Өлең, жыр, ақындар

Күшік күйеу

Комедия

ҚАТЫНАСУШЫЛАР:

Гүлжамал  Трюнянчик
Биғайша  Кубик
Бекболат  Алма
Қабанбай  Ботка

БІРІНШІ БӨЛІМ

Бірінші көрініс

Шымылдық алдына Бекболат шығады. Мойнында домбыра.

Бекболат. Саламатсыздар ма. Сіздерге бір аз ғапа әңгіме айтып бергім келіп тұр. Бірақ соңынан осы әңгімені айтқан кім, өзі бір суайт емес пе? — деп таласып, шекісіп қалмауларыңыз үшін алдымен өзімді таныстырып өтейін. Менің атым Бекболат. Қай Бекболат дейсіз бе? Кәдімгі студент Бекболат. Иә, сол Бекболаттың өзі. Тұрағым жатақхана. Иә, мен ауылдан келдім ғой. «Ауылдан келгендерді де білеміз» депсіз бе? Әрине білесіз. Ә-ә, сіз (тамағын шертіп) мынаны айтасыз ба? Татып алмаймын десем сене қоярсыз, о. Әрине реті келіп қалғанда... Бірақ менің қалтамнан бірдеңе шығады екен деп алданып қалмаңыз. Мен байғұс сараң емеспін-ау. Жоқшылық жомарт ердің қолын байлайды. Тұрмыс халім мықты емес. Өйткені артымнан ай сайын ақша салып тұрарлық ата-аналарым да мықты емес. «Ендеше оқуға қалай түстің» дейсіз бе? Ұстаған жерін қарашы. Қой-қой ағайын, бас жағына барыспайық. Қытықты сөзге барып қайтеміз, одан да Қабанбай деген досымның бір хикаясын айтып берейін. Ол өзі жақсы жігіт. Бар міні сөлекет. Осы оқиға да соның сөлекеттігінен басталды. Әнекей, естідіңіздер ме?

Қабанбай (сахна, сыртынан). Жоқ, жоқ. Мен ондай оскарблениеге төзе алмаймын. Адам сияқты дұрыс айтсаңыз бір сәрі. Қалайша мен... Мені сонша сөгетіндей... Ай, айтшы, Бекболат.

Қабанбай мен Биғайша шығады.

Биғайша. Ах, төзе алмайсың ба? Қарашы мынаның кесірін?! Ендеше өте жақсы. Жатақхананы босатыңыз қазір.

Қабанбай. Не деп босатам?

Биғайша. Түк түсінбегенсуін қарашы мынаның. Жолдас Жалғасбаев, жатақханаға бөгде адамды әкеліп арақ ішіп, тәртіп бұзғаныңыз үшін.

Қабанбай. Мен арақ ішкен жоқпын.

Биғайша. Енді кім ішкен? Әлде мен бе?

Қабанбай. Жоқ, сіз де ішкен жоқсыз. Анау ғой.

Биғайша. Сол анауың кім сенің?

Қабанбай. Ол ма? Ол біздің ауылдың баласы. Келе жатсам кездесе кетті. Удай мас. Өзін милиция әкетейін деп тұр. Шашын қырқып он бес сөткеге айдап жібермей ме.

Биғайша. Aha, тоқта, жолдас Жалғасбаев! Сонда жатақхана сізге вытрезвитель болғаны ма? Мен сенің өзіңді он бес сөткеге айдатып жіберем, әлі. Таң атқанша барылдап ән саласыңдар. Арақ сұрап студенттердің мазасын аласыңдар.

Қабанбай. Ол анау ғой. Мен түк татқаным жоқ.

Биғайша. Тук татқаным жоқ. Жолдасың удай мас болғанда сен тук татпайсың, ә? Мені алжыды деп тұрсын, ба, әлде ақымақ көресің бе.

Қабанбай. Ойбай-ау, мен ішпеймін ғой.

Биғайша. Ішпеймін?.. Он жылдан бері комендант боп келем. Сонда ішпейтін студент көрсем қайда жүрмін мен, а? Еще кісіні күйдіріп, өтірік айтуын қарашы.

Бекболат. Биғайша апа, оның ішпейтіні рас.

Биғайша. Сенің де сырың мәлім, тек тұр. Әттең Гүлжамал подругамның жекжаты болмағанда сені баяғыда қуып шығатын едім. Ал, сен Жалғасбаев жатақханадан табаныңды жалтырат.

Қабанбай. Неге жалтыратам? Жоқ мен кетпеймін.

Бекболат. Биғайша апа, былай мәмілеге келейік ге. Сіздің де бала-шағаңыз... қызыңыз бар.

Биғайша. Қызым болса ше... Қарай гөр мынаның дәмесін. Мен оны сендер сияқты жалаң аяқтар үшін өcipгенім жоқ.

Бекболат. Жоқ, біз дәмеленбейміз ғой. Бірақ...

Қабанбай. Шіркін-ай, қандай жігіттің маңдайы жарқырап тұр екен.

Биғайша. Не дейсің?

Қабанбай. Сіз сияқты тамаша қайын енеге тап келетін деймін. Сіздің өзіңіз мынандайсыз, қызыңыз тіпті керемет шығар.

Биғайша. Қара мынаны. Кешірім сұрап аяғыма жығылудың орнына масқаралауға шықтың ба? Обалың өзіңе. (Сумкасынан қағаз суырып.) Міне, мұнда екі бірдей әкті бар. Бүгін жексенбі болып қолым байланып тұр. Ертең дүйсенбі күні ректорға апарам да оқудан шығартып, қаңғыртып жіберем.

Бекболат. Биғайша апа-ау, ол байғұс шынын айтып тұр. Қайын ененің қаталы жақсы болады.

Биғайша. Сен де кекетуге айналдың ба?

Бекболат. Құдай сақтасын. Биғайша апа. Тек бір жолға кешірім сұрап тұрғаным ғой. (Қабанбайға.) Әй, кешірім сұрап, аяғына жығылсайшы.

Қабанбай. Шок, мен жазықсыз жазғырған адамнан кешірім сұрай алмаймын.

Бекболат. Ой, сеп де бір... Биғайша апа, біз сізден үлкен кешірім сұраймыз, бір ашуыңызды қиыңызшы.

Биғайша. Жоқ, жолдас Жалғасбаев, құйрығыңызға шала байлансын демесеңіз — бүгін жатақтан тайыңыз. Бұл жақсылықтың өзін мына Бекболаттың сөзін қимағандықтан істеп тұрмын. Әйтпесе мына әктілерді ертең ректорға беріп түбіңе жетемін. Общежитиеден орып сұрап жүрген тәртіпті студенттер толып жатыр.

Бекболат. Биғайша апа, сіз керемет мейірбан адамсыз. Сізді сол үшін бәріміз жақсы көреміз. Енді бір шегініңізші.

Биғайша. Жоқ, енді шегінбеймін. Қарашы, демалыс күпі настроениемді бұзып... (Шығады.)

Қабанбай (қалшылдап). Ай, өзі неткен дүлей-ай. Тіпті бар ғой, сөздің байыбына бармайды. Өзін де қатырдым-ау.

Бекболат. Иә, қатырдың.

Қабанбай. Сіздің өзіңіз мынандайсыз, апырай қызыңыз қандай екен, деген жоқпын ба? Қалай тауып айттым-ай.

Бекболат. Өміріңде бір тауып айтқан сөзің еді, бірақ соның өзі сорыңа көрініп тұр ғой.

Қабанбай. Неге сорыма?

Бекболат. Енді жатақханадан кетесің. Болмаса бұдан да үлкен пәлеге қаласың.

Қабанбай. Өзім де кетем. Пәтерге шығам.

Бекболат. Пәтердің ақшасын қалай төлейсің? Ойлан.

Қабанбай. Қанша ойлансам да жазықсыз жазғырған адамның аяғына жығылып, бас ие алмаймын. Жұмыс істеймін. Дүкенге барып жүк түсірем, болмаса асханаға барып ыдыс-аяқ жуам. Әйтеуір бір нәрсе табармын. Тек маған бір пәтер тауып берші. Сенің араласып жүрген адамдарың бар ғой.

Бекболат. Ыдыс-аяқ жуам дейсің бе?.. Тоқта, тоқта. Маған бір керемет ой келіп қалды. Бір жерде бір пәтер бар.

Қабанбай. Ыңғайлы ма?

Бекболат. Ыңғайлы болғанда — қудан беріп оқуыңды бітіріп, отыз жылдан кейін министр болып кетсең дәл сондай пәтер аласың.

Қабанбай. Сен не көкіп тұрсың? Мені мазақ еткің келді ме?

Бекболат. Сені мазақтап, мені өле алмай жүр дейсің бе, Қабан аға? Оллаһи шын айтам.

Қабанбай. Ондай адамдар пәтерін жалдай ма?

Бекболат. Әрине жалдамайды. Тек оның бір қитұрқысы бар.

Қабанбай. Түсінсем бұйырмасын.

Бекболат. Кейін түсінесің. Әрине, ондай үйге орналасу оңай емес. Саған қоятын үш шартым бар. Орындайсың ба?

Қабанбай. Сен өзің мені бір шатаққа ұрындырайын деп тұрған жоқсың ба? Ашып айтшы.

Бекболат. Бір шатаққа сен уже ұрындың. Mен сені шатаққа ұрындырмаймын. Тек менің шартымды орындайтын болсаң айт, болмаса пәтерді басқа жақтап ізде.

Қабанбай. Жарайды. Не де болса көндім.

Бекболат. Көнсең жарадың. Біріншіден, мына сақал-мұртты сыпырасың.

Қабанбай. Мен бұл сақалды мода үшін өсіріп жүргенім жоқ. Тек дипломымды беске жазып бітіргенше қырынбаймын деген сертім бар еді.

Бекболат. Екіншіден, анау алмай сары майдай сақтап жүрген жалғыз костюміңді сықитып киіп аласың.

Қабанбай. Оны да сол дипломға тілектес болсын деп алып ем. Қорғаған күні киіп шығайын деп серт қылып едім. Қазір киіп алсам диплом қорғағанша оның несі қалады?

Бекболат. Оны қазір кимесең дипломмен қош айтысасың. Ал, үшінші шартым — неге болса да таңырқамайсың. Менің айтқанымды істей бересің.

Қабанбай. Мейлі ендеше. Тек өзің үй иелерін танисың ба?

Бекболат. Танығаны несі? Менің ағайыным олар.

Қабанбай. Жақын ағайының ба?

Бекболат. Ол үйдің хозяйкасы менің нағашымның құдағиының құдашасы.

Қабанбай. Сонда олар саған кім болады?

Бекболат. Маған ба? Маған құдаша жеңгей болады да. Жарайды о жағын қазып қайтесің. Комендантпен көріскенің қандай жақсы болды. Нағыз бір шылқымайға барып шылқ ете түсетін болдың.

Қабанбай. Ай, осы ондай жайлы пәтерге сенің өзің неге тұрмайсың?

Бекболат. Маған болмайды.

Қабанбай. Неге?

Бекболат. Олар менің сырымды біледі. Ал сен болсаң олар үшін жұмбақсың. Ұқтың ба?

Қабанбай. Ай, ұға алмай тұрмын-ау.

Бекболат. Асықпа. Бәрін ұғасың (әндетіп). «Жүрегімнің түбіне терең бойла, мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла». Олар сенің жүрегіңнің түбіне терең бойлап болғанша, сен дипломыңды жазып, оқуыңды бітіріп аласың. Студентке не керек? (Әндетіп).

Өтпей жүрген ару болса,
Зеріккенде дәру болса,
Ермек іздеп есі кеткен
Еркектерге зәру болса,
Басқа не керек?
Төрт бөлмелі үйі болса,
Теке ұстайтын күйі болса.
Майға бөккен мекиеннің,
Миындай-ақ миы болса.
Басқа не керек?
Құрбысы да жорға болса,
Ақшасы мол дорба болса,
Үй дегенің үй емес-ау
Жындыларға орда болса,
Басқа не керек?
Мутері де жастау болса,
Бәріне езі бастау болса,
Шарабы мол шиша болса,
Арағы мол астау болса
Басқа не керек?

Екінші көрініс

Үлкен келісті пәтердің залы. Осы үйдің бәйбішесі Гүлжамал шығады. Үстінде халат, шамасы ас үйдегі шаруасын істеп жүрген түрі бар. Берекесі кетіп қалған залды жинастырады. Ренішті.

Гүлжамал. Апырай, осы күнгі жастар не боп барады? Ерік бермесең бәрібір ырқыңа көнбейді. Ал, ерік берсең... Мінекей. Мынау ғой. Ау, ішсін, жесін, бәріне ерік бердік қой. Тек үйдің астан-кестеңін шығармаса қайтеді екен. Қарашы енді. Бір қыздың өзі осынша шаршатты, байғұс көп балалы әйелдер не күн көреді екен? Бұ заманда қыз өсіру деген қиямет қайым болды ғой. Ай, қинап тұр-ау, қинап тұр-ау (әндетіп).

Ешкім оны түземес,
Өзім қамын жемесем.
Қыз секілді қыз емес,
Көйлек киген демесең.
Жанға батып он есе,
Қабырғаммен кеңесем.
Еркек емес, немесе,
Шалбар киген демесең.
Ешкім оны түземес,
Өзім қамын жемесем,
Қыз секілді қыз емес,
Сырға таққан демесең,
Жанға батып он есе,
Қабырғаммен кеңесем,
Еркек емес немесе,
Шылым шеккен демесең.
Жанға батып он есе,
Қабырғаммен кеңесем.
Еркек емес немесе,
Арақ ішкен демесең.
Ақыл айтпас, түземес,
Өздеріндей досы бар.
Еркек емес, қыз емес,
Қыз-текелер осылар.
Бақытты ана мен емес,
Айналайын сырласым...
Еркек те емес, қыз да емес
Келеді өсіп бір масыл.
Есік қағылады.

Гүлжамал. Есік ашық. Кіре бер.

Биғайша кіреді.

Биғайша. Амансың ба, Гүлжамал.

Гүлжамал. Біздің Алмушка тұрған жоқ па?

Гүлжамал. Жоқ әлі. Екеуі ұйықтап жатыр. Түнімен жын қаққандай құтырып, тал түске дейін ұйықтайтын әдеттері емес пе.

Биғайша. Біздің Алмушка «мама, сені оятпаймын, Ботканың қасына жата кетем» деп.

Гүлжамал. Екеуі жатыр. Сағат он бір болды. Білмеймін қашан тұратындарын. Биғайша-ау, осы менің басым қатып кетті.

Биғайша. Ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда, торт құбылаң түгел, сенің неден басың қатады?! Тартын созып жеткізе алмай жүрген мен сияқты болсаң бір сәрі. Жұмысым да нервный. Демалыс күні де тыныштық жоқ.

Гүлжамал. Не болып қалды?

Биғайша. Әй, бір бұзық балалар арақ ішің айқай салып, жатақхананың мазасын алыпты.

Гүлжамал. Ондай перілер өзімізде де бар емес пе.

Биғайша. Сен де қызықсың, Гүлжамал. Біздің балалардікі әншейін еркелік қой. Ал, ана бұзықтар ма, кісінің нервісінен түк қалдырмайды.

Гүлжамал. Ал, менің қызым да нервімнен еш нәрсе қалдыратын емес. Жатыр әнекей, тырайып.

Биғайша. Бүгін күн демалыс. Жастар тынықсын. Шаршаған шығар.

Гүлжамал. Жып қаққандай жер тепкілеп, селкілдеуден шаршаса шаршаған шығар. Солар селкілдегенде кісі тіпті қасында қарап отырып шаршайды ғой. Баяғы біздің заманымыздағы билерді айтсайшы, шіркін. Фокстрот, танго, вальс. Алғашқы қазақ вальсі шыққанда мәз болғанымыз есіңде ме?

Биғайша. Е, неге есімде болмасын. Сенде «Қазақ вальсі» бар еді. Қойып жіберші. Настроением бұзылып келіп еді. Жас дәуренді еске түсіріп, нервімді түзеп алайын.

Гүлжамал пластинканы қояды. Екеуі билеп кетеді.

Гүлжамал. Шіркін-ай, өтіп кетті ғой, құрғыр.

Биғайша. Иә, о да бір қызық заман еді-ау. Үстімізде жөнді көйлегіміз де жоқ. Есіңде ме, менің жалғыз көйлегімді екеуміз кезек киіп биге жүгіретініміз?

Гүлжамал. Сол жақсылығың ғой, әлі күнге дейін ұмытпайтыным. Сонда да сол кезіміз қызық еді. Ол кездің жігіті де, қызы да сыпайы еді. Есіңде ме, жігіттер ЖенПИ-дің жатақханасының қақпасынан өте алмай, көшеде иіріліп тұратындары. Сырттан келе жатсаң «қарындас, үшінші курстан Биғайша деген қызды шақырып жіберіңізші», деп қиылып тұратын.

Биғайша. «Гүлжамалды шақырып жіберіңізші, қарындас», дейтін жігіттер де болатын.

Гүлжамал. Е, неге болмасын. Мен қыз болмаппын ба. Ай, ондағы жүріс бөлек еді ғой. Жігітпен бір кеш салпақтап жүргендегі жейтініміз бір мороженый. Соған да мәз болушы едік.

Биғайша. Біз қандай наивный болғанбыз. Ол кезде басқа жігіт биге шақырса бармаушы едік қой. Тіпті, тағы болыппыз-ау.

Гүлжамал. Иә, десейші, айлап жүргенде жігіт бетімізден әрең сүюші еді. Ал қазіргі құрғырлар кездеспей жаты шайқаса кетеді.

Биғайша. Сен де қызықсың, Гүлжамал. Қазіргі заманның қарқыны басқа. FTP дейді оны. FTP — Ғылыми-техникалық революцияның заманы. Осы күнгі мода солай.

Гүлжамал. Киімге мода болушы еді. Көйлектерін бірде қысқартып кіндігінен, бірде шұбалтып тобығынан киіп жүр ғой. Бірақ махаббатқа мода болады дегенді естіген жоқ едім.

Биғайша. А как же, қазір махаббатқа да мода шықты. Баяғы сіз сияқты сызылып, жігіттерді алыстан емексітіп қоятын қыздар бүгінде старомодный. Олар байсыз қалады.

Гүлжамал. Қайдан білейін, «Отырған қыз орнын табар» деуші еді шешелеріміз.

Биғайша. Қалтаңда қолақпандай дипломың жүрсе де, сенің-ақ қазақшылығың қалмайды, Гүлжамал. Заманнан артта қалсаң жұртқа күлкі болмайсың ба.

Гүлжамал. Жоқ, Биғайша. Мен бір нәрсе білсем күлкі болып жүргендер заманнан артта қалғандар емес, шошаңдап алдына шығын кеткендер. Сен бері қарашы, маған Ботагөзім қатты уайым болып тұр. Араласатыны кілең бір жын қаққан балалар. Шынымды айтсам Боткама қазақы қолдау, орнықты бір жігіт тапсам деп едім. Өзі ондайға жоламайды. Орайын өзім келтірмесем. Соның жолын таба алмай басым қатып жүр. Елден келген баланың тәрбиесі бөлек қой.

Биғайша. Сен де қызықсың, Гүлжамал. Қазақы жігітің қызыңды елге алып кетпей ме.

Гүлжамал. Қалада қалатындары да бар емес пе?

Биғайша. Ойбай-ау, есі барлары елге кетеді де, қалада қағынғандары қалады ғой.

Гүлжамал. Ай, жақсы жігіт табылса, осында қалдырар едік қой.

Биғайша. Онда ағайын-туыстары топырлап келіп үйіңе жатып алмай ма. Оларға шай қайнатып, тамақ пісіріп, кір-қоңын жуып беру современный қыздың қолынан келе ме?

Гүлжамал. Иә, сонысы бар. Біздің қыз тамақ ішкен тәрелкесін жуып қоюға да жарамайды. Ай, шіркін-ай, езі жалғыз, өзі момын, үй шаруасына қатыннан бетер жігіт табылса...

Биғайша. Оның үстіне кандидат болса...

Гүлжамал. Иә, кандидат болса тіпті қатын кегер еді. Ондай жігіт табылса қадалып алып, қатып қалар едім-ау. Біздің қызды жат жерге жіберу масқара ғой. Жаманын жасырып өз қолыңда ұстамасаң... Күшік күйеу ғой, күшік күйеу менің арманым.

Биғайша. Әркімнің бір арманы бар. Гүлжамал, бері қарашы, менің де бір мықты есебім болып жүр. Осында келіп жүрген ана Кубик деген жігіт бар ғой. Ол анау Байекеңнің баласы екен.

Гүлжамал. Қайдағы Басекең?

Биғайша. Кәдімгі Байсалбай Сеңгірбаевич бар емес пе? Со кісінің өзінің баласы. Ол біздің Алмушкаға ухаживать етіп жүр. Көрдің бе, мәселе қайда жатыр. Соның тырнағын бір іліктірсем шіркін.

Гүлжамал. Сол жігіт маған ұнамайды. Өзі оқуын да тастап кеткен бе, немене.

Биғайша. Түу, Гүлжамал-ай, со да сөз болып па. Тек Басекең cay болсын, оқу да, диплом да, қызметтің көкесі де табылады ол жігітке. Сен мені түсінбейсің ғой. Өзіңнің Бектемірің мықты, көбіне шетелде қызмет істеді.

Гүлжамал. Осы қызға бас-көз болам деп шетелге де бара алмай отырмын.

Биғайша. Біздің Қуандық болса бұғалтырлықтан аса алмай-ақ қойды. Бар ақша алдынан өтеді, бірақ қолына түк жұқпайды. Соның күйігінен-ақ өліп болдым. Әттең дүние-ай. Басекеңдей адамға қолым бір жетіп, құдағи болып алсам баяғыдан бергі кеткен есемді бір-ақ қайырар едім. (Әндетіп.)

Түшкіргенім,
Біреуге ару болып жұғатын
Үшкіргенім
Біреуге дару болып шығатын,
Құдай болмай, шіркін-ай,
Құда болсам мықтыға.
Дымдағаным
Біреуге дәулет болып жұғатын,
Ымдағаным
Біреуге пәтер болып шығатын,
Құдай болмай, шіркін-ай,
Құда болсам мықтыға.
Шүйілгенім
Біреуді тұғырынан жығатын,
Сүйінгенім
Біреуді биікке алып шығатын
Құдай болмай, шіркін-ай,
Құда болсам мықтыға.
Есік қағылады.

Гүлжамал. Есік ашық, кіре бер кім де болсаң.

Мойнына домбыра асынған Бекболат кіреді.

Бекболат. Ассалаумағалайкум. Саламатсыз ба, құдаша-жеңгей. Халіңіз жақсы ма? (Биғайшаны көріп, таңырқай сасып.) Ә-ә, Биғайша апа, сіз де осында екенсіз...

Биғайша (қатал). Иә осындамын. Не айтайын деп едің?

Бекболат (ыржиып). Иә дегенім ғой.

Биғайша. Мен кеттім. Гүлжамал, Алмушка оянған соң үйге келсінші. Парикмахерден сағат бірге очередь алып қояйын. (Шығады.)

Бекболат. Сіздің подругаңыз сондай жақсы кісі...

Гүлжамал. Осы сен әлгі...

Бекболат. Ақкүміс әжейдің құдасының жиенімін ғой. Елге барып едім, Ақкүміс әжей ұстап алып: «Осыдан Алматыға барған соң менің Гүлжамал құдашамның амандығын біліп, хат салып жібермесең, тұра-тұр бәлем», ден есімді тандырғаны.

Гүлжамал. Қалай, кемпір қуатты ма әлі?

Бекболат. Әзір өлетін кемпөшке жоқ. Ешкіні қуып жетіп сирағынан ұстап алып сауады.

Ұйқыдан шала оянған, алқам-салқам Ботка кіреді.

Ботка. Мама, біз ояндық. Завтрак бар ма?

Гүлжамал. Үйде кісі бар, жынға ұқсамай киініп жүрсеңдерші.

Ботка. Ол кім кісі? Мынау ма?

Бекболат. Mен Бекболатпын ғой. Халің жақсы ма, Ботка.

Ботка. Какой Бекболат?

Бекболат. Какойы несі? Кәдімгі Бекболатпын. Өзің умытый қалғансың ба?

Ботка. А, кажется есімде. Такой сметной. Домбыра асынып жүреді.

Гүлжамал. Айтты, айтпады, қарағым-ау, осы домбыраңды ылғи мойныңа асып жүретінің не?

Бекболат. Қатардан қалдырмайын деп жүргенім ғой, құдаша-жеңгей.

Гүлжамал. Қатардан қалдырмағаны қалай?

Бекболат. Осы күнгі қазақтың қара домалақ жігіттері әкесінен қалғандай, мойындарына бір-бір гитар асып алыпты. Сосын атамнан қалған мура еді, осы байғұсты жетім қалдырмайын деп мен де мойныма домбырамды а сын алдым.

Гүлжамал. Дұрыс айтасың, қарағым. Өзің бір тапқыр жігіт екенсің.

Ботка. Ой, мама, мен оны смешно десем... оказывается это очень оригинально.

Бекболат. Басың бар, Ботка. Дұрыс айтасың. Біле білсең, қазағыңның өзі оригинальный халық.

Ботка. Знаешь, сен біздің компанияға қатыс. Это же оригинально, национальный колорит.

Бекболат. Ай, Ботка-ай, түзу бастан қисық басып кетесің, бұл саған колорит болғанмен, маған ата-бабадан қалған тәбәрік.

Ботка. Ну, сен өкпелеме. Обязательно біздің вечеринкаға кел. Ну, мама біз ашпыз. Завтрак қашан дайын болады?

Гүлжамал. Бар, жуыныңдар. Тамақтарың қазір даяр болады.

Ботка кетеді.

Бекболат. Ботка да бой жетіп қалған екен.

Гүлжамал. Бой жеткені түссін. Шаршатып тұр. Өскен сайын қиын боп барады.

Бекболат. Әшейін айтатын шығарсыз, құдаша-жеңгей. Менің мамам «осы мені сен шаршаттың албасты деп кеюші еді, қазір каникулға барсам жылап көріседі. Оның үстіне қыз бала деген мамасына қолқанат қой. Менің бір қарындасым бар, үйдегі бар жұмысты жалғыз өзі істейді.

Гүлжамал. Ойбай, ондай қыз арман болып тұрған жоқ па.

Бекболат. Ботка да жақсы бала. Тек еркелетіп алғансыз.

Гүлжамал. Сен маған бір нәрсені түсіндірші, айналайын Бекболат. Осы сенімен адам сияқты сөйлесе алам. Сен ауылда өскен баласың. Ал мыналардың тіліп де, бабын да таба алмай қойдым.

Бекболат. Ой, құдаша-жеңгей-ай, ауылда өскендердің де талай соққандары бар. Одан емес шығар. Ал, менің бір жолдасым бар... Ай, нағыз азамат сол жігіт.

Гүлжамал. Бойдақ па өзі?

Бекболат. Бойдақ болғанда нағыз сүр бойдақ.

Гүлжамал. Оқу бітірген бе?

Бекболат. Оқу бітіргеніңіз не. Кандидат болуға бес-ақ минут қалған. Өзі сондай кішіпейіл жігіт. Кішіпейіл болмаса мен сияқты жалаң аяқ студентпен жолдас бола ма. Мінезі қандай десеңізші, керемет сыпайы, жібектей. Соның қасында жүрем деп өзім де әжептәуір тәрбие алып қалдым. Бұрып кішкене алаңғасарлау едім ғой, құдаша-жеңгей. Қазір кәдімгідей жөнделіп қалған жоқпын ба?

Гүлжамал. Иә. Ол жігіттің былай туған-туысқандары көп пе?

Бекболат. Туған-туысқандары дейсіз бе?.. Жоқ. Ол өзі жалқы жігіт. Бір өгей шешесі бар еді, о да күйеуге тиіп кетті. Өзінің талабымен, еңбегімен жетіліп жүрген жігіт.

Гүлжамал. Сен ол жігітті үйге ертіп әкеліп тұрсайшы.

Бекболат. Әкелгенде қандай. Айтпақшы, құдаша-жеңгей-ау, сол жігіт бір пәтер іздеп жүр еді. Сіздің үйдің өзі сол жігітке қолайлы болар еді.

Гүлжамал. Қолайлы болғаны қалай?

Бекболат. Осы үйде азғана уақыт пәтерде тұра тұрса...

Гүлжамал. Пәтерде тұрғаны қалай? Үйде қыз бала бар.

Бекболат. О жағынан қорықпаңыз, құдаша-жеңгей. Ол тіпті әйел затына қарамайды.

Гүлжамал. Қарамағаны қалай?

Бекболат. Ғылымға шын беріліп кеткен. Кітаптан бас алмайды. Енді бір рахаты — сізге тіпті салмағы түспейді. Еден сыпыру, ыдыс-аяқ жуу, кір жуу дегенде, керемет. Өгей шешесі үйретіп тастаған. Ал, ас пісіру дегеніңіз бар ма, оған енді, о-ой шебер. Кейде бір студенттер жиылып... мен де қызықпын, студенттер деппін ғой, ғалымдар жиылып бас қосқанда, бар тамақты өзі пісіреді. Ал, палау басқанда сартыңызды сатып жібереді.

Гүлжамал. Апырай, мынау бір біздің қолынан түк келмейтін қыздардың бағына туған жігіт екен. Алтын ғой, алтын...

Бекболат. Айтпаңыз деймін. Сонымен пәтер мәселесін келістік қой, құдаша-жеңгей.

Гүлжамал. А? Жоқ, ойбай пәтер жалдап...

Бекболат. Жарайды ендеше. Пәтерді басқа жердей іздейтін болдық қой. Оған пәтер табылар-ау. Тек пәтер берген үйдің қызы болып жүрсе. Содан қорқам.

Гүлжамал. Жаңа әйел затына қарамайды дегенің қайда?

Бекболат. Сол қарамайтынынан қорқам ғой. Қарайтын қулар аяғын ілдірмей кетеді. Мынау сияқты ебедейсіздер қолқ етіп қолға түседі де, қамытты мойнына қалай киіп алғанын білмей қалады.

Гүлжамал. Иә, оның рас. Ондайлар сүйтеді. Біздің Бектемір де сондай еді.

Бекболат. Иә, деймін, Құдды аумаған Бекең. Ал енді құдаша-жеңгей, сау болыңыз.

Гүлжамал. Жоқ, жоқ сен тұра тұршы. Біз кішкене ойланайық. Мүмкін кейін бір ретін келтірін.

Бекболат. Кейінге болмай тұр ғой. Қазір диссертациясын қорғаймын ден мұрнынан шаншылын жүрген кезі... Оған бір тыныш үй керек.

Гүлжамал. Апырай қолдан шығармайтын-ақ жігіт екен. Тек пәтер жіберуге жұрттан ұялып...

Бекболат. Құдаша жеңгей-ау, оның түк те ұяты жоқ. Жақын-туысымыз еді дей салыңыз.

Гүлжамал. Иә, иә, айтпақшы солай деуге болады екен ғой. Мен оны Бекеңнің інісі еді дейін.

Бекболат. Інісі дейсіз бе? Жоқ, інісі десеңіз — coңыра сәті түсіп кетсе, онда ыңғайсыз болады. Мұндайда ең рақаты жиен ғой. Қалай салсаңыз да келе береді.

Гүлжамал. Басың бас-ақ екен ғой, айналайын-ай.

Бекболат. Бері келіңізші, құдаша-жеңгей. Анау скверде скамейкада отырған жігітті көрдіңіз бе?

Гүлжамал. Әне бір кітапқа үңіліп отырған ба?

Бекболат. Иә, Өзі тінті кітаптан бас алмайды. Байқайсыз ба, нағыз мықты оқымысты болатын адамның кескіні. Мен қазір барын ертін келе қояйын.

Гүлжамал. Жарайды, мен кішкене дастарқан даярлап жіберейін. Жастар таныссын. Тек, осы құрғырлар саудыраған бос бутылкадан басқа тук қалдырмаған шығар.

Бекболат. О жағына шұрқ етпеңіз. Ол жігіт татын алмайды.

Гүлжамал (таңырқап). Татып алмайды дейсің бе?

Бекболат. Темекі де тартпайды.

Гүлжамал. Апыр-ау, сенейін бе, сенбейін бе! Мынау... Мынау бір алтын ғой.

Бекболат. Оллаһи шып айтам, құдаша-жеңгей.

Гүлжамал. Айналайын, Бекболат, осы айтқаныңның дәл қақ жартысы рас болса да, бұл бір қос қолдан ұстап алын, айрылмайтын жігіт екен. Аты кім өзінің?

Бекболат. Қабанбай.

Гүлжамал. Қазіргі жастарға кішкене ерсілеу екен.

Бекболат. Уақасы жоқ, құдаша-жеңгей. Қазіргі қыздар қазақы есімді қақ ортасынан омырып тастайды Да, аяғына орысша жалғап сүмірейтіп ала қояды.

Гүлжамал. Иә, атып қойшы, атын. Затын айтсайшы, затын.

Бекболат. Затын дейсіз бе? Затын айтсам (әндетіп),

Екі бетін адалдықпен жуған жан,
Алу емес, беру үшін туған жан,
Адам емес...
Саф алтын.
Әйел десе шыбын жанын қиған жан,
Сауын сиыр болу үшін туған жан.
Адам емес...
Саф алтын.
Дүниеде жоқ нәрсені қуған жақ,
Ыдыс-аяқ жуу үшін туған жан.
Адам емес...
Саф алтын.
Не болса да белін бекем буған жан,
Күшік күйеу болу үшін туған жан.
Адам емес...
Саф алтын.

Бекболат. Ал, құдаша-жеңгей, мен Қабанбайды жетелеп әкеліп, апа шеткі бөлмеңізге бір сүңгітін жіберейін. Содан кейін күшік күйеу қылып байлап алу сіздің өз қолыңызда.

Гүлжамал. Ай, сол қолыңнан келмей қала ма деп қорқам. Бекболат қарағым. Біздің қыз өзің білесің қиын ғой. Оның үстіне ана жігітің де кітаптан бас алмайтын болса... араларына өзің дәнекер болсайшы.

Бекболат. Ойбай-ау, менің сабағым бар ғой, құдаша-жеңгей.

Гүлжамал. Сабақ деп... енді күндіз-түні кітап оқи бермейтін шығарсың. Былай үйге жиірек келіп, бас қосып, араларын жалғастырып жіберсең...

Бекболат. Үйге жиірек келіп дейсіз бе? Апырай-ә... Жарайды енді, сіз қолқа салған соң тіпті институтты бітіре алмай омақата құлап жатсам да, амал жоқ. Бар өнерімді салармын, құдаша-жеңгей. (Шығады.)

Гүлжамал. Апырай, өзі оң мен түстей болды-ау. Көктен тілегенім жерден табылып. Сенейін бе, сенбейін бе? Апырай бір сән түссе... Анау шаштарын жаурынына түсіріп, гитар асынып секеңдеген жастардан қорқам. Көбінде не оқу жоқ, ие кәсіп жоқ. Өздері ата-аналарының мойнына масыл боп жүргенде — олар кімге күйеу, кімге әке болып жарытады. Арттарына қарамай үйленетіндері бар-ау олардың. Арада жыл өтпей ажырасып жатады. Ойбай, бүгінгі қыздар күйеу таңдауды, ертеңгісін ойлауды біле ме? Жоқ, Гүлжамал жалғыз қызыңды жөнін тауып құтты жеріне қондыра алмасаң, несіне Гүлжамал атанасың. Осы арадан мүлт кетсең... енді қайтып ондай адам қолыңа түспейді. (Есік қағылады.) Е, келіңдер, келіңдер, айналайын. Есік ашық тұр.

Кубик пен Тюрянчик кіреді.

Тюрянчик. Привет, Гуля жеңгей. Даусыңыз сондай жылы естілді.

Кубик. Саламатсыз ба, Гуля жеңгей.

Гүлжамал. Амансыздар ма. (Өзіне.) Бұларды қандай жын-шайтан айдап әкелді. Нағыз бір келмейтін уақытта келгендерін қарашы.

Кубик. Сіз... Кто это... қонақжай адамсыз, Гуля жеңгей. Ықыласыңызға рақмет.

Тюрянчик. Біздің Кубик молодец. Достарын ұмытпайды. Қиналған кезде табылу керек. Азғантай сыйы бар.

Шарап, ол-пұл салған жеңіл сумканы столға қояды.

Кубик. Mен алдымен сізді ойлаймын, Гуля жеңгей. Мынау сізге. (Гүлжамалға шоколад ұсынады.)

Гүлжамал. Кішкене ертелеу келіп қалған екенсіңдер.

Тюрянчик. Түнде ауырған басты ертеңгісін жазбаса болмайды.

Гүлжамал. Боткалар әлі ұйықтап жатыр еді.

Ішкі бөлмеден Ботка шығады.

Ботка. Мама, сен өтірік айтпа. Біз тұрдық. Привет Гранедерам. (Столдағыны көріп.) Ой, Кубик, Тюрянчик какие вы молодцы. Бәрін өздері біледі. Просто прелесть. А ну ка, я вас поцелую. Қысылмаңдар менің мамам современная женщина. (Екеуін сүйеді.) Алмушка, шық тезірек.

Алма кіреді. Гүлжамал кухняға кетеді.

Алма. Шел аяқтарға сәлем. Ғафу етіңіздер, мен әлі жуынып, таранып та болған жоқ едім.

Кубик. Кәне, старуха, облобызаемся. Туалетіңе содан кейін кірерсің. (Сүйеді.) Сүюге боянған қыздан гөрі ұйқыдан оянған қыз тәтті болады.

Тюрянчик. Кубик, ты гений, данышпан. Сен бар ғой, сен кім еді әлгі, Мұзафар Әлімбаевсың. Аяқ астынан мақал шығардың. «Сүюге боянған қыздан гөрі ұйқыдан оянған қыз тәтті болады». Тамаша. Главное — шындық.

Ботка. Алмушка, знаешь какие они догадливые. Керектің бәрін әкеліпті. Просто прелесть.

Тюрянчик. Кубикке рақмет айтыңдар. Мұның басы нағыз алтын бас.

Кубик. Ну, девочки, біз кеше сілтеп жіберіппіз. Я просыпаюсь, қарасам басым қазандай. Содан думаю, біздің қыздардың басы да, ну по крайней мере, табақтай болған шығар деп ойладым. Ондай кезде... конечно бір нәрсе табу керек.

Алма. Сен тапқыр жігітсің, Кубик.

Ботка. Нет, ол бар ма, ол... просто молодец.

Тюрянчик. Біздің мамандық ауырған бастарды жазу.

Кубик. Ал біздің девиз, яғни уранымыз (гитармен әндетіп).

Тесік башка ешқашан да толмайды,
Идеальный болам деген оңбайды.
Құрап қалған предкамнан ұят деп,
Бар қызықтап бас тартуға болмайды.

Қ а й ы р м а с ы:

Сүйеріңді сүйіп қал,
Құшарыңды құшып қал.
Ішеріңді ішіп қал,
Асарыңды асап қал
Жасарыңды жасан қал.
Селяви.

Тесік башка ешқашан да толмайды,
Идеальный болам деген оңбайды.
Как человек өмір сүру керек деп,
Өгіз болып жегілуге болмайды.

Қ а й ы р м а с ы:
Тесік башка ешқашан да толмайды,
Мына басқа ешбір ақыл қонбайды.
Қысқа өмірді одан сайын қысқартып,
Қатын алып, бала бағып болмайды.

Қ а й ы р м а с ы:

Ботка. Браво. Браво Кубик. Правда. Алмушка, ол жақсы.

Алма. Әрине жақсы. Мен сіздің талантыңызға табынамын.

Кубик. Көрдің бе, Тюря, менің бағам артып келеді. Тіпті адамды менсінбейтін мамзель Алманың өзі мақтады.

Ботка. Жоқ. Кубик, сенің огромный успехың бар. Мен де саған ғашықпын.

Тюрянчик. Кубик, сен итсің. Сенімен бірге жүруге болмайды.

Ботка. Неге?

Тюрянчик. Барлың қыздарды бір өзіне қаратып алады. Сонда қасында жүрген адамға асылып өлуден басқа тук қалмайды.

Ботка. Неге? Сен асылын өлме, Тюрянчик. Мен сені жақсы көрем. Сен менің жақсы... сенімді күшігім сияқтысың. (Мұрнынан, шымшып.) Ой, пупсик.

Алма. Тюрянчик, сен қадірлі жаныңды сақтай тұр. Мен Кубиктің мойнына асылайын деп тұрғаным жоқ.

Тюрянчик. Алмушка, не форси. Сен де ұзаққа шыдамайсың. Жарыласың.

Гүлжамал кіреді.

Гүлжамал. Ал, балалар, енді кухняға барып отырыңдар кішкене.

Кубик. Гүлжамал жеңгей, бізді кухняға қуып тығатындай ие жаздық? Сіз қонақшыл едіңіз.

Гүлжамал. Бір кісілер келетін еді. Ағайындарымыз.

Алма. Жиеніңіз емес пе, Гуля апа?

Гүлжамал. Иә, жиеніміз. Оны қайдан білдің?

Алма. Әншейін үстінен түсіппін. Ал, жігіттер, Гуля апайдың құрметті адамдары келіп қалған екен, ана Жаққа барайық.

Ботка. Как құрметті адамдар. Это как его — Бекболат па? Подумаешь. Біз осында отырамыз. Мама, бізге қай что-нибудь перекусить. Баршы, мама, бір нәрсе әкелші.

Гүлжамал (өзіне). Апырай, мына бір перілердің мезгілсіз келгені-ай. Үркітіп жібермесе неғылсын. Балалар енді келген кісілерге сыпайы болыңыздар. (Боткаға.) Сен де секеңдей берме, ұят болады.

Ботка. Ұят болады? Несі ұят?

Алма. Гуля ана, сіз қорықпаңыз. Ағайындарыңыз келгенде біз жібектей сызылып тұрамыз.

Тюрянчик. Гуля апа, оныңыз пе? Біздің тәрбиеміз мықты. Кубик талай дипломатиялық қабылдауда болған.

Гүлжамал. Жарайды. Әйтеуір тыныш болыңдар. ( Шығады.)

Тюрянчик. Келетіндер қандай мықтылар. Гуля жеңгейді сонша састырған?

Алма. Ғылым кандидаты, тек бес минуты ғана жетпейтін көрінеді. Екіншісі — студент.

Кубик. О-о. Онда мықты болды. Ендеше жақсылап қарсы алайық.

Ботка. Ты. Голова, Кубик. Давай придумаем встречу.

Тюрячик. Мен дайын. Өздерін бір састырайын.

Алма. Олар сенің мамаңның жақсы көретін адамдары. Үркітіп алып жүрме, Ботка.

Ботка. Подумаешь, за то маған керегі жоқ. Ауылдан келген. Знаешь они какие. Оларға бәрі де ұнамайды. Потому что не по ихнему.

Алма. Жарайды ендеше, сыншыл қонақтар екен, біз де оларды сыннан өткізіп алайық.

Тюрянчик. Алмушка, сен кереметсің. Алматының қыздары аяғының астында жапырылып жататын Кубиктің саған емешесі құрып жүргені тегін емес. (Есік қағылады.) Тсс... келді.

Алма (дауыстап). Есік ашық. Хош келдіңіздер.

Қабанбай мен Бекболат кіреді. Қабанбай сақалын сыпырып, сықиып киініп алған. Тюрянчик гитарамен туш ойнайды. Қабанбай сасып қалады. Бекболат «саспа» дегендей жеңінен тартып қояды. Тюрянчик туш ойнап болып, тағзым етіп басын иеді.

Тюрянчик. Сіздерді көргеніме өте бақыттымын.

Алма (Қабанбайдың алдына реверанс жасап). Сізбен кездескеніме өзімді бақытты санаймын.

Кубик. Сізді көру маған зор мәртаба.

Ботка (реверанс жасап). Вы просто прелесть. Чао.

Қабанбай (Бекболатқа). Мыналарың мені мазақтап тұр ғой.

Алма. Сіз ғафу етіңіз. Сізді көргенімізге шын қуаныштымыз.

Кубик. Дұрыс айтады Алма. Сіз әлі өз бағаңызды білмейді екенсіз.

Алма. Кішіпейіл жігіт солай болады.

Бекболат. Ал, бұл жігіттің аты Қабанбай.

Ботка. Вот здорово. Сонда Қабан болғаны ма?

Алма. Ботка жиеніңді еркелетіп Кабанчик деп атайсың.

Тюрянчик. Қазақ та атты қоя береді-ау.

Қабанбай. Бұл ата-бабамнан келе жатқан есім. Оған арланбаймын.

Бекболат. Иә, Қанжығалы Бөгембай, Қара керей Қабанбай деген қазақтың батырлары болған.

Алма. О, сізді ғалым десем, батыр екенсіз ғой.

Тюрянчик. Бәсе, бас қондырысы бөлек-ау.

Қабанбай (Бекболатқа). Мыналарың енді мазақты қойып, масқаралауға көшті-ау. Қайда әкелдің өзің?

Бекболат (оңашалап). Бұлар бізді сынап тұр.

Білдің бе? Ендеше біз де сынап көрелік. Неге болса да шыдаймын дегенің қайда?

Алма. Екі жігіт келмей жатып құпия сөйлесіп кеткендеріңіз жараспайды.

Бекболат. Ғафу етіңіз. Сыйға сый, сыраға бал деген. (Қалшиып тұра қалып домбырасымен туш ойнап, тағзым етеді.) Сіздердей мәдениетті, Европа үлгісінде тәрбиеленген жастарды көргенімізге біз де аса бақыттымыз. Ал, осы үйге келіп жүретін жекжат адам болғандықтан сіздерді бір-біріңізге мен таныстырып қояйын. Қабанбай досымды сіздерге таныстырдым. (Қабанбайға.) Ал, мына алмадай үлбіреп тұрған қыздың аты — Алма. Ал, мынау болса — Ботка, осы үйдің еркесі.

Қабанбай. Ботка?

Бекболат. Иә, Ботка. Шын аты Ботагөз, соны ботқа қылып алған. Мына жігіт кәдімгі Басекеңнің баласы — Кубик. Әкесінің қойған аты Көбейсін болса керек. Басекең аузы дуалы кісі ғой, шынында да қазір осындайлар көбейіп барады. Ал, мына жігіттің аты Тюрянчик. Осының қазақша перуатын біле алмадым.

Алма. Төребек.

Қабанбай. Төребек болса миға қонады.

Гүлжамал кіреді.

Бекболат. Құдаша-жеңгей, Қабанбай деген жиеніңіз осы жігіт.

Гүлжамал. Саламатсың ба, қарағым.

Қабанбай (сасып). Саламатсыз ба. (Бекболатқа.) Жиені қалай?

Бекболат. Мен саған сюрприз жасаймын деп едім ғой. Сол осы. Сенің мамаңның шыққан тегі Қыпшаң емес пе? Miнe, бұл кісілер де Қыпшақ. Сонда жиен болмай қайда кетесің?

Гүлжамал. Иә, қарағым, жиендіктен қашын құтыла алмайсың.

Қабанбай. Білмеймін, мен өзі...

Бекболат. Білмесең біл енді. Тауда туып, таста өскен, ағайыннан басқа өскен.

Гүлжамал. Иә, қарағым, біліспегендігіміз болмаса, тіпті бөтендігіміз жоқ. Бекболатқа рақмет, таныстырып жатыр.

Бекболат. Ойбай-ау, құдаша-жеңгей-ау, сіздерді таныстырмасам ертең елге не бетіммен көрінем.

Гүлжамал. Ботка (Ботка қасына келеді.) Бұл менің қызым Ботагөз деген нағашы қарындасың. Ботка, танысып қой.

Ботка. Мен уже таныстым. Это наш Кабанчик. (Тілін шығарады.)

Гүлжамал (қысылып). Әй, сен...

Бекболат. Қалай жараса кетті-ай. Қайран нағашы-жиендер-ай. Көріспей жатып әзілдері жараса кетеді.

Алма. Гуля жеңгей, туғалы көріспеген жиеніңізді тауып алған қуанышыңыз құтты болсын.

Кубик. Сізді құттықтаймын, Гуля жеңгей. Чудесная находка.

Тюрянчик. Бұл шынында ғажайып кездесу. Құттықтаймын, Гуля жеңгей.

Гүлжамал. Сендер енді бұл жігіттердің мазасын ала берсеңдер. Бұлар ел тәрбиесінде өскен, сендердің мінездерің оғаш көрінуі мүмкін.

Тюрянчик. Оныңыз не, Гуля жеңгей. Біз де қазақ салтын білеміз. Мұндай... как это... құтты қонақ келгенде той жасау керек.

Кубик. Ботка, давай музыку.

Ботка. Кубик, ты светлая голова. (Барып магнитофон қосады. Төртеуі музыкаға ілесе билеп кетеді. Қалғандары музыканың шуынан, аяқ дүрсілінен қашып жүріп айқайлап сөйлейді.)

Гүлжамал. Бекболат айтып еді, жатар жерінің ыңғайы болмай жүр деп, осы үйде бол.

Қабанбай. Қысылып тұрғаным.

Гүлжамал. Сен тук те қысылма. Өз үйіңдей көр.

Қабанбай. Не дейсіз?

Гүлжамал. Өз үйіңдей көр деймін. Бөтендігіміз жоқ.

Бекболат. Ой, нағашыңның үйіне жатпағанда қайда жатасың.

Қабанбай. Былай сабақ дайындағанда ыңғайсыздау болып жүрмесе.

Гүлжамал. Сабағы несі. Оқуды бітірген жоқ па едің?

Қабанбай. Менің...і...і. Иә...

Бекболат. Үйреніп қалған, баяғы студенттік әдеті қалмапты, лекцияға дайындалам дегені ғой. Лекцияға.

Гүлжамал. А, солай ма. Лекцияға дайындалсаң осы үйден қолайлы жер таппайсың. Иә. Иә. Сондай тыныш. Төрт бөлмеде айналдырған Ботка екеуміз. Екеуміз ғана деймін. Саған мешайт ететін тірі жан жоқ.

Бекболат. Мұндай тыныш үйді қала тұрсын, ауылдан да таба алмайсың. Нағыз ғылымпазға керек бұл.

Гүлжамал. Ал, енді жастар кішкене дем алыңдар. Мен ас қамдап жіберейін. (Кетеді.)

Алма. Жиен жігіт биге келіңіз.

Кубик. Мәртабамыз өсіп қалсын, біздің компанияға қосылыңыз.

Қабанбай. Мен би білмеймін.

Алма. Білмесеңіз үйренерсіз. (Қолынан сүйреп билеп жүргендердің ортасына кіргізіп жібереді.) Тым болмаса аяғыңызды қимылдатыңыз.

Бәрі Қабанбайды қоршап, айнала билейді. Қабанбай орталарынан шыға қашады.

Оны Бекболат ұстап алады.

Бекболат. Ay, сенің мұның не?

Қабанбай. Жоқ, мен кетем.

Бекболат. Неге кетесің?

Қабанбай. Өзіңнің денің сау ма? Мына жерде диплом дайындамақ түгіл бар білгенімнен айрылып қалмаймын ба?

Бекболат. Айрылмайсың. Қаласың осында.

Қабанбай. Үй тауып бергеніңе рақмет. Кетемін.

Бекболат. Мен сені мықты деп құдайдай көріп жүрсем. Әшейін табансыз, қорқақ екенсің ғой.

Қабанбай. Мен бе қорқақ? Мен табансыз?

Бекболат. Енді кім? Мына секеңдеген пижондардан қорқып қашып бара жатырсың.

Қабанбай. Мен бе осылардан қашатын?

Бекболат. Енді кім? Әрине сенсің.

Қабанбай. Жоқ, мен қашпаймын.

Алма билеп жүргендердің арасынан жүгіріп келіп,

Қабанбайдың қолынан тартады.

Алма. Жиенжан, сіз тым ұялшақ екенсіз.

Бекболат. Е, бәсе десейші, жиен деген ерке болар еді. Мынаның әлі беті ашылмаған.

Алма. Ничего. Беті де ашылады. Бәріне де үйренеді.

Алма Қабанбайды қолынан сүйреп апарып, билегендердің арасына сүңгітіп жібереді.

Бәрі Қабанбайды айналып иқы-қиқы билеп жүр.

Бекболат (ілгері шығып). Осылай Қабанбайды әкеліп бір шылқымайға шылқ еткіздім. Ар жағы қалай болады депсіз бе? Жарайды, оны да айтайын. Тек кішкене дем алыңыздар. Қазақша айтқанда — антракт.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

Сол пәтер, Бұрынғыдай емес, үйі-іші тап-тұйнақтай. Гүлжамал шығады. Аса көңілді. Әндетіп жүр.

Гүлжамал (әндетіп).

Ешкім оны түземес,
Өзім қамын жемесем,
Қыз секілді қыз емес,
Көйлек киген демесең.
Жанға батып он есе,
Қабырғаммен кеңесем,
Еркек емес, немесе,
Шалбар киген демесең.
Ешкім оны түземес,
Өзім қамын жемесем,
Қыз секілді қыз емес,
Сырға таққан демесең.
Жанға батып он есе,
Қабырғаммен кеңесем.
Еркек емес немесе,
Шылым шеккен демесең.
Жанға батып он есе,
Қабырғаммен кеңесем.
Еркек емес немесе,
Арақ ішкен демесең.
Ақыл айтпас, түземес,
Өздеріндей досы бар.
Еркек емес, қыз емес,
Қыз-текелер осылар,
Бақытты апа мен емес,
Айналайын сырласым...
Еркек те емес қыз емес,
Келеді өсіп бір масыл.

Жоқ, Гүлжамал, енді бүйтіп зарлай берме. Құдай тағала бір сәтін берген-ақ шығар осы жолы. Кейде тіпті сенер-сенбесімді білмей қалам. Апырай, қалай ғана барлық жағы түгел келе қойды, ә. Мына Қабанбай бар ғой. Дәл осындай ойлаған жеріңнен келіп дік ете қалатын жігіт... Әй, дәл осындай екінші жігіт жоқ шығар. Әке-шешесі жоқ, аға-інісі де жоқ, өзі жалды, топырлап үйіңнің берекесін алатын ағайын, туғаны да жоқ... Қарадан дара басы. Торт жағы түгел-ау, түп-түгел. Тек күшік күйеу болып, үйіңе кіріп кетейін деп тұр. Осы арадан қапы кете көрме, Гүлжамал,

Сырттан сумка көтеріп Қабанбай кіреді.

Гүлжамал. Қарағым-ау, таң атпай қайда кеттің?

Қабанбай. Сізді шаршаған шығар, мазаламайын деп сүт, нан, ол-пұл әкеліп едім. (Ас үйге өтіп кетеді.)

Гүлжамал. Көрдіңдер ме? Қалай, ә? «Сізді шаршаған шығар, мазаламайын деп...» Таң атпай дүкенге жүгіріп. Мұндай рақатты іштен шыққан балаңнан да көрмейсің. Тіпті біздің Бектемір де мұндай емес еді. Иә, тек қудай тағала маңдайға сыйғызса десейші.

Қабанбай қайтып шығады.

Қабанбай. Жеңеше, мен театрға билет алып едім. Ботагөз екеуміз барсақ...

Гүлжамал. Е, бара ғой, қалқам. (Есік қоңырауы шырылдайды.) Ә-ә, бұл Биғайша болды ғой.

Қабанбай. Кім дейсіз?

Гүлжамал. Биғайша дейтін подругам менің. Жада келем деп еді. Барып есік аша қойшы.

Қабанбай (сасып). Мен ана жаққа барайын... Мен әлгі профессорға...

Гүлжамал. Профессорыңа үлгересің ғой. Кішкене кідіре тұр.

Қабанбай. Жеңеше, мен тым асығыс...

Гүлжамал. Жоқ, тұра тұр. Биғайша жиеніңді бір көрсетші деп қоймай жүр еді. Көрсін.

Қабанбай. Әйтсе де мен ана жаққа...

Гүлжамал. Несіне сасасың, өзіміздің Биғайша ғой. Бар, есікті аш. Көрінші өзіне бір. Қысылма.

Қабанбай сасқалақтап барып есік ашады. Биғайшамен амандаспай тез сырт айналып, көзіне қара көзілдірік киіп алады.

Биғайша. Сендер немене, әлі ұйықтап жатырсыңдар ма?

Гүлжамал. Ә, ә, кел, Биғайша. Жиенімді көруге ынтық болып жүр едің. Мінекей танысып қой.

Қабанбай (есін жиып, салмақпен). Саламатсыз ба.

Биғайша. Сәламатсыз ба. (Қол алысады.)

Гүлжамал. Биғайша екеуміз ЖенПИ-де бірге оқығанбыз.

Қабанбай. Сізді Гүлжамал апай көп мақтайды. Жақсыны көрмек үшін деген бар емес пе. Мен сізді бір көруге ынтық болып жүр едім.

Биғайша. Рақмет. Е-е, Гүлжамалдың мақтаулы жиені сен екенсің ғой. Дұрыс, дұрыс.

Қабанбай (сасыңқырап). Кім дейсіз?

Биғайша. Өзіңді айтам да. Басқа кім болсын.

Қабанбай. Иә... Әрине.

Биғайша. Осы өзіңді бір жерде көрдім бе, қалай?

Қабанбай. Мүмкін. Бір шаһарда тұрған соң...

Биғайша. Бір түрлі танитын жігітім сияқтысың. Осы... Әйтеуір біреуге ұқсатам. Тек кімге екені есіме түспей...

Қабанбай. Адамға адам ұқсай береді. Ғафу етіңіз. Жеңеше, менің Ғылми Советке дайындап жатқан материалым бар еді. Соны бітіріп тастайын.

Гүлжамал. Қой, бізбен бірге отырып шай іш.

Қабанбай. Жоқ, жеңеше, ғафу етіңіз. Ғылми Совет сағат он екіден басталады. Соған үлгеруім керек. (Биғайшаға.) Сау болыңыз, жеңгей. (Шығып бара жатып.) Ox, дүлей, неге мүрдем кетпейсің сен.

Гүлжамал. Қалай? Жиенім ұнады ма?

Биғайша. Былай нишауа. Тек өзі тәкаппарлау ма, немене?

Гүлжамал. Жо-оқ, тәкаппарың не сенің... Тіпті бар ғой... Сен бері қарашы, Биғайша, кеше азық-түлік әкелейін деп дүкенге кетсем... ыдыс аяқты жуып, столды жасап, шайды қайнатып, бәрін даярлап қойыпты. Ал, бүгін бар ғой...

Биғайша. Ботка ма?

Гүлжамал. Сен де құдайдың қоспағанын айтады екенсің. Ботка сағат он бірсіз тұрушы ма еді. Қабанбайды айтам. Содан бар ғой...

Биғайша. Сен тұра тұршы, Гүлжамал. Мен саған бір керемет жаңалық айтайын. Әлгі Басекең бар емес пе, Кубиктің әкесі, сол кісі тағы да жоғарылайды деген сөз естідім. Енді тіпті ананың өзі болатын түрі бар көрінеді, Байқадың ба, шаруаның қалай болғанын.

Гүлжамал. Содан бар ғой. Алдыңғы күні үйге келсем Қабанбай еденді жуып жатыр. Әдейі саясатпен «айналайын, қой, өзім жуам ғой» деп едім, «жоқ, жеңеше, жастар тұрғанда сіздің жуғаныңыз ұят емес пе, осы да сөз болып па» дегені. Тіпті ішім жылып қоя берді.

Биғайша. Ал, Басекеңнің жоғарылайтыны анық көрінеді. Мен оны Сара ападан естідім. Бұл қалада бір жаңалық болса алдымен Сара апаң естиді. Оның айтқаны қате кетпейді.

Гүлжамал. Қабанбай бар ғой өзі кітаптан бас алмайды. Нағыз мықты оқымысты болатын түрі бар. Тек, өзі бір түрлі түйеге мінгендей қызға ыңғайы жоқ па, деп қорқып жүр едім, жаңа маған айтады — «жеңеше, Ботагөзді театрға апарсам қайтеді», — дейді. Тіпті ішім жылып кетті. «Апара ғой, қарағым, жастардың көшеде жүргенінен театрға барғаны жақсы» дедім. Мәдениет қой.

Биғайша. Саған не болған, тіпті кісіге сөз бермейсің.

Гүлжамал. Ойбай-ау өліп-талып, бетін бері қаратқан жоқпын ба. Енді ішіме сыймай бара жатса қайтейін.

Биғайша. Менің ішім жарылмай тұр дейсің бе, ойбай! Сен бері қарашы, Гүлжамал. Құдай қаласа шаруамның да сәті түсіп келе жатыр. Кубик айтыпты: «Сен өзің маған шынымен ұнап келе жатырсың, старуха» депті.

Гүлжамал. Кімге айтыпты?

Биғайша. Маған айтты деймісің, Алмушкаға айтат та.

Гүлжамал. Алмушканы старуха дей ме?

Биғайша. Сен де өмірден артта қаласың да жүресің. Қазіргі жастардың бір-бірін «старуха» дейтін әдеті емес пе. Гүлжамал-ау, екеуміз қатар өскен құрбы едік, саған бір қолқа салайын деп тұрмын. Ана, Кубик, Тюрянчик екеуі сіздің үйге келіп жүреді, соңғы кезде келулері сиреп кетті. Бүгінгі жастар деген қиын ғой. Бір-екі апта кездеспесе аралары суып, айнып жүре береді. Темірді қызған кезде соң демей ме, сол суымай тұрған кезде қармақты салып қалсам деп едім...

Гүлжамал. Енді салсаң салмайсың ба?

Биғайша. Ойбай-ау, қабатын кезіне жете алмай жатыр ғой әлі. Өзің білесің ,біздің пәтеріміз сенікіндей емес, жұпыны. Кубик деген нағыз мықтының баласы, олардың тұрмыс-жағдайы бөлек, үйімді қазір Кубикке көрсетсем — олқысынып қала ма деп қорқам. Сондықтан да аралары әбден піскенше — осы сенің үйіңде кездесе тұрса деп едім.

Гүлжамал. Ау, сонда... Мен олардан құтыла алмай жүрсем...

Биғайша. Кішкене шыдасайшы. Мен шаруамды жөндеп алғанша.

Гүлжамал. Сен шаруаңды жөндеп алғанша — олар менің жынды қызымды нағыз ақ жын қылып жібермей ме? Ана жиенімізді де үркітіп жібереді ғой, о құрғырлар.

Биғайша. Ол өзі бір көнтерлі жігіт көрінеді. Төзе тұрар.

Гүлжамал. Жоқ, жоқ айтпа, Биғайша. Мен де шаруамның бетін жаңа ғана бері қаратын келе жатырмын. Сенің қызыңа бай тауып берем деп, өз қызымды байсыз қалдырар жайым жоқ.

Биғайша (мұңайып). Біз сияқты кембағалының сөзін кім тыңдасын. Баяғыда бірге оқыған Ақкүміс пен Ажарлар бүгінде бізге қарамайды да. Қонаққа барсақ босағада отырамыз. Төрдегілердің кесесін әперіп, рюмкелерін толтыруға ғана жараймыз. Бірге жасасын, бірге қартайып келе жатқан, жалғыз ғана көңілі өзгермеген сен едің. Енді сенің де қайрылмағаның ғой.

Гүлжамал. Апыр-ау, енді қайрылмайын деп тұрмын ба мен. Мені де Ботканың жағдайы қинап тұрған жоқ па.

Биғайша. Ботка әлі бала емес пе? Біздің Алмушкадан жас жарым кіші. Сендер сияқты мықтылардың қызы үйінде отырып қалады дегенге кім сенеді. Бір мықтымен құда боласың ғой.

Гүлжамал. Оның мықтылығы түссін. Дәл мынадай төрт жағы түгел келген жігіт, өмірде қолыңа бір-ақ рет ілінеді. Сен ренжімеші, Биғайша, өйтіп-бүйтіп бір амалын жасармыз.

Биғайшa. Е, сүйдесейші, айналайын Гүлжамал. Басекеңе менің бір қолым жетсе — түбі сендерге де зияны тимес. Қуандығым нашар болып, мен сендерден қалып қойдым ғой. Оқып жүргенде есепке жүйрік болғанға бір мықты болады екен десем, бұғалтырлықтан аса алмай-ақ қойды. Шіркін-ай, бір қолым жетсе дүниені төңкеріп, төбесінен қоя салар едім. О кезде тәмпіш мұрнын шүйіріп «Ә, Биғайша, халің жақсы ма», деп қайрылмай өте шығатын Ажарлар үйіріле қалып: «Оу, Биғайша-ау, баяғы бірге оқығанымызды ұмытып кеткенсің бе, үйге неге келмейсің», деп қалай елпілдер еді. «Осы күпі кісінің қолы босай ма, қалт еткенде бір соғармын», деп қайқайып өте шықсам-ау сонда. Ажарды қойшы, мықтыларыңның өзі «Биеке» деп, орысша мәдениеті барлары «Биғайша Білеубаевна» деп елпілдер еді-ау. «Шай үстінде Басекеңе бір ауыз сөз айта салсаңыз... о кісінің, бір званогі де жетеді ғой» деп, немесе: «тіпті Басекеңнің уақытын алмай-ақ құдағиыңызға айтсаңыз да» деп қиылып тұрар еді-ау. Эх, Гүлжамал, Гүлжамал. Оған жететін күн болса бар ғой (әндетіп).

Түшкіргенім,
Біреуге ауру болып жұғатын,
Үшкіргенім
Біреуге дару болып шығатын,
Құдай болмай шіркін-ай,
Құда болсам мықтыға
Дымдағаным
Біреуге дәулет болып жұғатын,
Ымдағаным
Біреуге пәтер болып шығатын,
Құдай болмай, шіркін-ай,
Құда болсам мықтыға.
Шүйілгенім
Біреуді тұғырынан жығатын,
Сүйінгенім
Біреуді биікке алып шығатын
Құдай болмай шіркін-ай,
Құда болсам мықтыға.

Ал, Гүлжамал, сендей қарапайым асыл досын болғанына тағдырға мың да бір рақмет. (Құшақтап.) Біздің қолға да бір қарға саңғып жіберсе — осы жақсылығыңды ұмытпаспын. Арқамды Басекеңе бір тіреп алсам... Ал, мен кеттім. Алмушкаға бір көйлек тіктіріп жатыр едім. Тігіншіге барып, соны тездет деп келісейін. (Шығады.)

Гүлжамал. Түу, Биғайша-ай, басымды шыр айналдырып жіберді-ау. Ана бір перілер келуін сиреткенге қуанып жүрсем... Енді тағы да әкеліп топырлататын болды-ау. Сөйтіп жүргенде мына Қабанбайдан айрылып қалмасам қайтсін. Ай, осы көңілшектігім-ай. Қабанбай десе Қабанбай ғой ол.

Ішкі бөлмеден Қабанбай кіреді.

Қабанбай. Сіз мені шақырдыңыз ба, жеңеше?

Гүлжамал. Жоқ. Неге шақырайын.

Қабанбай. Менің атымды атап дауыстап қалғандай болғасын.

Гүлжамал. А-а, айтпақшы. (Дауыстап.) Ботка, Ботка бері келші. (Ботка кіреді.) Қабанбай сені бүгін театрға шақырып тұр.

Ботка. Правда? Смотри, біздің жиен джентельменом становится. Только боюсь, что с ним я умру от тоски.

Қабанбай. Театрда менің бетіме қарап отырмассың. Спектакль көрерсің.

Ботка. Антракта қайтеміз. Думаешь интересно — бір бөренені сүйретіп жүрген.

Гүлжамал. Қайдағыны айтатының не сенің. Қабанбай өте интересный жігіт. Мен онымен қанша сөйлессем де жалықпаймын.

Ботка. Ендеше өзің бар. Екеуің керемет пар боласыңдар.

Гүлжамал. Сөзді қой әрі. Жиен болғасын қалжыңдаса бересің. Мен сенің көйлегіңнің түймесін қадап, өтектеп берейін.

Қабанбай. Сіз әуре болмаңыз, жеңеше. Шаруаңыздан қалмай жүре беріңіз. Ондай ұсақ-түйекті Ботканың өзі де істейді.

Ботка. Кім? Мен бе?

Қабанбай. Иә, жеңеше, сіз асығып тұрсыз ғой.

Гүлжамал. Жарайды ендеше. (Кетіп бара жатып.) Бүлдіріп алса қайтып келген соң жөндеп беремін. (Шығады.)

Қабанбай. Ботагөз, бар көйлегіңді әкел.

Ботка барып көйлегін әкеледі.

Ботка. Мамама істетпедің. Мә, енді өзің істе. (Көйлекті столға тастай салады.)

Қабaнбай. Ол ненің ақысы? Түймеңді өзің қадап, көйлегіңді өзің өтектейсің.

Ботка. Как ненің ақысы. Mен білмеймін. Сен істейсің, вот и все.

Қабанбай. Жоқ, все емес. Білмесең үйренесің. Кәне.

Ботка. Откуда ты взялся что бы приказывать. Эх ты жених.

Қабанбай. Мен бе жених?

Ботка. Енді кім. Мен бәрін білем, мамам мені саған күйеуге бергісі келеді. Вот потеха. Ха-ха...

Қабанбай. Солай де. Несі бар, менің үйленетін уақытым болды. Үйленсем үйлене салам. Азғантай жының бар. Соны қағып тастаса әжептәуір әйел боласың.

Ботка. Егер үйленетін болсаң мына түймені қада, сосын өтекте.

Қабанбай. Содан кейін не істейін?

Ботка. Содан кейіп анда кухнядағы ыдыс-аяқты жу. Тамақ пісір.

Қабанбай. Егер мен үйленетін болсам, осының бәрін сен істейсің.

Ботка. Что-о? Онда сеп маған неге керексің. Сенің кітапқа үңілгеніңе қаран, зерігіп өлу үшін керексің бе?

Қабанбай. Қызмет істесең, үй шаруасын қарасаң, оның үстіне бала-шағаң болса — зерігу түгіл сіңбіруге мұрсатың болмайды.

Ботка. Нечего сказать. Прекрасная перспектива у меня — себя заживо хоронить.

Қабанбай: Кәне, уақыт аз, түймеңді қада.

Ботка. Ты скажи хоть... біз қайда, қай театрға барамыз?

Қабанбай. Кәдімгі операға.

Ботка. Операға? Вот рассмешил. Конечно, сенен одан артық не күтуге болады? Мені совсем зеріктіріп өлтіргің келген екен.

Қабанбай. Опера деген музыканың ед биік сатысы.

Ботка. Ендеше мамамды апар. Ол операны жақсы көреді, особенно қазақ операсын.

Қабанбай. Мамаң бармайды.

Ботка. Неге?

Қабанбай. Бүгін операда спектакль емес, Тынық мұхиттан келген папуас ансамблінің концерті болады. Олар ышқырына жапырақ байлап алып, жалаңаш билейді.

Ботка. Ой, какая прелесть. Мен әлі тірі папуас көрген жоқпын. Слушай, Кабанчик, ты положительно развиваешься. А то был таким чурбаном. Ужас.

Қабанбай. Не дейсің?

Ботка. Ну я шучу. Прости, пожалуйста.

Қабанбай. Кешірімді қазақша сұра.

Ботка. Қазақша как... Сен... сен оны таза ақшаға алма.

Қабанбай (таңырқап). Таза ақша? Ол не пәле?

Ботка. Как пәле? Ну, не принимай за чистую монету.

Қабанбай (ішек-сілесі қатып). Ой... таза ақша... таза ақша...

Ботка. Ну, чего ты смеешься. Монета же это ақша...

Қабанбай. Дұрыс, дұрыс. Бағдарың дұрыс, әйтеуір. Баса бер.

Ботка. Хоть и смеешься все равно тебе спасибо. Ну, теперь девчонки от зависти лопиут. Алмушкаға билет алдың ба?

Қабанбай. Сенің ең жақын подругаңа алмасам масқара емес пе? Әрине, алдым.

Ботка. Ой, Кабанчик, рақмет. Сен шынында да джентельмеи болып келесің.

Қабанбай. Сендер болғызбай қоясыңдар ма кісіні. Кәне егер концертке баратын болсаң — түймеңді қадап, көйлегіңді өтекте тезірек.

Бока. Ну, Кабанчик, я же не смогу.

Қабанбай. Не смогу болсаң бармайсың. Мен бір-ақ айтатын адаммын. Содан кейін «Қабаншығыңды» қой. Тым болмаса Қабаш деші.

Ботка. Жарайды, Қабаш. Я постараюсь. (Көйлегін алып түймесін қадай бастайды. Шыңғырып жібереді.) Ой.

Қабанбай. Не боп қалды?

Ботка. Қолыма ине тығып алдым.

Қабанбай. Уақасы жоқ.

Ботка (тағы да шыңғырып). Ой.

Қабанбай. Tiгe бер, уақасы жоқ.

Ботка. Как уақасы жоқ. Уже қан шықты.

Қабанбай. Қолыңды енді бір үш мәрте түйреп алсаң үйреніп кетесің.

Есік қағылады. Ботка жүгіріп барып есік ашады. Алма кіреді.

Ботка. Ой, Алмушка, менің саған сюрпризім бар.

Алма. Қандай сюрприз?

Ботка. Нас Кабанчик... (Қабанбайдың ала көзімен қарағанын байқап.) Біздің Қабаш папуастардың концертіне билет әкелген. Это такая экзотика. Правда, ол мәдениетті болып келеді.

Алма. Иә, аяқ алысы жаман емес, түбі адам болатын жігіт көрінеді. .

Ботка. За то сол үшін мені азапқа салып қойды.

Қабанбай. «Алмақтың салмағы бар» деген қазақ. Соны ұғып қой, Ботагөз.

Алма. Ботка, сенің ұстазың мықты екен. Бізге қандай ақыл айтасыз, оқымысты жігіт. Көптен бері ақыл айтатын кісі табылмай жүр еді. Ақысыз ақылыңыз болса — маған да бір екеуін айта салсаңыз. (Қабанбайдың алдына иіліп тағзым етеді.)

Қабанбай. Саған бұлай қисалаңдау жараспайды, Алма.

Алма. Ой рақмет, бір ақылды уже айтып тастадыңыз.

Ботка. Алмушка, мен кухняға барып келейін. Мамамның қандай запасы бар екен. (Шығады.)

Қабанбай. Алма, мен сізді көптен бері бақылап келе жатырмын.

Алма. Көптен бері?..

Қабанбай. Иә, айдан асты.

Алма. Онда тым көп екен.

Қабанбай. Иә, адамды тану үшін кейде бір күн де жетеді. Алғашқы осы үйде көрген күні-ақ байқағанмын — сіз өз рөліңізде жүрген жоқсыз.

Алма. Енді кімнің рөлінде?

Қабанбай. Ол арасын білмеймін. Әйтеуір, сіз бөлексіз. Аналардан тіпті бөлексіз.

Алма. Оны қайдан біліп қалдыңыз?

Қабанбай. Көзіңізден. Қанша мәз болып секеңдеп жүрсең де көзіңде бір мұң бар.

Алма. О-о, керемет психолог екенсіз. Жазып жатқан диссертацияңыздың тақырыбы психология емес пе?

Қабанбай. Жоқ.

Алма. Өкінішті. Ендеше тезірек өзгертіңіз.

Қабанбай. Сіз тағы да өз сөзіңізді айтып тұрған жоқсыз. Ойнап тұрсыз.

Алма. Өмір деген ойын, біз бәріміз де актерміз, деген екен бір данышпан.

Қабанбай. Жоқ, өмір деген ойын емес.

Алма. Сіз де өз рөліңізді ойнап жүрсіз. Тек оны өзіңіз сезбейсіз.

Қабанбай. Мен бе?

Алма. Иә. Кәне, маңдайыңызды бері әкеліңізші.

Қабанбай (таңырқап). Маңдайыңызды?

Алма. Иә. Барлық данышпандықты құдай сізге ғана беріп қоймаған шығар. Мен де құр алақан емеспін. Сіз көзден оқысаңыз мен маңдайдағы жазуды оқып үйренгенмін. Бері келіңіз, сәл иіліңізші. (Қабанбайдың маңдайына үңіліп.) Бес минуттан кейін сіз кандидат боласыз. Сөз жоқ қорғайсыз. Қорғай алмай қалатындар болмайды. Содан соң сіздің еңбегіңізді полкаға салып қояды. Оны ешкім оқымайды. Оған ренжімеңіз. Оның есесіне сіз дардай кандидат боласыз. Айына үш жүз сом ақша аласыз. Тоқтай тұрыңыз, дальше интересно. Мына жерде бір жазу бар. Так... Осылай столға тұмсығыңызды тіреп он жыл отырсаңыз — доктор болып шығасыз. Қалыңдығы жарты қарыс еңбек жазасыз. Ондай кірпішті ешкім оқымайды. Әйтеуір көп еңбек етті ғой. Там наверно что-то есть. Обалына қалармыз деп, дауыс береді. Сіз буған да ренжімеңіз. Оның есесіне — айлығыңыз көбейеді, үйіңіз толған фарфор, хрусталь, модный мебель болады. Машина да сатып аласыз. Бұғағыңыз салбырап, қарыныңыз өседі, сонымен бірге беделіңіз де өседі... Ал, осы айтқаным келмесе, мұрнымды кесіп берейін. Все это прекрасно, только какая зеленая тоска.

Қабанбай. Мен кім болатынымды, не бітіретінімді білмеймін. Бірақ әйтеуір еңбек етемін. Оған арланбаймын.

Алма. Пожалуйста, оған мен қарсы емеспін.

Қабанбай. Бірақ мен сенің ана Кубигіңе қарсымын. Соның несіне қызығатыныңызды...

Алма. Бұл не? Қызғаныш па? Кубик деген шикарный парень.

Қабанбай. Соны шынымен жақсы көресіз бе?

Алма. Конечно, жақсы көрем. Мамам оны менен де жақсы көреді.

Қабанбай. Ох, сенің мамаң...

Алма. Менің мамамның несі бар?

Қабанбай. Сенің мамаң ба? А... Жоқ, жоқ. Сенің мамаң өте жақсы кісі. Тек Кубикті жақсы көретінін айтам...

Алма. Жақсы керсе несі бар?

Қабанбай. Әкесі мықты ғой.

Алма. Разве это плохо. Сіздің он жылда өліп-талып қолыңыз жеткен дүниені мен бір-ақ күнде қағып алам. Көрдіңіз бе, сізден гөрі мен ақылдырақ болып шыққанымды.

Қабанбай. Ал, оның әкесі пенсияға шыққанда қайтесіз?

Алма. Ол кезде сіз доктор боласыз. Сізге тиіп аламын.

Қабанбай. Туу, қайдағы жоқты...

Алма. Ғафу етіңіз, олай болмайды екен. Өйткені онда сіздің мансабыңызға нұқсан келеді. Сондықтан әйеліңіз төбеңізден қанша тепкілеп жатса да сіз ажыраспайсыз. Солай, жолдас, бес минуты кем кандидат...

Қабанбай. Қайдағы кандидат?

Алма. Жақында кандидаттың қорғамайсыз ба?

Қабанбай. Ах, айтпақшы солай екен-ау. Ұмытын кетіппін ғой.

Алма. Ұмытқаны қалай?

Қабанбай. Ұмытқаны дейсің бе? Әй, құрып кетсінші... Алмушка, мен саған өтірік айта алмаймын. Шынымды айтсам кандидаттық емес, диплом қорғауға дайындалып жатырмын.

Алма. Тоқтаңыз, сонда сіз әлі студентсіз бе? Жұртқа ақыл айтқанда мықтысыз. Отызға келгенше оқу бітіре алмай жүріп. Да, не совсем блестящая карьера у вас.

Қабанбай. Екі жыл әскерде болдым. Оқуға түсе алмай екі рет құладым. Үш жыл осы қалада қара жұмыс істеп жүріп дайындалдым.

Алма. Сонымен сіз орта қол ғана алаяқ болып шықтыңыз ба.

Қабанбай. Неге?

Алма. Гуля апайды алдау үшін нағыз мықты жулик болудың керегі жоқ.

Қабанбай. Иә, ашу үстінде жатақханадан қуылдым да..

Алма. Жатақханадан да қуылдыңыз ба? О, сіз маған ұнап келе жатырсыз. Қол жетпейтін болашақ бір жұлдыз ғой десем, кәдімгі өзіміз сияқты жалаң аяқ, көп сотқардың бірі екенсіз ғой.

Қабанбай. Шынында да мен ыңғайсыз, ұят жағдайға ұшырап қалдым. Білмеймін, енді осыдан қалай жол тауып кетерімді.

Алма. Бұл халіңізде сізге мен қол ұшын беруге жарамаймын. Тек қолымнан келер жақсылығым — сізді әшкерелемей-ақ қояйын.

Бекболат кіреді.

Бекболат. Есік ашық екен. Рұқсатсыз кіріп кеттім.

Алма. Сізге Гуля апайдың есігі қашан да ашық.

Бекболат (әндетіп).

Алма бетті Алма қыз,
Қызарып иіскен алмадай,
Емешесін құрытып.
Ындынын түгел кептірген
Бар жігіттің арманы-ай.
Үлбіреген алманы
Үзіп алар ақырын
Күн болар ма жалған-ай.
Көзі көріп қол жетпей
Іші күйіп тұз жалап,
Бекболат сорлы зарлады-ай.

Қабанбай. Сен зарламай, тоқтай тұршы.

Бекболат. Не боп қалды?

Қабанбай. Осының түбінде бір шикісі шығады деп айтқан жоқ па едім, мен саған. Мінекей, енді келіп мені үйдей ұятқа қалдырдың.

Бекболат. Қайдағы ұят? Қайдағы шикі? Менен шикі шыққан жоқ. Менің ішімде ит өліп, арыстан шіріп жатса да титімдей исі шықпайды.

Алма. Өтірігін бұл жігіттің өзі мойындап тұр,

Бекболат. Ай, бүлдірерсің-ау деп едім. Қыздың алдында қылдырықтай сырын жасыра алмайды ғой бұл шіркін.

Қабанбай. Алмаға өтірік айта алмағаным рас. Бірақ кімнің алдында болса да ұят болды. Гуля апай сондай ақ көңіл адам... Осы сен... Жуликсің.

Бекболат. Оның рас. Бір келіншек айтқан екен: көршілердің көңіліне қараймын деп балаларым әкесіне тартудан қалды деп. Осы сендерге жаным ашимын деп, мен де жулик боп барам.

Қабанбай. Сен бар ғой, сеп бәрін бүлдірдің.

Бекболат. Алмушка, мынаны қарашы, мен бәрін түзетіп жүрсем — бүлдірдің дейді. Оқасы жоқ. Менің құдаша-жеңгейім Қабанбай дегенде ішкен асып жерге қояды. «Осы бала келгелі Боткам жөнге түсіп қалды, қазақшаға да тілі сынып келе жатыр» деп маған күнде алғыс айтады. Ертең дудай беріп күйеу болып алған соң бәрі ұмыт болады. Бүгін осы үйге құда түсуге келдім.

Қабанбай. Ай, мен саған қашан құда түс деп едім. Жоқ, жоқ...

Бекболат. Өз қолыңнан түк келмесе қайтейін. Сараң әйел алып беретін әке-шешең жоқ мұнда. Сені мен аяқтандырмасам кім аяқтандырады.

Қабанбай. Жоқ, жоқ, әркімнің өз жүрегі бар...

Бекболат. Әй, сонша қызға бір бүлк етпеген жүректі... Соны да жүрек деп әлдеқандай қылуын қарашы.

Қабанбай. Жоқ, бүлк етеді.

Бекболат. Mен не естіп тұрмын? Рас па?

Қабанбай. Менің сүйген... Ну, жақсы көрген адамым бар.

Бекболат. Алмушка, мынаны қарашы... Ай мынадан бір нәрсе шығатын түрі бар. Егер секрет болмаса айтшы кім?

Қабaнбай. Ол ма? Жоқ, оны айта алмаймын.

Бекболат. Неге айта алмайсың? Ол өзі сені жақсы көретін қыз ба, тым құрмаса?

Қабанбай. Мені ме?

Бекболат. Әрине сені, әлде мені деп пе едің?

Қабанбай. Білмеймін. Сірә„. сірә ол мені жек көретін шығар.

Бекболат. Е, бәсе... өнбейтін дауды өспейтін жігіт қуады деп, сондай бір өнбейтін шаруаға ұрынатыныңды өзім де біліп едім.

Алма. Неге? Егер адам шын сүйсе — қайтсе де мақсатына жетеді.

Қабанбай. Рас айтасыз ба, Алма?

Алма. Әрине, рас айтам. Әлде жұрттың бәрін өзіңіз сияқты алдамшы деп пе едіңіз?

Қабанбай. Рас. Мен өзі шын масқара болыппын. (Алманың алдында тізе бүгіп.) Кешіріңіз. Сіз кешіріңіз мені.

Кубик пен Тюрянчик кіреді.

Кубик. Біз мезгілсіз келіп қалған жоқпыз ба?

Алма. Жоқ. Сіз дәл түстіңіз.

Тюрянчик. Ғалым жігітке сәлем. Ваша поза многозначительна. Это объяснение в любви или уже предложение руки?

Алма. Бұл жігіт кітаптан қолы босап кеткенде екеуін бір-ақ айтып тұр.

Қабанбай (орнынан тұрып). Сәламатсыздар ма. ( Ыңғайсызданып теріс айналып кетеді.)

Кубик. Сонда той қашан?

Бекболат. Ертең. Гитарларыңды арқалап келіңдер. Көшеде босқа сарнағанша — тойда өлең айтып жұрттың көңілін көтеріңдер.

Тюрянчик. Дәмесін қарай гөр, мыналардың. (Кекетіп.) Ғафу етіңіздер, біз сіздердей жоғарғы қауымның ортасында болуға... как это... қысыламыз.

Бекболат. Тук те қысылмаңыз. Сенің ана гитарыңмен менің мына жетім домбырамды айтыстырамыз.

Кубик. О-о. Давай Тюрянчик.

Тюрянчик.

Өтеген боп парызды
Атавизм тәрізді
Қарт шопанның ерінде,
Концерттің әр жерінде
Шіңкілдеген домбыра.
Хал-жағдайын сұрасаң,
Құлағын сәл бұрасаң.
Киіз үйін еске алып,
Кең сарайдан жасқанып,
Шіңкілдеген домбыра.
Шалмен бірге марқайып,
Кемпірмен бір қартайып.
Күй атасын жүдетіп,
Бірте-бірте күні етіп
Күңкілдеген домбыра.

Бекболат.
Ішін арақ өртеген
Басы ауырып ертемен.
Шишаларға көз сүзген
Жолдас болып ессізбен
Ыңқылдаған гитара.
Тұрмай жатып төсектен,
Иі жұмсақ, бос өкпе
Шешесінен, сірәда,
Ақша сұрап сыраға
Қыңқылдаған гитара.
Есіргеннің қойнында,
Есерсоқтың мойнында,
Дуалдардың түбінде,
Жын-шайтанның тілінде
Мыңқылдаған гитара.

Айтыстың аяқ жағында Ботка кіреді.

Ботка. Вот бессовестные. Мен анда кухняда азапқа түсем. Ал, бұлар мұнда мәз-мейрам.

Тюряичик. Привет, старуха. Как? Перевоспитываешься? Енді сені сүюге де болмайтын шығар.

Ботка. Неге болмайды. Болады. Только в щечку.

Кубик. Қорықпай-ақ қой одан. Біздің тез қалпымызға келуіміз оп-оңай.

Ботка. У нас новость. Бүгін наш Кабаш папуастардың концертіне билет әкелді.

Тюрянчик. Біз оны кеше көргенбіз.

Ботка. Кіммен бардыңдар?

Тюряичик. Сол да сөз болып па. Кубик шақырса... қыздар қырылып қалмай ма. Бақыты барлары табылды.

Ботка. Ах, бессовестные, бізді шақырмайды.

Тюрянчик. Әрине, Кубиктің сендерге ықыласы бөлек. Біз звонить еттік. Мамаң үйде жоқ, деді.

Ботка. Ох и мама...

Алма. Жарайды, Ботка, қиналма, бүгін барамыз ғой. Қырылып жатқан қыздардың ішінде босқа өліп кетерміз. Жить охота.

Ботка. Конечно, бүгін барамыз. Но все-таки не хорошо, Кабаш, сен нешінші қатарға алдың билетті?

Қабанбай. Галеркаға.

Ботка. Галерка это ужасно.

Тюрянчик. Ендеше Кубик алдыңғы қатарға әпереді ғой.

Алма. Жоқ, мен галеркаға-ақ отырам. Ол жігітті қинағым келмейді.

Тюрянчик. Со да бұйым болып па, Кубиктің бір звоногі. И все. Кубик, әпересің ғой?

Кубик. Әрине, әперуге болады. Бірақ... (Қабанбайға.) Пардон мсие, сіз ренжімейсіз бе?

Қабанбай. Жоқ, ренжімеймін.

Кубик. Боижур мсие.

Қабанбай. Сіз француз тілін тәуір білетін боларсыз.

Тюрянчик. Кубик француз тілін сұңқылдатады ғой.

Қабанбай. Ендеше ескере жүрерсіз. Француздар пардон бонжур, деп «р» әрпін ырылдатпайды. Жұтып қояды, немесе біздің қазақтың «Ғ» әрпіне ұқсатып жұмсақ айтады. «Пағдан, Бонжу».

Кубик. Кешіріңіз. Сіз француз тілінің маманысыз ба?

Қабанбай. Жоқ. Mен түрік тілдерін зерттемекпін. Француз тілін қосымша үйренгенмін.

Алма. Сонда сіз түрік тілдерін не мақсатпен зерттемексіз?

Қабанбай. Ана тілімнің арғы-бергі тегін білу үшін. Негізінде мен қазақ тілінің маманы болмақпын.

Тюрянчик. Сонда бар бітіргеніңіз языковед болу ма? Тем более қазақ тілі. Ол кімге керек?

Қабанбай. Ол маған керек. Менің балама, ұрпағыма керек. Ата-бабамның аруағына керек.

Бекболат. Иә, ол маған да, Боткаға да керек. Ұғына білсеңдер сендерге де керек.

Кубик. Теперь мода пошла на все национальное. Тіл, ән күй... жүн-жұрқа, киіз үй... По-моему надо быть просто современным культурным человеком. Нағыз мәдениет деген біреу ғана.

Қабанбай. Нағыз мәдениет біреу болса біреу шығар. Бірақ оның екі аяғы бар.

Тюрянчик. О-йо-йо. Екі аяғы дейсің бе?

Қабанбай. Иә. Оң аяғың өзіңнің халқыңның мәдениеті, сол аяғың дүние жүзілік мәдениет.

Бекболат. Демек осының бірі болмаса — шойнаңдаған ақсақ боласың.

Кубик. Біз үлкен ғалымдармен таласа алмаспыз. Давай, ақсақ болсақ та билеп қалайық.

Тюрянчик. Ботка, музыку.

Ботка. Что за скучные разговоры. (Музыка ойнатады.)

Кубик (Алмаға). Мүмкін оқымыстыңызды биге шақырарсыз.

Алма. Ол билемейді.

Кубик. Ендеше сізді шақыруға рұқсат етіңіз.

Қабанбай. Сіз ренжімесеңіз, мен Алманы биге шақырып қойғанмын.

Кубик. Онда сізге фокстрот, танго керек шығар. Ондай атам заманғы... как это... Әдіра қалған билердің пластинкасы табыла қояр ма екен.

Қабанбай. Жоқ осы құтырғаныңның өзін-ақ көрейік.

Бәрі билеп кетеді. Қабанбай секеңдегенде тіпті ана екі жігітті беліне қыстырып кетеді. Ботка оның билегеніне мәз-мейрам болып, алдына келіп жарысып билейді. Гүлжамал мен Биғайша кіреді. Бекболаттан өзгелері оны байқамайды. Гүлжамал Қабанбайдың секеңдеп жүргенін көріп аң-таң.

Гүлжамал (Бекболатқа). Ойбай-ау, мынауың... мынауың да жынды болып шықты ғой.

Бекболат. Неге құдаша-жеңгей?

Гүлжамал. Мен бір жібі түзу, орнықты жігіт десем, мынауың аналардан бетер секеңдейді ғой.

Бекболат. Мұның атып тактика дейді, құдаша-жеңгей.

Гүлжамал. Тактика?

Бекболат. Иә. Тактика, құдаша-жеңгей. Суворов деген данышпан қолбасшы айтқан «дұшпанды өз қаруымен ұру керек» деп:

Гүлжамал. «Өз қаруымен» дейсің бе?

Бекболат. Иә. Мына секеңдегендерді ездерінен бетер секеңдемесең қалай жеңесің?

Ботка (биден алқынып, мамасына жүгіріп келіп). Мама, мамочка. Какая прелесть. Сен Қабаштың билегенін көрдің бе? Просто чудо. Он оказывается совсем современный парень.

Гүлжамал. Әрине современный. Мен саған айтқан жоқ па едім. Скушпый, скушный деп болмайсың келіп.

Ботка. Жоқ, ол тіпті скушный емес. Остроумный.

Гүлжамал. Оны мен басынан білгенмін. Көрдің бе қандай тамаша жігіт. Қолынан келмейтіні жоқ. Биіңе де, үйіңе де бірдей.

Қабанбай. Шаруаның түгенделетін түрі жоқ, Бекболат. Байқасам, бар есепті бұзып жіберіппін. Бұл үйден енді кетпесем болмайды. Алма, сіздің мені жек көретініңізді білем. Бірақ мен сізді жақсы көрем. Шын жақсы көрем, білдіңіз бе? Алғаш көргенде-ақ жүрегім шымырлап қоя берген. Сіз қанша жек көрсеңіз де менің жүрегіме бұйрық бере алмайсыз. Менің жүрегім тек сіз деп қана соғады. Оны ешкім тоқтата алмайды.

Гүлжамал. Ойбай-ау, өліп-талып енді сәтін келтірдім десем, мынаның аяғы не боп барады?..

Ботка. Я его только что полюбила, а он меня не любит. (Жылап жібереді.)

Қабанбай. Айналайын Ботка, сен ақ көңіл, аңқау, жақсы баласың. Mен сені жақсы көремін.

Ботка. Как жақсы көресің? Сен Алмушканы жақсы көресің.

Қабанбай. Сенің ағаң жоқ қой? Ботка. Жоқ.

Қабанбай. Mен сені туған ағаңдай жақсы көремін. Егер қарсы болмасаң, ең жақын ағаң болайын. Сізден де кешірім сұраймын, Биғайша апа.

Биғайша. Тоқта, тоқта... Сен жолдас Жалғасбаев емессің бе? Сақалың қайда?

Қабанбай. Сақалдан жұрдай болғанмын. Енді тіпті абыройдан да жұрдай бола жаздаппын, Биғайша апа.

Биғайша. Мен мұны жатақханадан қуып жібергенмін.

Алма. Мама, бұл жігітті сен қуғанмен, мен қуа алмаймын.

Биғайшa. Не дейсің?.. Мақтаған қызымның сиқын қара. Жалаң аяқ студентке жармасып...

Алма. Екі жалаң аяқ пар боламыз.

Биғайша. А?.. Уже есің кетіп қалған ба? Гүлжамал-ау, мына қызы құрғыр бар есебімді бұзып кетті ғой. Бір ақылын тапсайшы.

Гүлжамал. Менің есебім бұзылмай тұр ма, ойбай-ау. Менен ақыл сұрағаны несі...

Бекболат. Ал, дайын енеге қарық болдың, Рубеке.

Қабанбай. Жоқ, Биғайша апай жаман кісі емес. Тек қызып кететіні бар. Биғайша апа, сіз... сіз мені кешіріңіз. Мен сізден зор кешірім сұраймын. Со жолы мен былай... қызып кетіппін.

Биғайша. Қай жолы?

Қабанбай. Анада... жатақтан қуылатын жолы.

Биғайшa. Aha, енді ақылың кірді ме? Тәрбиеге көнбейтін қиқар едің.

Алма. Мама, біз тәрбиеге көнеміз.

Биғайша. Сен неге елпілдейсің. Осы күнгінің қызы тым болмаса бұлдануды да білмейді. Жолдас Жалғасбаев, сіз туралы мен әлі ойланамын.

Кубик пен Тюрянчик кіреді.

Тюрянчик (Кубикті кейін тартқылап). Үлкен басыңды кішірейтіп, сондай-ақ кім еді олар. Подумаешь...

Кубик. Қой дедім ғой.

Тюрянчик. Сенің қадіріңді біле ме олар. Еще упижаться перед ними.

Кубик. Алма, мен сізден кешірім сұрауға келдім.

Алма. Сіз бе? Сіз айтарыңызды түгел айтқан сияқты едіңіз ғой.

Тюрянчик. Естідің бе, әне. Кеттік, Кубик.

Кубик. Менің атым Кубик емес, Көбейсін. Доғар енді. (Алмаға). Әрине, сіздің кешпеуге хақыңыз бар. Mен хайуандық жасадым. Оны өзіме өзім де кешпеймін. Бірақ сіздің алдыңызға келіп кешірім сұрамасам, одан бетер хайуан болады екем. Mен сіздердің бәріңізден кешірім сұраймын.

Бекболат. Мінекей, мұның дұрыс. Адасқанның айыбы жоқ деген.

Кубик. Жоқ. Адасқанның айыбы бар екен. Ақымақ болғанымды жада білдім. (Қабанбайға.) Сіз кешіріңіз. Мен сізді қатты сыйлайтын болдым.

Тюрянчик. Керек еді оған сенің сыйлағаның, он же победитель.

Қабанбай. Неге керек емес, Әбден керек. Сыйлата алсаңыз менің де сізді сыйлағым келеді. Сыйласайық. Халқымыздың аз-көп барын сыйлайық, елдігімізді сыйлайық.

Бекболат (ілгері шығып). Қабанбайдың хикаясы осылай аяқталды. Аяқталған жоқ дейсің бе? Бірақ түбі қайыр боларын іштеріңіз сезген шығар. (Әндетіп, оған бәрі қосылады).

Ағайындар, жасамысың, жасың бар,
Азаматқа құшақты кең ашыңдар.
Сай қалыңдық іздемейтін адам жоқ,
Екі Бай қалындық іздегеннен қашыңдар.
Ағайындар, жасамысың, жасың бар,
Ару қызға құшақты кең ашыңдар.
Кішік күйеу іздемейтін адам жоқ,
Күшік күйеу іздегеннен қашыңдар!
Ағайындар, жасамысың, жасың бар,
Адалдарға құшақты кең ашыңдар!
Жақын құда іздемейтін адам жоқ,
Әкім құда іздегеннен қашыңдар!

Түсініктер

«Ант» — тарихи тақырыпқа жазылған бұл драмалық дастан автордың «Жазушы» баспасынан 1973 жылы жарық көрген «Шырағың сөнбесін», және «Жалын» баспасынан 1978 жылы шыққан «Ана даусы» деп аталатын кітаптарына енген.

«Сәуле» — 1962 жылы «Жұлдыз» журналының № 3 санында жарияланған. 1963 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан шыққан «Дала сыры» деп аталатын повестер мен әңгімелер жинағына, 1974 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген екі томдық таңдамалы шығармалар жинағының бірінші томына және 1978 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Ана даусы» пьесалар жинағына енген. Бұл пьеса Қазақтың М. Әуезов атындағы академиялық және республикамыздың өзге де драма театрларында қойылды.

«Боран» — 1966 жылы Қазақтың М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында, т. б. театрларда қойылған.

«Әке мен бала» — 1975 жылы Талдықорған облыстық драма театрында қойылды.

«Махаббат мұңы» — 1974 жылы Алматы жасөспірімдер театрында қойылды.

«Күтпеген кездесу» — 1970 жылы М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылды.

«Арыстанның сыбағасы» — 1964 жылы Семей облыстық драма театрында қойылған.

«Күшік күйеу» — 1976 жылдан бері Алматы жасөспірімдер театрында және басқа да театрларда қойылған.

Аталған бұл пьесалар жазушының 1974 — 1978 жылдары «Жазушы» және «Жалын» баспаларынан жарық көрген екі томдық таңдамалысы мен «Ана даусы» деп аталатын пьесалар жинағына енген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз