Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ – жарқын болашаққа бастаған баспалдақ

Елдің білім беру саласын жетілдіруде халықаралық деңгейдегі көптеген келісім - шарттарға қол қойылып, білім көкжиегіндегі мемлекетаралық ынтымақтастықты жан-жақты кеңейтуде барынша күш жұмсалуда. Өркениетке бет бұрған еліміздің жастары – ертеңгі мемлекет тірегі. Қоғамға да ең басты керегі – елдің ертеңіне деген сенім мен үміт. ҚазҰУ сол үміт пен сенімді әр студентінің жүрегіне ұялатып, әр қырынан танытуға, таланттарын дамытуға есік ашып беруде. Бүгінгітаңда ҚазҰУ мамандықтардың кең таңдауын ұсынатын тұтас оқу-ғылыми орын болып табылады: мұнда 16 факультет, кітапхана, концерттер мен конференциялар өтетін студенттер сарайы, қызмет көрсету орталығы "керемет" жұмыс істейді. Университетімізде көптеген іс-шаралармен қатар сан түрлі концерттер, конференция мен жәрмеңкелер өткізіледі. Университеттің мақтанышы-қазақстандық қоғамның элитасын құрайтын және елдің дамуында маңызды рөл атқаратын оның түлектері.

Ал, студенттік өмір туралы айтатын болсам, ол бөлек үлкен ешқашан талқылаудан талмайтын тақырып десем артық емес. Әсіресе, жатақхана тұрса тіптен қызық. Әр күні таңертең тұрып, жақын болсада лекцияға кешігу мүмкін. Сабақтан кайтып жатақханаға кірген кезде тұра үйіңдегідей ыстық тамақтың иісі, даладан кіргендегі бір жылулық сезімнің ұмытылмасы даусыз. Ұйымдар мен әртүрлі іс шараларға қатысудың өзі сабақтан көңіл бөліп бір сергіп,  жаңа бір бағыттардан көріну мүмкіндігі деп есептеймін. Менің ойымша әрбір студеннің арманындағы студенттік өмір осы біздің университетте айқын көрінеді. Тура 1 жыл бұрын анық емес болашақ көзіме елестейтін. Қазір армандаған университетте қалаған мамандығыма ақысыз оқуға түскен мен болашақтағы ҚазҰУ университетінің дипломын алып, өз мамандағымен беделді жұмыс істеп жүрген Аэлитаға «алған бетіңнен тайма» деп айтар едім.

Чайкенова Аэлита

ҚазҰУ университетінің механика-математика факультетінің 1 курс студенті

Уразгалиева С. А. жетекшілігімен


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз