында өтті. Алла баршысының рухына рахмет қылсын.
Онан соңғы ұстазым «Таржыман» газетінің иесі ұл Гаспиринский десем, бек дұрыс, сол кісінің газетін оқып, бек көп айдаландым. Алла екі дүниеде мақсатыма жеткізсін, әмин.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі