Өлең, жыр, ақындар

Абай мен Нағашыбек шығармасындағы дос жүрегінің көрінісі

«Тұран» университеті
Ғылыми жетекші: филология ғылымдарының кандидаты, доцент Тулекова Гүлжан Қажымұратқызы
Орындаған: Қалибай Фариза Давлетқалиқызы


Аңдатпа

Мақаланың кіріспе бөлімінде «достық» туралы кішігірім түсініктеме беріледі. Достықтың ұлы сезім екендігі туралы екі ғалымның ойы кіріспеде айтылады. Негізгі бөлім екі аргументке негізделген.

Бірінші аргумент: Нағашыбек Қапалбекұлының «Дос жүрегі» шығармасының желісі бойынша (досқа деген реніш туралы айтылады).
Негізгі бөлімнің екінші аргументі: Абай Құнанбайұлының «Көңілім қалды, достан да, дұшпаннан да» өлеңі. Оның мазмұны бойынша Абайдың өз дәуірі мен ортасын сынға алуы жайлы талдаулар жүргізілген.

Қорытынды бөлімде айтар ойдың түйіні жеткізілді. Дәл осы қорытындыға Абайдың «біріңді қазақ, бірің дос, көрмеген істің бәрі бос» деген өлең жолдарымен аяқталады.

Кілт сөздер: достық, сезім, ниет, реніш, нағыз достық.                                           

Отражение сердца друга в произведении Абая и Нагашыбека

Аннотация

Во вводной части статьи дается небольшое объяснение "дружбы". Во введении рассказывается о том, что дружба-это великое чувство. Основная часть основана на двух аргументах.

Первый аргумент: по мотивам произведения Нагашыбека Капалбековича «Дос жүрегі».

Второй аргумент основной части: стихотворение Абая Кунанбайулы «Көңілім қалды достан да,дұшпаннан да». По его содержанию проведен анализ критики Абая своей эпохи и среды.

В заключительной части  дан вывод.

Ключевые слова: дружба, чувства, намерения, обида, настоящая дружба.

Reflection of a friend's heart in the work of Abai and Nagashybek

The abstract

In the introductory part of the article, a small explanation of "friendship" is given. The idea of two scientists that friendship is a great feeling is expressed in the introduction. The main part is based on two arguments.

The first argument: based on the work of Nagashybek Kapalbekovich "Dos juregi". There is talk of resentment towards the friend.

The second argument of the main part: the poem "I am disappointed, both from friends and from enemies" by Abay Kunanbayuly. According to its content, an analysis of Abai's criticism of his era  and environment was carried out.

In the final part, a summary of what was said was conveyed. It is to this conclusion that Abai concludes with the statement: "one Kazakh, one friend, everything you do not see is empty. "

Key words: friendship, feelings, intentions, resentment, true friendship.

«Достық» [1] ұғымы қазақ халқы үшін киелі ұғымдардың қатарына  жатқызылады. Ол адамдардың бір-біріне деген шүбәсіз сенімі және шынайылығы, бір мақсат пен ортақ көзқарас ұстануы. Достық- жауапкершілік пен рухани жақындықтың нышаны. Достық - қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі. Қазақ халық ауыз әдебиетінде достық жайлы мақал-мәтелдер сан-алуан: «дос ажарың, дұшпан базарың», «үйінде асы жоқтың, түзінде досы жоқ»,  «есепті дос айырылмас» және т. б. Сонымен бірге, Мұхтар Шахановтың «Достық өлкесінің заңы» [2] өлеңі, А. Байтұрсынұлының «Достыма хат» [3] өлеңімен қатар, әлем әдебиетіндегі Д. Роулингтің  «Гарри Поттер» [4], У. Голдингтің «Шыбындар мырзасы» [5] кітабы. Бұл шығармалардың барлығының ортақ тақырыбы біреу ғана. Ол - достық.

Достық деген ұлы сезім болғаны сонша, атақты философ  А. Шопенгауэр өзінің «нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз - досыңыздың қайғысы мен қуанышына одақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» [6], - деп айтып кеткен. Рас, нағыз достық табандылық пен шынайылық қасиеттерін қажет етеді. Демек, достың азды-көптігі маңызды емес, тек шынайылығы, досқа деген сенімі болса, болғаны. Алайда, мектеп жылдарындағы мен студенттік шақтағы достың айырмашылығы жер мен көктей. Яғни, әр кездегі достың орны әр бөлек.

XXI ғасырдағы екінің бірін толғандырып отырған мәселе XXI ғасырдың ағымында шынайы достықтың бет бейнесін көруге болады ма деген сұрақ. Осы кезде жеке тұлғалардың пікірі екіге бөлінеді. Бірі бұл өмірде шынайы достықты бар деп санаса, екінші бірі нағыз досты кездестіру мүмкін емес деп ойлайды. Осы туралы А. Байтұрсынұлының өлеңі де бар [3;44-б]:

«. . . Кім біліп, ер еңбегін сезіп жатыр,
Кім шыдап жолдастыққа төзіп жатыр?
Сасық ми, салқын жүрек санасыздар
Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр. . .
. . . Айтқанмен таусыла ма оны-мұны,
Талайдың таңдамалы түпкі сыры:
Жанасқан шын көңілмен жақындық аз-
Көбінің іші салқын, сырты-ақ жылы. . .

Ақшаға абыройын, арын сатып,
Азған жұрт, адамшылық қалмай сыны.
Жаны ашып, жақын үшін қайғырар ма
Жаны мал, жақыны мал, малдың құлы?!».

Ақынның бұл өлеңі арқылы адамдардың пиғыл-ниеті арам, достықты ақша үшін лезде сатып кете алатыны, қиын жағдайда жолдастыққа төзе алмайтынын жеткізеді. Әрине, бұл екінші бір адамның көңіліне қатты әсер етеді. Ол адамда өкпе-реніш сезімі туындап, қабағы қатыңқы күйді басынан өткереді. Осылай екі ортаның арасы келіспеушілік, дау-дамайға ұласып не достықтың үзілуімен аяқталады. Осындай мәселені өз шығармасында қозғаған жазушы - Нағашыбек Қапалбекұлы.

Нағашыбек Қапалбекұлы - ақын-жазушы, тарихшы, Қазақ журналистикасының ірі қайраткері. 1950 жылы 16 наурызда Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қызыләскер ауылында туған. [8;6-б]. Соғыс ардагері. Қаламын өмір серігіндей еткен жазушы бүгінгі таңда   қырықтан астам кітаптың авторы атанып, танымы мол тағылымдық еңбектер жазды. Бұл дүниелер қаламгердің тіл байлығы, дүниетанымы кеңдігі мен шеберлігімен ерекшеленеді. Тағы бір айта кету керек дүние, Нағашыбек Қапалбекұлының еңбектерінің тақырыбы мен мазмұны да айрықша. Ол журналистика өнерін өте тиянақты қолданған десек артық етпейді. Сондықтан да әр оқырман Нағашыбек шығармаларын оқығанда көз алдына көркем суреттер мен бейнелер елестейтіні де содан. Осыған байланысты жазушының «Еңлікгүл», «Қызыл елік», «Жерошақтың түтіні», «Ақ шымылдық», «Махаббатсыз өмір жоқ» деген секілді танымал повестері мен әңгімелер жинағы шықты. Солардың біреуі- «Дос жүрегі» [8;161-б. ] шығармасы. Ол 1985 жылы жарық көрген.

Әңгіме бір ауылда бірге ойнап-өскен Таңат, Ермек, Қайыркен деген үш достың оқиғасы жайында баяндалады. Шығарма желісі бойынша ауруханада жатқан Қайыркен, досы Таңаттың бір рет болсын хал-жағдайын сұраспай кетуіне ренішін білдіреді. Бұған «Мен құттайынан білетін Таңат болса мына айқайласаң даусың жетер тұстағы ауруханада жатқан маған құрығанда бір соғуы тиіс еді-ау. . . », -  деп айтқан сөзі дәлел болады. Ал Таңат мектеп бітірісімен қалаға институтқа түскен. Жазған хаттары күнде келмесе де, жиі келіп тұратын.

Қайыркеннің ауруханада сары жамбас болып жатқанына бір айдан асып кеткеніне қарамастан, Таңатты келіп қалады-ау деген қиялмен ойы сан-сарсаңға кетті. Алайда, Таңаттың ойы институтты бітіру мен отбасы қамын асырауда болды. Осы кезде Қайыркен өзінің бұрынғы  естеліктеріне шолу жасап, Таңатқа қалай жан ұшыра көмектескендігін еске алады. Әр сенбі, жексенбі сайын қаладан сары автобуспен келетін Таңатты Қайыркен мен Ермек тағатсыздана күтетін.

Бір күні Таңат ауылға келіп, Қайыркен екеуі әңгімелесіп отырғанда Таңат: «Қайыркен, мен оқуды тастайтын болдым» ,-деп үн қатады. Мұндайды үш ұйықтаса да түсіне кірмейтін Қайыркен «О, неге?» , - деп таңдана сұрайды. «Қалада әлгі Болғанбаев деген нағашым бар емес пе?. . . Шешем барып пәтер табылғанша деп соның үйіне Сәбира екеумізді орналастырған. . . Ақыры сенесің бе, екі шабаданымды есігінен лақтырып, масқаралап қуып шықты. «Кәне, пәтер ақыны төлеңдер, қаңғырған қайыршы» дей ме. » , - деп үн қатты. Осыны естіген досы қамығып қалады. Бірақ, Қайыркенге құрылыс учаскесінің прорабы Иван Иванович Бейрут екі жүз сомды кассир арқылы санап беріп, көмек қолын созады. Ол екі жүз сомды алып, Таңаттың қолына ұстатады. Ол болса «Бұл ақшаңды жазда сысоға (ССО- құрылысшы студенттер отряды деген) барып келген соң қайырамын. », - деп айтады.

Арада алты жыл көлемінде уақыт өтіп, Қайыркен отау құрды. Осы алты айдың ішінде Таңат қарызын қайтармақ түгілі, бір келіп кетпеді. Тек почта арқылы алты жыл бұрын алған сол баяғы екі жүз сомын той күні қайтарады. Бұл жағдайда досты өз пайдасына асыру мәселесі қарастырылады. Қазіргі таңда  мұндай жағдай өте жиі кездесетіні де рас. Адамдардың пейілі жаман болып, нағыз достық деген арманға айналып бара жатыр. Сондықтан да екінің бірі шынайы, қиын кезде артыңнан пышақ сұқпайтын досты табу мүмкін емес деп ойлайтындығы да сондықтан.

Достық пен дұшпаннан көңілі қалып, алдап-арбауды өз еңбектерінде жыр еткен- Абай Құнанбайұлы. Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы - Абай(Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында  Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. [9] Ақын ғұмырының соңына дейін артынан айтулы әдеби мұрасын қалдырды. Соның бірі «Көңілім қалды, достан да , дұшпаннан да» [10;38-б. ] өлеңі. Бұл өлеңінде ақын өз дәуірінің, өз ортасының көрінісіне көңілі толмай, қатты сынға алып, өткір ойларын тізбелеген. Онда ел ішінде белең алған ұрлық-қарлықты, сұрамсақтықты, бірін-бірі мансап үшін аяқтан шалатын пендешілікті қатты сынайды. Оған мына өлең жолдары дәлел бола алады:

«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз жарым болмаса анда-санда.
Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
Ол тұра бастан жыға қисайғанда.
Мұнан менің қай жерім аяулы деп,
Бірге тұрып қалады кім майданда?. . . ». [10;38-б. ]

Ақын осындай жағымсыз жағдайларға жиіркеніп, халықтың болашақ жағдайына алаңдайды. Негізінен, халықтың достығы мен бірлігі осындай қиын кезеңдерден көрініс табады. Ел-жұрт ауырпатшылық  кезеңдерді жұмылып бірге көтерсе, қиындықтың атаулы болмайды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін, қиын кездерді әр ұлт бір мемлекет болып болып, достық қарым-қатынаста мемлекеттің ары қарай дамуына, өсіп-жетілуіне айрықша үлес қосу үшін 1995 «Қазақстан халқы Ассамблеясы» [11] құрылды. Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктер құрып, жалпыұлттық қауіпсіздікті қамтамыз етуді мақсатына айналдырды. Тереңіне үңіліп қарағанда, мұндай істі атқару бір ғана адамның қолынан келмейді. Ол үшін жалпы ұлт, мемлекет, халық болып достықта іс-әрекет жасау қажет. Ал халықтың арасына іріткі салатындардың пиғыл-ниеті дұрыс емес. Олар мемлекет тарапына қатысты теріс қылықтар жасайды (ереуілдер жасап, қақтығыстар ұйымдастырады).

«Біріңді қазақ, бірің дос, көрмеген істің бәрі бос», - деп Абай атамыз айтып кеткендей, халқымыздың бірлік пен достықта болуы өте маңызды. Қиын кезде бір-бірімізге демеу болып, қол ұшын созу қажет. Сонда ғана татулық пен береке пайда болады. Ал, екі жақтың араз болуынан еш нәрсе де алға баспайтынын естен шығармау керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 - Электронды ресурс: https://kk. wikipedia. org/wiki/Достық
2 - Электронды ресурс: https://bilimdiler. kz/oyin_sayk/olender/1175-dostyk-olkesinin-zany. html
3 - Байтұрсынұлы А. ,Қырық мысал/Достыма хат. - Алматы: Жазушы, 2001.
4 - Электронды ресурс: https://potter-1. bib. bz/
5 - Электронды ресурс: http://www. ivurcol. net/el_resurs/lp/39. pdf
6 - Электронды ресурс: https://massaget. kz/okushyilarga/shyigarma/21979/
7 -  Мұтанов Ғ. М. , Өнегелі өмір. - Алматы: Қазақ университеті баспа үйі.
8 -  Қапалбекұлы Н. , Ақ шымылдық. - Алматы: ЖШС РПБК Дәуір баспасы, 2009. - 384 бет.
9 - Электронды ресурс: https://abaialemi. kz/kz/page/view?id=1
10 - Сейсенбаев Р. , Өлең- сөздің патшасы. -Халықаралық Абай клубы. 2006
11 - Электронды ресурс: https://kk. wikipedia. org/wiki/Қазақстан_халқы_ассамблеясы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз