Жаңаша 1-Мамыр — күллі жер үстіндегі еңбекшілдер табының зор құрметті тап мейрамы.
Қазақстанның еңбекшіл табы да жалпы жер дүние еңбекшілдер табының бір бөлімі болғандықтан, бұл 1-Мамыр мейрамын құрметпен қарсы алмақ.
1-Мамыр күнгі мейрамды қалай өткізу керек деп Мәскеудегі орталық үкіметтің әм Коммунист партиясының орталық комитетінің газеттері жазып жатыр. Мәскеу газеттерінің бұл ұлы күні еңбекшіл табы не істеу керек дегенде, көрсеткен нұсқаларының ішінде «қала ауылдың қамқоры» болу ретінде ауылдан қалаға келген елшілерді құрметпен қарсы алу керек, әм қаладан ауылға елшілер жіберіп алумен, қаланың қатынасын байластырып, ауыл еңбекшілері мен қала еңбекшілерін біріктіру керек деген.
Бұл екі істі үжетке шығару өзге отырған халықтар арасында оңай болса да, біздің Қазақстанда үжетке шығару өте қиын іс болар. Өйткені қала мен қазақ аулының арасы өте алыс. Қазақтың әрбір аулының үйлері аз, әм ауылдары жинақы болмайды. Ауылдардағы еңбекшілер табы ұйымдасқан емес, саясат, білім жөнінен ешбір мағлұматтары жоқ әм басқа да қиындықтары бар.
Бірақ қанша қиын болса да, қиындыққа қарамай осы істі үжетке шығаруға қатты тырысу керек. Бұл істі үжетке шығару кімнің мойнында? Бұған кім міндетті?.. Бұл істі етке шығару жалпы еңбекшіл табына қызмет қыламын деген азаматтардың мойнында. Бұған еңбекшіл табының азаматымын деп жүрген саясат, әм аң-біліктен мағлұматы бар азаматтар міндетті. Саясат әм қылымнан мағлұматы бар азаматтар қайда? Олар кім? Олар қаладағы еңбекшіл табының азаматтары. Олар ең алдымен коммунистер.
Еңбекшіл табының көзі ашық, саясат, шаруашылық, тұрмыс ретінде бастықтары — коммунистер. Бұл істі сол коммунистер жүргізіп, үжетке солар шығарады.
Қазақстанның қазақтың өнер-білім ретінде адамзаттың артында қалған, саяси халдерден ешбір хабарлары жоқ, тек әйтеуір — «тіршілік» қылып қана әлі де қараңғылықта жүрген көп еңбекшіл, жарлыларына өнер-білім ретінен көзі ашық қаладағы еңбекшіл табының азаматтары туысқандық жәрдемін тигізіп отырулары керек. Міне, алдымыздағы 1-Мамыр мейрамында осы іске бел буып кірісу керек.
1923 жыл
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі