«Алтыбасарды» 1924 жылы Оқу комиссариатының жанындағы Білім кеңесі қарап, жақсылап бағалаған екен. Білім кеңесінің жақсылаған сынын алған соң «Алтыбасарды» кітап қылып шығаруға Мемлекет баспасы алады екен. Машинкеге түсуге кезегін күтіп жатып «Алтыбасар» жоғалады. Жазушысы Сабыр Шәріпұлы алыста (Ембінепте) болғандықтан «Алтыбасардың» іздеушісі болмай, жоғалған бойымен аяқсып қалады екен.
Биыл 1925 жылдың ақырғы күнінде Ембінептен Қызылордаға Сабыр келіп «Алтыбасарды» зерттеп, баспадағысы дерексіз кеткен, бұрынғы «Қызыл Қазақстан» журналының номерлерінде басылғандарын жинауды маған тапсырып кеткен еді. Мен «Алтыбасардың» журнал номерлерінен құрастырып, аздап жөндеп, қайта көшіріп, Мемлекет баспасына тапсырдым.
«Алтыбасар» қазақ тұрмысынан жазылған әңгімелердің ішінде шебер жазылған кітап. Қазақ тұрмысынан, қазақ-крестьян тіршілігінен нұсқа, үлгі, мысал боларлық кітап. Тілі таза, түсінікті, сез қалаулары әдемі. Суреттері айқын, толық. Бояулары ашық. Жазушының қазақ тұрмысын жақсы білетіндігі анық көрінеді.
«Алтыбасардың» өзінше мақтауға сиятындығын оқушының өзі де көрер.
Бұл күнге шейін Қазақтың шаруашылығын, тіршілігін суреттеген кітап жоқ еді. Бұл ретте «Алтыбасар» бірінші кітап.
1926 жыл, 16-март.
Қызылорда
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі