Өлең, жыр, ақындар

Әлемдік тұтастықты нығайтуға бағытталған съезд

Өзінің сапалық деңгейін арттыра түскен бұл дәстүрлі форум – әлемнің діни-экономикалық-саяси мәселелері ушығып тұрған уақытта мәдениеттер мен өркениеттер арасын жалғап, олардың тіл табысуына, бір-бірімен ы­­мыраға келіп, ынтымақтастығын кү­шейтуге бағытталған шара. 2003 жылдан бері Астана төрінде әр үш жыл сайын шақырылып, осы аралықта конфессияаралық ке­лісімдерді нығайтып, алуан түр­лі діни қауымдастықтардың қа­рым-қатынасы жаңа деңгейге кө­те­­рілуіне ықпалын тигізген Съезд өзі­нің дінаралық диалогтағы орнын қалып­тастыра білді. Іргесі берік қаланған осы шараның бітімгершілік рөліне деген сенім әр форум сайын артып келеді.

Өз кезегінде, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің ең маңызды міндеттері - дінаралық және конфессияаралық диалог дәстүрлерін нығайту, діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністікті тереңдету, заманауи қоғамда толеранттылық пен өзара құрмет мәдениетін дамыту.

Бірінші Съездің қорытынды құжатында Қазақстанға жоғары мәртебе – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екінші съезін Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласында ұйымдастыру және өткізу міндеті жүктелді.  Сондай-ақ осы шешімнің аясында діндер диалогының тұрақты жұмыс істейтін халықаралық конфессияаралық институты – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің Хатшылығын құруға және келісілген шешімдер қабылдауға қатысты барлық аспектілерді әзірлеу тапсырылды.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихы дінаралық қатынастары мен дін саласында, қазіргі заманғы қоғамдық қатынастарды дамыту мен нығайтуда әрқашан негізгі позициялардың біріне ие. Тәуелсіздік алған қысқа мерзімде Қазақстан осы бағытта айтарлықтай табысқа қол жеткізді, бұл ретте адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып табылатын толерантты, демократиялық, зайырлы қоғамды қалыптастырды. Дін саласы қазіргі заманғы қоғамдық қатынастар институты ретінде толерантты және бейбіт қоғам қалыптастыруда үлкен рөл атқаратынын атап өткен жөн. 19 жыл бойы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі өзін бітімге келетін диалог алаңы ретінде танытты, ол жерде тек әлемдік конфессиялардың өкілдері ғана емес, сонымен қатар көрнекті саяси қайраткерлер, беделді халықаралық ұйымдар мен ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері де келіссөздер үстелінде бас қосады. Бұндай шаралар әлемде болып жатқан әртүрлі       геосаяси жағдайлар аясында да жан-жақтан жиналған қоғамдық институттар арасында өзара байланыс орнатулары үшін қажет.
Кеш барысында әлем жұлдызы Димаш Құдайберген көрермендерге тұжырымдамасы адамзат қоғамындағы өзара сыйластық пен келісім принциптері сақталған жағдайда ғана қол жеткізуге болатын әлемдік үйлесімділік идеясына негізделген синглді ұсынды. Сондай-ақ, әнге діни және рухани құндылықтар адамдар арасындағы жалпыға ортақ бейбітшілік пен келісімге жетудің ең маңызды бағдары екені арқау болған.

Жаксылыкбаева Айшолпан Канатхановна ”Дінтану”мамандығының 3курс студентті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Ғылыми жетекшісі : Кудерина А. Н.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер