АХҚО-да мыңнан астам шетелдік IT мамандарына көмек көрсетілді

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / АХҚО-да мыңнан астам шетелдік IT мамандарына көмек көрсетілді

АХҚО-да мыңнан астам шетелдік IT мамандарына көмек көрсетілді — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз АХҚО-да мыңнан астам шетелдік IT мамандарына көмек көрсетілді бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Экспат орталығында «бір терезе» қағидатымен шетелдік IT-мамандар үшін арнайы қызмет іске қосылды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

«ІТ-экожүйесін дамытудың маңызды бөлігі – адами капитал. Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT- маманын даярлау міндетін қойды. Өткен жылдың соңына дейін 22 мыңнан астам IТ-маман дайындалды», - деді Б. Мусин Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, ел өңірлерінде 3 IT-технопарк ашылды. 2021 жылы 7 жекеменшік инновациялық IT-мектебі ашылды. Осы жылы жаңа 4 мектеп ашылды.

«Жоғары оқу орындарында ІТ білімінің сапасын арттыру үшін 14 ІТ факультеттерін профильдік IT-университеттермен интеграциялау жүргізілді. IT-экспорт соңғы екі жылда 2 есе өсімді көрсетті. Өткен жылы IT нарығы 3,6 млрд АҚШ долларын құрады. Елімізге шетелдік IT-компанияларды көшіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже бар, бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын табады. АХҚО Экспат орталығында «бір терезе» қағидатымен шетелдік IT-мамандар үшін арнайы қызмет іске қосылды. Бүгінде мыңнан астам IT маманына көмек көрсетілді», - деді Бағдат Мусин.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

АХҚО-да мыңнан астам шетелдік IT мамандарына көмек көрсетілді туралы не білуге болады?

Бұл бетте АХҚО-да мыңнан астам шетелдік IT мамандарына көмек көрсетілді тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Білім, ғылым, мәдениет бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі басқа материалдар АХҚО тақырыбындағы материалдар IT мамандар тақырыбындағы материалдар