Өлең, жыр, ақындар

Ұйқы туралы

Ұйқы туралы

Ұйқы бірнеше кезеңнен тұрады:

1. 5-10 минут

Сана ұйқылы-ояу, қиял, армандар елес береді, кейбір шешімін таппай жүрген мәселенің керемет шешімі ойға келуі мүмкін, шым-шытырық ойлар қамалайды. Бұлшықеттердің белсенділігі азаяды, пульс баяулайды, дене температурасы төмендейді, көз ақырын қимылдап жатуы мүмкін, кейде бұлшықеттерде қысқа діріл болады.

2. Жылдам ұйқы (10-15 минут)

Бұл кезде мидың электрлік белсенділігі ояу кездегімен бірдей. Көз алмасы жылдам қимылдайды. Бірақ бұлшықет белсенділігі өте төмен, адам мүлдем қимылсыз болады. «Жылдам ұйқыда» жатқан адамды оятып жіберсе, психикасына зиян келеді. Жылдам ұйқы психологиялық қорғау, ақпаратты өңдеу, ақпараттың санмен бейсана арасындағы алмасуын қамтамасыз ету қызметтерін атқарады деген болжам бар. Бұл кезде оянып кеткен адамдардың 90 пайызы өте анық, айқын түстер көргенін айтады екен.

3. Жеңіл ұйқы (20 минут)

Бұлшықет, жүрек соғысы, температура төмендей түседі. Сана ұйқыға кетеді. Бұл кезде адам тез оянады.

4. Баяу ұйқы (20 минуттан астам)

Бұл кезеңде адам түс көрмейді.

5. Ең терең ұйқы. 30-40 минут

Түстердің 80 пайызы осы кезге тиесілі. Айкезбе, ұйқысырау, қорқынышты түстер, балалардың төсекке жіберіп қоюы көбінесе осы кезеңде болады. Оянғансоң бұл кезеңнен есте ештеңе қалмайды. Бұл кезеңде адамның қуаты қалпына келеді.

Ұйқы кезінде ағзада қандай өзгеріс болады?

Сомнолог дәрігер, психотерапевт, Ұйқы медицинасы орталығының негізін қалаушы Виктор Хан Baribar.kz сайтына берген сұхбатында адам ұйықтаған кезде бүкіл ағза мүшесінің жұмысы реттелетінін айтады. Ұйқы кезінде бұлшық ет босайды, нәтижесінде организм демалады. Бұл уақытта белгілі бір гормондар бөлінеді. «Адамды гормондар басқарады» дегенді ескерсек, ұйқының дұрыс болуы маңызды. Ағза мүшелерінің жұмысын жақсартады. Сонымен қатар психо-эмоционалды тұрғыдан жеңілдеу болады.

«Бұдан бөлек маңызды дүние бар. Жалпы, тәндегі жиналып қалған токсиндер лимфа жүйесі арқылы жиналып, сыртқа шығып отырады. Алайда мида мұндай жүйе жоқ. Бірақ токсиннен арылу керек? Ол қалай жүреді? Мидағы токсин терең фазадағы ұйқы кезінде төмендеп, арқа-ми каналына жетеді. Әрі қарай токсин денедегі лимфа жүйесі арқылы шығып кетеді. Неліктен дұрыс ұйықтамаған адамның басы ауырады? Себебі, жиналған токсиндер шықпады, өмір сүруге керек нейрондар түзілмеді», – дейді Виктор Хан.

Сонымен бірге ұйқының терең фазасында лептин гормоны азайып, грелин көп бөлінеді. Лептин тоқшылық сезімін береді, «тойып кеттім» дейтіңіз осы гормоннан. Ал грелин гормоны тәбетке жауапты, тамақ ішер алдында көп бөлініп, астан кейін күрт азайып кетеді. Яғни ұйықтайтын кез келсе, бірақ жата қалмасаңыз, мөлшері артқан грелин «қарын аштырады». Ұйқысы жиі бұзылатын, түнімен тоңазытқышты ашып, тамақ іздейтін адамды көбіміз білеміз.

Сонымен қатар ұйқының терең фазасында адамның өсуіне жауапты соматотропин гормоны бөлінеді. «Сәби ұйқымен өседі» деген осыған байланысты. Ересек адам өспейді, есесіне соматотропин метаболизмге, яғни күні бойы пайдаланылмаған майды ыдыратуға қызмет етеді.

Оқуға кеңес береміз:

60 секундта ұйқы келтіретін әдіс

Ұйқының жайлы болуына ықпал ететін 5 өсімдік

Адам ұйықтап бара жатып неге селт етеді?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Сабыр

Қызық, әрі пайдалы мәлімет екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз