Өлең, жыр, ақындар

Қызыл кітапқа енген жануарлар өз деңгейінде қорғалып жүр ме?

Қызыл кітап — бұл қауіп-қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы жарғы шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар кітап 1981 жылы акедемик Б.А.Быковтың жетекшілігімен жарық көрді.

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай-күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді.

Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлардың бірі қар барысы. Барыс саны мен таралуы азайып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Қазақстан, Тянь-Шань, Қаржантау мен Өгем, Талас, Қырғыз, Іле, Күнгей, Теріскей, Кетмен, Жоңғар Алатауының шеткi сілемдері, Алтын Емел, Шолақ, Maнтай және Қайқан, сондай-ақ Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған. Олар жалпы таулардың альпі және субальпі белдеулерінде, құзды, жартасты жерлерді мекендейді. Қар барысының Қазақстанда жалпы саны 180-200 басқа жетеді деп есептеледі. 

Қызыл кітапқа енген жануарлар өз деңгейінде қорғалып жүр. Бірақ қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтірмеуін жақсырақ қадағалау керек. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз