Өлең, жыр, ақындар

Жастар тәрбиесіндегі ең ықпалды БАҚ құралы теледидар бола ала ма?

Бүгінде БАҚ-тың қоғамда  алатын орны зор екенін бәрімізге мәлім. Өйткені БАҚ арқылы адамдар ақпараттанады, ақпарат алмасады. Сондай-ақ, халық арасында «журналистика-төртінші билік өкілі» деген ұғым қалыптасқан. Шынында, дәл солай. Халықтың қандайда бір шешілмей жүрген мәселесі болса,журналисттердің көмегіне жүгіну арқылы билікке жеткізіледі.Былайша айтқанда, журналист билік пен халықтың арасындағы алтын көпір. Сондықтан БАҚ өкілдері  халықтың жан айқайын билікке жеткізіп,халыққа пайдалы бағдарламаларды шығаруы тиіс. Ал, біздің елде рейтинг қуып, ақшаның соңына ергендер баршылық. Қандай бағдарламаны қарасаңыз да,  рейтинг жоғары болуы тиіс деген түсінік бар. Бұл қате пікір. Себебі жастардың тәрбиесіне, оладың өсіп қалыптасуына кері әсерін тигізіп жатыр.  

Дәлірек айтқанда, қазіргі таңда теледидарда мән-мағынасы жоқ бағдарламалар көбейіп кетті. Мысалы: «Қосылайық», «Бір болайық», "Қалаулым" сынды бағдарламаларды айтуға болады. Аталмыш бағдарламалар  тікелей эфирде үш-төрт сағат көрсетіледі. Бағдарламаға қатысушы аға-апаларымыз біздің тәрбиемізге сай келмейтін  жат қылықтар көрсетіп жатады. Бірақ ол бағдарламалардың контенті жат болса да, оны халық көреді. Неге? Себебі олар анонсты айқайлатып, интрига жасайды. Бұған алданған жастарымыз бағдарламаны соңына дейін қарайды.Осыдан-ақ,  біздің медиа сауаттылығымыздың төмен деңгейде екенін көруге болады. Оның тәрбиемізге жат екенін білсек те,  көргің келеді. Өйткені айналамыздың бәрі негативке толы заманда адамдар осындай шетелдік бағдарламалардан жұбаныш табады. 

Жаңалықтарды аша қалсаңыз,  «Пәленше суға батып кетті», «Жасөспірім бала өз-өзіңе қол жұмсады» - деген секілді жантүршігерлік  жағдаяттарға толы. Одан шаршаған халық не істейді?Осындай бағдарламаларды көреді.

Көпке топырақ шашудан аулақпын. Баланың санасын дамытатын қазақ тіліндегі жақсы бағдарламалар да  бар.Әйтсе де олардың ғұмырлары ұзаққа бармайды. Өйткені көрілім саны аз. Бұл дегеніміз- бағдарламаның болашағына балта шапқанымызбен бірдей деген сөз. 

Менің ұсынысым, телеарналарға  пайдалы бағдарламаларды қызықты етіп түсірсе,барлық көрермен қарайды деп  айта аламын. Бүгінгі таңда тыңдарман соған мұқтаж. 

«Жастар тәрбиесіндегі ең ықпалды БАҚ құралы теледидар бола ала ма?»

Бүгінде БАҚ-тың қоғамда  алатын орны зор екенін бәрімізге мәлім. Өйткені БАҚ арқылы адамдар ақпараттанады, ақпарат алмасады. Сондай-ақ, халық арасында «журналистика-төртінші билік өкілі» деген ұғым қалыптасқан. Шынында, дәл солай. Халықтың қандайда бір шешілмей жүрген мәселесі болса,журналисттердің көмегіне жүгіну арқылы билікке жеткізіледі.Былайша айтқанда, журналист билік пен халықтың арасындағы алтын көпір. Сондықтан БАҚ өкілдері халықтың жан айқайын билікке жеткізіп,халыққа пайдалы бағдарламаларды шығаруы тиіс. Ал, біздің елде рейтинг қуып, ақшаның соңына ергендер баршылық. Қандай бағдарламаны қарасаңыз да, рейтинг жоғары болуы тиіс деген түсінік бар. Бұл қате пікір. Себебі жастардың тәрбиесіне, оладың өсіп қалыптасуына кері әсерін тигізіп жатыр.  

Дәлірек айтқанда, қазіргі таңда теледидарда мән-мағынасы жоқ бағдарламалар көбейіп кетті. Мысалы: «Қосылайық», «Бір болайық», "Қалаулым" сынды бағдарламаларды айтуға болады. Аталмыш бағдарламалар тікелей эфирде үш-төрт сағат көрсетіледі. Бағдарламаға қатысушы аға-апаларымыз біздің тәрбиемізге сай келмейтін  жат қылықтар көрсетіп жатады. Бірақ ол бағдарламалардың контенті жат болса да, оны халық көреді. Неге? Себебі олар анонсты айқайлатып, интрига жасайды. Бұған алданған жастарымыз бағдарламаны соңына дейін қарайды. Осыдан-ақ, біздің медиа сауаттылығымыздың төмен деңгейде екенін көруге болады. Оның тәрбиемізге жат екенін білсек те,  көргің келеді. Өйткені айналамыздың бәрі негативке толы заманда адамдар осындай шетелдік бағдарламалардан жұбаныш табады. 

Жаңалықтарды аша қалсаңыз, «Пәленше суға батып кетті», «Жасөспірім бала өз-өзіңе қол жұмсады»-деген секілді жантүршігерлік жағдаяттарға толы. Одан шаршаған халық не істейді? Осындай бағдарламаларды көреді.

Көпке топырақ шашудан аулақпын. Баланың санасын дамытатын қазақ тіліндегі жақсы бағдарламалар да  бар.Әйтсе де олардың ғұмырлары ұзаққа бармайды. Өйткені көрілім саны аз. Бұл дегеніміз - бағдарламаның болашағына балта шапқанымызбен бірдей деген сөз. 

Менің ұсынысым, телеарналарға пайдалы бағдарламаларды қызықты етіп түсірсе,барлық көрермен қарайды деп айта аламын. Бүгінгі таңда көрермен соған мұқтаж.

Дана Абдрахим


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз