Білім әдіс кеңесінің баспа жұмысының жоспары бойынша бұл кітап қазақ мектебінің 5-ші бөлімі үшін қазақ әдебиетінің хрестоматиясы болып шығу керек еді. Бірақ жазушылар коллектив! болып керекті материалдарды жинай келгенімізде ойдағыдай болып шықпады.
Бұған үлкен себеп — асығыстық, істі қолға кеш алғандық. Әдіс жөнінен қарағанда мектептерде бірінші жылы әңгіме түрінде жазылған Көркем әдебиет түрімен таныстыру керек, екінші, шығармаларды сұрыптап, әдебиет заңына келмейтін тұр жаты Көркем, маңызы жағы жоқ, болмаса маңызы жақсы, түрі маңызына сәйкес еместерін тіпті алмауымыз керек еді. Бірақ бұл кітап олай емес.
Қазақстанда Октябрь төңкерісінен бері қарай болып келген өзгерістер, жаңа құрылыс-түзілістер, ірі өндіріс орындары, колхоз-совхоздар, социалдық жұмыс түзілісіндегі әдістер, еңбекшілдер үстемдігі — қысқартып айтқанда 5 жылдықты орындау жөніндегі құрылысты толық суреттеу үшін ішкі маңызына сырты сәйкес емес шығармаларды да алуға тура келді.
Жазушылардың бірінші ұстаған мақсаты — болған өзгерісті, жетіскендікті әр жағынан да қолдан келгенше қалдырмай суреттеу, көрсету керек болды. Бұл жөнде бүкіл шығармалардың көбін-ақ талдап тексерген кезде Қазақстанда болып жатқан ірі өзгерістер жыр болып, әңгімелеуден көрі ән, күймен айтуға лайықтырақ болып жазылып отырғандығы байқалды. Оған тандану шет емес. Айтса, айтпаса да ертегіде, жырда ғана айтылғандай үлкен істер істеліп отырғандықты көреміз.
Бүгінгі социалдық негізге құрылған еңбек түрін байқасақ әрқайсысы екпінділікті тілейді. Тездік, екпінділікпен істелген еңбекте ырғақ та көп болуға тиіс, ұйқастық, ұқсастық та көп кездеседі, міне осы реттердің бірінен келіп біздің қазақ ақындарының, әсіресе жұмысшы, кедей батрақтардан шыққан жас ақындарымыздың әңгіме түрдегі көркем сөзбен жазбай, ырғағы, ұйқасы бар өлең, жыр түрімен жазатындықтары бір түрлі келісімді.
Мұнымен қатар, біздің қазаққа өлең түрінде жазылған шығармалар онша шеттік қылмаса керек. Аса түсініксіз де болмайды. Қазақ жұмбақ өлеңмен жай отырып та айтыса береді. Бірақ, кәзіргі әңгіме онда емес.
Өлеңмен жазылған шығармалардың кейбіреулерінің түрі жақсы болса, маңызы жеткіліксіз, біреулердің маңызы жақсы болса, түр жағынан ақсайды — міне, әңгіме осында. Мұндайлардың көбі кітапқа кірмей де қалып отыр, бірақ кіргендердің ішінде де осындай өлеңдер кездеседі.
Жоғарыда да айттық. Мұндайларды құрылыс, түзелісімізді суреттеу үшін толық түрде, Көркем түрде жазылған шығармаларға көмек ретінде кіргіздік. Бір тақырып жайлы бір атпен аталған неше бір шығарма кеткен жерлер де бар. Аты бір болғанмен, мұндай шығармалардың заты басқа. Ондайдың онша оқасы болмаса керек. Осы айтылған жеткіліксіздерді оқытушылар еске алулары керек. Жоғарғы айтылған себептерден бүл кітапты хрестоматия демей «Әдебиеттану оқу құралы» деп атап шығарып отырмыз. Келесі басылуында мүмкінінше толықтырып, Көркем түрде жазылған әңгіме шығармалар кірістіріңкіреп, сұрақ- жауаптарын толықтырып шығаруға осы күннен бастап жазушылар кірісіп жатыр.
Оқытушылар тәжірибе жүзінде кездескен кітаптың жеткіліксіздері болса Қазақстан ағарту коммисариатының оқу-білім әдіс бөліміне хатпен жазуларын сұраймыз және осы тілекті орындаған оқытушыларға жазушылар көп-көп рақмет айтпақ.
1932 жыл
Батырлар жырлары
Ескіліктен қалған ел әдебиетінің бір түрі — батырлар жырлары. Хандар, батырлар, билер бастаған байлар табы үстемдік жүргізген ескіліктегі көшпелі дәуірде байлар табына кең қоныс, кең өріс, жақсы жайылым керек бола берген. Байлар табы ру тұрмысын пайдаланып, руды күш қылып, әлсіз рудың жерін, малын шауып ала берген.
Сол дәуірде үстем таптың шоқпарын мықтырақ соққан адамдарды ардақтап, көпшілікке үлгі қылған. Байлар табының шоқпарын өзгелерден үздік шығып соққандарды батыр атап, олардың батырлықтарын көкке көтеріп, жыр қылып шығарған.
Міне, сол жырлардың нұсқасы, осы жинаққа кірген жырлар болады.
Ескіліктің тұрмысың, әдебиетің, тарихын зерттеп тексерушілерге мұндай мағлұматтар дерек болуға тиіс.
Батырлар жырлары «Қазақ әдебиеті» деген менің кітабымда талқыланған. Мұңда тек, сол батырлар жырларын жинап, түптедік.
1933 жыл
Бұл жинаққа кірді:
1. Едіге батыр.
2. Шора батыр.
3. Қобыланды батыр.
4. Сайын батыр.
5. Тарғын батыр.
6. Қамбар батыр.
7. Қыз Жібек.
8. Қозы Көрпеш, Баян.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі