Тянь-Шань тауларының солтүстігінен басталып, Іле Алатауының қойнауынан орын тепкен, Қазақстанның ең ірі мегаполисі саналатын, әр адамның алғашқы махаббаты-Алматының төрінде орналасқан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Униерситеті болашаққа нық қадам бастырар жарқын келешектің, саналы ғұмырдың бұлтартпас айғағы іспетті. ҚазҰУ-ды ғажайып әлем деп атасақ та, қате болмас еді. Өйткені, қанша бала қыранның қанатын ұштап, қияға самғатқан тарихы тереңге жайылған ҚазҰУ-жеке қалашық, өзіндік мұражай.
Қиындығы мен қызығы қатар жүретін мына жалғанда адамзат атау қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен шұғылданса да өміріндегі ең бір есте емес, жүректе қаларлықтай ұмытылмас, ерке шақтың ең соңғы кезеңі университет қабырғасында өтеді. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын мектеп бітіруші түлектердің Алатаудай асқақ арманы Алматы шаһарындағы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нен көрініс табады. Неліктен ҚазҰУ-не деген сұраныс көп? Біріншіден, QS рейтингісінде соңғы жылдары 350 позицияға көтеріліп, бүгінде әлемдік мықты университеттердің қатарынан 150-орынға иық тіреп отыр. Екіншіден, 1934 жылы негізі қаланған университеттің соңғы 7 жылда инфрақұрылымы 40%-ға өсті. Әрине, бұл тек бергі жетістіктер ғана. Бұдан бөлек біздің ҚазҰУ әрдайым жаңашылдыққа бет бұрады, студенттер мен ізденушілерге, оқытушыларға алуан түрлі мүмкіндіктер сыйлап, асқақ арманның айқын мақсаттарына жетелейтін білім және ғылым ордасына айналды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсізігінің жариялануына байланысты 1991 жылы 23 қазанда С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне ұлы ғалым, ойшыл және энциклопедист ғалым, «Шығыстың екінші ұстазы — Әбу Насыр әл-Фарабидің» аты берілді. Жетекші ұлттық университетке әл- Фараби есімінің берілуі бұрынғы ата-бабаларымыздың мәдениеті мен тарихи ғибраттарын студент жастарды тәрбиелеуде және барлық жас ұрпаққа Отанға деген сүйіспеншілік рухында білім беруде аса зор мәнге ие. 1934 жылы еліміздің ең алдыңғы қатарлы университеті, қара шаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы қаланды. Бүгінгі күні университетімізде 27 000-ға жуық студент білім алады. Он алты факультеттен тұратын университетте үш мыңға жуық профессор- оқытушылар құрамы студенттерге білім беріп келеді. Қала ішіндегі «Казгуград» қалашығы деп аталып кеткен құтты мекенде студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалған.Ө.Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы, ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы, спорткешені мен стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра технопарк, студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр. «Әл-Фараби», «Қазақ», «Ұлт» сияқты қарымды сөздерден тұратын университетіміз атына заты сай ұлылыққа ие. Жалпы өмірде әр адамның белгілі бір арманы бар. Кей уақытта сол арманға жету үшін көптеген кедергілерден өтіп, қиындықты бастан кешіруге тура келеді. Барлық бітіруші түлектер сияқты менің де бірқатар армандарым болды. Солардың бірі- балғын балалық шақ, мектеп қабырғасын тәмамдап, жоғарғы оқу орнының студенті атану болды. Сол арманым айқын мақсатыма айналды. Бұл менің таңдауым. Армандарымның бастамасы.Маған осы университет қабырғасында білім алу бақыты бұйырғанына ризамын. Механика-математика факультетінде 4 жыл механика мамандығы бойынша білім алып, қазіргі таңда механика және энергетика мамандығының 1-курс магистрантымын. 4 жылдық студенттік өмірде тек білім алып қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға араласып, университеттің үздік түлегі атанған болатынмын. Сонымен қатар, түрлі іс-шаралар мен конференциялардың қатысушысы болдым. Ал қазіргі таңда білім алып жатқан мамандық бойынша ҚазҰУ-дың маған берер мүмкіндігі орасан зор болып тұр. Тек елімізде ғана білім алып қоймай, Франциядағы Лотарингия университетінде білімнің шыңдалуына ерекше мүмкіндік болып отыр. Бұлда ҚазҰУ- мүмкіндіктер мекені екенінің таңы бір дәлелі деп айта аламын. ҚазҰУ-сапалы білім орталығы; ҚазҰУ- еліміздегі ЖОО-ның элитасы. ҚазҰУ-барлық жалынды жастардың арманын орындайтын мекен.
Жүрсінәлі Ұлдана
Механика және энергетика мамандығы
1-курс магистрант
Филология факультетінің аға оқытушысы Уразгалиева С.А жетекшілігімен
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі