Қазақстанның әдебиетімен қатар Кеңес Одағында басқа көршілес Өзбекстан, Татарстан, Башқұртстан, Қырғызстан, Тәжікстан тағы басқа елдердің де әдебиеттері өркендеп өсіп келді.
Бұл ұлт әдебиеттерінің гүлденіп өсуінің себебі — Октябрь төңкерісі. Октябрь төңкерісі кешегі патша заманында ұлт теңсіздігінің тамырына балта шауып, бұрынғы бұратана — езілген ұлттардың мәдениетінің өркендеп өсуіне толық жағдай жасады. Сондықтан ерікті ұлт республикалары да, олардың мәдениеттері де Октябрь төңкерісінің жемісі.
Өзбек, Тәжік, Қырғыз тағы басқа елдер патша тұсында өз тілінде мектеп ашып балаларын оқытуға, өз тілінде кеңсе ісін жүргізуге, өз тілінде ілім-білім, енер, мәдениет өсіруге ықтиярсыз, құқықсыз еді.
Кеңес үкіметінің саясаты одағымыздағы әрбір ұлттардың өнер, білім — мәдениеттерінің өркендеп өсуіне кеңінен жол ашқан саясат.
Бұл ұлттардың жазушылары өздерінің әдебиеттік шығармаларында, өздерінің тұрмыс қалпын, өмірінің ұлттық өзгешеліктерін өз тілдерінде суреттейді. Бірақ жалпы жолы бір, мақсаты бір: ол жаңа өмір жасау үшін социализм құру үшін бірлескен күрес.
Бұл ұлттардың бірінің мәдениеті марқа, бірінің мәдениеті кенже, одақ пролетариатының көмегімен бұлар өз тілдеріне түрі ұлттық, мазмұны пролетариаттық мәдениетін гүлдендіре отырып, бір-біріне жақындап теңгеріледі.
И.А.КРЫЛОВ
(1768 -1844)
Крылов атақты мысалшыл жазушы. Крылов мысалы жайылмаған ел кемде-кем. Крылов орыстың ұсақ дворяндарынан шыққан. Әкесі — әскери пионер болған. Крыловтың үй-іші кедей жоқшылықта жасаған. Сондықтан Крыловтың білім алуы — сауатын ашудан ары бармаған. Әкесінен он жасында жетім қалған. Қүн көру үшін Крылов Тверь қаласындағы үкімет кеңселерінің бірінде кеңес бастығына жәрдемші болып жұмыс істеген.
Крыловтың таныс адамдарының әңгімесіне қарағанда, Крылов бос уақытын ылғи көпшілік арасындағы көпшілік базарлы думанды жерде өткізіп, қара шаруалардың әңгімесін, нақылын, әзіл-сықақ сөздерін көп құмарланып тыңдайтын болған; өзімен жұмысты бір істейтін жұмыстас жолдастарына әңгіме етіп айтып келетін болған.
Крылов әкесінің ардақтылығы арқасында қызмет орнын бұрынғы Петроградқа (осы күнгі Ленинград) аударып алған, онда қазына палатасының чиновнигі болып жұмыс істейтін болған.
Крылов осындай ортаға келген соң ойын-сауық театрға көп жүретін болған, ондағы артистермен танысып сахнаға арнап комедия жазуға кірісіп (ондағы «Дозақтың почтасы», «Көруші» атты) журналдарда қатынасып жүреді.
Бұл журналдарға өткір улы тілмен күлкі-сықақ жазып, орыс чиновниктерінің түрлі сөкет қылықтарын көрсетумен бірге, ірі чиновниктердің парашылдығына қарсы күреседі; бұл сықылды пара шалдық орыстың ол замандағы басыбайлылық дәуірінде салт болып кеткен кәсіп болатын.
Осы Крылов қатысқан журналға патша үкіметі риза болмай жүрді. Үкімет чиновниктерінің қозғауымен журналға сезіктене қарап, қыспаққа алу пайда болды. Сондықтан Крылов шет мемлекеттерге кетіп қалып, 1806 жылы қайтып келді, осыдан өлгенінше көпшілік библиотекасының басқарушысының жәрдемшісі болып қызмет істеді.
1806 жылдардан бастап мысалдары басыла бастайды. Бірінші рет «Емен мен қамыс» деген мысалы басылады. Өлгенінше 200-ге жақын мысал жазды. Әлемге әйгілі мысалшы болады. Өз тұсында мысал кітаптары 70 мыңдап басылып таралады, ол кезде мұндай таралған кітап болған емес-ті. 1844 жылы өледі.
Арада 11 жыл өткен соң көпшілік теңгесімен — осы күнгі Ленинград қаласының жазғы бақшасынан Крыловтың ескерткіші орнатылды.
Міне, осы мысал атақты Крыловтың мысалдарын қазақ оқушылары да көп біледі. Крылов қазақ жұртшылығына мәлім кісі.
«ЖАПЫРАҚТАР МЕН ТАМЫРЛАР»
(1811 жыл)
Жасаған сұлу маңды жазғы күнде,
Маңайын көлеңкемен жауып мүлде
Сыбырлап желге ағаштан жапырақтар,
Мақтады көптігін де, көктігін де.
Рас па, өлке көгі біз емес пе?
Ағаштар біз бөлеген жүз емес пе?
«Жапырақ — ағаш көркі» бураланып,
Бой жеткен, тамылжыған қыз емес пе?
— Ағашта біз болмасақ көрік бар ма?
Бекер ме, бұл айтқанда желік бар ма?
Ыстыққа күйген малшы, толған жолшы,
Салқындап саяламасқа ерік бар ма?
Болмай ма, біз болмасақ сида борбай,
Ерте-кеш ән шырқайды бұлбұл, торғай.
Самалмен өзіндегі сыбырласып,
Сыралсып қой десек тe қойдың болмай...
Дегенде жер астынан күңкілдеп үн,
«Сөйлерге болар ма деп бізге мүмкін?»
Ағашты шулап, тантып жапырақтар,
Жердегі міңгірлеген деді «бұ кім?»
Бір тамыр шырын тартқан жерге сүңгір,
Су сорған қараңғылық үңгірді үңгір.
Бұраң бой бұтақтағы бұйра жапырақ,
Жайқалып бізді емген соң тұрсын мүлгіп.
Неліктен білмейсіңдер қайдан тірлік,
Біз тамыр-жапырақ қайдан тұрсын күліп,
«Өсе бер, көркей, көгер, күл төгіндер,
«Жалғыз-ақ данғойланба мақтан мылжың!»
Біз өгіз күні бойы тартып сабан,
Қайтты елге сабанымен кешке таман,
Мүйізінде қара шыбын отыр еді,
Кез болды бір танысы жолда оған.
Танысы мұны көріп келе жатқан,
Астында өгізі бар сабан тартқан.
«Көзіме күні бойы көрінбеп ең,
Келесің, сөйле, — деді, — сен қай жақтан.»
Сонда бұл мұрнын көкке көтереді,
Адамсып, маңызданып жөтеледі.
«Жер жыртып күні бойын шаршап келем
— Мазалап сұрап саған не керегі?»
Адамды кейбір түрлі алып ескі,
Қарасақ ғибрат бар бұл кеңесте,
Біреудің я қайратын, я дәулетін
— Өзімсіп жүретіндер бар емес пе?
Кейбіреу көгереді мұрнын көкке,
Өз әлдің өзі білмей адам кеппе?
Мақтанып бәрін де өзім етті дейді,
Біреудің шылауында жүріп текке.
«ЖАПЫРАҚТАР МЕН ТАМЫРЛАР»
Біз Крыловтың өмірін баяндағанда сықақшылдық талабының күштілігі журналға жаза бастағаннан-ақ көрінгенін айтқан едік.
Крылов мысалды өлең жазу арқылы әрі сықақшылдығын жұмсап, әрі бейнелей отырып, көңіліне алған пікірінің бәрінде айта алатын болды... Көңіліне алып оқталғанын улы, ащы, өткір тілмен дәлдеп айтатын болды.
Крыловтың осындай шебер жазылған мысалының бірі «Жапырақ пен тамырлар» 1811 жылы жазылды. Крыловтың бұл шығармасы сол кездегі арамтамақ, жатып ішер, жалмауыз жоғарғы тап сословия дворяндардың (ақсүйек) шірік қылықтарына қарсы жазылған еді. Крылов қара шекпен еңбекшілерді тамыр дворяндарды — ағаштың жапырағы етіп суреттеп, мысалдап еді. Жапырақтар — біз жақсымыз, әдеміміз, біздің бұтағымызда құстар, бұлбұлдар сайрайды. Біздің көлеңкемізде жолаушылар демалып, көлеңкелеп рақаттанады. Біз ағаштың көркіміз деп өздерінің әлеуметтік рөлін орнын асыра бағалайды. Осы жапырақтарға дом беріп, ризақтандырып тұрған тамырлар, яғни қара шекпендер өз еңбектерімен асырап, ризық тандырып келе жатқан тамырлар оншалықты қарысып қарсылық айта алмайды. Сендерді тамақтандырып, асырап, әлпештеп, көріктендіріп тұрған — біз, тамырмыз ғой деседі ия жұмсақ жуас ғана жауап айтады. Жоғарғы таптың өзін қанағанына қарсы ешнәрсе айта алмайды.
Міне осы жерден келіп Крыловтың пікір қайшылығы шығады. Оның қалайда үстем таптың үстемдігіне қарсы еместігі байқалады. Таптық сыры ашылады. Бірақ осындай кемшілігі бола тұрса да, Крыловтың шығармалары бізге пайдалы болып жатыр.
«ЕКІ ШЫБЫН»
«Екі шыбын» деген мысалы да жоғарғы «Жапырақ пен тамыр» сияқты арамтамақ, жатыпішер жалқауларға, біреудің істеген жұмысын «мен істедім» деп, екінші кісінің жақсылығын өз басына жапсыратындарға, екінші сөзбен айтқанда, еңбекшілердің мүйізіне (желкесіне) қонған шыбындай байларды сықақ етеді. Байлардың еңбекшілер желкесіне де отырып, оның тапқанын қалтасына қағып салып «бәрін өзім істедім, сондықтан шаршадым» дегеніне өткір тілін қадап, уын тамызып күледі, сықақ етеді. Бірақ бұ да жеке-жеке осындай өрескелдікті айтқаны болмаса, тұтас қоғам тәртібіне қарсы кете қойған мысал емес.
Сөйтіп Крылов тек өз табының кемшілігін мазақ қылғанмен, пікірін ақырына дейін апара алмайды...
МАКСИМ ГОРЬКИЙ
Өмірімен әдебиет майданындағы қызметі
«Горький сөзсіз пролетариат көркем өнері үшін ол көп іс істеді, әлі де көп істей алады».
(В.И.Ленин. 1910 ж.)
М.Горькийдің өмірі — ірі мағыналы өмір. Оның өмірі неше түрлі уақиғалармен толы. Сондықтан, ол өз шығармаларында толып жатқан оғаш оқиғаларды суреттегенін, толып жатқан бір айрықша мінезді адамдар мен жолыққандарын суреттегенін көреміз. Және, М.Горькийдің сол оғаш уақиғаларымен толы өмірі, оның жас күндерінде мәдениет ретінде артта қалған уақ байшыл (мещан) ортасында болып, социализм үшін күрес майданына қандай жолдармен келгендігін көрсетеді.
М.ГОРЬКИЙДІҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ
М.Горькийдің қандай ортадан шыққандығын және оның балалық шағын біз, жазушының өзінің жазған өмір тарихынан білеміз.
М.Горькийдің шын аты — Алексей Максимович Пешков. Ал М.Горький деген оның өзі қойып алған әдебиет — лақап аты (псевдонимі). Ол Нижний-Новгород қаласында 1868 жылы 14- мартта туған. Әкесі сол қалада мастер, шебер жұмысшы болған. М.Горькийдің анасы Нижгород мещандарынан, Каширин дегендердің тұқымынан. Горькийдің өзі былай деп жазады:
«Қарт Каширин, анамның үлкен әкесі, Еділде бурлак болған, сонсын өрмек бояу ісіне тұтынған, содан ауқаттанып, Нижний қаласында зор түрде бояу дүкенін ашқан. Содан кейін ұзамай қалада оның бірнеше үйлері болды. Және әр түрлі маталарды бояудың үш мастерскойы болды.
Әкем мен шешем өз әкелерінің ықтиярынсыз бір-бірімен қосылған. Өйткені шешемнің әкесі өзінің сүйікті қызын түпсіз болашағы белгісіз адамға бермес еді».
Горькийдің әкесі Астрахан қаласынан қызметке орын тауып, үй ішін сонда көшіріп апарады. Бірақ, кешікпей, 1873 жылы обадан өледі. Бес жасар Алеша Пешков (М.Горький) анасымен бірге Нижний қаласына, анасының үлкен әкесінің қолына барады. Анасының үлкен әкесінің қолында М.Горькийдің балалық шағы өтеді. Наташы атасы өте діншіл, қаралы қатаң өте сараң адам болады. Оның үйінде бала өзін-өзі бөтен санап жалғыздық көргендей болып жүреді. Үй адамдарының бәрі баланы жек көреді, екі нағашы әжесі ғана баланы жақсы көреді. М.Горький өзінің өмір тарихын есіне алып әңгімелегенде сол нағашы әжесін бір түрлі махаббат сезіммен құрметпен сөз қылады. «Тамаша мейірманды қайырымды кемпір еді» дейді. М.Горькийдің туыстары (жақындары) қараңғы надан халық болған. Горькийдің өзінің айтуында: «атайлар жақсы тұруды тәуір көретін еді. Жақсы тұруды көп ішіп, көп жеуде деп білетін еді. Ішімдік ішіп алып өзді-өзі төбелесетін еді, не қонақтармен төбелесетін еді, немесе қатындарын сабайтын еді. Бір атайым екі қатынын ұрып жерге тығып, екінші бір қатынын көрге тықты» дейді. Әрине балаларын да ұратын әдеттері болған. Балаларды ұрулары әбден сүйекке сіңген әдет болып алғандықтан, балалар да оған үйреніп алып, ұрды деп кек қылмайтын болған, ұруды бір занды нәрсе деп білген. Әрине, М.Горькийді де ұрған.
Баланы 7 жаста мектепке береді, бірақ бұл да баланың өміріне ешбір жаңалық кіргізбеді, мектебі жаман мектеп тәртіптерін М.Горький өте жек көрген, оқуды жаман оқыған, оқудағы жолдас балаларымен де үйлеспеген. Мектепте жүргенде шешек жұтып ауырып оқудан шығады, содан кейін оқуды қайтадан жаңалап оқымайды.
М.ГОРЬКИЙ КІСІ ҚОЛЫНДА
Ұзақтамай нағашы атасы кедейленеді. Үйде ауқат болмайды. Сондықтан 8 жасынан М.Горький лажсыз «кісі есігіне» барады. Өмірдің бұл кезін М.Горький өзі былай әңгімелейді:
«Сегіз жасымда мені аяқ киімін сататын дүкенге «бала» қылып берді. Бірақ екі айдан кейін, мен қайнап тұрған сорпаға қолымды күйдіріп алдым. Сонсоң қожамыз сызушыға шәкірт қылып берді, Бірақ онда тұрмыс ауыр болғандықтан, мен одан қашып кеттім. Параходқа аспапшының шәкірті болып кірдім. Бұл аспасшы әскердің гвардиясының унтер офицері болған, Михаил Антонович Смурин деген еді. Өзі өте күшті, қатаң адам еді және өзі оқымысты адам еді. Сол кісі мені кітап оқуға құмар қылды сол уақытқа шейін мен кітапты және басқа сөздерді өте жек көретін едім. Бірақ менің ұстазым, мені ұрумен де, алдап жақсы көрумен де кітапқа құмар қылды. Менің өмірімнің осы кезінен бастап мен қолыма түскен кітаптың бәрін де оқи бердім. Он жасымнан бастап жазу дәптерін сақтайтын болдым, ол дәптерге өмірден және кітаптан алған әсерлерімнің бәрін жазып жүретін болдым. Бұдан былайғы өмірім өте шұбар, өте қиын. Ac пісірушіліктен мен қайтадан сызушыға келдім. Сонсоң икон суреттерімен сауда қылдым, гразисариятсын жолында күзетші болдым, крендель істейтін болдым, бөлке істейтін болдым, кейде қағылған-соғылғанның араларында да жүрдім, бірнеше рет жаяу Ресейді аралауға да шықтым» дейді.
М.ГОРЬКИЙ ҚАЛАЙ ОҚЫДЫ
Сол кезде М.Горький өзінің білімін толықтыру жолында өте күшті істейді. Өзінің жолдастарына, жұмыскерлерге әр түрлі дәмді әңгімелерді дыбыстап оқып, оларды ағартады. Оның айрықша зеректігін сезген бір гимназияда оқитын баланың ақылы бойынша, ол университетке түсуге дайындалуға Қазанға барады. Бірақ Қазанда да қаражатқа мұқтаж болғандықтан университетке дайындалу былай қалып, онда да күнелту лажымен жұмыс істейді.
Бірақ М.Горький білімге бәрінен де дұрысырақ жол табады. Ол төңкерісшіл студенттермен танысады. Олардың жасырын үйірмелеріне барып жүреді, олардың саяси-әлеумет мәселелері туралы, әдебиет мәселелері туралы талас сөздерін тыңдайды, ғылыми маңызды кітаптарды көп оқиды. Бұл М.Горькийге білім бергенімен қабат оның көзқарасын төңкерісшіл қыла береді.
Бірақ жалғыз кітаптар ғана және әңгімелер ғана М.Горькийді қанататтандырмайды. Оны тартыс өзіне көбірек тартады.
Міне, 1890 жылы М.Горький 22 жасында, Ресейдің бет келген жағына жаяу саяхат қылуға жөнеледі. Ол Еділ бойын жағалап кетеді. Дон аймағында болады. Украинада, Бессарабияда болады. Одан Қырымның оңтүстік жағасына кетеді. Қубань, Қаратеңіз, Грузияны аралап кетеді. М.Горький өзінің қатарының бірінде бұл туралы былай деп жазған еді. «Менің Руссияны аралағаным қаңғыруға құмартқандықтан емес, қандай елде тұрғанымды, қандай халықтың ортасында тұрғанымды көргім келгендіктен еді». М.Горький бұрын да, кәсіптен екінші кәсіпке көшіп жүргенде де әр түрлі адамдармен ұшырасып жүрген. Енді, ол екі жыл бойындай бір жерден екінші жерге көшіп, кез-келген жұмысты істеп қорек тауып жүргенде, параходтардың жатақтарында түнеп жүргенде, не орман іштерінде түнеп жүргенде оның алдында кең дүние ашылды. Одан ешбір орыс жазушысы білмеген тұрмыстың неше түрлі жәйттерін білді. М.Горькийді, әсіресе жалаң аяқ қаңғырғандар тартты. Ол кезде үнемі істейтін қызметі жоқ, үйі-күйі жоқ қаңғырып жүретін жарым қайыршы, жарым жұмыскерлерді жалаң аяқ қаңғырғандар дейтін. Өмірдің бұл мектебін М.Горький «менің университетім» деп босқа айтқан жоқ. Ел кезуі оның тұрмыс тәжірибесін байытты. Оның Көркем шығармаларына таусылмайтын материал болды. Онымен бірге М.Горькивдің дүниеге көзқарасы да айқындалады. Жұмыскерлер мен жалаң аяқтармен көп ұшырасушылары, олардың өз өмірлері туралы әңгімелері М.Горькийдің қожаларға, байларға, капиталшылдарға, патша төрелеріне дұшпандық көзқарасын бұрынғыдан да нығайта береді. Енді ол берік түрде, жұмыскерлер, еңбекшілер, панасыз жалаң аяқтар жағында болады.
ӘДЕБИЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСЫ
Өстіп Ресейді «кезгеннен» кейін, сөйтіп жүріп, толып жатқан тамашадай ашық әсерлер алғаннан кейін, дүние жүзіне М.Горькийдің алғашқы әңгімелерінің шығуы өз-өзінен түсінікті болуға керек. 1892 жылы «Кавказ» деген Тифлис газетінде оның бірінші шығармасы басылып шығады. Ол шығармасы «Макар Чудра», одан кейін Қазан газетінде оның бірнеше уақ әңгімелері басылып шығады. Ал 2-3 жылдан соң М.Горькийдің: «Шелкаш», «Қанап алып» деген және басқа әңгімелері орталық қалалардың журналдарында басылып шығады.
Бұл әңгімелері жалпы жұрттың назарына түседі. Содан кейін Горькийдің жалаң аяқтары барлық жерлерде әңгіме болады. Жас жазушы жұрттың көбін шығармаларының мазмұн жаңалығымен, әңгімелеріндегі суреттелген адамдарының өзгешелігімен, тілінің күштілігімен, бояуларының жаңалығымен және оның бәрінің үстіне кейпінің бір түрлі көтеріңкі сергектігімен жұрттың көбін таңдандырады.
Бірнеше жылдың ішіңде, сол уақытқа шейін ешкімге мәлім болмаған Алексей Пешков атақты жазушы Максим Горький болады. Ол туралы баяндамалар, лекциялар оқылады, оның құрметіне әдеби кештер ұйымдастырылады. Белгілі суретші Репин көрініске қоюға оның суретін жасайды. М.Горькийдің әңгімелері бөтен елдердің тіліне аударылады. «Жалаң аяқтардың» жазушысы сыртқы елдерде де белгілі болады.
ТӨҢКЕРІС ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚАТЫСЫ
XX ғасырдың басында М.Горький Нижний Новгород қаласында тұрып Сормов жұмыскерлерінің төңкерісі тобымен жақындасады және большевиктермен жақындасады. Бұл 1905 жылдың алды еді. Жұмыскерлердің төңкерісшіл қозғалысы күн санап қаһарлы түрге түсуде еді, кейде ашық ереуілге айналатын еді.
Сол кезде М.Горький «Дауылпаз жыры» сияқты нәсілдерін жазады. Бұл тура төңкеріске шақырған нәрсе еді. Онымен қабат ол төңкеріс қозғалысына қатысады, сол үшін патша үкіметі мұның соңына түседі. Оны «Сармов жұмыскерлеріне үндеу» жазбақ болдың деп айыптап, Нижгород губерниесіндегі Арзамас деген кішкене қалаға жер аударады.
М.Горькийдің тұтқынға алынып жер аударылуы төңкерісшіл жұмыскерлер мен оқушы жастар тарапынан күшті түрде жазушыға көңілдестік туғызады. М.Горькийдің өміріндегі осы туралы В.И.Ленин «Ереуілдердің басы» деген мақаласында былай деп жазды: «Нижнийда үлкен болмаса да жақсы болып өткен ереуіл 7-ноябрьде Максим Горькийді шығарып салудан бастады. Бар құрал еркін тілі болған, Еуропада белгілі жазушыны өзінің туған қаласынан патша үкіметі сотсыз, тергеусіз жер аударды. Барлық орыс халқының атынан сөйлеген шешен айтты: басшы бұзықтар оны бізге жаман әсер береді деп айыптады. Кімде-кімнің жарыққа, бостандыққа тамшыдай талабы барға біз айтамыз: оның бізге тиетін әсері жақсы еді» деді. 1905 жылында М.Горький 9- январьда патша үкіметінің жұмыскерлерді атқан «қанды жексенбі» туралы есепті үндеу жазады. Сол үшін патша үкіметі М.Горькийді Петропавл қамалына қамайды, бірақ бұған барлық елдердің әлеуметшілдік наразылығының дүмпуімен ұзатпай оны еріксіз босатты. 1906 жылдан 1913 жылға дейін М.Горький сыртқы елде әлеумет көбінесе Италияда Каспий аралында болады. Сол жердей ол өзінің атақты «Ана» деген романын жібереді. Бұл романы 1905 алдындағы жұмыскер қозғалысының суретін айқын қылып көрсетеді. Және Батыс елдердің жұмыскерлер тұрмысынан бірнеше әңгімелер жібереді. («Парымдағы завостовка» және басқалар) .1913 жылы жарыққа шыққан «Балалық шақ» деген әңгіме де Италияда жазылған. М.Горький большевик партиясымен өте жақын байланыс жасап тұрады. В.И.Ленинмен хат жазысып тұрады. Лондонда болған социал-демократ партиясының съезінде болады.
Одан біраз кейін, Ресейге қайтқасын, ол 1918 жылы, «Кісі қолында» деген ұзақ әңгімесін бастырады.
М.ГОРЬКИЙ БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗДА
Соңғы жылдарда М.Горький біресе сыртқы елдерде, біресе СССР-да болады. Ол біздің социалдық құрылысымызға белсене қатысады. Зауыттарға барады, жұмыскерлермен сөйлеседі, «Біздің жетістік» деген журналды шығарады, онымен бірге көркем әдебиет ісінде істеп жүреді. Сыртқы елдерде оның айналасында өте қызу күрестер бар. Барлық дүние бұл туралы екіге жарылған, совет елін қорғап, ол мақалалар жазумен капитал құрылысының шірігендігін көрсетеді, бөтен елде үкімттерінің обырлық ниеттерін көрсетеді, «соғысқа қарсы конгресс» ұйымына қатысады.
Горький Еуропа мен Америка жұмыскерлер көпшілігінің арасында және оқығандарының бір параларының арасында СССР-ға көңілдестікті күшейтіп, кеңітуге тырысады. Қысқасы СССР дүние революциясы мен социализм пролетариатының маңдай жазушысынан не керек қылса, оның бәрін Горький істейді.
М.Горькийдің былтырғы, оның әдебиет қызметінің 40 жылдығын мейрамдау (құрметтеу) М.Горькийдің СССР жұмыскер табымен және оның коммунист партиясымен қандай берік байланысты екенін айқын түрде көрсетеді.
ҺАШЫМ ЛАҒУТИ
Қызметі мен жазушылық өмірі
Һашым Лағути Көрменшақы қаласында туған, әкесінің кәсібі — кебіс тігіншісі болған.
Шығармаларының ілікті кезінде ақын ұлтшылдық идея ықпалында болды.
1907 жылғы үкіметтің Персі төңкерісшілерін қуғын-сүргінге ұшыратуынан бастап Лағути жасырын шығатын газеттер бетінде өлеңдер жаза бастады. Шаһ үкіметінің қудалауынан бойын тасалап Решіт қаласына қашып барады: сонан кейін Тегран (Тегеран) қаласына жасаған төңкерісшілер шабуылына қатынасады. Астана төңкерісшілер қолына тигеннен кейін Лағути сондағы төңкерісшіл газетте істейді. Бұл жылдарда ақынның шығармасында үлкен өзгерістер туады. Оның жазған өлеңдері, қанаушы таптарды, шақтарды, жиянгершілерді, сатылған министрлерді аяусыз түйрейді. Лағути жиянгер соғысы кезінде Персия жерінің бір шетін алып қойған түрік әскеріне қарсы Көрменшақына өз алдына отряд ұйыстырады, февраль төңкерісі кезінде Көрменшақына «Піркәйіс-кәрегас» деген жұмысшы партиясын ұйымдастырады.
Ұзақ тұрмай ол ұйым төңкеріс дұшпандарының қолдарында талқан болады. Лағути Түркияға қашып кетеді.
1921 жылы Түркиядан жаяулап Персияға жетеді. Лағути Сәнриздегі көтеріліс дайындығына қатысады. Көтерілісті Шаһ әскерлері күшпен жаншып басқаннан кейін Лағути Кеңестер Одағына қашып кетеді. Кеңестік Тәжікстанға келіп жас республиканың мәдениет, шаруашылық құрылысына қатты ат салысты. Орта Азиядағы будж, жәмшид сықылды аз ұлттар арасында Лағути ірі жұмыстар жүргізді, Мәскеуде «Правда», «Известия» газеті басқармаларында істеді. Мұнда Лағути «Кремль», «Біз жеңеміз» деген үлгілі, жақсы шығармалар жазды.
Оның шығармалары большевик төңкерісшілдерінің терең сезімі, қажырлы бекемдігімен айшықталған. Лағудың өлеңдерін
Тәжік және көршілес Персия мен Ауғанстан еңбекшілері жатқа біледі.
Шаағди мен Омарлар жасаған Персияның атақты өлеңдер түріне Лағути әрі күшті, әрі жаңа төңкерісшіл мазмұн кіргізді. Персия тіліне «Интернационалды» аударды, жаңа бірнеше төңкерісшіл өлеңдер жазды. Төңкеріс толқынына құлаш ұрған ақынның соңғы шығармалары сөзсіз жер жүзіндік төңкеріс ақындарының алдыңғы тобына қосылады. Шығыстың Максим Горькийі Һашым Лағути. Атақты Лағути ақын қаламмен де, қарумен де тапсыз социалды қоғам құру үшін күресіп келеді.
Өскен жан қуанышпен жеңген еркін,
Құдайсыз, жұмақсыз да тамық өртін,
— Сендіріп, ұйымдасқан еңбекпенен,
Қажымай қарыштаңдар аяға дүркін, —
дейді Лағути.
ҒАПУР ҒҰЛАМ
Өзбекстанның осы күнгі көрнекті, күшті, ірі жазушысы, ақынның бірі — Ғапур Ғұлам. Ғапур 1905 жылы туылған.
Әуелі қара сөз жазып, кейінірек өлең де жазатын болған. Алғаш жаза бастаған кезінде «Мұштым» басқармасында қызмет істеген («Мұштым» Өзбекстанда шығатын күлкі-сықақ журналы).
Ғапур Ғұлам 1929 жылы Түрксіб жолының біту мерекесіне келіп езінің атақты «Түрксіб» атты өлеңін сонда жазған. «Түрксіб» Ғапур ғұламаның бірінші жақсы бастанғысы еді.
1928 жылы «Жігіт жұмыс» деген бірінші әңгімесі басылып шығады. Өзбекстан баспасы Ғапур Ғұламның әңгімелер жинағын басып шығармақ.
Кейінгі кезде Ғапур Ғұлам аударма жұмысына көбірек айналып жүр. Парсы ақыны Лағтидан, Демьян Бедныйдан, Маяковскийден, венгер ақыны Анатул Гидаштан, қытай ақыны Ти-Көздізистен, үнді ақыны Есқаби Бападан бірқатар нәрселер аударды.
Осы күнде «Мақта зауытының тарихы мен баспашылар» деген роман жазып, тағы Грибоедовтың «Горе с умасын» аударып жүр.
Біз кітабымызға кіргізген Ғапурдың «Түрксіб жолымен» деген өлеңі әңгімені Түрксіб салынған жолдың ұзақ заманынан қозғайды. Бұрынғы өнерсіз мешеу заманда айлап, жылдап жүретін ұзақ жолдың, жүрсе жүрек талдырған, ұшса қанат қалдырған алыс мүшкіл жолдың, талай-талай қандай қырғын болған қанды жолдың, құла құм, құралай дүз бетпақ шөлдің, қан шығыс, Әмір-Темір көрген соғысы алып қан жудырған жолдың, талайлар айдалған, талайлар байланған, талайлар зарланған қара түндей жайлаған қайғы, жыртқыш хайуанаттар ғана патшалық құрған жолдың орнына енді ерікті, көрікті пролетариат қаруы қолымен бақыттың болат жолы салынғанын баяндайды. Бұл жолдың келешекте дүние жүзін кестелеп шарлайтынын айтады. Дүниежүзіне пролетариаттың күшімен бақыт орнайтынын айтады. Ертең таңда осындай болат жолмен Пекин мен Рим, Мәскеу мен Бомбей, Үнді мен Түркістан, жердің о шеті мен бұ шетінің бауырласып байланысатынын, интернационалдық бір таудың астына жиналып, байды жойып, бақытты өмір жасайтынын жырлайды.
ТОҚАНБАЙҰЛЫ ӘЛІ
Тоқанбайұлы Әлі осы күнгі Қырғыздың ең көрнекті ірі ақыны. Әлі Октябрьмен бірге туып, Октябрь төңкерісімен көзін ашқан Октябрьдің бел баласы.
Әуелі ауыл мектебінде оқып, 25-26 жылы Ташкендегі Ленин атындағы Орта Азиялық коммунист университетін бітірген. Өлеңді де осы университеттің сахнасында үдете жазады.
Бірінші кітабы Ленинге арналған өлеңдер жинағы 1927 жылы басылып шықты, екінші «Әйел анасы» деген кітабы 1929 жылы басылды.
Үшінші «Еңбек гүлдері» аты кітабы 1932 жылы басылып шықты. Бұлардан басқа Тоқанбайұлы «Қызыл Қырғызстанға» үзбей жазып тұрады.
Сын, тағы фельетон сияқты күнделіктің керегіне де көп қолғабыс тигізеді. Біздің кітабымызға кіргізіп отырған «Қызыл қия пролетариатына хат» деген өлеңі Тоқанбайұлы Әлінің күшті, мәнді өлеңінің бірі. Біз кітабымызда орын тар болған соң үзінді ғана алып басып отырмыз.
Тоқанбайұлы Әлі — бұл өлеңінде қызыл қияның көмірші пролетариаттарының кешегі төңкеріс кезіндегі, бүгінгі социалдық құрылыстағы рольдерін айтады.
Өзінің де сол пролетариаттың сабындағы «қайласы-қаламы», жалпы пролетариат жұмысы үшін күресетін пролетариат ақыны екендігін айтады. Сен шахтер, мен ақын — мақсат бір, жаулайтын жауымыз бір. Бірақ сенің құралың қайла, менің құралым қалам дейді өлеңінде Әлі ақын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі