Өлең, жыр, ақындар

Академик Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы

Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА-ның академигі және 1994-1996 жж. Ұлттық ғылым академиясының президенті, ұстаз Сағадиев Кенжеғали Әбенұлының дүниге келгеніне 85 жыл толып отыр.

Кенжеғали Әбенұлы 1938 жылы 18 ақпанда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Семиозерный (Қазіргі Әулиекөл) ауданының Семиозерный қазақ орта мектебінде білім алып, 1960 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетінде жоғарғы біліп алып, өзінің ғылым жолының жалғасы ретінде Г.В. Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтының аспирантурасы асперант дәрежесін алды.

Кенжеғали Әбенұлы өз білімін дамыту жолында 1977 жылы экономик ғылымының докторы атынды, 1978 жылы профессор атағын алып өзіне ғылым жолында жаңа есіктер ашты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында(1994ж) ғалым-академик Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі дәрежесін алды.

Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника ғылым саласына еңбек сіңірген қайраткері Сағадиев Қазақстанның 5 ірі жоғары оқу орындарын басқарды:

  • 1972-1982жж Целиноград ауыл шаруашылығы институтының. Проректор
  • 1982-1990жж Целиноград ауыл шаруашылығы институтының ректоры;
  • 1992-1994жж. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің ректоры қызметін атқарды;
  • 1996-2001жж Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры;
  •  2001-2004жж Халықаралық бизнес Университетінің Президенті және 2017жылдан бері құрметті президенті атанды;
  • 2012 жылдан өмірінің соңына дейін Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің президенті қызметін атқарды.
  • 2012-2014жж. Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттіктің Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • 1990-1992жж. Ұлттық ғылым академиясының Бас ғылыми хатшысы;
  • 1994-1996жж. Ұлттық Ғылым академиясының президенті болып сайланды.

2004-2007жж Кенжеғали Сағадиев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші және 2007-2011жж төртінші шақырылымдарының депутаты болып сайланды, сонымен бірге 2004-2007 жж Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды.

ҚР Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы ретінде академик К.Ә. Сағадиев:

  • ҚР мемлекеттік бюджетін жоспарлау әдіснамасының дамуына;
  • ҚР Экономика салаларын қаржыландыру жүйесіне;
  • ҚР Ұлттық қорын пайдалану тиімділігіне;
  • Қазақстанның әлеуметтік саласын қаржыландыруға;
  • ҚР даму институттарын қаржыландырудың тиімділігі мен оңтайлылығына және т.б. елеулі үлес қосты.

ҚР Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті басшылығы кезеңінде оның қызметінде ҚР адами капиталын дамыту мен нығайту үшін аса маңызды сала ретінде Білім және ғылым саласы маңызды орын алды.

Академик Кенжеғали Әбенұлы әртүрлі елдердің — дамыған және дамушы елдердің — мемлекеттік қаржы және банк саласын жоспарлау саласындағы халықаралық тәжірибесін жете меңгерген және мұқият зерттеді. Осы жинақталған тәжірибенің көп бөлігі академиктің депутаттығы кезеңінде мемлекеттік бюджетті жоспарлауды жетілдіру үшін, атап айтқанда, BOR әдісі үшін қолданылды.

Академик өзінің ғылыми мектебінің негізін қалады. 445-тен астам ғылыми жұмыстардың, оның ішінде 20 монография мен оқулықтардың авторы. Сағадиевтің жарияланымдары республикалық газеттер мен журналдардың беттерінде кеңінен таралған.

Халықаралық аренада экономист ғалым ретінде танымал. АҚШ-тың Нью-Йорк академиясының және Американдық экономист-ғалымдар қауымдастығының мүшесі, Пәкістан ғылым академиясының академигі, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі болып сайланды.

Академик К. А. Сағадиевтің ел мен қоғам алдындағы еңбегі лайықты түрде бағаланды деп сенеміз. Ол көптеген мемлекеттік силықтарға ие болды олардың ішінде: Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы ордені, Парасат, екінші дәрежелі Барыс, Отан және тағы басқалар ордендер мен атақтарға ие болды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сагадиев Кенжегали Абенович// «Календарь дат и событий Костанайской области», Костанайская областная универсальная научная библиотека им. Л. Н. Толстого, Информационно-библиографический отдел, 2010. — с. 36-39.

2. Козыбаев И.М. Кенжегали Сагадиев: траектория судьбы. - Алматы: Раритет, 2022. - 480 с.+24 с. илл.

3. Кенжеғали Сағадиев - біздің замандасымыз /Құрастырған Ілияс Қозыбаев. - Алматы: Раритет, 2021. - 480 б.+16 б. илл.

4. Ерғалиев Ж. Академик Кенжеғали Сағадиев: ғұмырнамалық хикаят. Алматы: GAUHAR, 2012. - 272 б.

«Ғылым Ордасы» РМК Қазақстан ғылымының тарихы музейінің ғылыми қызметкері: Сәуле ШӘКІР


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз