Оу, ағайын!
Келді менің Алпысым,
Өмірімнің бел белесі – талтүсім.
Кең дастархан жаяйын деп отырмын,
Шақырамын ағайынның барлығын.
Аз ба, көп пе, бұл ғұмырдың жазғаны,
Жүрегімде талай арман маздады.
Жәй өтті дей алмаймын, ағайын,
Өмірімнің Көктемі мен Жаздары.
Сол үшін де
Бас қосайық, келіңдер,
Шарықтасын, шалқысын шат көңілдер.
О, Жаратқан,
Ел-жұртыммен сыйласып
Жүретұғын маған ұзақ
Мағыналы өмір бер!
***** ***** ***** ***** ****** ******
Ыстық қой ата-ана алақаны
Аялап көп атсыншы дала таңы.
Ортақ боп, қуанышқа келіңіздер,
Жайылды мерейтойдың дастарханы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
12.09.2024 14:40
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
60 жас мерейтойға шақыруды өлеңмен өрнектеп тамаша
60 жас мерейтойға шақыруды өлеңмен өрнектеп тамаша жазыпты, көөөп рақмет!