Білім грантынан үмітті колледж түлектері ҰБТ-ны қалай тапсырады

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Білім грантынан үмітті колледж түлектері ҰБТ-ны қалай тапсырады

Білім грантынан үмітті колледж түлектері ҰБТ-ны қалай тапсырады — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал.

Материал — Білім гранты, колледж түлектері, ҰБТ — осы тақырыптарға байланысты.

Ұлттық тестілеу орталығы колледж түлектеріне ескерту жасады. 2019 жылдан бастап барлық колледж түлегі ҰБТ тапсырады, қазір КТА деген жоқ. Колледж түлегі де ҰБТ-ны жылына 4 мәрте тапсыра алады.

Ол ҰБТ уақыты: наурыз, мамыр-маусым (негізгі ҰБТ деп аталып, қатысуға 2 мүмкіндік беріледі) және тамыз айлары.

29 сәуірден testcenter.kz сайтында негізгі ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігіне өтініш беру басталды.

Ол 6 мамырға дейін жалғасады.

Ал 7 мамыр екінші мүмкіндікке өтініш қабылдана бастайды да, 14 мамыр аяқталады.

Егер сіз колледжде оқып бітірген мамандығыңызды жалғастырмай, басқа мамандыққа оқуға түскіңіз келсе, 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік) бойынша ҰБТ тапсырасыз.

Ол үшін тіркелу сайтында «Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері» тетігін баса отырып ҰБТ-ға өтініш бересіз.

- Сіздерге тест тапсырмалар саны – 120;

- Жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут);

- Жоғары балл саны – 140.

Егер сіз колледждегі мамандығыңызды жалғастырып, грант негізінде ЖОО-ға қысқартылған оқыту мерзімін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, өтініш беру бөлімінде «Қысқартылған оқуға түсетін колледж бітірушілері» санатын көрсетесіз.

ҰБТ-ны жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша тапсырасыз.

- Тестілеудің тест тапсырмалар саны — 60;

- Жалпы уақыты — 2 сағат (120 минут);

- Жоғары балл саны — 70;

- Шекті деңгей балы — 25, «Педагогикалық ғылымдар» білім саласы бойынша – 35 балл. Оның ішінде әр пәннен 5 балдан кем болмауы тиіс.

Егер сіз колледжді шығармашылық дайындықты талап ететін мамандық бойынша бітіріп, ары қарай осы мамандық бойынша грант конкурсына қатысқыңыз келсе, онда ҰБТ-ны арнайы пәннен тапсырасыз. Шығармашылық емтихан ЖОО-да өтеді.

Тестілеудің жалпы уақыты — 1 сағат 20 минут (80 минут).

Егер сіз колледждегі мамандығыңыз бойынша ақылы негізде ЖОО-ға қысқартылған оқыту мерзімін көздейтін мамандықтарға түскіңіз келсе, ҰБТ тапсырмайсыз.

Құжаттарыңызды ЖОО қабылдау комиссиясына өткізесіз.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Білім грантынан үмітті колледж түлектері ҰБТ-ны қалай тапсырады деген не?

Бұл бетте Білім грантынан үмітті колледж түлектері ҰБТ-ны қалай тапсырады тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Білім грантынан үмітті колледж түлектері ҰБТ-ны қалай тапсырады материалы Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі басқа материалдар Білім гранты тақырыбындағы материалдар колледж түлектері тақырыбындағы материалдар ҰБТ тақырыбындағы материалдар