Кеңес жазушылары өздерінің шығармаларында жұмысшы, қара шаруа үкіметін жақтап. сол үкіметтің көздеген мақсатына жету жолында күш жұмсап, көркем әдебиет арқылы барлық еңбекшілердің ой-санасын ұйымдастырып, социализм құру күресіне үндейді.
Бұл жазушыларымыздың шығармаларының көпшілігі біздің жаңа құрылысымызбен жасап, жаңа өміріміздің Көркем көріністерін көзімізге айқындап көрсетіп суреттейді. Олар өз елімізде құрылған, құрылып жатқан өндіріс, зауыт-фабриктер мен үлкен-үлкен қалалардың, мидай далада құрылған жаңа құрылыс, жаңа өмірдің қалай жасалғандығын, кімдер жасағанын, қалай жасап жатқанын, біздің аулымыздың жаңаша жасай бастағанын суреттейді. Олар біздің бүгінгі құрылыстағы екпінді ерлеріміздің құрылыстағы қайрат-жігерін көрсетіп, кешегі тап соғысындағы ерлердің істерін суреттеп, ашық, жасырын құпия жауларымыздың сырларын ашып, жаулығын айқындап көрсетеді.
Мұнымен қатар, кеңес жазушыларының өткенді көрсетіп, өткен өмірді баяндайтын да шығармалары бар.
«Ескіні білмей жаңаны құрып болмайды» дегендей, бұлардан біз ескі заманның қандай болғанын, капиталистер кезінде жұмысшы тап, қара шаруа еңбекшілер қалай күнелткенін білеміз.
Бұл шығармалардың тағы бір бізде қымбатты жері өмірдің қалай өзгеріп жатқанын, бұрынғы кездегі үстем бай табы өзінің алдына қандай мақсат қойғанын көрсетіп, кәзіргі біздің пролетариат мемлекеті өзінің алдына қандай мақсат қойып отырғанын білуге, түсінуге жәрдем етеді.
Біздің кеңес жазушыларымыздың ішінде еңбекші табына еңбегін көбірек сіңірген көрнектілері Бейімбет, Сәкен, Ілияс, Ғали тағы басқалар.
МАЙЛЫҰЛЫ БЕЙІМБЕТ
Өмірі мен жазушылық қызметі
Бейімбет — жарлы баласы, жасынан жетім қалған. Бейімбет 1894 жылы Қарабалық ауданында туған. Жоқшылықтан ұзап оқып, білім ала алмаған, іс арасында ғана ауылда сауатын ашқан.
Бейімбет қара бұқараның ортасынан қайнап шыққан сүйікті жазушы.
Бейімбет өзінің қандай күйде өсіп, қалай оқып, қайтып жазушы болғанын былай әңгіме етеді: жұмыстан қалт етіп қолым босаса, мені молдаға сүйреу шешемнің әдеті еді. Шаншар молда деп аталған бір ноғай молда болды. Біздің ауылда бірталай жыл тұрды. Бар білімі «Бақырғанды» әндетіп оқу еді. Сол молдадан сауатымды ашып, хат таныдым. Қол тигенде, жұмыстан босап ауылға келгенде өлең кітаптарын оқуды әуес көрдім.
Баяғы мені оқытуға құмартқан үлкен шешем де өлеңге өте әуес адам еді. Ескі қиссаларды тыңдап болып, бірер күрсініп алып, өзі өлең айтар еді. Кейде маған қарап күлімсіреп: қарағым-ау, сен жоқта мен саған өлең шығарып қойдым дер еді.
...Әлі есімде, қырық құрау — жұлдыздай тесік, қиқиған қара үйіміз бар еді. Қырық күн шілдеде біздің үйіміздің ортасында от жағылады. Таңның сәрімен тұрып, қара құманды оттың қозына көме түсіп, дәулетті үйлердің «мынаны істеп тастасаңыз» деп берген жүнін түтіп отырып әжем ыңылдап ән салатын:
«Өмірімде көргенім күңлік, құлдық,
Бұл жалғанда бар ма екен біздей мұңдық?..»
Ұйқылы-ояу жатқанда құлаққа тиетін өлең осы еді. Өзі шығарды ма, әлде біреуден естіп үйреніп алды ма, әйтеуір осы өлеңді аузынан тастамайтын. Тыңдап жатсам да осы өлеңді қайта айтатын, басқа өлеңдер де жалғасы келеді. Кітаптан оқыған өлеңдерің көбі ойында жатталған болады, оларды еске түсіресің. Сүйтіп өлеңге құмартқандық өзінен-өзі бастала берді. Бұл өзіме бірінші баспалдақ еді.
Аулымызда көмек дейтін кісі болған. Балалау кезімде көрдім. Сол кісіде ақындық бар еді. Ел арасында «Ақын Көмек» деген атты да алып жүрді. Біреуді мақтауға, жамандауға, күлкі қылып өлең шығаруға бұл кісі өте шебер болған. Жаппас дейтін ел бұл кісінің нағашысы екен. Жаппастың елін аралап жүріп, бір атақты адамның үйіне қонып отырғанында бізге бір жұмбақ айтып кетіңіз, екінші келгеніңізде шешіп қоялық» деп жабысады білем. Көмек сонда:
«Арсыздан туған екен алты бала,
Aт қойған қымтамас деп оған және...» —
деп өздерін тәлкек етіп өлең шығарып кетеді.
«Әкеңнің құны бар ма ар басқандай?
Итерсем тура қалып жармасқандай?
Құрбыңнан кем туғызған құдайдан көр,
Ортасын мұрнының мен басқандай...»
Көмектің осы сияқты ұсақ өлеңдерін жинап жаттайтын болдым. Көмектің жазып қалдырған өлеңдері де өте көп еді. Шынында ол кезде жалғыз мен емес хат танитын адамдардың бәрі-ақ бас қосқан жерде Көмек өлеңін айтуды әдет қылып еді. Бұл менің 20-ға жетпеген кезім. Хат танығанмен одан арман кететін дәрмен менде болған жоқ. Жұмыс соңында салпақтап жүре бердім. Жұмыстан қол босағаңда жұмысшылар бас қосып тыныққанда өлеңді ермек қылысады. Айт деп өтінген соң айтасың. Өлең айтуды әдет қылған соң, тыңдаушыларды жалықтырмау міндетке айналған сияқтанады екен. Өне бойы бір өлеңді айта берсең жалықтырасың ғой. Ендеше жаңадан бір нәрсе табу керек. Ол қалай табылмақшы?
Көмектің өлеңінің көбі зармен келетін. Өткен өмірін, балалық дәуірін суреттеп елестететін, осынысы сол кезде маған ұнаған сияқтанушы еді. Осыны еліктеп бір нәрсе шығару керек болғаны ғой. Баяғы тыңдаушыларға «жаңалық» іздеп жүріп, мен сол Көмектің сарынымен жер туралы оншақты ауыз өлең шығарыппын. Өлеңімді тыңдаушылар құшуақ алып, «өлең шығаратын болыпты» деген атақты маған да іліктірді. Шынында онымның өлеңдікке сәні жоқ еді, әйткенмен бірінші бастауым осы еді. Осыдан кейін шатпақтап өлең шығаруды әуес көріп кеттім. Ол кездегі алған үлгім — «бергенді мақтаған, бермегенді жамандаған ақындардың өлеңдері» болсада, неге екенін білмеймін, солардың жолы мені тартпады, мақтап өлең шығару деген менде болмады.
Біздің елде Әржикей дейтін өлеңші болды. Барлық кәсібі — байларды мақтап өлең шығару, байлардан ат міну, шапан қию еді. Осы Әржикейді тәлкек қылып мысқалдап мен өлең жаздым. Бұл өлеңімді сол кездегі «елең жаттаушылардың» бірсыпырасы жаттап алып, айтып жүрді. Бұл — 1910 жылдардың шамасы еді.
Көрші елімізде «Арғынбай қажы» дейтін кісінің медресесі болатын. Біздің ауылдан да бірен-саран адамдар сол медреседе оқып жүретін, солардың демеуімен медресеге кірдім. Ауыл медресесі ғой, ішерлік тамақ болса басқа қаржы тілгерленбеуге болады екен. Сол медреседе екі жыл болдым, бұрынғыдан гөрі өлеңге кеңірек таныстым. Көмектің өлеңінен басқа да өлеңдердің барлығын білдім. Абай өлеңдері қолға түсті. Осы жылдары «Айқап» журналы шығып тұрды. «Айқапты» құмартып оқитын болдым. «Айқапта» басылған өлеңдерді еліктеп жазатын болдым. Бірсыпыра өлең жазып «Айқап» басқармасына жіберсем де «басылмайды» деген жауап алдым. Сонсоң «Айқапқа» өлең жазуды доғардым. Басқа ұсақ хабар-ошарларды, бірер әңгіме сымағымды «Айқап» басып шығарды.
«Қазақ» газеті шығып тұрады. Нөмір сайын болмағанмен өлең басылын тұратын болды. Мен де жаздым. Талай жіберген өлеңдерім желге кетті. «Айқап» сияқты «басылмайды» деген жауапты беруге де сараң еді. Сөйтіп жүріп, ақырында 1913-жылы сентябрь ішінде Қазақ газетінде «Штат» деген өлеңім басылып шықты. Осыдан былай қарай оқта-текте бір өлеңім басылатын болды...»
Бейімбеттің әлеуметтік пікіріндегі өзгерістер
Бейімбет шолақ білім, тар жұмыстың толғауында шарықтап өсе алмады, шабандап өсті. Сол кезде оқыған қазақтың азды-көпті зиялыларының ықпалынан ұзап кете алмады. Өмірінде көрген-баққаны осылар ғана болды. Осы бетпен Бейімбет 17- жылғы февральға бірақ соқты. Бейімбет бұл кездегі тұрмыс жағдайын өз аузынан былай баяндайды.
«... февраль өзгерісі кездесті. Бұған дейін менің оқыған мектебім, алған тәрбием жоғарғы айтылғандар ғой. Орыс әдебиетімен танысу дегеннен құр алақан болатынмын. Орысшаның сөзі түгіл, қарпын зорға танитын кезім ғой ол. Сондықтан февраль өзгерісін қалай ұғыну, қалай жырлау белгілі еді. Ұлтшыл әдебиетпен ғана суарылған соң, одан басқа көргенім болмаған соң, ол кезде ел ішінде жастарды баулып, түсіндіріп, ұлтшылдық жолдың терістігін ұғындырушы болмаған соң, қайтесің? Адассаң, соқыр болған соң алдында тұрған жалғыз соқпаққа жабысасың», - дейді.
«Ой тудырған Октябрь төңкерісі болды...»
Бейімбет қазақ ұлтшылдарының жолына Октябрьден соң сын көзімен қарай бастайды. Ұлтшылдар ертеде тендік іздеп, бостандық көксеп патшаға қарсы болған болатын болса, көктен күткен тілек жерден табылғанда неге қарсы болады? деген ойды еріксіз ойлайды, Бірақ үзілді-кесілді дұрыс жауап таба алмайды, адасады. Бұл туралы Бейімбет өзі былай жазады.
«... Ой тудырған Октябрь төңкерісі болды. Қазақ ұлтшылдары октябрьді балағаттап қарсы алса да, осында қандай сыр бар деген іздену пайда болды. Әйткенмен тап сол кезде осындай ізденген жастардың сусынын қандырарлық, сілтеу берерлік әдебиет қазақ тілінде болмады. Қазақстанда кеңес үкіметі бастап құрылған жылдары Байтұрсынұлы большевик партиясына кіріп, облыстық комитет атынан: «Қазақ туысынан — коммунист, қазақта мал ортақ, жан ортақ, қонақасы ортақ» деп жазды. Ізденген, ойға түскен жастардың бұ да басын қатыратын, адастыратын жұмыстың бірі еді. Шынын айту керек — адастық қой.
18—19 жылдары ірі қарыппен басылған орыс тілінде үндеулер таратылып жүрді. Бізбен көршілес поселкеде Иван дейтін таныс жігітім бар еді, қалада ақтарға қарсы отряд тізіліп, әлгі Иван сол отряд бастықтарының бірі болды. Ірі қарыппен басылған үндеулерді, ұсақ кітаптарды беріп тұратын болды. Шөлдесе, шындап жабысса, адам таппақ қой. Орысшаны шала-пұла түсінетін болдым. Бір жыл ұдайымен әурелендім. 20-жылдары әжептәуір түсіне бастадым.
Осыңан бастап қаламымның бағыты өзгерді, мен басқа жол таптым, адасқанымды сездім. Осы жылдардан бастап мен табымның жолына бұрылдым. Ескі тәрбиеден сол жылдардан бастап мүлде тазарып кеттім демеймін, бірақ шындап бұрылдым. Қаталасқанымды сезе бастадым. Әлден келгенше тазаруға тырыстым.
Бір жылы қаңғалақтап «Ғалия» медресесіне барып іліккенім ғой. 4 ай оқып, ауырып шығып кеткенмін, аздап татар әдебиетімен танысқам. Әңгіме, өлеңдерін қолға түсіріп оқып жүретінмін. Соған еліктеп әңгіме жазу, пьеса жазуға әурелендім. 18 — 19 жылдардан бастап ұзақ әңгімелер жазатын болдым. Сол кезде жазған әңгімелерімнің бірі — «Шұғаның белгісі» еді. Бастап жазғанымда ұзақ еді, 22 жылы «Қызыл Қазақстан» журналына бастырарда өндеп, бірсыпыра қысқартып тастадым.
Театр кітабынан бірінші рет жазғаным «Неке қияр», «Жат сабақ» деген еді. «Жат сабақты» артынан өзгертіп «Шаншар молда» деп атадым.
1922 жылдан бастап газет қызметіне кірдім. «Еңбекші қазақта» 7 — 8 жыл қызмет істедім. Одан кейін баспа жұмысына шықтым. Мектеп, қурс дегендерің біздің қолға тиген емес, жазу соңына түсіп отырған кезім де жоқ, отыруға уақыт та жоқ. «Аттың жалында, атанның қолында» сияқты мұршаң келгенде бір нәрсені жазған болсаң, оның әңгіме кестесін келтіруге көбіне уақыт жоқ...
Менің бұл күнге дейін жазған тақырыбым — ауыл туралы ғана болып келді. Өндіріс өмірін суреттеуге мен әлі күнге дейін кірісе алғаным жоқ. Үйткені әлі күнге дейін өндіріс өмірімен таныса алғаным жоқ.
Жазуымдағы басты кемшілігімнің бірі осы деп білем. Енді бір тілегім осы кемшілігімді жоюға күш салу».
Бейімбет жоғарыдағы өзінің айтқан кемшіліктерін соңғы кездерде жоюға кіріскен сияқты. Қазақстан зауыты, Шымкент мыс қорғасын комбинаты сияқты өндіріс орындарына барып, солардың тұрмысынан жаза бастады.
Бейімбеттің үлкен жазушы болып өсуі Октябрь төңкерісінен кейін, Қазақстан Республикасы құрылғаннан кейін.
Бейімбет — кәзіргі Қазақстанда кеңес жазушыларының ең ірілерінің бірі.
БЕЙІМБЕТТІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ
«САҒЫНДЫҚ»
Бейімбет «Сағындықта» төңкеріс алдындағы мыңдаған, миллиондаған қайғылы, аянышты күйдегі қазақ жалшыларының тұрмысын көрсетеді. Сағындық сияқты көп малайлардың төңкеріс арқасында қолы тендікке, басы елдікке жеткенін, жетіп жатқанын пернемен суреттеп берді.
Бейімбет төңкерістен бұрынғы неше жүз мыңдаған жалшылардың күйін, ауыр қанаушылықтағы қара күндерін былай суреттейді:
«...Күн ұзаққа бұзау бағып,
Шаршап ернім кезеріп.
Кейде әкеме мұңды шағам,
Дейді маған «төзелік».
Қашанғыға төзбек керек,
Бір жылдық па, мәңгі ме?
Мәңгі төзім қайдан келді?
Міне осында әңгіме...
...Неге тудым, неге өстім,
Қойшылық па күткенім.
Қу тағдыр-ау риза емеспін,
Жазығым жоқ түк менің.»
Сағындыққа осылай сөйлетеді.
Қазақ жалшылары неге өмірге риза емес? Неге туғанына, дүниеге келгеніне налиды? Үйткені өмір дейтін өмір жоқ, ылғи байдың құлағын кескен малайы, сатса малы. Сондықтан бұл өмірге қашанғы төземіз, бұл өмірге неге келдік дейді.
Бейімбет сондықтан осындай өмірден құтылып тендік алған, пионер болған бір жалшы жасты көрсетеді.
«...Құлдық өмір қалды кейін,
Мен өмірдің еркесі...»
деген Сағындық сияқты жігерленген, талапты жасты көрсетеді. Біреу емес мыңдаған, миллиондаған еңбекші жастардың осындай ерік алғанын көрсетеді.
«ҚАНДЫ КЕК»
Бейімбеттің «Қанды кегі» 16-жылғы жігіт алудың қанды оқиғасының бір елесі. «Қанды кек» — қазақ аулындағы тап тартысының тарихи документтерінің бірі.
«Қанды кектегі» соғысқа жігіт бермейміз, жігіт беруге қол қойып келген Ыбыраш сияқты қашаннан халықты қанап келе жатқан қанды ауыз — жебір болысты құртамыз деп көпті бастаған Жарық пас шал кім?
Көп ішінде болысты өлтіруге алдымен қол көтеріп, белсеніп, тісін қайрап отырған қайратты Қайрақбай кім?
— Ел, бұзылмаңдар, өнерлі орысқа ешнәрсе істей алмайсыңдар, қарсы көтеріліс жасамандар, шаруаны күйзелтесіңдер, — деп ақыл айтып, Қайрақбайға кеңес беріп отырған мұғалім кім, қандай тілектегі адам?
Сапарға түспес сабыршыл, қоян жүрек қорқақ, шаруаның шашылмауын көздеп, екі жаққа да ашық қосыла алмай, тартыншақтай беретін Бөлкебай кім?
Елді аямайтын, иманы да, жаны да, ары да — мал, іздегені мал, қанішер, рақымсыз Ыбыраш болыс кім?
Ыбыраш сықылды болыстар аз ба?
Патшаға, алдымен болысқа көтеріліс жасаған елдің тілегі не?
Елді бастап жүрген Жарықбас, Қайрақбайлар кім? Қай таптың өкілдері?
Әңгіме міне осы сауалдарға қысқа, ашық жауап береді. Бүкіл оқиғаның, барлық күрестің сырын ашады.
«Қанды кекте» жазушының кімдерді жақтап, кімдерге тісін қайрап, кімдерге жаны ашып, бүйрегі бұрылып отырғанын анық көруге болады. Осыған қарап қай жазушының болса да таптық салт-санасын оятуға болады, қай таптың жазушысы екенін білуге болады.
Тапқа бұрылмайтын, өзі бір тапқа жатпайтын жазушы болмайды. Бейімбет «Сағындықта» да, «Қанды кекте» де тарихи оқиғаны болсын, онан бергі күндегі оқиғаны болсын еңбекші таптың көзімен қарап, бағалап жазып отыр.
Бейімбеттің жазған әңгімелерін оқып отырып, әлгі айтқан тап сырын ұғу қиын емес. Қай жазушы болса да шын сырын қаламына сөйлемей тұра алмайды.
«КЕМПІРДІҢ ЕРТЕГІСІ»
Бейімбеттің «Кемпірдің ертегісі» «Қанды кек» әңгімесінің өлеңді түрі сияқты. Екеуінде де баяндалатын 16-жылғы жігіт алу оқиғасы. Сондағы кедей менен байлардың, байлардан болған залым болыстардың араларындағы оқиға.
Бейімбет бұл екі шығармасын да еске алу, ертегі есебінде жазды. Ертегіні кедей жалшылардың өмір, қалпын суреттеп, көзге елестетер әңгіме етіп берді. Он жасар Әсілбекке әкесі 16-жыл оқиғасы өткеніне 10 жыл толған соң ертегі ғып айтып береді. Сонда өткен күнді:
«Биылғы жыл он жыл толды дәл соған, Бұрынғыны айта өтейін мен саған. Қара қүндер қар жаудырған өтті ғой, Тоба-тоба! Сені әлдилеп жұбанам!.. Сорлы кедей байға еңбегін жегізіп, Кедей қудық тойынбайды дегізіп, Ол рақатта, бар бейнетін біз көріп, Сорылатын байға болдық емізік...» деп суреттейді. Кеше ғана қандай күндер өткенін, кедейдің қандай күйде екенін ескіні жақсы көретін кемпірдің өзі айтып береді.
Жаңа өмірдің жазында жасаған жастарға, бөбектерге кешегі қарғысты қаралы күндерді үлгі етіп сөйлеп береді.
«БОЛЫС»
Кедейлерді байлардың құлдануының бір тетігі —жерде, адамзаттың анасыңдай жердің баяғыдай байлардың қолында болуыңда.
Октябрь төңкерісі болып, еңбекші тапқа ерік таңы атты. Бірақ баянды тендікке керекті жағдайдың бәрі бірдейінен түп-түгел жасала қойған жоқ. Жасала қойылуға да мүмкін емес қой. Жалпы саяси тендікті қолына алған еңбекшілер байлардың қолындағы шаруашылық құралын бірте-бірте қолына көшіре берді. Бейімбеттің мына «Болыс» атты шығармасы — кедейлердің Октябрь төңкерісінің арқасында тапқан ұлы табысының бірі.
Байлық бұлағы — жер. Жер — адамның анасы. Қанаушы байлар табының кедейлерді қанауының бір түрі — байлардың жерге ие болушылығынан болатын. Байлар жерге қожа болып отырып, жерге мұқтаж қара шаруа, кедей шаруаларды (крестьяндарды) жерді пайдалану арқылы қанайтын. Ал жерді еңбекші табы байлардан тартып алғанда, жер арқылы қанаушылық жүргізетін байлар ол күштен айырылады. Ол күш еңбекші таптың өз қолына көшеді.
Бейімбеттің «Болыс» атты поэмасы — осы байлар қолындағы жерлердің бөліске түсіп, кедейлер қолына көшкендігінің қуанышында туған қуанышты тарихи поэма.
БҰРЫН САРЫАРҚА ҚАНДАЙ ЕДІ?
Меңіреуленген Сарыарқа,
Мейлінше езілген.
Миллионный жылауын,
Көрдің өзің көзіңмен.
Сарыарқа асқан бел еді,
Қайғыға төзді, шыдады.
Сарыарқа емес қалың ел,
Қан жұтты, зарлап жылады.
Сарыарқаның даласы
Ұясы болды құлақтың.
Қалың кедей торығып,
Көрмеді несін мұңдықтың?
Сарыарқа елі — байдікі,
Кедейлер малшы, жалшы еді,
Байдың соғып сойылын
Кедейлер итаршы еді.
БҮГІНГІ САРЫАРҚА ҚАНДАЙ?
— «Аты кедей бірігіп,
Ат салатын күн туды»
деп кедейлер бірлесіп, партияның басшылығымен Сарыарқадағы Кемелбай, Кебендерді жоқ қылды, байлардың қолындағы «ата мұрасы» — жерін бөлісіп алды. Қуанышқа, шаттыққа әндетіп өлең-айтты. Сарыарқаға сән кірді.
«...Түрленеді — сары алып,
Күлімдейді күн көзі.
Қуанышты құттықтап,
Бас игендей жер жүзі...»
деп Бейімбет кедейлердің жер алғанына өзінің қуанғанымен бірге бүкіл жүзін де қуанған қылады. Бейімбет өзінің қай таптың жазушысы екенін де осындай реттерде тым айқын көрсетеді.
Міне өлеңде мұндай жырлауды — бейнелеу дейді. Яғни бір нәрседе болмайтын күйді екінші нәрседе болатын күймен көрсететін сөз айтуды — бейнелеу дейді. Бейнелеу өлеңді әсерлі, күшті шығару үшін қолданылады.
«САРЫ АЛА ТОН»
Бейімбеттің «Сары ала тон» атты әңгімесі кәмпеске тақырыбына жазған кеп әңгімесінің бірі.
«Сары ала тон» әңгімесінде Бейімбет жазушы ертеде қазақтың Тұтқыш сияқты мыңдаған жалшы малайларының қанын қақтап сорған Сейпен сықылды жебір байдың қалай кәмпеске болғанын, жалшы малайлардың оның малын қалай бөліп алғандарын әңгіме қылады.
Неше тасыр бойына қазақ еңбекшілерінің иығын жауыр қылған, жіліншік майын шаққан, Тұтқыш сықылды кедейлердің өзін құл, шешесін күң қылғанын, еңбегін бермей жылатқанын, ақырында сол сықылды залым, обыр Сейпеннің кәмпеске болып жер аударылып, ұлардай шулап ұлығанын, кедейлердің неше тасырлаған еңбегінің жемісінен үлес алып, мерекелеп қуантқанын, кедей жалшылардың таптық мерейінің өскенін «Сары ала тон» әңгімесінде Бейімбет әдемі көрсеткен.
Сейпен байдың әкесінің патшадан алған сары ала тонынан шошынып қорқатын, «киелі» деп сескенетін, Сейпен байдың үйінің төрі былай тұрсын, айдалада қалған ескі жұртының төріне шығып кетсе аруағынан кешірім сұрап жалбарынатын жалшы әйелдердің, Тұтқыш сияқты малайлардың бай кәмпескеленгенде төбесі көкке жетті, кеңес үкіметінің шын кедей, жалшының үкіметі екеніне иманы кәміл болды. Сондықтан кәмпеске комиссиясы келгенде байдың тыққан дүние, мал-мүлкінің бәрін айтып берді.
Кәрі кемпірлер — ескі адамдар ескі «аруақты» сыйлап Сейпенге жаны ашығандай болды. Ауыр-ауыр күрсіністі. Бозбалалар, көп малайлар арқа-жарқа болып мерейленіп қуанысты. Байдың көктегі жұлдыздан дәме қылатын көрікті қызы өзінің табанында езілген елеусіз Тұтқышқа тиді. Тұтқышқа «тием» деді.
Бейімбет «Сары ала тонда» осылардың бәрін көз алдыңа көшкен керуендей елестетеді. Кәмпескеден мал алып қуанған көп Тұтқыштармен бірге қуанасың, көп Тұтқыштардың табан ақы, нандай терін жеген Сейпеннің кәмпеске болып айдалғанына айызың қанып, мерейленіп қуанасың.
Бейімбет әкесіне хат жазып, кәмпеске жайын алдын-ала түсіндіріп, әзірлік жасатып жүрген Ермек «коммунистің» кім екенін, кәмпескеге белсене қатынасып жүрген Арыстан коммунистің, Қуандық белсендінің кімдер екенін, тілектестерінің қандай екенін «Сары ала тонда» бес саусағындай етіп ұғындырады. Әңгімесінің күшімен оқушыны оқиғаға белсендіріп қатынастырып жібереді. Көркем әңгіменің қасиеті де, күші де осысында.
«КОЛЛЕКТИВТІҢ ЖЫРЫН АЙТ!»
Бейімбет біздің жұртшылығымыздың тарихи өсу жолындағы әрбір тарихи басқыш, белендерінің бәріне де өткір қаламымен ат салыспай қойған жоқ.
Октябрьдің көрнекті ұлы сенбісінің бірі — пішендік шабындықты бөлу болды. Бейімбет бұған «Бөліс» атты поэма берді. Онан 1928 жылғы ірі байларды кәмпескелеп, жер аударып, малдарын кедейлерге бөліп бергенде, Бейімбет «Сары ала тон», тағы басқа толып жатқан әңгімелер жазды.
Мұнан кейін бай-құлақтардың таптығын жою жөнінде шабуыл жасалып, колхоз ұйымдастырылды, кедей, орташалар ұйымдасып — коллектив негізінде жаңа өмірге көшті. Бейімбет бұған «Майдан» атты атақты пьеса, түрлі әңгімелер, «Коллективтің жырын айт!» деген сияқты әдемі өлең-жырлар берді.
Бейімбет «Коллективтің жырын айтта» жалшыларды партияның аса көңіл бөліп отырған ұранының бірі — коллективке ұйымдасуға шақырады. Колхоз құрып, ұйымдасып, бай-құлақты тап ретінде құртуға жұмыла кіріскен миллиондаған еңбекшілермен бірге қуанып:
«...Бәрін айт та бірін айт,
Коллективтің жырын айт!» —
деп жаңа өмірдің - коллективтің жырын жырлады.
СЕЙФУЛЛА ҰЛЫ СӘКЕН
(1894 жылы туған)
Өмірі мен жазушылық қызметі
Сәкен орта шаруаның баласы. 1894 жылы Жаңаарқа ауданында туады. Жасырақ кезінде үй шаруасына қарасып, өсе келе Нілді зауытындағы жұмысшылардың үйінде жүріп, орысша оқып сауатын ашады. Алғаш қалам ұстап жазушылық өмірге қадам басуы да осы зауытта болды.
Сәкеннің алғашқы әдебиет мектебі ауыл арасындағы Көркем тіл, ән-күй айтылатын орындар болады. Осы ортада өрнек тәлім алып тәрбиеленеді.
Сәкен өзінің қалай оқып, қалай қаламға баулынғандығы жөнінде былай әңгіме етеді: «Орысша Успенский рудник зауытын жергілікті Қазақтар «Нілді зауыты» дейді.
Алғаш өлең жазуды мен бала күнімде сол Нілді зауытында бастадым.
Нілді зауыты біздің ауылдан 50 — 60 шақырымдай жерде. Мен, жас бала күнімде от басында отырғанда әкей «орысша үйреніп, хат біліп, мал табуды» арман қылып сөйлеп жүрді.
Бір күні, қыстың бас кезінде, көршілес ауылдан біздің ауылға Төлепберген деген ұстаның баласы Әкілдік деген жігіт келді. Әкілдік жалшылықта жүретін еді. Әкілдіктің мінгені түйе. Нілді зауытына барады екен.
Әкей маған: «Әкілдікпен бірге Нілдіге бар. Орысша тіл үйрен, Орысша оқу үйрен!» деді.
Мен: «Жарайды» дедім.
Әкілдікпен сөйлесіп, мені Әкілдіктің түйесінің артына мінгестіріп жіберді. Арада бір қонып, Нілді зауытына келдік. Әкілдік Лаврентий деген орыстыкімен сөйлесіп, мені сонда орналастырды. Лаврентийдің кемпір қатыны бар, баласы жоқ. Асырап алған бір кішкентай ерке қызы бар.
Маған орысша жазуды, тілді сол Лаврентийдің кемпірі оқытатын болды. Мені сиырын күтуге, пешке жағатын тас көмірді үйге кіргізуге, су қотарып алуға, ондай-мұндайға жұмсайтын болды. Жататын орнымды Тұңғышбай деген пошта таситын бір қазақтікі қылды.
Бір қыс солай жүріп кемпірден «оқыдым». Қыстың аяғы кезінде жұмысшылардың забастовкасын көрдім.
Орысша жазу сабағын кемпірден оқысам да менің екінші түрлі оқуым Нілді зауытының машина жанындағы ұсталар дүкенінде болды. Машина жанындағы ұсталар дүкенінің бір қатарларында көрік тартатын ұсталар дүкені бар. Ол дүкендерде: Ыбырай, Асан, Үсен, Арын деген төрт қазақ ұстасы ұзынды күндікке гүрсілдетіп, жарқылдатып көрік тартады.
Сол төрт ұстаның төртеуінің де қасында бір-бір бала көрік басады, бір-бір бала жігіт балға басады.
Ыбырай ұста — ақын, өлеңші, хат та біледі. Ыбырайдың Нұрғали деген баласы бар. (Қазір Нұрғали Нілді зауытында мастер). Әуелі Нұрғалимен бірге ұсталардың дүкеніне келіп жүрдік. Ыбырай ұста қара мұртты ашаң қара сұр кісі. Гуілдеген көріктің демімен өрт болып қайнаған таскөмір қорығында жыр қылып шоқпен бірге шыжыған көк найза темірді құрыш балтамен гүрсілдетіп соғып Ыбырай өлең айтады.
Өлеңді көріктің өлшеуімен гуілдеген үніне, құрыш балғаның өлшеуімен соғылған гүрсіліне, құрыш темірдің шыңылдаған даусына қосылып, ұсталардың дүкен күйін жандандыратын еді.
Гүрілдеген көрікте дүкенде ұсталардың сыпылдаған күшті, сіңірлі қолдарының көк темірді жаныштап илеген істеріне көз суарылып, дүкеннің күйі, Ыбырайдың әні құлаққа сіңіп жүрді. Ыбырай ұстаның бір өлеңінде:
«...Сыртың сұлу, мылтықтың сымыңдайсын..
Ал қара көк құрыштың шыңындайсың.
Түсіне алмас аңқау жан, сөзің кесте,
Шапқы соққан күмістің жымындайсың...
деген сөздері құлаққа сіңген еді. Және:
«...Дүние — бір қисық жол бұраңдаған,
Тіршілік — қашқан түлкі бұлаңдаған.
Кедейлік — зіл қара тас иықты басқан
Жігіт пе оны көтеріп тұра алмаған..»
деген өлеңі менің миыма орнаған еді...
Бұл төрт ұстаның төртеуі де (Ыбырай, Асан, Үсен, Арын) кісімен үйірсек, ақжарқын адамдар еді. Барғанда жарқылдап жақсы көріп, бауырларына тартатын еді. Үсен мен Асан бозбала еді. Бұлар қазір де Нілді зауытында мастер, ұста, төртеуінің де үйлері де, ауылдары да зауыттың басында. Мен келесі жылы зауыттың школына кірдім. Лаврентийдікінен шығып, Зікірбек деген жұмысшының үйіне жататын болдым. Зікірбек зауыт байының (ағылшынның) ат қорасында істейтін жұмысшы еді. (Зікірбек те қазір сол зауытта.)
Зікірбектікінде екі қыс жатып зауыт мектебінде екі қыс оқыдым. Сонымен Нілді зауытында үш қыс оқыдым. Сол үш қыста, бір сабақ — орысша әліп-би кітапшасынан алған оқуым болса, екінші сабақ — ұсталардың дүкен күйінен, аласұрып жұлқынған машина әрекетінен, машина түрінен, жер астында жұмыс істеп шығатын шахты, кен жұмыскерлерінің жатақ, тұрмыс күйінен, зауыт үстінде тас көмір, кек тас — кен үйген жұмысшылардың тіршілік күйлерінен алған сабақ көңілде нық орнаған тоқу болды...
Бала күннен, ес кіргеннен бері қарай-ақ сол ойын үстінде айтылатын айтыс өлеңдер және әлгі от басынан алынған «сабақтар» құлаққа сіңген, көңілге тоқылған әңгіме, ертегі, өлең суреттері менің қиялымда тізбектеле беретін еді.
Мынадай өлеңдер әлі ұмытылған жоқ:
«...Ұшады көк ала үйрек көлге қарсы,
Ұясы жануардың шөлге қарсы.
Ынтық боп сәулем саған қол созамын,
Ұмтылған балапандай желге қарсы.
Шытыр-шытыр тобылғы сайға бітер,
Kөп жылқы көк алалы байға бітер
Сұлулық сенен артық кімге бітер?
Жалғыз-ақ аспандағы айға бітер!..»
Міне осы тәрізді ауылда естіген өлеңдер жас бала күнімнен ойыма тізбектелген еді. Оның үстіне Нілді зауытына келіп, орысша жазу үйреніп, зауыт жұмысшыларының тұрмыс түріне, тұрмыс күйіне, машина күйіне, машина түріне, ұсталардың дүкен күйіне көз бен құлақ суарылып, Ыбырай ұстадан өлең үйрендім.
Зауыт жастары анда-санда ойын жасайды. Ойындарына қыз-келіншектерді жинайды. Арын мен Үсен ұста екеуі ойындарына мені де алып барады. Олар ән салысып, ойнап жатады. Біз — балалар ойындарын көріп, өлеңдерін тыңдап қарап отырамыз.
Өлең жазбақшы, жаза алмады.
— «Мен жазам!» — дедім.
— «Жаза аласың ба? Жазшы, жаза алсаң! Мынасын айт, былай де, былай де!..» деп маған тілмаш жігітің келемеж болатын жақтарын айтты.
Ішінде мынадай сөздер болды:
«...Мақтанасың қолыңның олағына
Амал бар ма ақылдың шолағына
Күйелі қол айырбас болмас мырза,
Байдың қолын жалаған шолағына..!»
Менің ең алғаш жазған өлеңім осы шығар...»
Сәкен нілді зауытында оқып, сауатын ашып алған соң Ақмоладағы далалық Приходский школында оқыды. Онан соң Омбыдағы Учительдік семинарияда оқып 1916-жылы бітіріп шығады.
Сәкен өлеңді Омбыңа оқып жүрген кезінде кәдімгідей көбірек жазады. «Өткен күндер» атты бірінші өлең кітабын 1914-жылы бастырады. Сәкеннің осыдан былайғы өмірі әсіресе 1917-жылдан бастап әлеуметтік-төңкеріс жұмысымен байланысып, күндіктесіп отырады.
1917-18 жылдарғы Ұлы Октябрь төңкерісінде Сәкен Ақмола облысында совет үкіметін орнату жолында алдыңғы қатардағы күрескендердің бірі болды. Колчак заманында Сәкенді түрмеге қамап біресе қол-аяғын шынжырлап, біресе даладан далаға айдап ақырында Омбы лагерінен қашып құтылды. «Қызыл сұңқарлар» мен «Тар жол, тайғақ кешуде» осының бірсыпырасы суреттелген.
СӘКЕННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ
«БАНДЫНЫ ІЗДЕГЕН ХАМИТ»
Сәкеннің «Бандыны іздеген Хамит» деген әңгімесі бандылар жүріп-тұрған замандағы ұзақ әңгіменің әдемі Көркем үзіндісі.
Сәкен бұл әңгімесінде төңкерісті қорғау үшін күрескен төңкеріс жолындағы ерлердің ерлігін көрсетумен бірге жаңа социалды қоғамды құрушы жас жеткіншектерді мықты, батыр, ыңғайлы, қайратты болып өсуге ынталандырып, жетектейді.
Әрбір айтқан сөзі, әрбір бөлек көрсеткен суреті оқушының жүрегінен өшпестей орын алуы үшін, әрі әсерлі болуы үшін әңгімесін бейнелей, суреттей, салыстыра сөйлейді.
Оның үстіне еріксіз Хамиттай мықты, жаудан таймайтын қиын-қыспақ жерде жауға алдырмайтын жігіт болып келеді.
Көркем әдебиеттің бір қасиеті де осында.
Сәкеннің төңкеріс ақын-жазушысы екені әңгімесінен ашық көрініп тұрады. Жанталасып алысып жатқан банды мен Хамиттің қайсысының тілегін Сәкеннің тілеп отырғаны ап-ашық. Сәкен — Хамиттің тілегіндегі кісі. Оның үстіне оқушы да Хамиттің тілегін тілейді.
Әңгімесі оқушының бетін осылай бұрып, билеп алып кетеді.
«ТОҚУ ФАБРИГІНДЕ»
«Тоқу» фабригінде» деген жыр — Сәкеннің соңғы табысы, өлең-жырдағы олжасы, жаңалығы. Қазақ әдебиетіне жырдың осындай жаңа кестесін кіргізген бізде әзірше Сәкен ғана деуге болады.
Бұл жыр социалдық фабриістің тоқтаусыз зырылдап айналған қос дөңгелегінінің биіне ақынның шаттанып, балқуынан туған жаңа пролетариат жыры. Күшті, қарқынды өндіріс жыры.
Өзінің күшіне, ырғағына салып әндетіп оқысаң тынбай айналып кездеме тоқып шығарып жатқан фабрик көз алдыңа елестеп келеді.
Күшті, қарқынды еңбек биі көңілді көтеріп, шалқытады.
МҰҚАНҰЛЫ СӘБИТ
Өмірі мен жазушылық қызметі
Сәбит 1900 жылы туған, 1917 жылы мұғалімдерден түртінектеп жүріп хат танып алған. 1918 жылы облыстағы мұғалімдер қурсында оқыған. 1919 жылы мұғалім болған. 20-жылдан 23-жылға дейін ауылда әлеуметтік қызметте болған. 23 — 25 жылдары Орынбордағы рабфакта оқыған. Онан бері газетте, баспада қызметте болған. Көбінесе жазушылықпен шұғылданған.
Сәбит — қазақтың кеңес жазушыларының алдыңғы саптағыларының бірі.
Сәбит өзінің өмірін қысқаша былай баян қылады.
«Әкем Мұқанның ұдайымен 40 жылдан артық жалшылықта жүргенін, шешемнің сауыншы болғанын, 7 жасымда жетім қап, қаңғырынды болғанымды жазсам жазуды неден бастағаныма орын да қалмайды. Бұған қызығатын адамдарға менің жазып жүрген «Менің мектептерім» деген өмірден алған романымды ұсынам да, Көркем әдебиетке неден қызығып, қалай бастағаным туралы аттамалы мәлімет берем.
Жылқышы
I
Дала. Жазық, қыс, жылқы.
Батуға айналған күннің қан қызыл сәулесіне боянған өрбісін тебіндердің арасымен жыландай ирендеп ыққа тартады. Табиғаттың айнымалы құбылысымен күресіп үйренген балуан жылқылар сақылдаған сары аязға шіміркенбестен қарсы тұрып алып, жал-құйрығын желге ысқыртып, күртікті күріс-күріс омырады, тұмсығына сүңгі тұрған құндыз жүн жабағылар тебінердің арасынан қылаң береді.
Мен ондамын. Жылқышы — екеуміз, біреуі — кәдімгі «Тулаған толқындағы» жазатын Ғабиттің әкесі. Махмұттың басына көтерген кішкене шаңырақты қара қостың түндігі бар. Іңірде от лаулап жанады. Қалың қара бақырға асылған ет суыққа буы үйіріліп, бырқ-бырқ қайнайды. Ет пісті-ау дегенде Мақан келеді.
— Ет болды ма, бала! — дейді Мақан киімін шешіне бастап.
— Пісті.
— Ендеше бақырды ала қой, мен отқа көйлегімді айналдырып ала қояйын. — Жағасынан түріп алып, лаулап тұрған оттың үстіне ұстай қойғанда, көйлектің іші үрген қуықтай дөңгелене қалады. Биттер бытыр-бытыр етеді. Мақан тістене қояды жауды мұқатқан адамша, мен етті түсіргенше ол — Еһ-еһ-еһ, жаным-ай! — деп арқасын отқа қалап, уқалап-уқалап алады да, борбайын ерсілі-қарсылы екі-үш тырнап, киімін киеді.
Етті жеп боп ол атқа мінеді. Қостан ұзай бере «Көрұғлыға» басады. Қағтан сүйек-саяқты құным қалғандай мүжіп отырған мен, өлеңді тыңдаймын. «Көрұғлы» дастанындағы Көрұғлы Сұлтан әкесінің көрінен шығып, артынан қайта келсе, аузында айдаһар жатыр. Енемін дегенде жібермегенін, Көрұғлының зарлағанын есіткенде менің есіме өз шешем түседі, көңілім бұзылып, көзіме іркілдеп жас келеді. Жетімдігімді, шешемді сағынғандығымды айтып өлең шығарғым келеді, шығара алмаймын.
Дауыс ұзайды, ақырындап үзіледі, айдала, елдің ең жақыны 20 шақырым, тебін алыста. Қостың жыртығынан соққан жел қасқыр келіп иіскелеген, сарыған, ұлыған сықылданады. Үрейім ұшып, жаман күпіге басымды орай қоям, ұйықтап қалам.
Өлең шығарсам деген ойдың алғаш басыма кіруі осы болуға тиіс.
...Омбының у-шуы мол қаласы еді,
Салқындау апрель, май арасы еді» —
деп айтқандай, 18-жылы Омбыда алашорданың дәуірлеп, Колчакпен ауыз жаласып тұрған кезі, мен мұғалімдік қурсында оқимын, бір жағынан жұмыс қып тамағымды асыраймын, стипендия да жоқ.
— Жігіттер, сендер даярлана беріңдер, мен дәрет алып келейін — деді кәдімгі байшыл ақын Мағжан Жұмабайұлы. Ол қурсте дін сабағын оқытатын еді. Діннің «қисынын өтіп, енді практикесін жасап, намазға жығылып» жүрген кезіміз. Үлкен залда оқимыз, имам — Мағжан.
Мағжан шыға мен жиналып тұрған шәкірттерге өзімнің «Жоқшылық» деген өлеңімді оқыдым. Өлең — мойным ырғайдай, түнде жұмыс қып, күндіз оқу оқуыма, жүдеуіме арналған, аяғында:
Біреу шат, біреу неге қайғы-зарда,
Неге байлық бір емес барлық жанға.
Өткізіп бастан қайғы барлық жанның
Нашарды жетілдірер күні бар ма?! —
делінген.
Өлең оқығаннан кейін оқушылар маған 50 сомдай ақша жинап берді. Басқарған — Дәрмен Әліұлы дейтін жігіт. Ақша менің қалтама түскенде Мағжан келді. Намаз оқыдық. Бұл менің жұрт алдында алғашқы оқыған өлеңім.
II
— Сен осы партиядан не аласың, бұдан шығу керек қой, ертең соғыс болып кетсе қайтесің, — деді Мағжан 1921 жылы, «Бостандық туы» газетіне редактор болып отырып, мен бір кеңсесіне келгенімде.
— Арыз жазып бере ғой, — дедім қайтер екен деп. Жазды да маған көшіріп беріп, оригиналын жыртып тастады. Осының артынан мен Орынборға екінші партия конференциясына келдім де, алашордалардың бағыты неге бұрылғандығын көрсеткен
«Түсімде» деген фельетон әңгіме жаздым. Оным 22-жылы «Еңбекші қазақ» газетінде басылды. Сол фельетон күні бүгінге дейін програм боп келеді.
Алғашқы баспаға шыққан әңгімем осы.
* * *
Сәбит — қазақ еңбекші оқушыларына белгілі, көп жазатын күшті ақынымыздың бірі. Кейінгі кезде қара сөзбен де көп жазып жүр. Сәбит өз айтуына қарағанда алғаш суырып салмалау ақын болған.
Сәбит саяси тұрмысқа кіріп, қаламмен қайрат өте бастағанда байшыл алашордашылдарға қарсы күрескен ақынымыздың бірі. Сондықтан Сәбиттің шығармаларының бір саласы байшылдыққа, алашордашылыққа қарсы күрестен туған шығармалар. Сондықтан бұл шығармалардың саяси күресімізбенен, әлеумет өсуімізбен байланысы күшті.
Сәбит кейінгі кезде ірі нәрселер жазып жүр. Әрі сын мәселесіне қатынасып жүр. Сәбит — әдебиет әскерінің үлкен бір өкілі. Сәбит қазақ кеңесші әдебиетінің үлкен бір саласы.
СӘБИТТІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ
«КЕШЕГІ ЖАЛШЫ МЕН БҮГІНГІ ЖАЛШЫ»
Қазақтың жалшыларының бүгінгі өмірі қандай ерікті, көрнекті балдай тәтті болса, кешегі өмірі сондай қараңғы түндей қайғылы, мұңды құлдық еді, удай ащы-зарлы еді. Бүгінгі еңбекшінің ұлдары ұлы дүбірлі социалдық дәуірде тұрғанына шаттанып, қуанатын болса ол күндегі жалшылар неге тудық, дүниеге құлдық үшін ғана неге келдік деп зарланушы еді. Бұл екі дәуірдің арасы аспан мен жердей ғой. Кешегі дәуір байдыкі болса, бүгінгі дәуір кедейдікі ғой.
Сәбиттің «Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы» деген поэмасында қазақ жалшыларының кешегі өмірі мен бүгінгі өмірі салыстырылады. Сәбит поэмасында кешегі жалшыны көрсетіп сүйіндіреді, кешегі жалшының қайғылы аянышты күйін көрсетіп қайғыға, мұңға батырса, бүгінгі ерікті, керекті жалшыны көрсетіп шаттандырады, мақтандырады, қуантады.
Кеше ауылда екі тап болды, оның бірі бай, бірі кедей, еңбекші езілгендер еді. Ол заманда бай табы үстем болды, кедей еңбекшілер құлдықта үстем таптың тепкісінде болды. Бай табы еңбекшілерді езген сайын езуге, қанаған сайын қанауға арандай түсті, қаналған жалшы тіршілік үшін, күн көру үшін, тілім нан үшін арпалысты. Сөйтіп кешегі ауылда үкімет қолында, байдың қожалық қолында би табы үстем болды, күшті болды. Не етсе де ерікті болды.
Кедей еңбекшілер әлсіз, қалсыз болды, я байлыққа, я үкіметке ортақтығы үлгі болмады.
Рақымсыз заманда талауға түсіп езілді. Сар далада сары уайымға бітіп, бізге де күн туар ма екен деп зарланады. Міне Сәбиттің «Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы» осы өмірдің ең ауыр күйін де, бүгінгі ерікті, көрікті күйінде салыстыра анық көрсетеді. Неге мұндай болғандығының себебінде ашып береді.
Қарашұнақтың өмірі, оның өлімі, Қозыбақтың өмірі, Құлжанның өмірі осылардың кешегісі мен бүгінгісі соның баяны поэманың тақырыбы. Поэманы оқып отырып осылардың кешегі өмірін, көрген қорлығын көргенде еріксіз көзіңе жас келеді, бүгінгі өмірін көріп қуанасың.
Сәбит бұл поэмасын ертегі оқиғаны есіне түсіре отырып, кеше 27-жылы ғана жазды. Поэма жазып отырған Сәбиттің қай бүйрегі бұрып, қай тапты қарғыс айтып нәлеттеп отырғанын поэмасының өзі-ақ айтып береді.
«...Бай баласы да тандап
Өрім талдай былғаңдар.
Екі езуі құлақта
ертелі-кеш далбандар.
Басқа ісі шамалы
Жазбай көріп оларды
Өксіп, жылап алады...
Бай баласы анау, кедей баласы мынау.
Бай баласы ойнап жүр, кедей баласы зарланып мал бағып жүр дейді Сәбит. Кітабының басынан аяғына дейін сөзінен, суретінен Сәбиттің қазақ баласындағы кешегі езілген мыңдаған, миллиондаған жалшылардың бірі қара шұнағы оның баласы байдың қозысын баққан Қозыбаққа, байға еріксіз күңдікке сатылған Күлжанға жаны ашып, бүйрегі бұрып отырғаны ап-ашық көрініп отырады.
Сәбит те сол жалшының бірі болып мұңдаса отырады. Қозыбақтың қолы тендікке жете бастады; жалшыларды жиып жиналыс ашты.
Онда жалшылардың қамын көксеп сөз сөйлейді. Бұған Сәбит те қуанып:
«Қабағын түйіп Қозыбақ
Жиылған жұртқа бір қарап
Даярланды сөйлеуге
Баяндама жасамақ.
Бойын қайрат алып тұр,
Ішінде жалын жанып тұр,
Құбылып тұр кескіні
Жұрт оның аузын бағып тұр.
Қозыбақ Октябрь төңкерісі, ол төңкерістің жалшылардың таңы екенін айтады.
— Кешегі байдың көрсеткен қорлықтарының бәрі есіне түсіп қайраттанып іші жанып тұр дейді Сәбит. Оның (Қозыбақтың, Қозыбақтардың) бүгін кім екенін айта келіп қазір кім?
Коммунистің мүшесі ол, Көпті көрген басында тәжірибе мол. Орындап партияның ұрандарын Ауылды жаңа ететін сол...» деп Сәбит Қозыбақ сықылды жалшылардың мыңдап партияның қатарына кіріп, жаңа тұрмыс орнатуға жан салып күресіп жатқанын көрсетеді.
Пасепкен, өкіл, батырақ оқытушысы, ұйыстырушысы, мұғалім, газет тілшісі, ағарту нұсқаушы оқытушылар дайындайтын институтта лектор, директор, оқу бөлімінің басқарушысы, болыстық, губерниялық аткомдердің мүшесі және сол сықылды талай қызметтің адамы болып, төбеге шығып түстік қой. Осыдан 1925 жылдың күзіне Мәскеуге оқуға кеттім де, журналистердің институтына кірдім. Мұны 1928 жылы жазда бітіріп газет жұмысына кірістім. Міне менің білім алу жөніндегі өмірімнің ресми жағынан қарағанда қызметім осылай болды.
Кеңес үкіметі алғаш орнап жатқан кездерде компартияның негізгі мақсатынан өзіміздің таза тақыр сауатсыз кезімізде сол кездегі жақсы-жаман қылықтар туралы біраз еңбектерім бар, «Күндік өлімі», «Шешілмеген жұмбақ», «Саудагерлер тамашасы», «Мертен Бөкен», «Ташкентке тарт», Сағанақ», «Оқимын», «Жетісу суреттері» басқалар сол 1920 жыл мен 1926 жылдың ортасындағы еңбектерімнің жұрнағы.
Бұл еңбектердің ішінде соғыс коммунизмі кезі, ол дәуірдегі қазақ елінің басынан кешкен жағдайының өзгешелігі, жазушының өзінің өміріне, есуіне сәйкес нәрселер табылады. Бұл дәуірдегі жазуымда ұлтшылдық сарыны жоқ емес. Оған себеп сол кездегі әдебиетте, жалғыз әдебиетте емес, жұртшылықтағы үстем пікір, күшті пікір сол ұлтшыл сарындас пікірлер болғандықтан, бұл кездегі жазғандарымыздың бірсыпырасын өзім өзімдікі демеймін.
ЖАНСҮГІРҰЛЫ ІЛИЯС
(1894 жылы туған)
Өмірі мен жазушылық қызметі
Жансүгірұлы Ілияс 1894-жылы Бүйен Ақсу ауданында туған. 1920-жылға дейін ауылда өз шаруасында болған. Ауылда, ауыл мектебінде қазақша сауатын ашып, хат таныған. Өлең жазуға ынтасын аударып, делебесін қоздырған ескі ел ақындарының өлеңдері, әсіресе атақты қазақ ақыны Абайдың өлеңдері.
1920-жылы ауылдан қалаға келген, оқуға кірген, әрі әлеуметтік қызметке араласқан. 1921-жылдың қысына қарсы Ташкенттегі қазақ-қырғыз институтында бір жыл оқып, ауылға мұғалім болып кеткен; ауылда әлеумет жұмысына белсене қатысқан. Жазушылық қызметінде «Тілші» газетіне белсенді тілші болған. Жазушылыққа қаламының ұшын ұштаған осы «Тілші» газеті болған.
1925-жылы Мәскеудегі Журналистер институтына барып оқып, бітіріп шыққан. 1928-жылдан бері қарай Қазақстандағы газеттерде баспасөз қызметінде болған.
Қазақстан пролетариат жазушылар ұйымының ұйымдасып, күш қосып, белгілі бір күш болып әдебиет отряды болуына көп еңбек сіңірушілердің бірі болған.
Ілияс өзінің өмірі мен жазушылық қызметін былай әңгіме етеді:
«Мен қалам жұмысына 20-жылдан бастап араласа бастадым. Одан бұрын жазуға қызығу, ынталану, күшті ақын-жазушылардың жазғандарына еліктеу, оларды жаттау, ауызша айту, газет-журналдарды сөзге бұйырғысыз сияқтылар болса да баяңды, байыпты емес, өнер емес еді. Тек ет пен терінің арасындағы желік сияқты бірдемелер еді. Сондықтан бұл дәуірімнен ауызға аларлық, еңбекке жарарлық жұрнақ қалған емес. Не қалғанын өзім де білмеймін. Бірақ 16-жылы жігіттерге жазысқан хаттарда, қарадай айтқан өлеңдерде, 1917-жылы жаппай дүбірдің ұрандарынан ұшқындап шыққан қараңғы соқырға бірдемелер болуы мүмкін. Өйткені мен ол кезде білімге бай, білімге орта адам болмақ түгіл білімнен кәдімгі қара қасқа кедей кісі едім. Қазақша хатқа жүйрік, өлең кітап, қиссаларды күйлеп оқи алатын, орысқа, құрсақ пропалды да білмейтін ауыл адамынан емес. Білім дәулетінің бас-аяғы осы еді.
1916 — 1917 жылдан маған жазуға ынта туды. Оған себеп сол кезде қазақ әдебиетінің әсері болды. Әсер әсіресе Абайдан жұқты. Абайға еліктеу пайда болады. Абайша бірдемелер (Балдырған) жазуға талпынсам да іштеңе шығара алмадым той деймін.
Мен 1920-жылы кеңес өкіметі орнаған соң ауылдан қалаға тарттым. Алматы қаласындағы үш айлық мұғалімдер дайындайтын қурсқа іліктім. Осы қурста 15 (он бес) күн оқығаннан кейін ел әдебиетін жиятын бір комиссияға ілігіп кеттім.
Сол комиссияда төрт айдай Жетісудан ел әдебиетін жинауда жүрдім. Сол жылдың күзіне комиссиямен ілігіп оқуға келдім. Ондағы қазақ институтының жанындағы оқытушылар дайындайтын қысқа мерзімді қурсқа іліндім. Мұнда бір қыс қана оқып, жұртшылық қызметіне шығып кете бардым.
Төселмеген, тұрақталмаған күндегі біреудікі деймін. Ал бірсырағысы анық өзім сүйетін, қазір ардақтайтын мазмұндар. Бұл мазмұн жағы. Ал жазғандарымның әдебиетін әдебиетінің өнерлік көркемдік жағынан бағасы өзіне тұрыпты ғой. Мұның бәрін талдап жинау орны бұл емес. Бұл сынның сыбағасы.
Немесе пролетариат әдебиетінің бет алу әдебиетіне жататын жазуларымның дені сол өзім Мәскеуге оқуға барған кезімнен басталады. Менің «Оқимын» деген өлеңім ізденуге ауылдан қалаға мәселесіне соқса аттап «Зауытқа» деген өлеңім қара шаруасы топастығы өмір танудағы даланың сөдекейлігіне анық зауытты көріп коллективтескен еңбекші жұмысты ортасында тұрып жазған арғы-бергінің шекарасындагы өлең болып табылады.
Осы көрген қазақтың
Ойына әр ой орады.
Бәрінде жан-жақтан
Осындай оттар толады.
Тегістік деген ұлы үйге
Осылар шеге соғады.
Күңдердің сондай күнінде
Біздің де ел сондай болады.
Міне осыдан былай менде белгілі пікір, өзге қарас, тұрақты мақсат болды-ау деп білем, бұл 1925-жылдың күзі еді. Менің өмірімнің ресіми жағы да осымен байланысты. Компартияның тобына мен осы жылы кірген едім, сол жылдан бері қарай мүмкіндік болғанша қаламымды еңбекшілердің пайдасына жұмсап келемін деп ойлаймын.
ІЛИЯСТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ
«Мәйек» Ілиястың колхоз құрылысына арнаған поэмасы. Ілияс 13 жылдан соң жаңа ауылға барады, ауылды бұрынғы ескі орнынан іздеп таба алмай, жаңа қоныс, поселке, қала болған, жиын болған жерінен табады. Қарқарадай қатарын түзеп қонған ауылға келеді.
Ауылда қандай өзгеріс болған, қалай болған? Ол өзгеріс кандай өзгеріс? Кімнің пайдасы, кімнің зияны болды. Кімдер айдалды, кімдер колхоз болды, коммуна болды. Қалай ұйымдасты, қалай жаңа өмірге аяқ басты?.. Осының бәрін қаладан жаңа барған оқушыға жаңа ауылдың көзі — Қалабай баян қылады. Кешегі байға таланған Қалабай өздерінің қалайша ұйымдасып, біріккен күш болып, әлеуметшіл әділдікке аяқ баса бастағанын 13 жыл жүріп келген тумасына жыр қылып айтады.
«Далаға келіп Түрксіб,
Ауылға келіп түйістік...» —
дей келіп Қалабай ауылдың басынан өткен ауыр күндерді, кешегі аштық, ауыр жылдарды, ол кездегі байлардың жекелей жемтік етіп тонап талағанын, күн көрсетпегенін айтады. Онан соң «Советпен ес жинадық» деп совет келген соң теңдікке ілінгендерін, коммунистердің ұйымдасқандарын, байларды кәмпескелеп, малдарын алып бергенін, ол малды бұлар коммуна болып ортақтасып ортаға салғанын айтады... Коллектив болып, коммуна болып бірлескенін айтады. Қаладан құрал-сайман алып, трактор алып ұйымдасып, егін еккенін айтады. Өстіп қолдарынан қала салып, теңдікке, мәдениетке де жете бастағанын айтады... Осының бәрінің ұштасуына, тез болуына Түрксібтің төтенше болған себебін айтады...
Міне Қалабай қаладан келген оқушыға жаңа ауылдың жай-күйін осылай етіп баяндайды.
Қалабай кешегі «мынау менікі», «анау сенікі» деп үйренген ескі ауылдың кедей, бүгін қалай колхозға, коммунаға ұйып ұйымдаса қояды? Ескіден бойға сіңген ескілік әдетті қалай тез сыңыра қойды? «Мәйек» атты коммуна қалай құрылды? дегенді тарата айтады.
Ілияс мұның бәрін бір-ақ ауыз сөзбен болдырмайды, нағыз тұрмыстың тілегімен дәлелдеп туғызады.
Жалғыз атпен жалшуға болмайды, жеке басыңа трактор алуға тағы болмайды. Жалшу үшін, қоңдану үшін трактор алу керек, трактор алу үшін көп егін салу керек. Трактор үшін, көп егін салу үшін бірлесу керек — күш қосу керек. Қалабай осының бәрін өз өмірінен тудырып дәлелдейді, коммунаға қалай келіп жеткенін баяндайды. Осылай етіп бірлесіп артығын сатып, ортадан тұқым қорын сақтайтын деңгейге жеткен «Мәйекті» жырлау Ілиястың поэмасының негізгі желісі.
«МӘЙЕКТІҢ» ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ
Ілиястың «Мәйегінің» әлеуметтік мән-маңызы күшті поэма. Коллектив — колхоз, коммуналдық шаруашылықтың еңбекші егіншілердің тұрмысын оңғаруда, жаңа өмірге аяқ басып, бұрынғы жоқшылықты, мұқтаждықты мәңгіге естен шығаруға «Мәйек» жетекші, үлгі, өрнек боларлық поэма.
«ШОҚПАРДЫҢ ШОҚТЫҒЫНДА»
Қазақ еңбекшілері үшін Түрксіб — қымбатты тарихи олжа, Ұлы Октябрьдің ұлы олжасының бірі.
Осындай қымбатты Түрксіб туралы Ілияс бірнеше әңгіме, очерктер жазды. Соның бірі осы «Шоқпардың шоқтығында» деген очеркі.
Ілиястың «Шоқпардың шоқтығында» деген очеркі 28-жылы жазылды. 29-жылдың июль айында жер дүниеге белгілі Түркістан-Сібір жолы бітті.
Түрксіб жолын ерте бітірді, Түрксібті салушылар сөткесіне 4 км. жол төсеп отырды. Дүние жүзінде ең атақты жол салған байлар елі өзінің ең мақтаған айларында сөткесіне 2-2,5 км. ғана жол төсеген еді.
Әрине бұл ұлы дабырлы, ұшқалы табыс, еркін еңбекші кеңес пролетариатының ғана табысы.
Ілиястың очеркінде осылардың растығын дәлелдеп айтады. Асу бермеген Шоқпардың арша төсінен мәдениет жолының тартылғанын айтады. Асқар таулы мәдениеттің жеңгенін айтады.
Ен далада орнай бастаған жана өмірді жаңа өз қолдарынан жасаған жаңа адамдарды айтады. Соларды мақтайды.
Ілиястың бұл очеркінің көркемдік мәні де күшті: Ілиястың бұл очеркінің сөзге ұсталығы, тілге байлығы, сөз екпінінің қуаттылығы осы әңгімесінен де ашық көрінеді. «Бүйректей былдыр таусымақ», «бауырдай қара адыр таудың құрыш құзы, алмас мұзы...» дегендер сықылды шебер, дәл айтылған суреттер әңгімені оқып болған соң да есіңнен кетпейді, жүрегінде жатталып қалады.
Мұның үстіне Ілияс Шоқпардың шоқтығын, тасын айтып отырып, сондағы табиғаттың сымбатын, сұлулығын айтып, сол жерде құрылған жаңа тұрмысты айқын көрсетеді.
«ШОШҚА»
Ілиястың «Шошқасы» социалдық мал шаруасы жөнінен жазылған, көңілді тартарлық ерекше әңгіменің бірі.
Біздің жаңа аяқтанып келе жатқан жас әдебиеттерімізде социалдық мал шаруасының, малды өсірудің мән-маңызы, әдісі жөнінен жазылған әдебиеттер жоқтың қасында. «Шошқа» бұл ретте керекті өлең.
Шошқа қысқаша ғана жазылған шығарма болса да мағына жағы өте салмақты.
1) Мал шаруасындағы шошқаның орны.
2) Мал санының шарықтауына шошқаның арналуы (дін, ұлт мәселесі).
«Шошқа» өсімтал, етті, майлы мал. Осы шошқаны арамтамақ молдалар (мұсылман діні) қайтадан арамға шығарды. Орыс жеген нәрсені жемеу — ұлт араздығын тудырудың бір әдісі емес пе? Ұлт пролетариатының күшін қоспаудың шарасы емес пе?.. Соның жөнінде діннің сырын, дін иесі молдалардың — арамтамақ жатып ішерлердің сырын ашу шығарманың негізгі көздеген мақсаты сияқты.
«Шошқа» әңгімесінде Ілияс осы мәселелердің бәрін түйіндестіріп, байланыстыра білген. Ілияс шошқаны қазақ колхозшыларының қадырлы малының қатарына қосып, бір дұрыс міндетті орындап отыр.
Ілияс — журналистика, сыпайы сықақ туғызуға көп еңбек сіңірді. Ол өзі: «әдебиеттің күлкі-сықақ түрі — бізде көп өспеген-өнбеген түрі. Бұл жөнінде, біраз еңбек істеп келем. Осы түрді туғызу үшін, әдебиет түрінен «Сықақ» атты кітап жиып шығардым. Осыған ыңғайым бар. Кезінде ұсақ-түйек жазып отырам. Менің фельетондарым, сықақ-өлеңдерім біздегі жоқ әдебиеттің сықақты түрін туғызуға істеп жүрген қызметтерім. Елдегі балалар сөзін баспа бетіне шығардым («Балаларға тарту»). Осы балалардан басқыштап, ел әдебиетін сала-саласымен жиып отырмақ едім, тек әзір «өтірікшіні» шығаруға ғана мүмкіндік болды. Ел әдебиетін жиюға, тыңдауға, зерттеуге, тексеруге қатты құмармын. Ел әдебиеті туралы, бізде ғылыми қорытындылар жоқ болу керек» деп жазған.
Ілияс біраздан бері кеңес жазушылары ұйымының басшысы болып қызмет атқарып келеді.
Ілиястың қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі елеулі дерлік. Осы күнгі қазақ кеңес жазушыларының түлегі, шебер өлеңге ұстасының да алдыңғы саптағысының көрнектісінің бірі — Ілияс.
МҮСІРЕПҰЛЫ ҒАБИТ
Өмірі мен жазушылық қызметі
Ғабит Мүсірепұлы 1900 жылы Қызылжар ауданында туған. Кедей баласы, жас кезінде кедейлікпен кісі есігінде жүрген. Алғашында ауыл молдасынан оқыған. 17-19 жылдарда орыс станицасындағы жоғарғы бастауыш мектепте оқыған, онан бұрын ауыл мектебінде оқыған. 21-23 жылға шейін ауылда әлеумет қызметінде болған. 27-жылы Омбыдағы ауыл шаруашылық институтында оқыған.
Бұрын газеттерге жазып, содан 27-жылдары шындап шыға бастайды. Әуелі қабырға газетіне жазған әңгімесі 28-жылы «Тулаған толқында» атты кітап болып шықты.
Ғабит — қазақ кеңес жазушыларының ішіндегі көрнектісінің бірі. Ылғи қара сөзбенен жазады. Қазақстанның кеңес жазушылары ұйымының белсенділерінің бірі. Кейінгі кезде «Екі адым алға, бір адым кейін» деген әңгіме («Шабуыл» Бейімбет екеуі қосылып жазған) жазып бітірді. Колхоз құрылысы жөнінен үлкен роман жазып жүр. Ғабит өзінің жазушылық қызметі жөнінде бізге мынаны айтады:
«...18 және 20-21 жылдары мен осы күнгі 7 жылдық мектеппен програмдас жоғарғы бастауыш мектепте оқыдым. Аз-маздап Крылов, Пушкин, Лермонтовтардың өлеңдерін оқып көрдім. Бірақ ол кезде орыс тілін тіпті білмейтін едім. Сондықтан бұлар маған әсер еткен жоқ, (тереңдеп оқыған да жоқпын). Тіл білмегенсін сабақ та ауыр болады. Тәжғали, Мақмет, Мүсен жолдастар болмағанда, өзім жанталаспағанда мен өмірде 1-кластан аса алмайтын едім.
24-жылы Сәбит мені Орынборға әкелді. 18-жылдан былай қарай Сәбит қалада, мен ауылда болдым. Сондықтан ол менен «озып» кетті. Бұрын мен «кеп озық» едім. Рабфакқа келдім. Сәкеннің көрдей қараңғы бөлмесінде Сәбитпен бірге тұрдым. Бір кісілік төсекте Сәбит екеуміз жатамыз. Төсекке салғанымыз шай жәшіктің жұқа тақтайы екеумізді көтере алмайды, жер жарылғандай бытырлап сынады: гүрс етіп еденге түсеміз. Сәбиттің жатысы жаман әрі ауыр. Көбіне тақтайдың шыдамауына сол себеп...
Қараңғы бөлме тазалықты бақыламауға қолайлы-ақ: махорканы тартамыз да қалтаның кез-келген жерге тастай береміз. Темекі таусылғанда қайта жинап алып тартамыз.
Сәбиттің күнбе-күн жазғандарының бәрін оқып отырдым, оның күнбе-күн жазған өлеңдері газет-журналдарда басылып екеумізге көлденең азық болып тұрды. Баспаға апарудан бұрын екеулеп «сынап» жүрдік. Бейімбет, Сәкен өлеңдерін газет-журналдардан оқи бастадым. Бірақ Сәбит секілді ақын атын алып қойған адамның қасында мен өлең шығарып шатасуым адам айтқысыз масқара көрінді. Оның үстіне Сәбит өлең жазғанда іркілмей жазады, не туралы жазуды тез таба қояды да бірдеме-бірдеме деп өлең қылып шығарады. Мен шамаласам, жан адам жоқ жерлерде күніне бір-екі өлең ғана жазатынмын, масқара емес пе? Түгел бездім бәледен.
Бірақ сол 24-жылдан бастап Гогольдің, Пушкиннің, Лермонтовтың, Достоевскийдің қара сөзбен жазған повесть, романдарын оқи бастадым. Шет пұшпақтап Толстой, Горький, Шекспир, Чеховтарды оқыдым. Бұлар өте ұнады. Бейімбеттің «Шұғаның белгісі» бір түрлі әдемі жазылғанын көрдім. Әйткенмен оқу ауыр, бір жағынан «көмеші қасында отырғанда қайықшы дыбысын шығара алмайды» екен. Ішімнен жазуға құмартсам да қалам ұстауға бата алмадым. Менің құмарлығымды Сәбит сезді білем «Сен жазуға кіріс» деп мазалап жүрді. Газет басқармасынан қаулылар әкеліп аудартып жүрді (сол кездегі ылғи қате аударылған Совнарком, КазЦИК қаулыларында менің де еңбегім бар)...
Оның үстіне «алашордаларға» қарсы Сәкенді жақтайтын бір мақала жазғызды. Аяғына мен қол қойсам да желісін тартып жаздырған, артынан түгелімен қайта жазып шыққан Сәбит еді, «Балтабай» деген біреуге қарсы жазылды ма? Сәбиттің сонша түзеткені маған жаман батты, жаза алмайды екем деген қорытындыға келдім де, жазудан тағы безіне түстім. Бірақ Сәбитке сездірмедім. 25- жылы Сәбиттен айырылдым.
Рабфакта қабырға газетін шығарып жүрдік. Қазақша қаламшылар жоқтың қасы. «Өзімнен» артық ешкім болмағасын тағы жазуға кірістім... «Теңіз тепкісінде» деген әңгіме жаздым, оқушыларға, әсіресе Балқашұлына ұнады. Сол әңгіме 27-жылы «Тулаған толқында» деген ұзақ әңгіме болып, 28-жылы басылып шықты. 28-жылдан бастап журналға төрт-бес қысқа әңгіме жаздым да, «Көк үйдегі көршілер», «Әйел тендігі» шықпай қалғандықтан түгел басылмады, бірі әлі біткен жоқ. «Көк үйдегі көршілерді» 3- 4 нөмірде бастырған кезде «бұл әңгіме әлі ерте» дейтін еді. Қазір ол әлденеше қырдың астына түсіп артта қалды. Одан кейін «Өмір ертегісі» деген роман бастап ем, о да біткен жоқ. Бұлардан басқа да ірі ұзақ басталған нәрселерім бар, бірақ аяқтауға қол тимейді. Күнбе-күнгі кеңсе жұмысы, мәжіліс, науқан, табан тоздырған жүгірістер барлық уақыттың еріксіз иесі болып жүрген жай бар.
Ұғына алдық па, түсіндік пе, ол өз алдына мәселе, маған әсер бергендер негізінде жоғарғы айтылған орыс жазушылар мен Ыбрайымұлы Ғалымжан шығар деп ойлаймын. Жазу, төселу, жазушы болып шығу, міндетінді атқара алу жалғыз өз қара басыңа ғана байланысты емес көрінеді.
ҒАБИТТІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ
«ӨМІР ЕРТЕГІСІ»
Ғабиттің «Өмір ертегісі» романының бір шумағы — кешегі ескі ауылдың қалпы мен салты. Кедей мен байы, жалшысының жайы туралы.
«Өмір ертегісі» — ертедегі қазақтың көп жалшыларының бірі — Жанысбеавдың басынан кешкен өмірінің ертегісі. Жалпақ табан Жанысбай — ертедегі «Қарынбай» сияқты қазақтың қайырымсыз байының тырнағында езілген, жалшы малшысы.
Ертедегі ескі ауылдың үстем табының еңбек жеуі — шығарманың негізгі сипаты. Жанысбай сол ескі ауылдың үстем табы еңбегін жеген еңбекші малайы.
БАЙЛАР ТАБЫ БИЛЕГЕН ЕСКІ АУЫЛ ЕҢБЕКШІГЕ ӨГЕЙ AHA ЕДІ
Байлар жайлаған ауылдың азабы мен тозағына күйіп, күн көре алмаған кейбір жалшылар қалаға қарай тартатын, қала жағалайтын, өндіріс кәсібі бар жер болса, соған кететін.
Ескі ауылдың тұрмыс заңы қанау, талауға негізделгендіктен ылғи кедейлене беру де содан туатын жайт. Кедейленген, күн көре алмаған жалшылар күн үшін аласұрып, арпалысып, тесік тамаққа жем іздейді. Бай жалмаған ауылда күнелте алмайды. Жанысбай жегідей жеп, жан-жағын жайпап бара жатқан Ыбырай байдың жалмауына шыдамай, биесін мініп еліне тартады. Ол заманда байдың ала жібін аттау қайда, әкесі қорқып «байдың малын апарып беріп аяғына жығыл, тағы бір жыл жүр, кешер» дейді.
Әкесінің үйінде тұрғызбасын көрген соң Жанысбай ілгеріден өзіне таныс Жезқазған, Қарсақпайға кетеді.
Міне, сөйтіп, ауылдағы жалшыларды ол замандағы тұрмыстың қалпы-салты, қара заңы қалаға қуады. Байлар жайлаған ауыл еңбекшілерге өгей ана секілді болады.
ЗАУЫТТА
Жанысбай ауыл байынан қашып келіп, қала байының қанды тырнағына түседі. Тағы қаналады.
Жанды ауыртпай, теспей соруды осыдан көреді.
Жанысбай енді жұмысшы. Жанысбайды әуелі Қарсақпайдың «өнерлі», тырнақты байы ағылшын жейді. Онан қалғанын құрметті тілмаш Александр жейді, онан қалғанын қазақ подретшік қулары Жақыпбектер жейді... Міне осы қожалардың бәрі Жанысбай сықылды жұмысшылардың терін теспей жейтін құзғындар екені көрінеді.
Жанысбай қалаға келіп, өндіріске орнығып, осындай кір, лас, сасық үйде жатып қандала, бүрге, биттердің талауына түсті. Шын қандала бір таласа, адам қандалалары екі талайды.
Сонымен «қайда барса бытпылдық» болады.
Ұзақ бейнетті басынан кешірген Жанысбай ақырында:
«У... Еңбек деген екі ұшты болады, бір ұшы еңбек иесін езіп, сорып жатса, енді бір ұшы еңбекті сатып алғандардың бау-бақшада, сарайы, күмбезді үйі, әдемі өмірі, торқалы тұрмысы болады» дейді.
ЖҰМЫСШЫЛДЫҚ ПЕН ЖЕКЕ МЕНШІКТІК
Тапшыл қоғамның тәрбиесінің Арқасында ана сүтімен бірге сүйекке сіңген меншіктілік «өз қотырын өзі қасып», «ермек» тіршілік қылу Жанысбайдың есінен шықпайды. Мұның (Жанысбайдың) биесі, жұмысшының ұшпыры жоғалғандығы екеуінің таласы, мал қымбат па, құрал қымбат па деп таласып, әкесі, бір ағасы, өзі үшеуі бірдей жұмыс істеп, бірді-екілі қараның басы құралғанда ауылды ойлай қоюы, жұмысшы болып жүрсе де ескі қанаушылық тұрмыс тарбиесінің салдарынан, бай жұмысын қылмай, өз шаруасын өзі басқарып, жеке «өз еркімен» тіршілік қылуға арман қылатын сананы көрсетеді.
«ӨМІР ЕРТЕГІСІНІҢ» МАҢЫЗЫ
«Өмір ертегісі» — әлеуметтік мәні күшті әңгіме.
Жаңа тұрмыс орнату үшін өткенді білу қажет. Октябрь төңкерісінен кейін туған жастарға өткендегі оқиғалардың көбі ертегі сияқты болады. Өйткені олар өткен күндердің қараңғы қиыншылығын, азабын, еңбекшілердің қанын сорып, еңбегін жеген байлардың қылықтарын өз көздерімен көрген жоқ. Олар кітап оқып, осындай әңгімелерді оқып қана біледі, біліп қана қоймай, кешегі өмірдің қандай болғанын бүгінгі социалдық құрылыс заманындағы жаңа тұрмыспен салыстырып, бақытты өмір жасауға белсенеді. Бұл ретте «Өмір ертегісі» әңгімесінің маңызы зор-ақ. Жалшыларының басынан өткен мектебі секілді және мұндай әңгіме, бұрынғы замандағы феодал табы билеген замандағы, феодал байлардың қанау түрін көрсетеді.
Онсоң кәсіп капиталының, қазақ даласына тұмсығын тыққан замандағы капиталдың қанауын көрсетеді. Мысалы, әлгі зауыттар кәсіп капиталының қазақ даласын шеңгеліне ала бастауының арқасында, кешегі билер (феодалдар) табы билеген ауылдың жалшыларының, еңбекшілерінің сана-сезімдеріне де өзгеріс кіре бастағанын көрсетеді. Кәсіп капиталының зауыттары феодалшылық ауыл тұрмысына өзгеріс кіргізіп, феодалдардан шаруашылық әкімшілігін қалай алатындығын көрсетеді.
СЫДЫҚҰЛЫ ЖАҚАН
ӨМІРБАЯНЫ
(Өз сөздері)
1901 жылы 10 майда тудым. Туған жерім Көкшетау ауданы 3- ауыл «Қараағаш» деген жер (бұрынғы Петропавл округі). Қара шаруа момын кедейдің баласымын.
Менің жазуға кірісе бастауым 1924 жылдан басталады. Осы жылдар Қызылжар қаласында шығатын «Бостандық туы» атты газетте аз-маз өлеңдер жаза бастадым.
1927 жылдан бастап газет қызметтерінде болдым. 1929 жылдан бастап Қазақстан баспасында, «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет атқардым.
1929 жылы «Еңбек жемістері» деген, 1931 жылы «Табыс» атты кітаптарым шықты. Онан кейін «Қызғалдақ», «Найзағай» атты өлең кітаптарым шықты.
Күнделік жұмыс, партия, үкімет шаралары туралы газет-журналдарда ат салысып шамадан келгенше қызмет істедім.
Орыс елінің әдебиетімен, орыс жазушыларымен танысып, пролетариат әдебиетінің бағытын үйрену үстіндемін.
Түркістан қаласында шығатын «Қызыл Түркістан» газетінде шығарушы (редактор) болып істедім. Осы күні «Оңтүстік Қазақстан» газетінің (облыстық) редакторының орынбасары болып істеймін.
ЖАҚАННЫҢ ПОЭМАСЫ
«ӘЛІ ҚАРТТЫҢ ӘҢГІМЕСІ»
Жақанның «Әлі қарттың әңгімесі» атты поэмасы барлық жазған шығармасынын ішіндегі Көркемдік ретінде таңдамасы деуге болады. «Әлі қартың әңгімесі» мешін жылындағы ашаршылық жөніндегі бір әдеби із деуге болады. Поэманың кейіпкері ашаршылыққа ұшырап қаңғыған Сағымбай, Сағымбайдың әйелі — Жаңыл, екі жасар баласы — Әділ. «Аламын» деп аш арыстандай аузын ашқан аштық, айдала, сарнаған жел, сарылған сағым — елсіз-күнсіз далада тесік тамаққа талғау іздеген Сағымбай мен Жаңыл қолында жас бала.
Әңгімені Әлі қарт айтады. Сол даладағы тамақ іздеп өз баласының бауыр етін жеуге ауыз салған Сағымбайдың сиқын, жас баласын жеуге берген Жаңылдың жайын, сол даладан бүркіт алған киікті сұлатып алып, өздерін де, баласын да аман-сау алып қап, ел қатарына қосылғанын, үкіметтен жәрдем алғанын — осының бәрін Әлі қарт әңгіме етеді. Кейінгі жастарға «сондай-сондай күндер болған» деп әңгімелейді.
Әңгіменің қысқаша мазмұны осы.
Аштықтағы надан адам. Аң мен ұшқан құс, жүгірген анда бала үшін өз жанын қиятындары көп болады.
Балаға алдымен ана жақын. Анадан соңғы баланың жақыны — әкесі; Сағымбай сол баланың әкесі. Аш... өз баласын жеуге ауыз салып отыр. Ана араға түсіп шырылдайды, лаж жоқ, тас жүректі хайуан нәпсілі әке баласын жемек болады. Көзінің ағы менен қарасындай көрген баласын сорлы ана аштық апатына ұшыраған надан әкесінің хайуан құлқынына беруге ықтияр болады. Бірақ шыдай алмайды. Күңіренеді. зарлайды. Екі көзіне ғана әлі келеді. Осы адам шошырлық қара түндей халдың бәрі поэмада толық суреттеледі. Өлім құшағындағы, аш әкесінің алдындағы Әділдің тілегін тілейсің, өлмесе игі еді, жемесе игі еді дейсің ішіңнен.
Бұл ақын әңгімесінің әсерлігін, күштілігін көрсетеді.
ТІЛІ МЕН КӨРКЕМДІГІ
Жақан кейінгі жастардан жетілген көрнекті ақындарымыздың бірі. Жақанның ақындық күшін көрсеткен шығармасынын бірі — осы «Әлі қарттың әңгімесі».
Жақанның тілінің шебер, сөзінің көркем кестелілігін мына бір шумақ өлеңнен байқауға болады:
«Тар құрсағым кеңіткен,
Тас емшегім жібіткен,
Әділтай — болат құлыным.
Бақайшағым майысқан,
Омыртқа белім қайысқан,
Өкпе-бауырым құлыным.
Аспандағы жұлдызым,
Маңдайдағы құндызым,
Басқа біткен тұлымым.
«Әлі қарттың әңгімесінің» мынадай көркем, мұнан да күшті жерлері көп-ақ.
«Әлі қарттың әңгімесі» оқығанда өзіңді еріксіз билеп әкетеді. Оқып шыққаннан соң әңгіменің суреттері көз алдында тұрғандай болады. Сана-сезімдерің қозғалып, жаның шығардай болады.
Баланың өлмей, жем болмай ел қатарына қосылған қуанышты өмірін тілейсің. Надандық шеңберіндегі әкенің қу құлқынына лағынет айтасың. Аштық масқарасына лағынет айтасың.
Міне, бұл әңгіменің күші, көркемдік бағасы.
ТОҚМАҒАМБЕТҰЛЫ АСҚАР
Өмірбаяны
Асқар 1905 жылы бұрынғы Сырдария облысы, осы күнгі Тереңөзек ауданында туған.
Асқар келте тонды кедей баласы. Кедейліктен қолы қысқа болып, жас кезінде ұзақ оқи алмаған. Күн көру үшін кісі есігінде көп жүрген.
1924 жылға дейін ауылда ауыл тіршілігінде болған. Хатты ауыл молдасынан таныған. Хат танып, сауатын ашып бозбала болған кезінде көп алдында жыршыларша суырып салып өлең айта салатын да әдеті болған. Анау-мынауға арнап шұқылау өлең де жазатын болған. Ауыл арасында ақын Асқар атына да ие болған.
1924 жылы Ташкендегі политехникумның даярлау қурсына түскен. Осы оқуда жүріп әуелі қабырға газетіне, онан соң баспа газетке өлең жаза бастаған.
1925 жылы «Еңбекші қазақ» (осы күнгі «Социалды Қазақстан») газетіне Лениннің суретіне арналған бірінші өлеңі басылып шыққан. Кейінірек Асқар «Еңбекші Қазақ», «Лениншіл жас» газеттеріне үзбей жазып тұратын болған. Асқардың өлеңі газеттің саны сайын шығып тұратын болған. Әсіресе Асқардың ақындық өнерінің өсуіне Бейімбет көп себепші болған, Асқарды баулыған.
Асқар кейінгі кезде баспасөз айналасында істеп келеді. Мәскеудегі әдебиет институтында аздап оқып алды. Кейін Қазақстан баспасында біраз істеп, нақ осы күнде «Социалистік Қазақстан» газетінде қызмет етеді.
Асқар көрнекті ақынымыздың бірі. Қара сөзден гөрі өлеңді көбірек жазады. Кейінгі кезде оқшау, фельетонды қара сөзбен жазуға да шұғылданып жүр.
АСҚАРДЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ
«КОЛХОЗШЫҒА ХАТ»
«Колхозшыға хат» — Асқардың ірі еңбегінің бірі. Социалды Қазақстанның басынан өткен ұлы тарихы — осы поэманың мазмұнды желісі.
Поэманың мазмұны әке менен баланың ортасындағы хаты ретінде жазылған. Ауылдағы көп жасаған надан қараңғы әкеге оқыған пионер баласы ақыл айтады. Хат-хабар арқылы әкесін тура жолға бастайды.
Баланың (Еркіннің) хаты әкесіне латынша, жаңа әліппен жазылып, ауылдағы қожа-молда шығара алмай, бір мұғалім оқып, әрең шығарып түсіндіреді. Осыдан тудырып Еркін әкесіне жаңа әліптің маңызын, төңкерісшілдік мәнін түсіндіреді, (қожа-молдалардың сауатсыз болып далада қалғанының шет жағасын айтып өтеді). Еркін бір хатында әкесінен ауылда комсомол ұйымы бар ма, Қасқырбай қайтып жүр, кедейлерге бұрынғыдай қорлық-зомбылығын істемей ме? Аулынай бай құйрығы, жемпаз емес пе? деп сұрайды. Өзің кооперативке мүше болмасаң мүше бол деп ақыл айтады. Әкесінің осы баласының себебімен сандауы ашылып, жаңалық кіре бастайды, ақты-қараны ажырата бастайды. Сөйтіп жүргенде «бөліс» болады, баяғы бай Қасқырбайдың шабындығы Еркіннің әкесі Нұрмағамбетке тиеді. Мұнан соң таптық сезімі көтеріліп, сандауы ашылады. Кедейге жер, шабындық неге керек деген байдың құйыршығы Құдайқұлға қарсы шығады.
Ауыл советтен қулар қуылып, таза ақ жүрек адамдар отыра бастайды, бай балалары жайлаған комсомол да көзге түсе бастайды. Сонан кәмпеске, кәмпескеден соң колхоз болады... Кедей, бай ашықтан-ашық қан майданға түсіп, тап тілегі үшін жұлқысады. Ауылдан сауат ашу мектебі ашылады. Еркін лагерьде жүріп ауылдағы колхозшыларға жәрдем еткендерін, лагерьде қандай тәрбиенің барлығын айтып әкесіне хат салады. Қысқасы, кеңестің жас пионер — жаңа адамы ауылдағы ескі адамды жаңа өмірге, жарыққа бастайды. Әкесіне сырттан оқытатын мектеп есебі болады. Жас пионер жекешіл ескі әкесін бірлікке — коллективтік өмірге тартып үйретеді.
Асқардың «Колхозшыға хат» деген поэмасы осындай жаңа өмірдің үлгілі ұлының жаңалық үшін қалай күрескендігін көрсеткен поэма.
ПОЭМАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ
Поэманың әлеуметтік маңызы зор. Біздің жаңа өмірдің ұлы жас пионердің хаты — аумағы кең, маңызы зор, мәнді хат. Ел еңбекшілерін жөнге бастайтын хат.
Әкесін кооперативке кіруге үндеу, Қасқырбайға қарсы шығып, ақысын алуға үндеу, артельге кір, коммунист бол деу — әлеуметтік мәнінің зорлығы. Поэманы мәнді-маңызды деуіміздің дәлелі де осы болады.
Қасқырбайды кәмпескелеп, жер аударып, өзі белсеніп колхозға мүше болған, үкіметке «Қызыл жүк» тапсырған, Қазақстанның он жылдық тойында газетті өзім оқитын болам... деп құлшынып отырған Нұрмағамбет кім? Оны осындай жаңа өмірдің белсенді құрылысшысы етіп шығарып отырған кім? Әрине, Еркін пионер. Әңгіменің әлеуметтік, таптық қымбаттылығы да осында.
ТҰРМАНЖАНҰЛЫ ӨТЕБАЙ
Өмірі мен жазушылық қызметі
(Өз баяны, өз сөздері)
Мен 1904 жылы осы күнгі Түркістан ауданында туып, Бөген өзенінің жағасында өсіппін.
Әкем жұпыны кедей шаруа болған, шағын шаруасы тіршілігіне кейде жетіп, кейде жетпей, қысқа қол, тар тұсау болып, жоқшылық көріп, еңсесі екі елі көтерілмеген кісі. Өз шаруасымен күн көре алмай, өзге дe қызмет ететін болған. Өз бетімен етік тігіп, етікші болған. Әркімге етік тігіп күн көретін болған. Үй ішін осы өнерімен асыраған. Мен 13 — 14 жасыма дейін әкемнің қолында өстім, қызметіне, үй шаруасына қолғабыс тигіздім, жәрдем еттім.
16-жылдың аяғы 17-жылдың бас кезінде «жылан» болды, ел ашаршылыққа ұшырады. Жоқ-жұпыны шаруа, қоңсыз-кемтар шаруалар ашаршылық апатына алдымен ұшырады. Қолдағы бардан айырылып, құр алақан қалды. Сол көп кедейдің бірі біз де ашаршылыққа ұшырадық, ата баласына қарамайтын заман болды. Балапан басымен, тұрымтай тұсымен болды. Ашыққандар қалаға қарай ағылды, жұрт қала сағалады. Біз де тамаққа талғажау іздеп, шұбырып Ташкен қаласына келдік. Бұл 17-жылдың бас кезі еді.
Әкем, анам Ташкеннің қыстақтарындағы Төрәжі дейтін өзбектің зор помещигіне күні үшін малайлыққа түсті. Мен екі жыл кісі есігінде жалшы болдым. Онан соң өз бетіммен күн көру жолына шықтым. 18-19-20 жылға дейін Ташкендегі аш-жалаңаш, қамқорсыз балалар қатарында болдым. Өлмеу үшін, өмір үшін қылмаған кәсіп қылмады. Бәрін де істедім... Өмір мектебін өттім. Жоқшылық, таршылықтың бәрін басымнан кешірдім. 20-жылдың аяқ кезінде Ташкендегі 14-номерлі жетім балалар мектебіне кірдім. Көшеден жинап алған жетім балалардың бірі болдым.
Бірінші рет кеңес мектебінен жарық көрдім. Қуаныш, шаттық өмірге ендім. Хат танып, сауат ашып, газет-журнал оқитын болдым. Нақ осы кезден бастап Көркем әңгіме, өлеңдерді құмарлана, қызыға оқитын болдым. Мектепте шығатын «Жас жүрек» атты қабырға газетіне қара домбайға салып өлең де жазатын болдым. Бірақ бұл балалық шақтағы — балалық мінезді өлеңдер еді. Мәнсіз-дәмсіз өлеңдер еді.
22-жылы бірінші басқыш мектепті бітіріп, сол жылы жаз айыңда Ташкенде ашылған Күншығыс еңбекшілерінің коммунист университетіне дайындайтын екі айлық курсын бітіріп, Мәскеудегі негізгі бөліміне түстім. 1925 жылы негізгі бөлімін бітіріп шықтым. Өлең жаза бастағанымның екінші басқышы осы мектеп сахнасында басталады. Бұл кездегі жазған өлеңдерім қай жағынан болса да біраз тәуірлене бастады, бірінен бірі тәуір шыға берді.
Анық жаза бастауым 23-24 жылдың орта кездерінен басталады. 25-жылдың бас кезінде өз өлеңдерімнен, өзге төңкерісшіл ақындардың өлеңдерінен құралған, Ленинге арналған «Таң өлкелері» атты бірінші кітапшам Мәскеуде басылып шықты. Сонан бері қарай, осы күнге дейін 10 шақты кітапшаларым басылып таралды.
Алғашқы кезде жазған өлеңдерімнің тақырыптары: Төңкеріс, Бостандық, Теңдік, Кеңес, Жұмысшы, Кедей, Малшы, жалпы алғанда өткен құлдық, теңсіздік өмірмен төңкерісте алған тендік, бостандық тұрмысты салыстыра жырлау болды. Өлеңдерім құрғақ үгіттеу болып отырды. Оқу бітірген соң Орта Азиялық коммунистер университетінде 25-30 жылға дейін мұғалімдік қызметте болдым.
1927 жылдан жазушылар ұйымына мүше болып кіріп, жазу ісіне міндетті қызметше қарай бастадым. Бірақ іс арасында, негізгі қызметтің қосағында жазушылық ісін үдетуге болмады. Бір нәрсенің басын бастасам аяғы бітпей жүре беретін болдым. Күрделі еш нәрсе жаза алмадым.
Осы күнде ірі нәрселер жазуға кірісіп, өндірісті жағалап жүрмін, өндіріс, жаңа құрылысты шындап тануға кірістім.
ӘБДІҚАДЫРҰЛЫ ҚАЛМАҚАН
Өмірі мен жазушылық қызметі
Өмірі
Әбдіқадырұлы Қалқаман 1903 жылы Шиеліде туған. Кедей арбакештің баласы. Қаршадай кезінен байлардың, саудагерлердің қолында малайлықта, жалшылықта болған. Тырнақтайынан жалшылықта — «жалаң аяқ жар кешкен, қызыл аяқ қар кешкен, сары уайым сарғайтып, көкейін қайғы құрты тескен» мыңдаған, миллиондаған қазақ жалшыларының бірі осы жазушы Қалмақан.
1925 жылы осы күнгі «Социалды Қазақстан», бұрынғы «Еңбекші қазақ» газетінде ат бақташысы болып қызмет еткен. Онан соң газет тарату бөліміне үйреншік болып кірген. Газет бүктеуші болған.
Қалмақан өзінің зерделілігінің, пысық іскерлігінің арқасында тез көтерілген, шала сауатымен-ақ қалам ұстап, халыққа таныла бастаған. Болымдылығы білініп көзге түсе бастаған.
Осы кездегі түңғыш еңбектерінен құралып 27-жылы «Жалшы» атты кітабы жарыққа шыққан.
Қалқаман сонан бері қарай газет, журналға үзбей жазып келеді.
Қалмақанның жазуында кешегі құлдықты көрген қазақ жалшысы мен бүгінгі ерік алған шаруасы, бүгінгі озған өнерлі жұмысшысы салыстырыла жырланады.
Қалмақан кейінгі кезде колхозды, өндірісті жырлауға бет бұрып жүр. 1926 жылдан Қазақ кеңес жазушылар ұйымының мүшесі, белсенді бір қызметшісі.
ЖАЗУҒА ӘУЕСТЕНУІ МЕН ЖАЗУШЫЛЫҒЫ
Қалмақан өзінің әдебиетке қалай әуестеніп, қалай жаза бастағандығы жөнінде былай әңгімелейді:
«13 жасыма дейін өмірімде айта қаларлықтай ешнәрсе бола қойған жоқ. Әкем қарт, оның үстіне дүние кемтар болғандықтан 13-тен былай қарай жұмысқа үлкен кісідей қатынастым. Жаз егін, қыс 3-4 айлап кісіге жалданып кәсіп істедім.
Көбінесе саудагерлердің Ақмешіт (Қызылорда), Шиелі қалаларынан алған малын Ферғана қалаларына, Андижан, Наманған қалаларына айдап алып баруға жалданып жүрдім. Мені қасына ертіп, малды көп айдатып Жүсіп деген бір қарт кісі 20-30 күндеп жүрген ұзақ сапарға аузы тыныш таппай көлік үстінде өлең айтады. Ол өлеңі:
Ауылын сенің белде еді екі-ай дала,
Көңіл ауған сенде еді бойдай тала.
Сен алмасаң қойнына жан қалқатай
Жаңа біреу кел деді бойдай тала... ay дай...
дегізді.
Күні бойы қасында ызындап отырған соң, соның әсері тимей қоймайды екен. Мен де ыңылдап отыратын болдым. Бұл өлеңге ең алғаш көңіл бөлген жерім. Сол жолы жазда, 16-жылы егін етіп, мойын серік болған адамның бәрі жалқау болды да, ала жаздай шығырда жүрдім, өгіз бақтым, егін суардым, күзде тары ала алмай қалып, жалғыз қап тарыны қырман басында қарызға алдым. Сонда Нұржан деген сопы кісі мен менің әкем һи-һи -алда- алда дей берді. Ауылға қайтып келе жатқанда мынандай бір ауыз өлең айттым:
«Бес кісі берекесіз болдық ортақ.
Екі жерден шығыр деп құрдық шарбақ,.
Жалғыз дорбаң шықты қарыз алып,
һи-һи алда дедік те кеттік тарқап».
Сонан былай қарай менің атымды ақын қойды. Ауызекі өлең шығаратын болдым. Сол кездерде соқырша хат танитын болдым. Ыңылдап, «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат» қиссаларын қойныма тығып жүріп оқыдым. Ол менің өлең айту талабыма қосымша болды. 17-жылғы Сырда болған ашаршылық бұл талапты түбімен құртты.
Босып Ақтөбе бардық, онан Қостанайда туыс бар деп әкем сонда сүйреді. Қостанайға барған күні Қанарбай дегенге соқаға жалдандым. Онан шығып Дүйсеке дегенге тұрдым, әкем, шешем өлді. Жас бір інім, бір қарындасым қалды. Соларды асырауға айналып Дүйсекеде күндік істедім. «Ақ жол» газетіне большевикті, Ленинді мақтап біреуге жаздырып өлең апарып бердім. Бірақ ол басылмайды деп артынан жауап берді.
1923 жылы Кенжебек дегенге жалданып, алты айлық жалақыма бір тайлақ алдым. Күзді күні шығар дейім, аусыл-сарып деген ауру болып тайлағым жатып қалды. Оның алдында бір кісідегі екі тайыншам қарасан болып өлген. Шәдібайдан інім жалданып алған екі ешкісі ала өкпе болып өлді, оның бәрін ойланып келіп мынадай өлең шығардым:
Жол болсын аусыл менен сарып саған?
Кім берді тайлағымды танып саған.
Тиіпті біріне ауыз, біріне аяқ,
Соқырдың көзге таман барын қалған.
Қол салдың жылғыздан да үміт қылып
Бір құдай ит екенсің жарытпаған.
Өткен жыл кебенегің ешкімді алды,
Ешкілі байды көрмей шалыстаған.
Қарасан сырпан барып тайынша алды,
Дегендей жарамас деп алып қалған.
Алты ай жүріп алғаным жалғыз тайлақ
Тұрғызғандай ағаштан қалықтаған.
Оған келіп тобыңмен қонжиыпсың,
Томаршадай балтамен салып қалған.
Әкем, бабам риза боп бәрі соған
Шырақ алып түстің-ау анық маған.
Бұл өлеңнің аяғы көпке созылды. Бір жоқшылықтың өткен күндерін түгел айттым. Кедейлік неден болған себептерін аусыл-сарыпқа айтқыздым. Бәрі де ауызбен айтылып, жазуда қалмады. Бүл менің өлеңге мықтап көңіл бөлуіме себеп болды.
1924 жылы Домалақ тоғайда вагон тиеуші болып жүргенде (ол кезде профсоюз жоқ) Түркістан өндірісін тексере келген Әбу Балмағамбетұлына барлық жұмыскердің жайын өлеңмен арыз қылып бердім, соның ішінде:
Шошқа жеген ақ бидай,
Бізге сірә тимеді.
Алдына барып жыласа,
Начальниктер ілмейді.
Қамдағының суы жоқ,
Мұндағының үйі жоқ,
Жоқ деп оны білмейді, —
деген сөздер болды. Осы өлеңді жұмыскерлер мақтады. Бірақ арыздан ешнәрсе шықпады.
1925 жылы Қызылордаға барып транспортта жүк түсіріп жүріп, кешке қонып отырған жерде өлең айттым. Сол жерде Есбатырұлы кездесіп, «сені басқармаға апару керек екен» деді. Бірақ ондағы ойым оқу еді. Құлмағамбет деген мұғалім оқуға кіргізем деп біраз сүйесе де орын таба алмады. Есбатырұлы ертеңіне апарып «Еңбекші қазақ» басқармасына арыз бергізді. Редактор орынбасары Майлыұлы екен. Ол Қашқынбайұлы деген контор бастығына жіберді. Ол қолымды танымай, ауызекі сұрап, орын жоқ деді.
Сонан былай қарай күнде соған бара бердім. Бір күні кешір бола қой деді, қуанып қабыл еттім. Көшір болғаннан бастап «Жас қайрат» газетінде істейтін комсомолдар бір мезгіл жазу ережелерін үйретті, жаза бастадым.
25-жылы сентябрь ішінде «Сырдария» өлеңім «Еңбекші Қазақта» басылды. Баспадағы алғашқы сөзім сол болды. Менің ішімнен тәуір көретін кісім Бейімбет еді, онымен сөйлесіп, ақыл сұрап жазуға менің көшірлік жұмысым ретін келтірмеді. Сөйтіп жүргенде 26-жылы Қызылордаға Сәбит келіп, келген күннен бастап бауырына тартып алып ақыл айтты.
Ақылды саяси бағыттан бастады. Алашорданың тарихын сөйледі. Сол кезге шейін «алаштың ақ туы» деген сөзді аса жек көрмейтін едім. Содан былай қарай пролетариаттық бағытым жөнделе бастады. 2б-жылдың аяғында бір айлық профсоюз қурсінде оқыдым. Сонан шығып партияға кірдім. 27-жылы Қазақстандық мемлекет баспасына Сәбит редактор болып тұрғанда «Жалшы» атты жинағым басылды. 27-жылдан КазАПП-қа мүшемін. Қысқаша айтқанда жазушылық тарихым осы.
ҚАЛМАҚАННЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ
Қалмақан «қара борбай» егіншілер ішінен қалам ұстап қайнап шыққан жалшы жазушы. Егіншіліктің де, жалшылықтың да тәсілін тәжірибеден көріп, көңіліне тоқыған еңбектің қалам ұстаған ұлы, еңбек жыршысы.
Қалмақанның тырнақ алды еңбектері «Жалшы» атты кітапша болып шықты. Онан соң «Екпінді» дейтін тағы бір өлеңдер жинағы басылып шықты.
Қалмақан кейінгі кезде әңгіме жазумен де айналысып жүр. Әңгімелері де әдемі шығып жүр. Мысалы: «Тәтті қауын», «Еңбекке қарғыс кәр етпейді», тағы басқа әңгімелері. Осы күні әңгімемен ұзақ, күрделі нәрсе жазуға талаптанып жүр.
«ҮЛГІ»
Қалмақанның ақындығын танытқан алғашқы тұңғыш еңбегінің бірі (алғаш «Жыл құсы» журналында басылған) «Үлгі» атты поэмасы.
«Үлгі» - қара борбай кедейлердің үкімет жәрдемі арқасында өнеге есебінде алғаш артельге ұйымдасып, күш қосып, сусыз жеріне су мәшинесіменен су шығарып, бір-біріне жанасып, жоғына бары қарасып, жаңа үлгілі тұрмысқа аяқ басқанын көрсетеді.
Сырдария жиегіндегі жатақ егінші кедейлердің өмірі тұрмыстың тарлығымен бірігіп күресуді қашаннан-ақ меңзейтін. Бірігіп арық, тоған байлап, су шығару, егінді суару бұлардың қашанғы кәсібі болатын. Бірақ ертеде кедейге кім жәрдем қолын созған. Өліп-өшіп істегендері бірде әжетке шығып, бірде шықпай, еңбектері еш болатын.
Осы жалаң аяқ жар кешкен, қызыл аяқ қар кешкен қара сирақ кедейлер үкіметтен жәрдем ала бастады. Үкімет оларды сүйей бастады.
Өмірі бұрыннан ұйымдасуды тілейтін Сырдария кедей егіншілері 40 үй болып бірігіп, артель ашып, үкіметтен жәрдем сұрайды, өздері де қарап отырмай, дамылсыз тырбанып еңбек істейді, үкімет сұрағанын береді. Машина сайман алады, егін салады. Егіні бітік болады. Қорланады. Ақырында бірігіп қала поселке салып алады. Мәдениетті жаңа өмірге аяқ басады.
Қалмақанның «Үлгісі» осындай үлгілі болған 40 үй кедейлердің жұмысын, тұрмысын, ол тұрмыстың өзгерісін көрсетеді. Кедейлердің арасында артель болу тілегінің қалай туып, қалай өсіп, қалай жұмыс қылып, кең жолға шыққанын көрсетеді.
Қалмақан 40 үй кедейлердің ұйымды еңбегін барлық кедейлерге өрнек, енеге үлгі ретінде жыр қылады.
«СЫРДАРИЯ»
Суды, жерді аналап, ардақтап, мақтау бұрыннан келе жатқан түсінікті сөз. Жер мен су ана сияқты екені рас...
«Анасы өлді дегенше — ағар бұлағы суалды десейші» деген сөз, сондықтан шыққан сөз...
Біздің Қалмақан ақынымыз да, сан елге анасындай болып отырған Сырдарияға арнап «Сырдария» атты өлең жазды. Сырдария анасын мақтап, мадақтады.
Қалмақанның «Сырдария» атты өлеңі табиғатты, адамға, әсіресе еңбекші тапқа пайдасы көп суды мадақтайды.
«Басым бұлақ,
Таудан шығад,
Атым Дария — мен анаң,
Суым — сүтің,
Жерім — құтың,
Еңбекшілерім — кел балам!..
дейді дария!.. Ақын тілсіз табитатқа тіл беріп сөйлетеді. Өзінің қоғамға, еңбекші тапқа қандай пайдасының барлығын су өзі айтып жырлайды. Міне тілсіз табиғатты тірі адамдай сөйлету, оған адамның қасиетін беру — әр елдің әдебиетінде бұрыннан кез келетін әдет. Мұны көркем әдебиет тілінде бейнелеу дейді.
Қалмақан ақын Сырдарияны еңбекшілердің тілегімен түйіндестіріп суреттейді. Қазақстан сықылды егінді қолдан суарып алатын жерде су мәселесі үлкен мәселе. Қалмақан Сырдаияны жыр қылумен еңбекшілердің назарын осы үлкен мәселеге аударады. «Еңбек ете білсең, пайдалана білсең, Сырдария анаң», — дейді.
«Сырдария» әрі қысқа, әрі дәмді жазылған өлең.
ЖАРОКҰЛЫ ТАЙЫР
Жазушылық өмірі мен қызметі
Тайыр қайнаған Лениншіл комсомолдардың қатарынан шыққан жас қалам әскері. Тайырдың комсомолдық қызулығы, оттылығы өлеңінен де көрініп тұрады. Комсомол болу, коммунист партиясына қолғанат болу қандай бағалы болса, комсомол ақыны болу да сондай бағалы. Тайыр сол Лениншіл комсомолдан шыққан ардақты жас ақынымыздың маңдай алдының бірі. Тайырдың қандай өлеңін алсаң да комсомол тақырыбымен түйіндесіп байланысқан болады.
Жазушылығы жөнінде Тайыр былай дейді:
23-жыл Орынбордағы қазақ институтына оқуға кеп кірдім. Бұл менің білімге тұңғыш аттанған қарышым еді. Осы кезден бастап Көркем шығармаға шұғылдандым. Институт жанындағы шығатын «Талпынмен» бірге талпындым. Сөйтіп менің төменгі сатыдағы баспасөзге өлең жазғаным 23-24 жылдар.
Қазақстан орталығы көшумен бірге, институт Қызылордаға келді. Газет-журнал бетіндегі ақындардың өлең шығармаларымен таныса бастадым. Әсіресе Бейімбет, Сәкен, Сәбит, Шолпан ақындардың шығармаларын құмартып оқи бастадым.
Баспасөз жазғанды сынайды екен, қарап қатесін көзге шұқып көрсетеді екен, қатты көрінеді дегенді естіп, баспасөз басындағыларға баруға қорқып жүрдім. Сырын білмегенге ме, әуелі Бейімбет, Ілиястан тіпті қорқып, әрі ұялып жүрдім.
Ақындардың ішінде маған өте ыстық, өте жылы шыраймен қарағаны Мұқанов Сәбит болды. Бір күні мені көшеден ұстап алып, Сәбит: «Әй, бала, сен өлең жазатын көрінесің, өлең жаз, біз басалық» — деп көп ақыл үйретіп, үйір қылып алды. Сонан былай қарай халімше өлең жазып, баспасөз бетіне бере бастадым. Менің өлеңім баспасөз бетіне 27-28 жылдан бастап шыға бастады.
ӨЛЕҢ ТУРАЛЫ
Ғабиттің, тағы басқа жазушыларымыздың шығармалары қара сөзбен жазылған болса, Тайырдың шығармаларының бәрі өлеңмен жазылған. Міне осы өлең мен қара сөздің арасындағы айырманы білу үшін Тайырдың «Бес жылдықтың балғасы» деген өлеңін алып қарайық.
Бұл өлеңін, жаңа қандай өлеңін болса да сырт жағынан қарағанда, белгілі бір жеке-жеке сала-салаға бөлініп тұрғанын көресіз. Мысалы осылардың әр жігі белгілі ырғақпен бірімен-бірі байланысып, түйіндесіп қоспақталған салалары төрт қатардан бір-бірімен ұйқасып жұпталуын көресіз. Біз мұны бір ауыз өлең деп айтамыз.
Өлеңнің әрбір айшығын, шумағын бір қанатындай, әрбір саласы, жолы көрегеннің әрбір санатындай десек, осы қанат керегеден үй құрылғандай, жеке-жеке айшықтан, жұмбақтан тұтас бір мақсатты, пікірлі өлең құралады. Өлеңнің әрбір шумағы жеке-жеке саласымен тұтас.
Жүйе тұлғасының арасында осындай байланыс бар. Бұл өлеңнің бір шумағында өндірістің арқыраған асаудай қарқыны жазылса, екінші бір шумағында екпінділік жөнінен сөйлейді. Қала зауыт, фабрик жөнінен, жайылып келе жатқан колхоз, eгic жөнінен сөйлеп те кетеді, Бірақ пікірдің түп төркіні бір боп келе береді.
Бұл мағына ретінде байланыстың үстіне өлеңнің әрбір жолы бір-біріне ұйқас, ұйқасу ретінде байланысып та отырады. Мысалы: әр жолдың, аяғында «балтасы», «ордасы», «оғынан», «тотынан» бір-бірімен ұйқасып отырады. Осы кешен бірінші қатар мен үшінші қатар, екінші қатар мен төртінші қатар ұйқасып отырады.
Мұны өлең ұйқастары дейді. Сөйтіп Тайырдың бұл өлеңі басынан аяғына дейін, бірде: бірінші жол, үшінші жол, екінші жол төртінші жолмен жұбайласып бірде 2 жол, 4 жолмен ғана ұйқасып отырады. Бірінші жол мен үшінші жол бос отырады. Мына сызық үлгісімен былай көрсетуге болады.
1.
2.
3.
4.
1.
2.
3.
4.
Мұнан соңғы, өлеңде тағы бір байқалатын түрі — өлең бунағы. Өлеңнің сөз, дыбысы ретінде бөлінетін ырғақпен әр сол өлең белгілі бір жік-жікке бөлініп отырады. Мысалы:
Қарағанды: Донбастар:
Тірек емей: немене?
Өндірістің: бұрқанған
Жүрегі емей: немене?
Екінші сөзбен айтқанымызда өлең бунағы дегеніміз өлеңнің құй-ырғағы, ырғақ соғуында жүректің дүрсілінде адамның тамағының соғуындай бір қалыпты есеппен шыққан қоймал дыбыстың ырғағы. Сағаттың «шық-шық», жүректің «дүрс-дүрс» етуі ырғақпен келіп отырады. Және Тайырдың осы өлеңін қазақ жеті буынды желдіртпе жыр деп атайды. Осының сызып көрсеткендегі үлгісі мынау:
4 3
хххх XXX
хххх XXX
хххх XXX
хххх XXX
Өлеңнің, жырдың ырғақ, жүйе, буын, ұйқас шумағы неше түрлі болады. Міне мұндай жүйе қара сөздерде ұшыраспайды. Мұнан шығатын қорытынды мынау: Қара сөз бен өлеңнің айырмасы — өлеңде белгілі ырғақ, шумақ ұйқасым болады. Қара сөзде ол болмайды, болуы шарт емес.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі