Биыл, 1921-1922 жылғы Лениндік «Ет пен сүт» декретінен (қаулысынан) кейін болған ашаршылыққа 101 жыл, 1931-1932 жылдардағы Сталиндік-Голощекиндік қолдан жасалған арнайы ашаршылыққа – 91 жыл және 1937 жылғы қандықасап репрессиясының екінші толқынының басталғанына 86 жыл. Бұл – жүрекке салмақ түсірген, санаға жара салған қасірет. Қазақты асылдарынан айырған, ұлт ретінде табиғи өсіп жетілуіне қиянат жасаған күндердің жарасы тез жазылып кетпейді. Тән жарасы жазылса да, жан жарасы таңба болып қала бермек.
1931-1932 жылдары халықты ашаршылыққа ұшыратты, демограф М.Тәтімовтың есебі бойынша ашаршылық құрбандары 4 миллионнан асады, немесе бүкіл қазақтың 65-70% қырылған.
1937-1939 жылғы репрессия кезеңінде барлығы – 120 мыңнан астам қазақ азаматы қуғын-сүргінге ұшырап, оның ішінде 25 мыңнан астамы НКВД-ның ату жазасына кесіліп кетті. Олар – нағыз ұлт зиялысы, оқыған-тоқыған, халқын ілгері дамытуды ойлаған мемлекетшіл қайраткерлер болатын. Бұл, ұлт үшін орны толмас өкініш.
«Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» демекші, ұрпақ ауысады, ел жаңарады. Ой мен сана өзгерді. Тәуелсіздік таңы Алаш ұрпақтарына да атты. Ендігі, елдің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың қолында. Жастарымыз саналы, ояу, білімді, арлы, иманды болса, ел үшін жұмыла жүк көтерсе, тар заманда тайғақ кешкен, шейіт кеткен бабалар жолында адаспай қызмет еткен боламыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі