Ленин өлді деген хабар бүкіл дүние еңбекшілерінің төбесінен жайдай ағып түсті: оның бер жағында бұрын езілген, енді оянып келе жатқан Күншығыстың төбесіне дәлірек түсті.
Шығыстың түрлі халықтарының өткен замандарда талай ұлы адамдары, данышпандары, пайғамбарлары, қаһармандары болған; ол адамдарынан айрылып та жүрген. Бірақ ол ұлы адамдар тек бip халыққа ғана, дұрысынан айтқанда, бір халықтың ауқатты таптарына ғана қымбат еді.
Ленин — шығыстың барлық халықтарына қымбат. Бұлардың ішінде Ленин — данышпанның данышпаны, көзі қырағы пайғамбар, үздік туған қаһарман.
Төңкеріс тартысының, жалшылар тобы құралданып көтерілуінің еңбекшілдер әкімінің тұтқасы, жиһангерлік тегеуірінде езілгендердің қорғаны шығыс халықтарының көзінде — Ленин еді.
Бүтін шығыста, далиған жалпақ шөлдерде Ленин атын білмейтін бір үй, бір лашық жоқ еді. Сол үйлер мен лашықтар «сүйікті басшысы дүниеден қайтты» деген хабарды естігенде қалың қайғыға батады...
Ұлы көшбасшымыздың, данышпан ұстазымыздың сүйегі басында құрметті қарауылда тұрғанымда Қытай ішіңдегі бір қазақ әйелінің мұңды өлеңі мен зары есіме түсті. Ол өлеңді Ленин жолдасқа арнаған екен. Өлең 1922 жылы қазақ газетінде басылып шықты.
Өлең былай басталады:
Көрсеңдер жолдас Ленинді,
Айтыңдар мынау өлеңді.
Өлеңім қайғы-зар менің,
Күндікте өскен әйелмін.
Шығыстың сорлы әйелі, Ленин өлгенін сен де естірсің!
Сүйікті ұстазымыз сүйегінің жанында тұрып мен қазақ әйелінің осы қайғылы өлеңін марқұмға ойыммен жеткіздім.
Жүрегімді қайғы-дерт басып, ұлы ұстаз, сенің сүйегіне бас иіп, сәлем қыламын!
1924 жыл
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі