Финляндия мектептерінің тәсілін Ахмет пен Жүсіпбек 100 жыл бұрын ұсынған – ахметтанушы — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.
Егер сіз Финляндия мектептерінің тәсілін Ахмет пен Жүсіпбек 100 жыл бұрын ұсынған – ахметтанушы бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.
Қазір әлеуметтік желі мен танымдық материалдардан әлемдегі білім беру жүйесі ең озық мемлекеттің бірі Финляндия екенін, бұл елде мектептегі сабақ дәстүрлі форматтан мүлде өзгеше екенін жиі оқимыз. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының профессоры, ахметтанушы ғалым Айгүл Ісмақова осыдан 100 жыл бұрын Ахмет Байтұрсынұлы мен Жүсіпбек Аймауытов та қазақ мектептеріне осындай жүйені енгізбек болғанын айтады.

Тарихтан белгілі, алаш ардақтыларының ол ойлағаны іске аспады. Нақтырақ айтсақ, 1930 жылдан бастап қазақ зиялыларына қарсы репрессия қаһарына мініп, ең бірінші болып Жүсіпбек Аймауытов 1931 жылы ату жазасына кесілген еді.
«Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл құрал» дейтін еңбегі 8 рет басылып шыққан. Әр басылымында айырмашылық болған. Оны өзі былай түсіндіреді: «Мен мұғалімдерден хат алдым. Мына нұсқа мектеп оқушысына сабақ беруге ыңғайсыз екен», - деп, өз кітабын жетілдіріп отырған», - дейді Айгүл Ісмақова.
Айтуынша, Алаш ардақтылары осыдан 100 жыл бұрын қазақ баласына білім берудің жүйесін Батыс моделінің негізінде жасамақ болған. Сол үшін Мәскеудің өзі түсініп үлгермеген озық еңбектерді қазақ танымына, діліне бейімдеп аударып, қолданған.
«Ахмет Байтұрсынұлы мұндай жүйені қайдан алып отыр? 1921 жылы Жүсіпбек Аймауытов «Америкалық кешенді оқыту әдісі» дейтін кітапты ағылшын тілінен аударады. Ол кезде Мәскеуде аударылмаған еді бұл кітап. Әлгі кітаптың негізінде «Баланы 40 минут байлап қойып сабақ беру – қиянат» деген ұстанымға келеді Ахметтер. Біз соны әлі ескере алмай келеміз. Америка мен фин мектептерінде қазір осындай жүйе бар. Біз қазір Ахметтер ұлттық танымымызға бейімдеп кеткен жолды дамытпай, Батыста бар дүниені сол күйі көшіріп жатырмыз», - дейді ахметтанушы ғалым.
Айта кетейік, 5 қыркүйекте Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келгеніне 150 жыл толады.
Бұл бетте Финляндия мектептерінің тәсілін Ахмет пен Жүсіпбек 100 жыл бұрын ұсынған – ахметтанушы тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.
Материал Білім, ғылым, мәдениет бөлімінде жарияланған.
Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі