Жақын арада Қазақстанның Орталық Комитетінің (Қазоркомның) 2-жалпы жиылысында аймақтық бюджеті (кіріс-шығыс есебі) қаралып өтті.
Қазақстанның аймақтық қазынасына түрлі реттен жиналған азын-аулақ қаражатты Қазақстанның өзінің түрлі керекті істеріне жұмсай бастағанда, әрине, барлық қаражаты мыңнан біріне жетпейді. Сүйтсе де қолға жиналған қаражатты аймақтық әрбір ең керекті істерге бөле-жара жұмсағанда, ең алдымен оқу ісі, халық ағарту ісі еске алынды. Көп сөз, көп ыртыс-тартыстан соң халық ағарту істеріне көбірек жұмсалмақ болды.
Қазақстанның халық ағарту комиссариатының әм өзге мекемелердің ашсам деген школаларына, курстарына, шығармақ кітаптарына әм басқа сондай істеріне қаражат алдымен берілді. Кеңес үкіметі — еңбекшілдер үкіметі. Тұрмыстың рахаты, игілігі еңбекшілдер табынікі. Міне,осы Қазақстанның орталық үкіметінің жұмсап отырған, үзіп-жарып жинаған қаражатының жемісін еңбекшілдер табы пайдалану керек. Еңбекшілдер табының балалары жеткіншек жас буын пайдалану керек. Еңбекшіл жарлы табының жол басшысы Маркс айтқан: «надандық ешкімге ешнәрсе бермейді» деп. Сол надандықты жоюға еңбекшіл табының балалары тез кірісу керек. Тез ұмтылу керек. Надандықты жоймай адам баласы тұрмыстың рахатын, тұрмыстың игілігін көре алмайды.
Надандықты жоймай қазақтың еңбекшілдер табының баласы күштілер табымен теңесе алмайды. Қатарға кіре алмайды. Надандықты жоймай нашарлар табы күштілер табының қатарына кіре алмайды. Надандықты жоймай-ақ нашарлар табы теңеледі деуші адам болмас.
Жер үстіндегі еңбекшілдер табының надандықты жоймай қатарға кіре алмайсың, қазақ еңбекшілерінің баласы, оқы, оқы! Жатпа, тұрма оқы, үйрен, әйтпесе қатарға кіре алмайсың!
22.03.1923 жыл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі