Абылай (Әбілмансұр) жас кезінде Төле бидің түйелерін бағып жүреді. Бірде ол қазақ батырларының қару-жарақтарын асынып, аттанып бара жатқандарын көреді дағы, құстай ұшып Төле биге келеді.
— Ағатай, батырлардың қатарына мені де қосыңызшы? — дейді.
— Батырлар сенсіз-ақ жол табар, түйелеріңді баға берсеңші, жазған! — дейді Төкең. Намыстанып кеткен бала батыр:
— «Ер жігіт үйде туып, түзде өлер» деген емес пе, ата, мықтаса, бір оқтық шығармын, сынап неге көрмейсіз? — дейді қайсарланып.
Төле би аттануына ризалығын білдіреді. Масаттанған Абылай әп-сәтте ерттеулі тұрған атқа қарғып мініп, ба тырлардың артынан жөнеп береді. Жөнеп бара жатып артына бұрылса, Төле бидің жанында тұрған Ескелді басындағы бөркін алып, беліндегі белбеуін көрсетеді. Тілін ұстайды. Абылай «ұқтым» деген ишарат жасап, шаба жөнеледі.
Содан не керек, Абылайды ерткен батырлар жауды жеңіп қайтады. Сұрастырса, сол жолғы асқан ерлікті көрсеткен Абылай болып шығады. ол жорыққа аттанардағы Ескелдінің ишаратын түсініп, қалтқысыз орындаған екен.
Есекеңнің бөркін шешкені — басыңа қилы-қилы қиындық туар, соған шыдап бақ. Жаудың шебін аларда беліңде гі белбеуіңді жалау етіп, ұрандап шап. Қай жерде де тіліңе абай бол деген емеуріндері екен.
Абылай ақ киізге отырғызылып, хан көтерілгеннен кейін де Ескелдінің ақыл-кеңестерін көп тыңдаған дейді халық зердесі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі