Оқу министрлігі Назарбаев мектебіндегі білім гранты дауына қатысты түсініктеме берді — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.
Егер сіз Оқу министрлігі Назарбаев мектебіндегі білім гранты дауына қатысты түсініктеме берді бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Назарбаев зияткерлік мектебіне қатысты шыққан дауға түсініктеме берді.

Біз көпшіліктің жағдайды түсінбейтінін және Назарбаев зияткерлік мектептері министрлікке бағынысты деп санайтынын көріп отырмыз. Осы орайда «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның толық дербестігін қамтамасыз ететін арнайы заң бар екенін еске салғымыз келеді. Яғни, НЗМ мектептері Оқу-ағарту министрлігіне бағынбайды. Сәйкесінше, тілдер бөлінісінде квота бөлу, сыныптарды жабдықтау, жаңа мектептер ашу мәселелерін министрлік емес, Қамқоршылық кеңесі шешеді. Түсіндіретін бір ғана мәселе бар. Дәлірек айтқанда, министр гранттарды тағайындау жөніндегі комиссияның төрағасы, алайда оның сыныптарға қабылдау, сыныптарды жинақтау және оны ашу саясатын анықтауға құқығы жоқ. Сондықтан төраға қызметі қайта қаралады. Негізгі шешімдерді қабылдайтын адамдар конкурс комиссиясына төрағалық етуі керек», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті бас сарапшысы Ерлан Маяемиров.
Оқырмандарға түсінікті болу үшін айта кетсек, әлеуметтік желіде Назарбаев зияткерлік мектебінде оқуға үміткерлерге мемлекет тарапынан берілетін «Өркен» грантының санына байланысты резонансты видео тарады. Ондағы мәлімет бойынша, биыл қазақ тобына тапсырған оқушылардың саны орыс тобына тапсырған үміткерлерден көп болғанына қарамастан, грант саны теңдей бөлінген (100-100). Соның салдарынан қазақ тілді үмтікерлердің жинаған балл саны орыс тілді үмтікерлерден жоғары болғанына қарамастан, грантқа өте алмай отыр.
Бұл бетте Оқу министрлігі Назарбаев мектебіндегі білім гранты дауына қатысты түсініктеме берді тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.
Материал Білім, ғылым, мәдениет бөлімінде жарияланған.
Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі