Хайрадин Жанерке Салауатқызы
Журналистика факультетінің
2-курс студенті
Олжас Сүлейменов екі мәдениеттің, екі тілдің, этникалық жағынан бөлек, бірақ рухани жақын дүниенің тоғысқан жерінде өсті. Олжас Сүлейменов өлеңдері ой тереңдігімен, ауқымдылығымен және философиялық сипатымен ерекшеленеді. Оларда жарқын өрнек, көзге көрінетін бейнелер, нәзік юмор, өткір сатира, күтпеген сәттер және басқа да көптеген қырлар бар. Осындай ерекшеліктерді бойына жинаған, заманында үлкен резонанс туғызған шығармаларының бірі – «Адамға табын, Жер, енді» поэмасы.
Шығарманың негізгі тақырыбы – ғарышты игеру, тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің бейнесі болса, оның басты мағынасы – мейірімділік, адалдық, махаббат және ең алдымен өмірдің өзі, оның бірегейлігі мен баға жетпестігі. О.Сүлейменовтің шығармасына жай ғана суреттеу емес, философиялық толғау, ой шиеленісі тән. Мұндай ерекшелікті поэманың бірінші жолдарынан-ақ байқауға болады:
...Разгадай:
Почему люди тянутся к звездам!
Почему в наших песнях
Герой – это сокол!
Почему все прекрасное,
Что он создал,
Человек, помолчав.
Называет – Высоким!
Бұл поэманың дәл сол кезеңде шығуының өзі Олжас Сүлейменовке және адамзатқа үлкен мүмкіндік болды. Себебі, адам баласының алғаш рет ғарыш кеңістігіне шығуы дәуір оқиғасы болды. Және сол сәтте қоғамда үлкен дау тудырмай қоймайтын мәселе еді. Халық арасында тіпті «Әлі ерте емес пе?» деген пікірлер де кездескенін шығармадан көре аламыз. Сол кезеңде батыс елдерінен жүз жылға артта қалып келе жатқан қоғам үшін – бұл оқиға үлкен қуаныш, сонымен бірге үрей де алып келді.
Өлең жолдарының кей жерінде түсініксіз болып кетіп, басқа жаққа ауытқып, қайта келуі, автордың өз басындағы сұрақтарға жауап іздеп кетуі, оған жауап таппай қайта оралуы, барлығы сол кезеңде елде болып жатқан шиеленіскен жағдайларды шебер суреттейді. Поэма ғарышты игеру туралы болғанымен, қоғамдағы кереғар мәселелерді де көтереді. Яғни, «халқының жағдайы мәз емес, экономикалық тұрғыда да артты қалып келе жатқан ел үшін, ғарышты игеру соншалықты керек зат па?», - деген сұраққа жауап іздейтіндей. Десе де, қазіргі таңда да бұл сұрақ өзектілігін жоғалтпаған сияқты. Олжас Сүлейменовтің бұл поэмасы басты тақырыбын өзгертіп, алайда шығарманың негізгі идеясын сақтай отырып қазір шығарса да, үлкен резонанс тудыруы әбден мүмкін. Себебі, қанша жерден өзімізді дамыған елміз десекте, шешілмеген мәселе әлі де көп. Бір-ақ сәтте бірнеше шумақ өлеңімен қоғам арасында дау тудырып, халықтың санасын оята білген Олжас Сүлейменов сынды тұлғалар көп болса, еліміз әлдеқашан алдыға шығар еді. Осы тұста Олжас Сүлейменовтің шығармашылық шеберлігін айтпай кету мүмкін емес. Оның ақындық туындысынан өмірге, дүниеге деген махаббат сезіледі. Оның өлеңдерін оқығанда көзің ашылып, қабылдау көкжиегің кеңейе түседі. Өлеңдеріндегі еркіндік пен даналық философиясының көптігі сонша, біздің ойлау шеңберіміздің өзі тарлық етуі мүмкін. Сонымен қатар, Олжас Сүлейменов ешқашан қазақи болмысын жоғалтпаған ақын. Оның қай өлеңін оқысақта, кең далаға деген махаббаты, жүйрік жылқыларға деген құлшынысы байқалады. Және дәл осындай суреттеу осы поэмасында да көркем көрініс тапқан. Олжас Сүлейменов өлеңіндегі жылқы бейнесі, ақынның тотемдік жануары іспетті, яғни еркіндік бейнесі. Дәл осы жануар арқылы сол сәттегі жай-күйін, не қалайтындығын көрсетеді. Ішкі мұңын, шешілмеген түйінін суреттейді.
Тілі орыс болғанымен, ділі қазақ ақынның болмысынан рухани тәуелсіз болғанын байқаймыз. «Адамға табын, Жер, енді» поэмасы арқылы Олжас Сүлейменовтің кеңістікте еркін самғайтын тұлға екеніне көзіміз жетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі