1851 жылы Джеймс Кинг барабанмен айналатын, қазіргі кір жуғыш машинаға ұқсас техниканы өз есіміне патенттеді. Бірақ машинаны жүргізетін механизм қолмен басқарылатын еді.
1900 жылы сүт тартатын машина шығарушы, неміс фирмасы MIELE&CIE ағаштан жасалған май шайқағыш машина өндіре бастады. Сол кезде Карл Миленің ойына осы механизмді дамытып, кір жуғыш машинаға айналдыру идеясы келді. Сол жылдары осындай машиналар жаппай сатылымға шыға бастады. Бұл идея басқаларға жетіп, ағаштан жасалған кір жуғыш машинаны еуропалық көп фирмалар өндіре бастады.
1908 жылы алғашқы электр қуатымен жүргізілетін механизмі бар "Thor" есімді кір жуғыш машина ойлап шығарылды. Оны 1910 жылы Чикагодағы "Hurley Machine Company" деп аталатын компания өзіне патенттеп алды. Машинаны ойлап тапқан Алва Фишер тарихқа электрлі тұрмыс құралдарының жаңа класын ойлап табушы ретінде енді.
1912 жылдан бастап барлық үйлерде электрлі жүйеде жұмыс істейтін кір жуғыш машиналары қолданылған. Алғаш машиналардың сыртқы бөлігі ағаштан жасалған. Кейін ол бөліктер алюминий, мырыш, жез металдары арқылы құрастырылды.
Сонымен қатар, 1961 жылдан бастап кір жуғыш машинаның сыртқы бөлігі толықтай фарфорлы эмальмен қапталды. Бұндай машиналар судың кез келген температурасына, кір жуғыш ұнтақтың әсеріне шыдаған. Машинаның бұлғауыш құралы (мешалка) 1922 іске қосылды. Бұлғауыш кірді жоғарыдан астыға қарай және жан-жаққа қарай айналдырған.
Ал, толық автоматандырылған кір жуғыш машинасы 1937 пайда болды. Көбіне машиналар 3-4 кг кір жуады. Әр кір жуылған сайын 150 литр су кетеді.
Сығу режимі арқылы жұмыс жасайтын кір жуғыш машинасы 1953 жылы саудаға шығарылған. Осылайша жылдан жылға бұл құрылғыны әр мемлекетке тиесілі әр компания өзгертіп, дамытып отырды. Бүгінде тұрмыс-тіршілікті кір жуғыш машинасыз елестету мүмкін емес.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі