Өлең, жыр, ақындар

Білім ордасын құттықтау

Құрметті ...........! Жоғары оқу орны бүгінде халқымызға дәйекті білім беріп, тәрбиелеп, сара жолға салған қара шаңырақ, еліміздегі еңселі де беделді оқу орындарының бірі болып саналады. ........ жылдық тарихы бар білім ордасы бүгінгі күні биік тұғырдан көрініп жүр. ...... жыл мерзім ішінде мыңдаған жоғары білікті мамандарды даярлап, білім беру саласында орасан зор тәжірибе жинақтады. Өте танымал университет ретінде қалыптасу жолында күрделі және үлкен белестерден өтті. Университеттің өмір сүру кезеңдері мемлекетіміздің қалыптасу кезеңдерімен тығыз ұштасып келді. Түлектеріңіз тек қана Қазақстан Республикасының аймақтарында ғана емес, сонымен қатар таяу және алыс шетелдерде қызмет атқарып жүргенін және жоғары біліктілік, жауапкершілік, білімдарлық көрсетіп, ерекшеленетіндерін үлкен мақтанышпен атап өту қажет.

**** **** ****
...... жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!!! Осы жоғарғы оқу орнынын студенттері биік-биік шыңдардан көрінсін, оқу орнының профессорлық және ұстаздық бөліміне мың да бір алғыс!!! Осы білім атты теңізде ұзақ және осындай абыройлы атпен жүзуіне тілектеспін!!!»

**** **** ****

Университеттің ...... жылдық мерей тойымен шын жүректен құттықтаймын! Аталмыш университеттен алған білімім үшін мыңда бір рахмет айтып өтемін!!! Менің өмірден өз орнымды таба білуге жол көрсеткен ұстаздарыма алғысым шексіз!!! Киелі шаңырақтың мәртебесі өсіп, өмірдің өрініен көріне білісін! Болашақ ұрпақтың алар білімі мол болсын егім келеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз